Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»


Алқалы органдар деп яғни, негізгі мәселелрді шешу кезінде көпшілік дауыспен шешеді. Үкімет, әкімдік



бет63/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Алқалы органдар деп яғни, негізгі мәселелрді шешу кезінде көпшілік дауыспен шешеді. Үкімет, әкімдік.

  • Жеке дара басшылық органдар деп, яғни, негізгі мәселелерді басшылары шешеді. Мыс. Министрліктер.

    5. Ұйымдастыру –құқықтық нысандары бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: Үкімет, министрліктер,агенттіктер, комиттеттер, комиссиялар,ведомстволар, қадағалайтындар,инспекциялар,басбасқармалар,басқармалар,департаменттер,акимат,бөлімдер болып.

    Атқарушы билік органдарының шешімі құқықтық болуы үшін, белгілі бір процедуралық талаптардың сақталуы тиіс;

    біріншіден, басқарудың құқықтық актілері Қ.Р.конститутциясы, мен заңдарының негізінде және соларға сәйкес шығарылуы тиіс.


    Екіншіден, оны құзыретті, яғни, өкілеттігі бар орган қабылдайды,
    үшіншіден ол заңда белгілеген тәртіпте дайындалған, ұсынылған, келісілген, қабылданған ал қажет болса-тіркелген /азаматтардың құқықтарына, бостандығына қатысты ведомстволық актілер, / және жарияланған орындаушыларға жеткізілген болуға тиіс

    Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:

    ҚР Конститутциясының, Конститутциялық заңдар мен заңдардың жоғарылылығы;

    Халық өкіметі,

    Унитарлық,

    Билікті бөлу,

    Жауаптылық,

    Жариялылық,

    Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,

    Атқарушы билік органдарының жүйесі мынандай:

    Республикалық, жергілікті,

    Атқарушы биліктің республикалық органдары,

    Үкімет, Министрліктер, агенттіктер, комитеттер,

    Комиссиялар, ведомстволар, өзге органдар.


    3сұрақ. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктері


    Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясы бойынша Президент атқарушы биліктің басшысы болып табылмайды. Бірақ, Мемлекет басшысы ретінде Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады , сондықтан, Президентке Конституцияның үшінші бөлімінің баптарымен,
    «ҚР ның Президенті туралы» 1995ж 26 –желтоқсандағы Констиуциялық заңмен және оған 1999ж.6-мамырда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен атқарушы билік механизмдерін құруға және оның қызмет атқаруына мүмкіндік беретін өкілеттіктер берілген.
    Сонымен, Президенттің өкілеттіктері:

    1. Атқару билігінің саласында:

    1.ҚР сы Парламент Мәжілісінің келісімімен премьер-министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады;
    2.Премьер-министрдің ұсынуымен республика үкіметінің құрылымын белгілейді, республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; Қорғаныс, Ішкі және Сыртқы істер, Әділет министрлігі қызметіне тағайындайды;Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
    3.Ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
    4.Үкіметке заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады;
    5.Сенат келісімімен ҚРсының Ұлттық Банк Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
    6.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесін, ОАК нің Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

    1. Билік заңнамалығы саласында:

    1.Республика Парламентінің сайлауын тағайындайды;
    2.Депутаттардың Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды.
    3.Заңның жекелеген баптарына қол қояды,немесе қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін кері қайтарады;
    4.Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; 5.Келіссөздер жүргізеді және республиканың халықаралық шарттарына қол қояды;
    6.ҚР сының барлық аумағында міндетті түрде күшіне енетін жарлықтар мен қаулылар шығарады.

    1. Сот билігі саласында:

    1.Жоғарғы Сот Кеңесін құрады, оның Төрағасын тағайындайды;
    2.Облыстық соттардың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын қызметке тағайындайды, оларды қызметінен босатады.


    1. Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:

    1.Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.
    2.Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады;
    3.Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Ұланды жасақтайды.
    4.Қауіпсіздік кеңесін құрады, оны басқарады;
    5.Айрықша жағдайларда ҚРның барлық аумағына және жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізеді.

    1. Сыртқы қатынастар саласында:

    1.Президент шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардағы Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
    2. Бекіту грамоталарына қол қояды; шет мемлкеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
    3.Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қауіп төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді.
    Азаматтарға қатысты:
    1.Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бәрыңғай жүйесін бекітеді.
    2.Мелекеттік наградалармен марапаттайды,құрметтейді, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік санаттарын береді.
    Яғни, Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде ҚР Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.
    ҚР Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады:

    • ҚР Президенті болып тумысынан республика азаматы;

    • 40 жасқа толған;

    • мемлекеттік тілді еркін меңгерген;

    • Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын;

    • діннің қызметкері емес;

    • заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ;

    • мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға және сайлауға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады.

    Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
    ҚР Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды.
    Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде 1/3-нің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат жүргізеді.
    4сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
    ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып ҚР-ның Үкіметі табылады. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңымен белгіленеді.Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-әрекеттер жасайды.Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Республиканың Премьер-министрін ҚР Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды.Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды. Республиканың Премьер-министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. ҚР Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
    Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
    1)мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
    2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
    3)Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
    4)Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
    5)Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
    6)Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау;
    7)Республиканың министрліктері, өзге де орталық атқарушы органдары актілетінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
    8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босату;
    9)Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;
    10)Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.
    Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған «Үкімет туралы» Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.
    Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:

    1. тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;

    2. өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;

    3. Республика Премьер-министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;

    4. Тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы істің жайына және заңдардың, ҚР-ның Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

    ҚР-да ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:

    1. ҚР-ның министрліктері;

    2. ҚР-ның агенттіктері;

    3. ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комиттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.

    Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
    1.ҚР-ның министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органдары болып табылады.
    Министрлікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. министрлерді де Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    2.ҚР-ның агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша. Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
    Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде сааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
    3.ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Президентіне тікелей бағынады.
    4.Республиканың орталық атқарушы органдарының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.
    Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны ҚР Конституциясының 8-бөлімінде баяндалған. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар титісті әкімшілік-аумақтық бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті өкілді органдар жүйесі облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттың өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін. ҚР-ның 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек бір Мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.
    5сұрақ. Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері. Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне, оның орындайтын жұмыстарының сипатына және көлеміне, сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әртүрлі салалардың жай-күйі мен дамуына байланысты болады. Мәслихаттың аппараты әдетте мыналардан тұрады:

    • хатшы;

    • тексеру комиссиясының төрағасы;

    • ұйымдастыру бөлімі;

    • кеңесшілер (консультанттар);

    • консультант-ұйымдастырушы;

    • референттер.

    Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар атқарушы органдар зор рөл атқарады. «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» заңға сәйкес жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдарының жүйесін:

    • әкімдер;

    • басқармалар;

    • бөлімдер;

    • комиссиялар және т.б. бөлімшелер және қызметтер құрайды.

    Жергілікті атқарушы органдарды Республика Президенті мен Үкіметтің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы қалалар мен астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынуымен республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдерін жоғары тұрған әкімдер тағайындайды. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілік аппараты құрылады.
    Қызмет саласына қарай аппараттың бөлімдерін, басқармаларын және т.б. бөлімшелерін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

    • өндіріс саласы (мысалы, жергілікті өнеркәсіп, күрделі құрылыс, сәулет-құрылыс және т.б. бөлімдері мен басқармалары);

    • халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. бөлімдері мен басқармалары);

    • құқық тәртібін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету (ішкі істер, әділет бөлімдері мен органдары, АХАЖ, нотариат органдары және т.б.).

    Бақылау сұрақтары:



    1. Атқарушы билік органдары дегеніміз не?

    2. Атқарушы билік органдарының түрлері атаңыз.

    3. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің қандай өкілеттіліктері бар?

    4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі қандай?

    5. Жергілікті атқарушы билік органдарының түсінігі.

    Глоссарий:



    1. Мемлекеттік орган

    2. әкімдер

    3. басқармалар

    4. бөлімдер

    5. Ведомство

    6. Агенттік

    Қолданылатын әдебиеттер тізімі:





    1. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы» 2011г.

    2. Административное право. Часть Общая: Учебник / отв.ред.

    3. А.А. Таранов-2-е изд., с изм. – Алматы: Жеті Жарғы, 2011

    4. Административное право. Часть Особенная: Учебник / ртв.ред.

    5. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 2010

    6. ГАллиган Д., Полянский В.В., Старилов Ю.Н. Административное право; история резвития и основные. Современные концепции

    7. Козлов Ю.М., Попов А.Л.. Административное право Россиской Федерации. М., Зерцало. 2013

    8. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Под.ред. Сапаргалиева Г.С., Астана. Институт законодательства РК 2014 г.

    9. Старилов Ю.А. Административная юститция. М.: Изд-во «Норма» М., 2001 // государство и право. Смоленск. 2013 г.

    4- тақырып: Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет