Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата23.10.2019
өлшемі2,14 Mb.
#50521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 Dlya spec obraz


«Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  курсын  оқыту 
үдерісінде  студент  іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  теориялық  əрі  практикалық 
дайындығын  жəне  оның  кəсібилігін  сипаттайтын  көрсеткіштерінің  бірлігі 
ретінде  жалпыпедагогикалық,  əлеуметтік-тұлғалық,  пəндік  жəне  т.б. 
құзыреттіліктерді меңгеруі қажет.  
Курстың  пререквизиттері.  «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен 
əдістемесін»  курсын  оқып-үйренудің  алдында  мынадай  пəндер  оқытылуы 
тиіс: «Мəнгілік Ел», «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық 
практика»,  сонымен  бірге  «Психология»,  «Оқушылардың  физиологиялық 
дамуы», «Өзін-өзі тану». 
Курстың  постреквизиттері.  Пəнді  оқыту  студенттердің  мамандық 
бойынша  əдістемелік  пəндерді  жетік  меңгеруіне  жəне  педагогикалық 
(өндірістік) практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.   
 
Пəннің тақырыптық жоспары 
 
№ 
Тақырыптары 

Тəрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 

Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі 

Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі  

Мектепте, сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлау  

Оқушылар  ұжымын  қалыптастырудағы  тəрбие  жұмысының 
ерекшеліктері 

Қазіргі  таңдағы  мектептің  тəрбие  үдерісіне  педагогикалық 
қолдау 

Қазіргі таңдағы оқу-тəрбие үдерісіндегі тəрбие технологиясы 

Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының  жүйесі  

Дарынды  балалармен  жүргізілетін  тəрбие  жұмыстарының 
жүйесі 
10 
Оқушылардың  денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтына 
құндылық  қатынасын  қалыптастырудағы  сынып  жетекшісінің 
іс-əрекеті 
11 
Оқушылармен  жүргізілетін  кəсіби  бағдар  беру  жұмыстарының 
əдістемесі 
12 
Оқушылардың  ата-аналарымен  педагогикалық  əрекеттестік 
технологиясы  
13 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  бастамашылдығын  дамытудағы 
тəрбиелік жұмыстар 
14 
Тəрбие 
жұмыстарының 
нəтижесі 
мен 
тиімділігінің 
диагностикасы 
15 
Тəрбие үдерісін ғылыми-əдістемелік қамтамасыздандыру 
 

91 
 
 
Бағдарламаның мазмұны 
 
1–тақырып.  Тəрбие  үдерісі  –  тұтас  педагогикалық  үдерістің 
құрамды бөлігі 
 
Тəрбие 
– 
мəдени-тарихи 
феномен. 
Тəрбие 
педагогикалық 
ғылымдардың  категориясы.  Тұлғаны  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  дамытудың 
өзара байланысы.  
Тəрбиенің  қазіргі  заманғы  тұжырымдамалары  мен  бағдарламалары. 
«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  (Бағдарлама 
идеясының  авторы  −  С.А.Назарбаева).  Тəрбиенің  ұлттық  өзіндік  ерекшелігі. 
Тəрбиенің  гуманистік,  тұлғалық-бағдарлық,  аксиологиялық,  мəдени,  орта, 
этнопедагогикалық,  құзыреттілік,  қалыптастырушылық,  синергетикалық, 
əлеуметтендірушілік,  көпмəдени,  антропологиялық,    технологиялық, 
тұрғылары. 
Тəрбие 
үдерісінің 
қағидалары: 
гумандық 
бағыттылығы, 
жалпыадамзаттық  құндылықтар,  мəдениеттілік,  үздіксіздік,  табиғилық, 
тұтастық, ұлттық. 
Тəрбие үдерісінің ізгілік жəне гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз 
қабылдау,  оған  тұрақты  жағымды  қатынас  жасау;  тұлғаға  құрмет  көрсету 
жəне  əрқайсысының  өзіндік  абыройы    сезімін  қолдау;  тұлғаның  өзгеге 
ұқсамау құқығын саналы түсіну жəне мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; 
баланың  тұлғасын  емес,  оның  іс-əрекеттерін,  қылықтарын,  ісін  жəне  т.б. 
бағалау.  
Педагогикалық  қолдау  қазіргі  заманғы  педагогиканың  гумандық 
тұлғалық-бағдарланған парадигмасының көрінісі ретінде. 
Тəрбие  үдерісінің  мəні,  құрылымы  мен  логикасы  білім  алушылардың 
өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі  тəрбиелеуге,  өзін-өзі  танытуға  бағдарлау 
мақсатындағы оның субъектілерінің өзара əрекетестігі мен ынтымақтастығы 
ретінде.  Тұтастық  тəрбие  үдерісінің  сипатамасы  ретінде.  Тəрбие  үдерісінің 
мақсаты мен міндеттері, мазмұны, құралдары, формасы мен əдістері. 
Негізгі  ұғымдар:  тəрбие,  тəрбиенің  гуманистік  парадигмасы,  тəрбие 
үдерісі, 
тəрбиелік 
іс-əрекет, 
тəрбие 
жұмысы, 
технологиялық, 
құзыреттілік, 
аксиологиялық, 
тұлғалық-бағдарлық 
тұрғылар, 
тəрбиенің бағыты.  
 
2 – тақырып. Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі 
 
Тəрбие  жүйесі,  тəрбиелік  жүйе,  тəрбие  жұмысының  жүйесі  ұғымдары. 
Мектептің  тəрбиелік  жүйесі  –  мектептің  тұтас  əлеуметтік-педагогикалық 
құрылымы жəне баланың əлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған 
факторы.    Мектептің  тəрбиелік  жүйесінің  негізгі  компоненттерінің  мəні, 

92 
 
құрылымы,  сипаттамасы  жəне  олардың  өзара  əрекеттестігі.  Тəрбиелік 
жүйенің  қағидалары:  оңтайлылық,  құрылымдылық,  функционалдылық, 
интегративтілік.  Тəрбиелік  жүйенің  құрылу  жəне  даму  кезеңдері  мен 
əдістемесі, бағалау өлшемдері. Мектептің тəрбиелік жүйесін басқару.  
Сыныптағы  тəрбие  жүйесі  –  тəрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  негізі 
ретінде  жəне  мектептің  тəрбие  жүйесінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  (жүйе 
ішілік). Сыныптағы тəрбие жүйесінің функциялары, мақсаты мен міндеттері. 
Тəрбие  жүйесін  модельдеу  технологиясы.  Бірыңғай  тəрбиелік  ортада  тəрбие 
жүйесін  құруға  байланысты  сынып  жетекшісінің  іс-əрекеті.  Сыныптағы 
тəрбие жүйесінің тиімділігін көрсететін өлшемдер мен көрсеткіштер.  
Педагогикада 
жинақталған 
тəрбиелік 
жүйелер: 
А.С.Макаренко, 
И.П.Ивановтың 
(«Жалпы 
қамқорлық 
педагогикасы»), 
Л.И.Новикова, 
В.А.Караковский,  Н.Е.Щуркованың  тəрбиелік  жүйелері.  В.А.Сухомлинский 
бойынша 
мектептің 
тəрбиелік 
жүйесінің 
ерекшеліктері. 
Қазақстан 
мектептеріндегі  тəрбиелік  жүйе.  Қазіргі  заман  жағдайында  тəрбиелік 
жүйелердің 
даму 
тенденциялары: 
қиыншылықтары 
мен 
қарама-
қайшылықтары.  
Негізгі ұғымдар: тəрбиелік жүйе, құндылық негіздер, тəрбие жүйесінің 
диагностикасы,  модельдеу  технологиясы,  сынып  жетекшісінің  іс-əрекеті, 
оңтайлылық, 
құрылымдылық, 
функционалдылық, 
интегративтілік, 
психологиялық  ахуал,  əлеуметтік-педагогикалық  жəне  психологиялық-
педагогикалық жүйе, жүйе ішілік.  
3-тақырып. Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі 
 «Тəрбиелік  іс-əрекет»,  «тəрбие  жұмысы»  ұғымдарының  көптүрлілігі 
жəне  оларды  жүйелеу.  Қазіргі  заманғы  мектептегі  тəрбие  жұмысының 
жүйесі.  Тəрбие  жұмысының  мақсаты,  міндеттері,  атқаратын  қызметтері. 
Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында тəрбие жұмысының стратегиялық 
басымдылықтары:  интеллектуалдық,  рухани-адамгершілік,  еңбек,  кəсіптік 
бағдар,  физикалық,  экологиялық,  экономикалық,  денсаулық  сақтау, 
казақстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты қалыптастыру. 
Сынып  жетекшісінің  іс-əрекеті  –  қазіргі  заманғы  тəрбиенің  нəтижелі 
шарттарының  бірі.  Сынып  жетекшісінің  атқаратын  қызметтері  мен  іс-
əрекетінің түрлері.  
Сынып  жетекшісінің  оқушыларды  тəрбиенің  жекеленуін,  тұлғалық-
бағдарлық  тұрғыларды  жүзеге  асыруын  қамтамасыз  ететін,  қоғамның  ашық 
кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу мен білім 
бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі.  
Педагогикалық  рефлексия  –  сынып  жетекшісінің  тəрбие  жұмысының 
қажетті компоненті. 
Негізгі ұғымдар: нəтижелілік, сынып жетекшісі, қызметтері, біліктілік, 
педагогикалық  ұжым,  дəстүрлі  жəне  дəстүрлі  емес  формалар,  жекеленуді 
педагогикалық талдау.  
 

93 
 
 
4  –  тақырып.  Тəрбие  жұмыстарын  жоспарлау  технологиясы  жəне 
əдістемесі. 
Жобалау  іс-əрекеті  –  сынып  жетекшісінің  тəрбие  жұмыстарын 
басқарудың 
негізі. 
Жоспарлаудың 
қызметтері.Тəрбие 
жұмыстарын 
жоспарлау  –  оқушылар  тұлғасы  мен  балалар  ұжымын  дамытуды  болжау 
үдерісі  жəне  сынып  пен  мектептегі  тəрбие  жұмыстарының  стратегиясын 
анықтау.  Жоспарлауға  қойылатын  талаптар  жəне  жоспарлаудың  түрлері. 
Педагогикалық  моделдеу  қағидалары - сынып  жетекшісі  іс-əрекетінің негізі. 
Жалпы  мектептік  тəрбие  жұмыстарының  жоспары,  оның  құрылымы  мен 
мазмұны.  Сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, əдістері 
мен  тəсілдері.  Тəрбие  жұмыстарының  болашақтағы  жоспарын  дайындау 
алгоритмі. Тəрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы. Тəрбие 
жұмысының  алуан  түрлі  формаларын  жоспарлау.  Тəрбие  жұмыстарын 
жоспарлау  үдерісінде  педагогикалық  жəне  оқушылар  ұжымының  өзара 
əрекеттестігі. Тəрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.   
Негізгі  ұғымдар:  жоспарлау,  болжау,  ұжым,  педагогикалық  моделдеу, 
жоспар, құрылым, мазмұн, өзараəрекет.  
 
5–тақырып. 
Оқушылар  ұжымын  қалыптастырудағы  тəрбие 
жұмысының ерекшеліктері. 
Педагогика  ғылымындағы  «Ұжым»  туралы  түсінік.  Жеке  тұлға  жəне 
ұжым.  Жеке  тұлға  жəне  ұжымның  өзара  қатынасының  моделі.  Балалар 
ұжымы  əлеуметтік  ортаның  құрамдас  бөлігі  ретінде.  Тəрбиелеуші  ұжым 
оқушының  жеке  тұлғасын  əлеуметтендіру  факторы  ретінде.  Балалар 
ұжымының түрлі типтері, олардың ерекшеліктері, өзара əрекеті, бірізділігі. 
Ұжым  тəрбиенің  объекті  жəне  субъекті  ретінде,  ұжымның  мəні. 
Ұжымның  теориясы  мен  практикасын  қалыптастыруда  А.С.  Макаренконың 
рөлі. 
Балалар  ұжымын  қалыптастырудың  кезеңдері,  заңдары  мен  қызметтері. 
Балалар  ұжымын  қалыптастырудың  негізгі  құралдары.  Ұжымдық  өмірдің 
эмоционалдық  байлығы,  оң  əлеуметтік  тəжірибені  меңгеру  үшін  ұжымдық 
дəстүрлердің  мəні.  Сынып  ұжымын  дамыту  жəне  қалыптастыру  бойынша 
сынып жетекшісінің əдістері мен тəсілдері  оқушылардың тəрбиелеуші жəне 
дамытушы ортасы ретінде, ұжым мүшелерінің өзін-өзі жүзеге асырылуы мен 
қалыптасуының факторы ретінде. 
Оқушылардың  өзін-өзі  басқаруы  (мақсат,  міндеттер,  қызметтер, 
ұйымдастыру  формалары  жəне  т.б.).  Оқушылардың  өзін-өзі  басқаруын  құру 
туралы əдістемелер. 
Балалар ұжымы жағдайын анықтайтын мониторинг. Оқушылар ұжымын 
қалыптастыруда мұғалімнің құзіреттілігі.  

94 
 
Негізгі  түсініктер:  балалар  ұжымы,  қызмет,  заңдар,  балалар  ұжымын 
қалыптастыру  кезеңдері,  ұжымдық  іс-əрекет,  қарым-қатынас  мəдениеті, 
балалар ұжымы мониторингі. 
 
6-тақырып. 
Қазіргі 
таңдағы 
мектептің 
тəрбие 
үдерісіне 
педагогикалық қолдау  
Педагогикалық  қолдаудың мəні – оқушылардың қабілеті мен ішкі жан-
дүниесінің  мүмкіндіктерін  ашуға  негізделген  жеке  тұлғаның  субъективті 
қасиетін 
қалыптастыру. 
Педагогикалық 
қолдау 
қазіргі 
заманғы 
педагогиканың  гумандық  тұлғалық-бағдарланған  парадигмасын  көрсететін 
қағида ретінде. 
Баланың  танымдық  жəне  шығармашылық  іс-əрекетіне  қатысуға 
дайындығын,  өзін-өзі  дамытуын,  өзін  іс  жүзінде  көрсетуі  үшін  ашық 
ақпараттық білімдік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.  
Тұлғаның  өзіндік  үдерістерін  (өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  байқау,  өзін-өзі 
талдау,  өзін-өзі  болжау,  өзін-өзі  іс  жүзінде  көрсету  жəне  т.б.)  қолдау. 
Оқушыларда  тұлғалық  өзін-өзі  жетілдіруге  мақсатты  бағытталған  өзін-өзі 
рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру.  
 Педагогикалық  қолдау  –  баланың  дамуына  көмектесу  жəне  оның 
денсаулық,  қатынас,  оқыту,  өзін-өзі  өмірлік  анықтауы  мəселелерін  шешуге 
бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді 
жағдайлары  (тұлғааралық  қатынастар  атмосферасы,  қарым-қатынас  стилі, 
педагогикалық 
əдеп 
жəне 
т.б.). 
Тəрбиешінің 
кəсіби 
ұстанымын 
педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету. Қолдаудың тактикасы: 
«қорғау» тактикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы,  «өзара 
əрекеттесу» тактикасы. Педагогикалық қолдаудың əдістері мен тəсілдері.   
Негізгі  ұғымдар:  педагогикалық  қолдау,  гуманистік  парадигма, 
тұлғаның субъектілігі, ашық ақпараттық кеңістік, білімдік кеңістік, тұлғаның 
өзіндік  үдерістері,  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  байқау,  өзін-өзі  талдау,  өзін-өзі 
болжау, өзін-өзі тану, өзін-өзі іс жүзінде көрсету.  
 
7-тақырып. 
Қазіргі 
таңдағы 
оқу-тəрбие 
үдерісіндегі 
тəрбие 
технологиясы
 
«Педагогикалық  технология»  ұғымы.  Педагогикалық  технологияларға 
жалып  сипаттама.  Педагогикалық  технологияларды  жобалау.  «Тəрбие 
технологиясы»  ұғымы.  Тəрбие  технологияларының  өзіндік  ерекшелігі. 
Технологияның  тəрбие  əдістемесінен  айырмашылығы.  Тəрбие  жұмысын 
жүзеге  асырудың  теориялық,  əдістемелік  жəне  технологиялық  деңгейлері. 
Тəрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары.  
Тəрбие 
технологияларының 
жіктемесінің 
əртүрлі 
тəсілдері: 
В.П.Беспалько,  М.В.Кларин,  Ф.А.Мустаева,  Л.Е.Никитина,  И.П.Подласый, 

95 
 
Г.К.Селевко.  Тəрбие  технологиясының  əр  алуан  саласындағы  тəрбие 
жұмыстарының ерекшеліктері.  
«Тəрбиелік  іс-шаралар»,  «тəрбие  істері»  туралы  түсінік.  Тəрбиелік  іс-
шараларды  өткізу,  модельдеу  жəне  жоспарлау  кезеңдері.  Тəрбиелік  іс-
шараларды  өткізуге  қойылатын  талаптар,  педагогикалық  талдау.  Ұжымдық 
шығармашылық  істерді  өткізу  мен  ұйымдастырудың  əдістемесі  (ҰЖІ).  ҰЖІ 
тəрбиелік  мүмкіндіктерін  жүзеге  асырудың  шарттары.  Сынып  сағаттарын 
өткізу  мен  ұйымдастырудың  əдістемесі.  Сынып  сағаттарының  түрлері, 
формалары  жəне  тəрбиелік  функциялары.  Сынып  сағаттарының  формалары, 
түрлері, мазмұны жəне тақырыпты таңдауға ықпал ететін факторлар. Сынып 
жетекшісінің тəрбие сағаттарына дайындығы. 
Топтық  тəрбиелік  істі  ұйымдастыру  мен  өткізу  технологияларына 
сипаттама  (Н.Е.Щуркова  бойынша),  ынтымақтастық  педагогикасы,  ізгілік-
тұлғалық  технология  (Ш.А.Амонашвили)  жəне  т.б..  Мұғалімдердің  тəрбие 
технологияларын меңгеру шарттары.  
Негізгі  ұғымдар:  тəрбиелік  іс-шаралар,  тəрбиелік  істер,  сынып 
сағаттары,  Ұжымдық  шығармашылық  істер,  педагогикалық  технологиялар, 
тəрбие 
технологиясы, 
педагогикалық 
технологиялардың 
теориялық, 
əдістемелік жəне технологиялық деңгейлері. 
 
8–тақырып. 
Сынып 
жетекшісінің 
қиын 
балалармен 
жұмыстарының  жүйесі  
Қиын  тəрбиеленетін  балаларда  көрініс  беретін  педагогикалық-
психологиялық 
ерекшеліктер, 
себептері 
жəне 
факторлары. 
«Қиын» 
жеткіншектер 
классификациясы. 
Қиын 
тəрбиеленетін 
оқушылармен 
жүргізілетін  тəрбиелік-түзету  жұмыстарының  қағидалары:  қиын  оқушының 
мінез-құлқы  мен  жүріс-тұрысына  позититі  бағдар,  емесі,  тəрбиелік-түзету 
шектерінің  əлеуметтік  адекваттылығы,  қиын  тəрбиеленетін  жеткіншектерге 
жеке  тəрбиелік-түзету  жұмыстар  арқылы  ықпал  ету,  қиын  тəрбиеленетін 
оқушыларды əлеуметтік ширату жəне т.б. 
Қиын  балалармен  тəрбиелік  жұмыстың  кезеңдері.  Тəрбиелік  ықпал 
етудің  жағымды  логикасын  таңдап  алу  қағидалары.  Сынып  жетекшісінің 
қиын балалармен жұмысының бағыттары. 
Оқушылар  ұжымы  жəне  оның  ерекшеліктері.  Тұлғаны  ұжымда 
тəрбиелеу:  ұжымдық  іс-əрекетте  жəне  қарым-қатынаста  тұлғалық  өзін-өзі 
бекіту,  өзін  тұлға  жəне  даралық  ретінде  ашу.  Оқушылар  ұжымын 
қалыптастырудағы 
тəрбие 
жұмысының 
мақсаты, 
міндеттері 
жəне 
қағидалары.  Балалар  ұжымын  педагогикалық  басқару.  Балалар  ұжымының 
алуан  түрлілігі:  мектептік  сынып,  клубтық  бірлестік,  балалар  бірлестігі. 
Балалар  ұжымының  негізгі  сипаттамасы.  Ұжымның  құрылымы.  Ұжым 
аймағы. Ұжымдағы статустар мен рөлдер.  
Ұжымның  даму  кезеңдері.  Оқушылардың  өзін-өзі  басқаруы  (мақсаты, 
міндеттері,  қызметі,  ұйымдастыру  формалары  жəне  т.б.).    Оқушылардың 

96 
 
өзін-өзі  басқаруын  құру  əдістемесі.  Оқушылар  ұжымын  қалыптастыру  жəне 
дамыту  бойынша  сынып  жетекшісі  іс-əрекетінің  əдістері  мен  тəсілдері 
оқушыларды  тəрбиелейтін  əрі  дамытатын  орта  жəне  оның  мүшелерін 
қалыптастыратын əрі өзін-өзі іс жүзінде көрсететін фактор ретінде.  
Негізгі  ұғымдар:  оқушылар  ұжымы,  мақсаты,  міндеттері,  қағидалары, 
қалыптастыру, балалар ұжымы, даму, өзін-өзі басқару, əдістеме.  
 
9–тақырып. 
Дарынды 
балалармен 
жүргізілетін 
тəрбие 
жұмыстарының жүйесі 
 
«Интеллект»,  «қабілеттілік»,  «дарындылық»,  «талант»  ұғымдары. 
Ұлттың  интеллектуалдық  əлеуетін  қалыптастырудағы  «дарындылық» 
феномені. 
Дарындылықтың 
диагностикасы. 
Дарынды 
балалармен 
жүргізілетін  жұмыстардағы  педагогикалық  іс-əрекеттің  қағидалары  мен 
заңдылықтары.  Мектеп  шеңберінде  педагогикалық  ұжымның  дарынды 
балалармен  жүргізетін  тəрбие  жұмыстарының  жүйесі.  Дарынды  балалармен 
мектептен тыс жүргізілетін тəрбие жұмыстарының жүйесі. 
Негізгі  ұғымдар:  интеллект,  қабілеттілік,  дарындылық,  талант,  феномен, 
дарынды балалар, қағидалар, заңдылықтар, жүйе, педагогикалық ұжым.  
 
10–тақырып.  Оқушылардың  денсаулық  пен  салауатты  өмір 
салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің 
іс-əрекеті 
 
«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары. 
Денсаулық 
пен 
салауатты 
өмір 
салтына 
құндылық 
қатынасын 
қалыптастырудың  əлеуметтік-экономикалық  шарттары.  Баланың  салауатты 
өмір  салтының  негізгі  бағыттары.  Оқушының  салауатты  өмір  сүру  стилінің 
негізгі  компоненттері:  аса  жүктемесіз  оқу  режимі,  бос  уақытын  қозғалыс 
тұрғысынан  ұйымдастыру,  жеке  бастың  гигиенасы,  дағдылы  тамақтану, 
травматизмнің болмауы, салауатты дағдылар, дене белсенділігі.  
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  бойынша  педагогикалық  іс-
əрекеттің  бағыттары:  білім  беру  үдерісінде  балалар  мен  ересектердің 
бірлескен іс-əрекеті мен қатынасы арқылы қолайлы сыртқы орта жағдайын – 
микроəлеуметтік  ортаны  құру  (ізгілікті  қатынас,  қолайлы  психологиялық 
климат,  белсенді  шығармашылық  жағдай);  өзін-өзі  тану,  рефлексия, 
мақсаттылық арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тəрбиелеуі 
үшін ішкі жағдайларын (мақсатын, қажеттіліктерін, қабілеттерін) қамтамасыз 
ету.  
Оқушыларда  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың  əлеуметтік-
педагогикалық технологиясы.   
Еңбек  күн  тəртібі  мен  демалысты  ұйымдастыру  əдістемесі.  Ішімдікке 
қарсы үгіт жүргізу жəне нашақорлықтың алдын алу əдістемесі.  

97 
 
Кикілжіңнің  алдын  алу  жəне  оларды  жеңудің  психологиялық-
педагогикалық əдістемесі.  
Негізгі ұғымдар: құндылық, құндылық қатынас, салауатты өмір салты, 
салауатты  өмір  салтына  құндылық  қатынасы,  компонент,  салауатты  өмір 
сүру  стилі,  микроəлеуметтік  орта,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  тəрбиелеу, 
мақсаттылық, еңбек режимі, профилактика, кикілжің, демалыс режимі.  
 
11  -  тақырып.  Оқушылармен  жүргізілетін  кəсіптік  бағдар  беру 
жұмыстарының əдістемесі 
 
Кəсіптік  бағдар  –  оқушылардың  мамандықты  саналы  таңдауға  ішкі 
қажеттеліктері  мен  дайындығын  қалыптастыруға  мұғалімнің  мақсатты 
бағытталған  іс-əрекеті.  Кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстарының    мəнді 
сипаттамасы  (мақсаты,  міндеттері,  мазмұны).  Кəсіптік  бағдар  беру 
жұмыстарының  тəрбиелік  сипаты.  Мектептегі  кəсіптік  бағдар  беру 
жұмыстарының  негізгі  бағыттары.  Кəсіптік  бағдар  беру  –  директордың 
тəрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасарының,  сынып  жетекшісінің,  мектеп 
психологының,  пəн  мұғалімдерінің  бірлескен  іс-əрекеті.  12  жылдық 
мектептегі  кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстарының  ерекшеліктері.  Кəсіптік 
бағдар  беру  жұмыстарының  формалары.  Кəсіптік  бағдар  берудің  тиімділік 
өлшемдері.  Оқушылармен  жүргізілетін  кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстарының 
белсенділік əдістемесі: ойындар, пікірталас, жағдаяттарды талқылау жəне т.б.  
Негізгі  ұғымдар:  кəсіптік  бағдар,  кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстары,  
мамандықты  таңдау,  тəрбиелік  сипат,  кəсіптік  бағдар  берудің  бағыттары,  
формлары,  өлшемдері,  кəсіптік  бағдар  берудің  тиімділігі,  белсенділік 
əдістемесі.  
12  –  тақырып.  Оқушылардың  ата-аналарымен  педагогикалық 
əрекеттестік технологиясы 
 
Отбасы  –  сынып  оқушыларын  тəрбиелеу  жəне  дамыту  ортасын 
құраушы.  Сынып  жетекшісі  жұмысында  оқушы  отбасының  педагогикалық 
үдерісі диагностикасының жүйесі.  
Мұғалімдер  мен  ата-аналардың  өзара  əрекеттестігінің  мəні  мен  атқаратын 
қызметтері.    Мектеп  пен  сыныптың  оқушы  отбасымен  өзара  əрекеттестігі 
бойынша 
тəрбие 
жұмысын 
ұйымдастыру 
əдістемесі. 
Ата-аналарды 
мектептегі  тəрбиелік  жұмысқа  қатыстыру  құқығын  жүзеге  асыруда  оны 
қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі. 
 Ата-аналармен  ынтымақтастық  формалары.  Педагогтың  ата-аналар 
комитетімен  əрекеттестігі.  Ата-аналар жиналысы –  сынып  жетекшісінің  ата-
аналармен 
жұмысының 
негізгі 
формасы. 
Сыныптық 
ата-аналар 
жиналысының  сан  алуан  түрлері,  оларды  ұйымдастыруға  қойылатын 
талаптар.   

98 
 
Сынып 
жетекшісінің 
оқушының 
отбасымен 
ұйымдастырушылық-
педагогикалық жұмыстары: педагогикалық білім университеті, конференция, 
практикум, дəріс, педагогикалық пікірталас, жанұяларға бару, ата-аналармен  
хат жазысу жəне т.б.  
Негізгі  ұғымдар:  технология,  педагогикалық  өзараəрекет,  ынтымақтастық, 
ата-ана, 
ата-аналар 
жиналысы, 
конференция, 
педагогикалық 
білім, 
практикум, дəріс, педагогикалық пікірталас. 
 
13-тақырып.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  бастамашылдығын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет