17
қорытындысы тұлғаға моральдық нұқсан (мысалы, баланың өзін-өзі
бағалауының төмен болуы, оның эмоциялық жағдайының нашарлауы, оның
үлкендермен және өзінің құрдастарымен қарым-қатынасының бұзылуы)
келтірмеу үшін ППк-дан тыс жерде көпшілік арасында талқыланбауы тиіс.
4.
Өзара әрекеттестік қағидасы. ППк-ның әрбір маманы өз құзыреттілігінің
аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары қарай тәрбиелеу мен
оқыту саласында болжамдар жасауға қатысты сұрақтарын шеше отырып,
жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді.
Консилиумның жұмысын ұйымдастыру үш кезеңде жүргізіледі.
1-
кезең. Дайындық кезеңінде консилиумға дайындықты әр қатысушы жеке
жүргізеді. Балаға кешенді зерттеу жүргізу үшін жұмысты бастардың алдында
ата-ананың келісімін алу қажет. Ата-аналардың келісімі құжатқа тіркелуі тиіс,
бұл сараптамаға байланысты кикілжің жағдаяттардың алдын алуға мүмкіндік
береді.
Бұдан әрі мамандар диагностикалық деректерді жинақтауды,
қорытындылауды жүзеге асырады, алдын ала шешімдер мен ұсыныстарды
тұжырымдайды. Диагностикалық мәліметтерге аталған нақты мәселе бойынша
көптеген көрсеткіштер, мысалы: педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік,
медициналық, логопедтік, дефектологтық және т.б. арқылы талдау жасалады.
2-
кезең. Консилиум жұмысының бұл кезеңінде жүргізілген зерттеулердің
қорытындысы бойынша алқалы отырыс өткізіледі. Зерттеулер қорытындысын
алқалы талқылау бала дамуының сипаты мен ерекшеліктері туралы бірыңғай
көзқарас қалыптастыруға, оның бұдан әрі дамуын жалпы болжауды және
қажетті түзету-дамытушылық іс-шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер консилиум дамытушылық немесе түзету жұмысының қандай түрі
қажет екендігі туралы жалпы бір ортақ пікір шығармаса, немесе күтілетін
нәтижелер орындалған болса, немесе дамудың тұрақты теріс динамикасы
байқалатын болса, бұндай жағдайда білім алушы неғұрлым жоғары деңгейдегі
кеңеске жіберілуі мүмкін. Баланың ата-анасы консилиум ұсыныстарын
қабылдамаған, ата-анамен дау-жанжалды жағдаят болған жағдайда да дәл осы
шараларды қолдану қажет. Неғұрлым жоғары деңгейдегі ұйымның беделі ата-
анаға ықпал етудің оңтайлы компоненті болуы мүмкін.
3-
кезең – ППк шешімдерін жүзеге асыру; жеке бағдарлама құру;
психологиялық түзету бойынша ұсыныстар; мамандар іс-әрекетін үйлестіру;
қолданыстағы бағдарламаларды түзету; мәселе бойынша педагогтар мен ата-
аналарға кеңес беру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: