Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет82/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Арнайы әдебиеттер:



  1. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы» 2011г.

  2. Административное право. Часть Общая: Учебник / отв.ред.

  3. А.А. Таранов-2-е изд., с изм. – Алматы: Жеті Жарғы, 2011

  4. Административное право. Часть Особенная: Учебник / ртв.ред.

  5. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 2010

  6. ГАллиган Д., Полянский В.В., Старилов Ю.Н. Административное право; история резвития и основные. Современные концепции

  7. Козлов Ю.М., Попов А.Л.. Административное право Россиской Федерации. М., Зерцало. 2013

  8. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Под.ред. Сапаргалиева Г.С., Астана. Институт законодательства РК 2014 г.

  9. Старилов Ю.А. Административная юститция. М.: Изд-во «Норма» М., 2001 // государство и право. Смоленск. 2013 г.


№10 -тақырып: Әкімшілік процессуалдық қызмет




Дәрістің мақсаты: «Әкімшілік процесс» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік процесстің басқа құқықтық процесстерден айырмашылығын көрсету.

Жоспар:

  1. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы.

  2. Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.

  3. Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.


Негізгі ұғымдар: Әкімшілік юрисдикция, кінәсіздік презумпциясы, кінәлілік қағидасы.


1сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады.
Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидаларға жататындар:

  • әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және мүдделерінің басымдығы;

  • құқық субъектілігін мойындау қағидасы;

  • иматериалды (объективті) шындық қағидасы;

  • заң алдында барлығының теңдігі;

  • кінәсіздік презумпциясы;

  • кінәлілік қағидасы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын субъектілерді бөлек атап көрсеткен жөн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын тұлғалар:

  • әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам;

  • жәбірленуші;

  • жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері;

  • қорғаушы;

  • жәбірленушінің өкілі;

  • куә;

  • куәгер;

  • маман;

  • сарапшы;

  • аудармашы;

  • прокурор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет