Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «ТҰран-астана»



бет78/143
Дата23.09.2024
өлшемі312,88 Kb.
#204952
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
АИГИ УМКД Әкімшілік құқық-2024

Негізгі ұғымдар: Әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік жаза, кінәлілік, әрекет.
1сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
Әкімшілік жауапкершілік – заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауапкершілікке тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.
Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді:
Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.
Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.
Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады.
Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады.
Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.
Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады.
Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет