Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


  Мультидисциплинарлық топтың қызметі бойынша шетелдік тәжірибені



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата02.03.2023
өлшемі5,09 Mb.
#170810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСИЛИУМ ЕРЕЖЕСІ


Мультидисциплинарлық топтың қызметі бойынша шетелдік тәжірибені 
талдау 
Мемлекеттік білім беру процесінің басты мақсаты ерекше білім беруге 
қажеттіліктері бар балалардың қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету 
болып табылады. 
 
Қазақстандық білім беру ұйымдары осы құқықты жүзеге асыруға 
ұмтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл мәселе инновациялық және 
дисскусиялық түрде қалуда. Өйткені, білім алушылардың бойындағы ерекше 
қажеттіліктері біркелкі емес болуы мүмкін. Сондықтан, инклюзивті біліммен 
тек эмоционалдық, ерік-жігерлі немесе психоәлеуметтік бұзылыстары бар 
балалар қамтамасыз етілмей, оған қоса есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл 
аппаратында, ақыл-ойында т.б. бұзылыстары бар балаларын да қамту 
мәселелері қаралуы тиіс. 
Бұл балалардың бұзылыстары әр түрлі деңгейде болуы мүмкін: жеңіл, 
орташа, ауыр.
 
Бұдан ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстары 
күрделенген сайын инклюзивті білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымы 
педагогтарының педагогикалық әрекеті мен құзыреттілігінің деңгейі 
жоғарлауы тиіс деген қорытынды жасауға болады.
 
Әрине, баланың ерекше қажеттіліктері мен оны оқыту жағдайларын
(интеграция, инклюзивті оқыту немесе арнайы ұйымда, үйде оқыту т.б.) 
анықтауда ПМПК іске асырады, бірақ осы балаларды қолдауда көптеген 
қиындықтармен кездесіп келе жатқан білім беру ұйымындағы педагогтардың 
ролі де аз емес. 
Мұғалімдердің қиындықтарын атап өтсек: 
1)
 
жалпы білім беру ұйымында
 
ерекше қажеттіліктері бар баланы 
педагогикалық және психологиялық қолдауда тиісті кадрлық құраммен 
қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар; 
2)
 
бірнеше диагнозды ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу 
және оқытудағы әдіснамалық базасымен байланысты қиындықтар; 
3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет