әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау;
ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу.
құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. ӘҚБтК-тің 246, 247, 461-487 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
Судья , алқалы орган мүшесі, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу кезінде мына мәселелерді:
бұл істі судьяның, алқалы орган мүшесінің, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
ӘҚБтК-те көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс рәсімделгенін;
Іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуын;
өтініштердің жеке бас тартудың болуын;
ӘҚБтК-тің 584-588 баптарында аталған адамдарға іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады:
әкімшілік жаза қолдану туралы;
іс жүргізуді қысқарту туралы;
істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауна беру туралы, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 642-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралы (кеме, соның ішінде шағын көлемді кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ӘҚБтК-ке сәйкес аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады.
Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер ьбойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін.