3сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы Бұл әкімшілік мәжбүрлеу шаралар тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады.
Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың обьективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:
-әкімшілік алдын алу шаралары
-әкімшілік жолын кесу шаралары
-әкімшілік жазалау шаралары
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған (мысалы, эпедемия кезінде); сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейнірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін. Бұл орайда әкімшілік жаза қолдану құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікті іске асыру болып табылады, ал алдын алу сипаты бар әкімшілік шаралар құқық бұзушылық болмаған кезде де қолданылуы мүмкін (мысалы, аэропорттарда жолаушылардың жеке басын тексеру).
ӘҚБтК-тің 36-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі қаралған. Олар өзге ықпал ету шаралары қалмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істі тиісті уақытында және дұрыс қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау мақсаты үшін қолданылады. Сонымен, бұл жерде процессуалдық сипаты бар әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы айтылып отыр.
Әкімшілік – алдын алу шаралары. Мәжбүрлеу құралдарын қолдануды заңнамалар, әдетте, тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерін бұзу оқиғасымен байланыстырады. Бірақта қоғамдық және жеке мүдделерге қауіп-қатер және оларға зиян келтіру тек құқық бұзушылықтың ғана емес, сондай-ақ дүлей апаттардың, психикалық ауру адамдардың іс әрекеттерінің де салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемелкет нормасын бұзуға кінәлі емес тұлғалар жөнінде де мәжбүрлеу шараларын қолдануға мәжбүр, құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда олардың құқықтарын шектейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың белгілі бір санаттары жөнінде әкімшілік әкімшілік қадағалау тағайындайтын ішкі істер органдарының; өртті жайылдырмау мақсаты үшін құрылысты жоятын өрт сөндірушілердің т.б. іс әрекеттері осындай. Мемлекеттің аталған қорғау шараларының негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың, заңдық және өзге де міндеттерден орындаудан жалтарудың аладын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау.
Барлық әкімшілік—алдын алу шараларының бірлігін айта отырып, олардың тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша жекелеген ескерту (превентивтік) шаралардың арасындағы айырмашылықтарды байқамауға болмайды. Бұл белгі бойынша әкімшілік- алдын алу шараларының ішінен 4 топты бөлуге болады:
1. мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар, мысалы, эпидемиямен және эпизоотиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекералас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу, т.б.
2. құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексері, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру)
3. тиісті субьектілердің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру т.б.)
4. емдеу – алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрайды, олардың мақсаты міндеті тек қоғамдық қауіпсіздік ғана емес, сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды, жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.