Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата02.03.2023
өлшемі5,09 Mb.
#170810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСИЛИУМ ЕРЕЖЕСІ

 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016 
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2016 



Кіріспе 
 
Ұлттық білім жүйесі кез келген мемлекетті әлеуметтік-экономикалық 
дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Әрбір мемлекеттің 
және оның азаматтарының өсіп өркендеуі тікелей білім беру жүйесінің 
тиімділігіне тәуелді.
Қазіргі таңда көптеген білім беру ұйымдары қағидаларын ұстанатын 
дәстүрлі білім беру жүйесі негізінен біріздендірілген оқу-тәрбиелік мақсаттарға 
жетуге және сәйкес бағдарламаларды жүзеге асыруға шоғырланған. Яғни, бұл 
әрекет «қалыпты» білім алушылардың «қалыпты» қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағыттылған.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған бағдарламасының стратегиялық мақсаты білім беру 
процесіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен 
технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл 
барлық білім алушылардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, 
тілдік және басқа да ерекшеліктерінің жағдайына қарамастан нәтижелі 
әлеуметтенуін қамтамасыз етуді білдіреді. Берілген міндет балаларды кез 
келген кемсітушілікті жоятын және кедергісіз оқыту мен тәрбиелеуді 
қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 319-III Заңының 1-бабы, 21-4 тармақшасында инклюзивті білім беру – 
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, 
барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін 
процесс деп көрсетілген [1].
Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы әлеуметтік және 
психологиялық-педагогикалық қолдау өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. Ол бірқатар сұрақтармен, оның ішінде білім алушының әлеуметтік 
сипаттағы немесе психофизикалық жағдайының ерекшеліктерімен шартталған 
болуы мүмкін.
Әлеуметтік факторлардан туындаған білім беру қажеттіліктері тілдік 
сипаттағы оқыту қиындықтарымен (мигрант отбасының балалары, қазақ немесе 
орыс тілін меңгермеген оралман отбасылардың балалары), сабаққа қатысуымен 
(шалғай аудандар, ауылдарда тұратын халық), отбасының материалдық 
жағдайымен (табысы төмен отбасылар) және т.с.с. байланысты болуы мүмкін.
Алайда, 
педагогтар 
арасындағы 
жоғары 
алаңдаушылықты 
психофизикалық дамудағы кемшіліктерден болған ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар білім алушылар тудырады. Олар келесі сұрақтарды уақытында 
шешуді талап етеді: 

дамудағы бұзылыстарды анықтау; 

психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру;

тәрбиелеу мен оқытудың арнайы жеке түзету бағдарламаларын 
әзірлеу және іске асыру;




оқу процесін арнайы медициналық-психологиялық-педагогикалық 
қолдаумен (арнайы педагог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, 
медициналық қызметкер) қамтамасыз ету;

оқушыны ары қарай дамыту үшін танымдық мүмкіндіктер мен нақты 
оқу жетістіктері бойынша оқушы мен оның ата-аналарына қойылатын талаптар 
мен ұсыныстардың сәйкестігін тұрақты қадағалау; 

білім беру ортасын ыңғайлы, ерекше кеңістіктік және уақыттық 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 
Қазіргі заманда білім беру ұйымының алдына түзете әсер етудің мазмұны 
мен әдістерін анықтау, балалардың ерекше қажеттіліктеріне байланысты білім 
беруге жағдай жасау міндеттері қойылуда. Осыған орай ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне нәтижелі қосу мәселесін 
шешудің бір жолы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық 
консилиумдарды (ППк) жүйелі түрде жүргізу болып табылады.
Ұсынылып отырған психологиялық-педагогикалық консилиум ережесінің 
әзірлемесі түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау 
бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ баланың білім беру 
қажеттіліктерін және жеке ерекшеліктеріне білім беру ортасын бейімдеу 
жолымен отбасының жігері мен педагогтар, психологтар, логопед, 
дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлердің әрекетін 
бірыңғай қызмет ететін алгоритмге біріктіруді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет