2сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы Әкімшілік мәжбүрлеу біртекті ұғым емес, ол әкімшілік-құқықтық мәжбүрлі ықпал ету шараларының жиынтығынан жинақталады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе ерекше жағдайлардың туындауы табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені сан қилы. Олардың барлығы мақсаттарына, қолдану негіздері мен тәртіптеріне байланысты ерекшеленеді. Мақсаттарына және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөлуге болады.
1.Әкімшілік-ескерту шаралары – мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады.
Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады:
полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін;
құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан – сәйкес лицензияларын;
кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады);
қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыға дене күшін көрсету;
қоғамға қарсы қылық жасаған адамды әкелу (заңды жауапкершілікке әлі тартылмағанда);
құқылы органнан (лауазымды тұлғадан) одан шығып жатқан құқыққа қарсы қылықты тоқтатуды талап ету.
Әкімшілік-ескерту шаралары да, әкімшілік ықпал ету шаралары да, әдетте, құқық бұзушылық жасаған жауапты тұлғаларды жазалағанға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданға дейін болады.
Процессуалдық қамтамасыз ету шаралары заңдылықтың нығаюына жәрдемдеседі. Бұл шаралар (мысалы, жеке қарау, заттарды қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі) тек заңдармен бекітілген шектерде және тәртіпте қолданылады.
3.Әкімшілік өндіру шаралары – заңды жауапкершіліктің бір түрі болып табылады және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылады. Мысалы: айыппұл, тәркілеу, әкімшілік қамауға алу.