3сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады:
әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы;
әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы;
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы;
әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі;
әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы;
іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-тің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-те көзделген тәртіппен, ӘҚБтК-тің 67-68 баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына байланыста материал прокурорға алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда қысқартылуы мүмкін. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР-ның Бас прокуроры жүзеге асырады.