Шиналарды
жинау
жəне өңдеу, шиналар мен түйіндерді монтаждау
жəне сатып алу цехтарында жұмысшы сызбаларына сəйкес жүргізіледі [18].
Ұсақ қималы шиналар монтажға оралған күйінде жеткізіледі жəне сол
жерде оларды шығырмен
тартады.
Шиналарды майыстыру шиногибтар мен
айлабұйымдарда
жүргізіледі. Шиналарды
өзара
жалғау
жəне олардан
тармақтау дəнекерлеу
арқылы немесе болттарда
орындалады.
Бұрандамалардың көмегімен шиналар қиылысып қабаттасу (внахлестку)
немесе ұштасып түйісу (встык) жапсырмалармен түйіседі (38 сурет).
Құрама шиналарды монтаждау кезінде көлденең қимасы 100*10 мм
дейінгі шиналарға, сондай-ақ құрама шиналардан аппараттарға тармақтарға
қиылыстырып
қабаттау
тəсілін
қолданып орындайды. Бұл
ретте
қиылыстырып қабаттау ұзындығы
шиналардың қос
еніне тең қабылданады.
Шиналардың жəне оқшаулағыштардың жалпы осін сақтау үшін шиналардың
мен оқшаулағыштар жалпы осімен жалғанған ұштарын "үйрекпен"түсіру тəсілімен бүгіледі.
орындардағы шиналар
қолданылады. Егер шиналар көпжолақты болса, жекелеген шиналар арасында төсем қойылады.
Жапсырма
əрқашан
екі, төсемдер
жолақтан бір кем. Ұзындығы
бойынша жапсырмалар да, төсемдер де
шинаның
қосарланған еніне тең
болуы тиіс. Құрама шиналарды қосу орындарын белгілеу алдында түйіспенің немесе тармақтардың тіректік оқшаулағышқа түспегенін тексеру қажет.
Шиналардың түйіспелі
беттері
əртүрлі станоктар
мен
егеуіштермен өңделеді. Ірі ақаулар болмаған жағдайда, контактілі беттерді кардоленті станокта тазалауға болады. Білікшелі түйістер тек шиналар үшін ғана қолданылады.
Алюминий шиналарының түйіспелі беттерін өңдеуге келесі операциялар жатады:
өрескел өңдеу (егеумен));
– вазелин қабатының астында болат щеткамен тазалау;
- вазелин қабатымен майлау.
Механикалық өңдеуден кейін шиналардың түйіспелі беттерін техникалық вазелинмен жабады жəне коррозия мен ластанудан қорғау үшін қағазбен өңдейді. Толық өңделген жəне жиналған шина пакеттері, монтаждау түйіндері жəне жеке дайындамалар түріндегі шиналау түйіндерін құрастыру жəне орнату орнына жеткізеді.
Егер жиналмалы шиналар бір жолақтан тұрса, онда оларды əдетте жазыққа жатқызып құрастырады жəне оқшаулағыштың қалпақшасына бекітеді, ал көпжолақты шиналар - шина ұстағыштарына орнатылады. Құрама шиналардан аппараттарға, сондай-ақ жеке аппараттарды қосатын шиналар жазыққа жатқызылып бекітеді. Шина ұстағыштардағы температуралық ұзартулардың орнын толтыру үшін мөлшері 1 – 2 мм саңылаулар қарастырылған. Шиналарды оқшаулағыштың қалпақшасына жатқызып бекіту кезінде болттың ұзындығын оның ұшы оқшаулағыштың фарфор бастиегіне тірелмейтіндей етіп таңдап алады. Бұрандаманы орау кезінде қалпақшалар арматуралаудан немесе жаққанда сызаттар пайда болуы мүмкін. 15-20 м артық ұзындықта төселетін шиналар токпен қыздыру кезінде орын алатын шиналардың ұзаруын өтейтін шиналық компенсаторлармен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |