Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


  Консилиум жұмысының қағидалары



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата02.03.2023
өлшемі5,09 Mb.
#170810
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСИЛИУМ ЕРЕЖЕСІ

3. 
Консилиум жұмысының қағидалары 
 
3.1. 
Баланың тұлғасын құрметтеу және жағымды қасиеттеріне сүйену 
қағидасы.
3.2. 
Диагностиканы барынша педагогизациялау, психологиялық және 
педагогикалық білімді кіріктіру қағидасы. 
3.3. 
Ақпараттың жабық болуы қағидасы. Бала тұлғасына моральдық зиян 
тигізбеу үшін Консилиумның қорытындысы немесе диагнозы көпшілікке 
жарияланбауы керек.
3.4. 
Өзара әрекеттестік қағидасы. Консилиумның әрбір маманы өз 
құзыреттілігінің аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары 
қарай тәрбиелеу мен оқыту саласында болжамдар жасау сұрақтарын шеше 
отырып, жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді.
 
4. 
Консилиум қызметтері 
 
4.1. 
Диагностикалық: 
4.1.1. 
оқу мен тәртіптегі қиындықтарды анықтау; 
4.1.2. 
дамудың әлеуметтік жағдайын, ұжымдағы жай-күйді зерттеу; 
4.1.3. 
баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау. 
4.2. 
Қолдаушылық: 
4.2.1. 
қолайсыз оқу-тәрбиелік немесе отбасылық жағдайға түскен 
баланың мүддесін қорғау; 
4.2.2. 
тиімді оқыту мен психологиялық-педагогикалық қолдау 
формаларын таңдау; 
4.2.3. 
білім беру ұйымында оқыту жағдайында, отбасылық тәрбиелеу 
әдістерімен де баланың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту бойынша шараларды 
анықтау және әзірлеу; 
4.2.4. 
ата-ананың көзінде баланың мәртебесін арттыру мақсатында 
жүргізілетін отбасылық оңалту; 
4.2.5. 
балалардың танымдық әрекетін белсендіру, олардың ақыл-ой және 
сөйлеу тілдік даму деңгейін арттыру, оқу әрекетін қалыптандыру, эмоциялық-
тұлғалық даму мен тәртіптің кемістіктерін түзетуді енгізетін оқу-тәрбиелік 
процесті әдістемелік қолдау; 


24 
4.2.6. 
білім беру процесінің әр түрлі қатысушыларына практикалық 
ұсынымдарды әзірлеу. 
4.3. 
Тәрбиелік: 
4.3.1. 
ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар балаға 
педагогикалық ықпалдың стратегиясын әзірлеу; 
4.3.2. 
балаға педагогикалық ұжым мен ата-ананың тәрбиелік ықпалдарын 
кіріктіру; 
4.3.3. 
педагогикалық ықпалдардың сабақтастығын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет