Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі



бет18/61
Дата15.01.2023
өлшемі7,97 Mb.
#165539
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
монтаж

Бақылау сұрақтары:


  1. ППЭР дегеніміз не жəне оның негізгі бөліктері қандай?

  2. ППЭР ненің негізінде əзірлейді?

  3. Сым мен бау дегеніміз не?

  4. Кабельдің қабаттары қандай болады?

  5. Сымның кабельдің айырмашылығы қандай?

  6. Электр монтаждау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз

  7. Өрт- жəне жарылыс қауіпсіздігі бойынша жайдың жіктемесін сипаттаңыз

  8. Электр монтаждау жұмыстары кезінде қандай түгендеу бейімдегіштері жəне құралдары бар?

  9. Еңбекті қорғау бойынша қандай нұсқаулықтар өндірісте қолданылады?

  10. Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының əсерлері қандай?

Тарау 2. Ашық жəне жабық тарату құрылғылардың электр жабдықтарын монтаждау





    1. Тарату құрылғылары туралы жалпы мəлімет

Тарату құрылғылары (ТҚ) – электр қуатын қабылдау жəне тарату үшін қызмет ететін жəне коммутациялық аппараттардан, жинақ жəне жалғастырғыш шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық жəне т.б.), сондай-ақ қорғаныс, автоматика, телемеханика, байланыс жəне бөлшек құрылғыларынан тұратын электр қондырғысы.


Тарату құрылғылары тағайындалуына қарай келесі типтерге бөледі:

    • электр станциялары генераторларынан электр қуатын қабылдау үшін қызмет ететін басты ТҚ,

    • жоғарылатқыш жəне төмендеткіш шағын станцияларының ТҚ, онда электр уаты күш трансформаларында кернеуді жоғарылату немесе төмендетуден кейін бөлінеді,

    • станциялар мен шағын станциялардың өз қажеттіліктеріне тұтынушыларға электр қуатын бөлу үшін арналған жеке қажеттіліктер ТҚ,

    • сызықтық ТҚ (таратқыш тармақтар), мұнда қуат кернеуді трансформациясыз жеке ауа желілері арқылы бөледі.

Тарату құрылғылары кернеу жəне орналасу түрі бойынша 1000 В дейінгі жəне 1000 В асатын кернеулі, сондай-ақ генераторлық кернеулі ТҚ бөлінеді. Ірі электр станцияларында генераторлық кернеулі ТҚ 3—10 кВ кернеуімен орындалады, ал үлкен емес ауылдық станциялар үшін олар 1000 В дейінгі кернеумен орындалуы мүмкін.
Негізгі қондырғыны орнату түрі бойынша ТҚ жабық ғимараттарға қондырғыны орналастыру арқылы жабық (ЖТҚ) жəне ашық ауада қондырғыны орнату арқылы ашық (АТҚ) болып бөлінеді.
Конструктивтік орындалуы бойынша ТҚ жинақы, кешенді жəне жабық немесе ашық камералары (тек ЖТҚ қатысты) бар болып бөлінеді. [9]
Ашық тарату құрылғылары (АТҚ) – қондырғысы ашық ауада орнатылатын тарату құрылғылары болып табылады. АТҚ барлық элементтері бетон немесе металл негіздемелерінде орналасады.
Элементтер арасындағы ара-қашықтық ЭҚЕ (ПУЭ) сəйкес таңдалынады [12]. 110 кВ жəне асатын кернеудегі жұмыс үшін май (майлы трансформаторлар, ажыратқыштар, реакторлар) қолданылатын құрылғылардың астына қиыршық тасқа тереңдікпен толтырылған май қабылдағыштар құрылады. Бұл шара өрттің туындау ықтималдығын төмендетуге жəне мұндай құрылғыларында апат кезінде жарақаттаулардың төмендетуге бағытталған.
АТҚ жинақ шиналары қатты құбырлар түрінде секілді, иілімді құбырлар түрінде орындалуы мүмкін. Қатты құбырлар тіреу оқшаулағышының көмегімен тіреулерге бекітіледі, ал иілімділері ілме оқшаулағыштарының көмегімен порталдарға ілінеді. АТҚ орналасқан аумақ қоршалады.
Жабық тарату құрылғылары (ЖТҚ – қондырғысы жабық жайларға орнатылатын тарату құрылғылары болып табылады.
ЖТҚ үшін АТҚ үшін арналған қондырғылар қолданылады, алайда мұндай жабық жайдың ішінде орналастырылады. Кернеудің типтік санаты: 35…110 кВ, сирек 220 кВ. Мұндай типтегі ЖТҚ АТҚ салыстырғанда аз басымдылыққа ие, сондықтан сирек қолданылады.
АТҚ жəне ЖТҚ үшін заманауи құрылғылары зауыттармен толығымен аяқталған түрде немесе орнату, монтаждау жəне қосуды талап ететін жинақ құрастырылымы түрінде жеткізіледі. [18]




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет