Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Н.Х. Шәріпов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Кеніш аэрологиясы және еңбек қорғау

кафедрасының меңгерушісі

профессор, т.ғ.к.,



e-mail: nhsharipov@yandex.ru

Н.Ф. ГРАЩЕНКОВ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Н.Ф. Гращенков – ғалым, әрі педагог, тау-кен ісі саласындағы ірі маман – техника ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми жетістіктер саласы – көмір шахталарында тұйықтық қазбаларды желдетудің қауіпсіз параметрлерін негіздеу және үңгілеу бойынша жаңа технологиялық тәсімдер жасау.

Н.Ф. Гращенков 1929 жылы 4 ақпанда Смоленск облысының Духовщинск ауданында Сущево ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Балалық шағы адамзат үшін ең қатерлі сынақ - соғыстың ызғарына шалынады. 1941 жылы оның әкесі майданға аттанады. Шешесі бес кішкене баласымен 1941 жылдан бастап 1943 жылға дейін басқыншылықта қалады. 1943 жылы 14 жасында фашистер жұмыс күші ретінде батысқа айдауға жібереді. Николай Отанына – Смоленск облысы Духовщина қаласына тек 1945 жылы ғана қайтуға мүмкіндік алады. Туған ауылы түгелдей өртеніп кеткен. Бақытына қарай, сұрапыл жылдары әкесі де, шешесі де аман қалды, ата-анасы оны астан-кестен уақытқа қарамастан, одан әрі оқуға көндірді.

1950 жылы Николай Гращенков мектепті алтын медальмен бітіреді, бұл - мақсаттылықтың, мақсатқа бағыттылықтың және білім мен дүниетануға үлкен талпыныстың куәсі.

Мектепте оқып жүрген кездің өзінде, әрі қарай қайда оқуға түсу керек

екендігін ойлайтын. Құжаттарын Жоғары теңіз байланысы училищесіне, Рига теңіз училищесіне жібереді [1, 7-9 б.]. Училищеге оны денсаулығына байланысты (соғыс жылдарындағы аштық және басқындық аймақта болуы әсер етеді) оқуға алмайды.

Мәскеу тау-кен институтына медалист ретінде кеңесуден кейін түседі. Студенттік өмір басталады. Жеңіл атлетикамен және волейболмен айналысады. Бірақ үнемі ақшаны қайда жұмсау керектігін – жатақханаға төлеуге ме, бәтеңке сатып алып, бірақ кешкі тамақты күнара ішемін бе немесе тәпішкемен жүремін бе деп ойлау керек болды. 2-курстан кейін Бобруйскіде жазғы әскери жиындар болды, одан әрі – практика, Сталин облысы «Красноармейскуголь» тресінің 17-18-шахтасында кен қазушы болып жұмыс істеді, екі аптада 462 сом тауып, отбасы қажетіне жаратты.

Келесі практикалары Кемерово облысы Копейск қаласында Осинникте өтті. 1954 жылы жазда «Западуголь» ӨБ № 27 шахтасында тау-кен шебері болып істеді.

Диплом алдындағы практика тау-кен инженерінің тағдырын анықтап,

Қазақстан даласына деген сүйіспеншілігін оятқан Қарағанды қаласындағы № 20 шахтада желдету учаскесінде өтті.

1955 жылы Н.Ф. Гращенков институтты аяқтағаннан кейін, Аэрология және Еңбек қорғау кафедрасының меңгерушісі А.И. Ксенофонтова оған аспирантурада оқуды ұсынды.

Бұл жылдары ММИ Аэрология және еңбек қорғау кафедрасында академик А.А. Скочинский, профессор А.И. Ксенофонтова, профессор Е.С. Чендлер, доценттер А.А. Харев, С.Я. Хейфиц, К.А. Шильников, К.З. Ушаков, А.С. Бурчаков, ассистент А.Д. Климанов, ассистент В.С. Орехов жұмыс істеді, олар аспиранттың ғылыми қызметінің негізін анықтады.

Оған доцент Анатолий Семенович Бурчаков ерекше көңіл бөлді, ол кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін кафедрада қалған және шахталардағы шаңмен күресу саласындағы маман болатын. Ол аспирант Н.Ф. Гращенковқа теориялық бөлімнен және эксперименттер қоюдан көмектеседі. 50-ші жылдары кафедраның газодинамикалық зерттеулерінің жаңа бағыты – үздіксіз газ бөліну және онымен байланысты өндірудегі газ тасымалдау динамикасын зерттеу қабылданды.

Нәтижесінде газды шахталар үшін ауа мөлшерін есептеудің «забой бойы әдісі» деп аталатын жаңа әдісі жасалды. Бұл әдіс Қарағанды бассейні шахталарында 1957-1958 жж. сынамаланды, ол кезде кафедра Қарағанды шахталарында тұйық қазбаларға газ бөлінуге зерттеу жүргізді(А.И.Ксенофонтова, А.С. Бурчаков, В.С. Орехов, Н.Ф. Гращенков, В.М. Маляревский). Нәтижелері «Қарағандының көмір бассейндеріндегі газды шахталарында ауа мен депрессия мөлшерін есептеу жөніндегі нұсқаулық» (ММИ, 1960 ж.) және «Қарағандының газды шахталарында ұзын созылыңқы дайындық қазбаларын желдетуді есептеу жөніндегі нұсқаулық» (ММИ –Қарағанды көмір» комбинаты 1960 ж.) деп аталатын жұмыстарда көрініс тапты, олар қазіргі кезде де өзектілігін жойған жоқ.

50-жылдардың аяғында Н.Ф. Гращенков көмір шахталарында шаң факторы бойынша қопару жұмыстарынан кейін дайындық забойларын желдету бойынша зерттеулер жүргізді.

Осы жұмыстардың қорытындысы академик А.А. Скочинскийдің ғылыми жетекшілігімен дайындалған және 1958 ж. табыспен қорғалған кандидаттық диссертациясы болды.

Ірі ғалым және ғылымды талантты ұйымдастырушы, КСРО ҒА академигі профессор Александр Александрович Скочинский және оның шәкірті профессор Анна Ивановна Ксенофонтова болашақ ғалымның тағдырын алдын-ала анықтап, ғылыми әлемде өміршеңдіктің негізін салып берді. КСРО-ның осы көрнекті ғалымдарымен тау-кен ісі саласында жұмыс істей жүріп, Николай Федорович ғалым ретінде ғана емес, тамаша әдіскер және аналитик ретінде де қалыптасты [2, 30-33 б.].

1958 жылы Николай Федорович Қарағанды тау-кен институтында жұмысқа кірісті. А.А Скочинскийдің мектебі Қарағандыда тау-кен ісінде еңбек қауіпсіздігі саласында ғылыми база жасауға мүмкіндік берді.

Н.Ф. Гращенковтың ғылыми жетістіктерінің негізгі саласы көмір

шахталарында тұйық қазбаларды желдетудің қауіпсіз параметрлерін негіздеу

және үңгілеу бойынша жаңа технологиялық схема жасау болып табылды. Бұл бағыттағы зерттеулер техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

іздену диссертациясын қорғаумен және кеніштік желдету жөніндегі анықтамалық құжаттарды жариялаумен аяқталды, ол бірнеше рет басылым көрді, ал мазмұны бүгінгі күнде де өзекті, әрі қажетті.

1972 жылы Н.Ф.Гращенков докторлық диссертациясын тұрғылықты «политехшілер» ішінде, Ә.С. Сағынов, А.Ф. Кичигин, М.П. Тонконогов және В.Ф. Бырька сияқты белгілі және іргелі ғалымдарды алдыға салып, жетінші болып қорғады.

Осының бәрі – профессор Н.Ф. Гращенковтың үлкен ғылыми деңгейінің куәсі.

ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі Ә.С. Сағыновтың ұсынысы бойынша 1962 жылы «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасын 33 жастағы ғылым кандидаты Н.Ф. Гращенков басқарды, ол кафедраның даму болашағы тек оқу-әдістемелік жұмыспен ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де байланысты екенін түсінді, осының айғағындай, талантты, еңбекке қабілетті ғалымның маңайында пікірлестері – шәкірттері мен әріптестері тоғысты. Профессор Н.Ф.Гращенков 45 жылдық ғылыми жұмысы ішінде 50-ден астам ғылымдар кандидаты мен докторын дайындады, олардың көбі бүгінгі күні ЖОО-да, кәсіпорындарда, Қазақстан мен Ресей министрліктерінде басқарушы орындарда. Осы жылдар ішінде 200-ден астам ғылыми еңбек, 3 монография шығарылды, өнертабысқа 12 авторлық куәлік алынды. Бұл – ғалымның және маманның зор еңбек қабілеттілігі мен мақсаттылығының куәсі.

ХШЖК өнертабыс көрмесіне қатысқаны үшін 1960 ж. күміс медаль мен құнды сыйлық алды.

Профессор Н.Ф. Гращенковтың ҚарПТИ-дың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі айтарлықтай. Жоғары білім мен ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, академик Ә.С. Сағыновтың жетекшілігінде және ғалыммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқара жүріп, Николай Федорович өзінің барлық энергиясын, барлық айрықша талантын білім сапасын арттыруға, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жаңа деңгейін арттыруға бағыттады.

Оқу ісі жөніндегі проректор Н.Ф. Гращенковтың тікелей қатысуы мен

бастамасы бойынша (1981-1990 жж. дейін) кураторлар кеңесі, екі факультет, төрт жаңа мамандық ашылды, ЖОО студенттері мен түлектері шетелдерде оқуға мүмкіндік алды.

45 жыл ғылыми қызметі ішінде профессор Н.Ф. Гращенков 50-ден астам кандидат және ғылым докторларын даярлады, олардың көпшілігі бүгінгі күні ЖОО-да, кәсіпорындарда, Қазақстан мен Ресейдің министрліктерінде жоғары орында отыр. Осы жылдар ішінде 200-ден астам ғылыми еңбектері, 3 монография, өнертабысқа 12 авторлық куәлік алынды. Осының бәрі ғалымның және педагогтың жұмыс қабілеттілігі мен мақсатқа талпынғыштығы туралы куәландырады.

Н.Ф. Гращенков кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау кезінде өзін ізденушілердің қателерін, адамның қасиетін қорламастан, әзіл-оспақ түрінде көрсететін, өскелең ғылыми буынның қамқоршы ұстазы ретінде байқатты.

Николай Федоровичтің еңбектері шетел баспаларында жарияланды және 1996 жылы ол Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі секциясы бойынша Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі халықаралық ғылым академиясының (ЭҚХҒА) нағыз мүшесі болып сайланды.

Николай Федорович көп жылдар бойындағы жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, ІІІ және ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» Құрмет Белгісімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жылдық құрмет мерекесіне орай қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1970 ж.), «КСРО ЖОО министрлігі жұмысындағы үздік табыстары үшін» белгісімен (1974 ж.) және «Еңбек ардагері» медалімен (1989 ж.), КСРО және ҚазКСР Жоғары білім министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды [3, 24-28 б.].

Н.П. Гращенков айрықша, мақсатқа ұмтылған, орынды қалжыңдасып,

адамдарға құрметпен қарайтын тұлға болды. 1950 жылы Николай мектепті алтын межадьмен бітіреді, бұл оның мақсаттылығын, мақсатқа талпынғыштығын және білімге және дүниені тануға үлкен құштарлығын куәландырады.

Николай Федорович Гращенков – жақсы отағасы.

Зайыбы Гращенкова Галина Петровна - зейнеткер, бұрын – 92-мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Қызы Наталья – тау-кен инженері, Қарағанды политехникалық институтының түлегі, «Центргеоаналит» ЖШС бас экологы, ұлы Александр «Оптимист» ЖШҚ компаниясының бас директоры және осы компанияның жүйелі операторы, ал оның әйелі Алевтина - «Систематика» ЖШҚ IТ-компаниясында бюджеттеу бойынша жетекші маман.

Күйеу баласы Баймульдин Мұрат Қаирович – тау-кен инженері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарМТУ кафедрасының меңгерушісі.

Немересі Тимур Плеханов атындағы Мәскеу басқару академиясын және Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника университетін тәмамдады, қазір бағдарламашы-инженер болып қызмет етеді, оның әйелі Ирина - бизнесмен.

Немересі Мұрат ҚарМТУ-ды бітірді, жақын арада Қарағанды технологиялық колледжінде кафедраны меңгерді, қазір ҚарМТУ-да еңбек етеді және магистратурада оқиды, оның әйелі Анастасия ҚарМТУ-да оқу-әдістемелік басқармада жұмыс істейді.

Немере қызы Наталья Мәскеу мемлекеттік университетінің (Жоғары экономика мектебін, оның жанындағы магистратураны үздік бағамен аяқтады. Қазір – ақпараттық қауіпсіздік және IT қатерлері, медиа және «ЭРНСТ & ЯНГ» компаниясының (Халықаралық аудиторлық төрттікке кіреді) жоғары технологиялары саласында қызмет көрсету жөнінде бөлімінде аға кеңесші.

Немере қызы Мәскеу мемлекеттік университетінде (Ресейдің, баспа-полиграфиялық істерге арналған мамандар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз оқу орнында) баспа ісі және журналистика факультетінде оқиды. Әкімгер болып жұмыс істейді және журналист ретінде шетел көрмелеріне қатысады, оның мақалалары журналдарда жарияланады.

Николай Федоровичтің шөбересі Данил 3 жасында әліппені меңгерген, көп оқиды, көбейту кестесін біледі, қазақ және италия тілін үйреніп жүр, даңқты әулетті жалғастыруға дайындалуда.



Осының бәрі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жоғары деңгейі, қоршаған әлемге және Отанға деген сүйіспеншілік туралы куәландырады.
Әдебиеттер тізімі
1. Гращенков Николай Федорович // Батырбеков М. Высшая школа в

лицах / М. Батырбеков. – Алматы, 2001. – Кн. 3. –242 с.

2. Гращенко Николай Федорович // Кто есть кто есть в казахстанской

науке. –Алматы, 1999.- 301с.

3. Основные даты жизни и научно-педагогической деятельности

профессора, доктора технических наук Н.Ф. Гращенкова // Ими гордится горный факультет / МОНиКР. – Қарағанды, 2010. – 90 с.



М.В. Пономарева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Геология және геофизика кафедрасының

доценті, т.ғ.к.

e-mail: mponomareva@kstu.kz



М.Ә. ЕРМЕКОВ АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР,

ГЕОЛОГИЯ-МИНЕРАЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, көмір кен орындарының газдылығы бойынша ірі маман, табиғаттың күрделі құбылыстары мен технологиялық процестерін, оларды компьютерлік технологияны пайдалана отырып, оңтайландыру мақсатында модельдеудің жаңа бағытының негізін салушы Ермеков Мағауия Әлімханұлы 1921 жылы Семей облысы Шыңғыстау ауданында Абай ауылында дүниеге келген, сондықтан ата-анасы оны Абайдың кіші ұлы Мағаштың құрметіне Мағауия деп атаған [1].

Бастауыш білімді үйінде, отбасында алған, себебі әкесі ғана емес, шешесі Рақия Шағабетдінқызы өте жоғары білімді адамдар, Қазақстанның алғашқы дипломды дәрігерлерінің бірі болған. Мағауияның әкесі - Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – Қазақстандағы белгілі қоғамдық-саяси қайраткер, математиканың бірінші қазақ профессоры.

Ол мектепке дейін-ақ үш тілді – қазақ, орыс және неміс тілдерін жетік меңгерді.

Қазақстанның барлық прогресшіл қайраткерлері іліккен Сталиндік геноцид кезеңінде Әлімхан Ермеков «Алашорда» партиясы көшбасшыларының бірі ретінде көп рет тұтқынға қамалды және жалпы алғанда, 18 жылға жуығын еңбекпен түзету лагерьлерінде өткізді. Оның қайғылы тағдыры отбасына да әсерін тигізді.

Он екі жасар бала Мағауия әкесін тұтқындаудың куәгері болды. Тінту кезінде дүние-мүліктерді қалай төңкергенін, шақырылмаған «қонақтардың» айуандығын көрді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды. Сталиннің жеке басына табыну кезеңіндегі, тұтқындау, ату кезеңіндегі балаларда өмір бойы жазылмас жара қалды [1].

Отбасын алдымен қала шетіндегі жер төле үйге, сосын қала сыртындағы жер үйге көшірген кезде Мағауия Алматы орта мектебінің төртінші сыныбында оқитын. Бірақ онда да олардың отбасына тыныштық бермей, Үштөбе стансасына Қаратал ауылына көшірді, онда Ресейдің батыс облыстарынан 300 мыңға тарта қоныс аударушылар тұратын. Аштық пен шешек ауруы ызбарлана түсті. Өліктерді қыста үйме-үйме етіп жайдақ үлкен шаналармен траншеяларға жерлеуге алып кетіп жатты. Құжаттары мен мүліктерін тартып алды, Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.

Отбасы шешесінің хирург-дәрігер, оның үстіне жақсы ұйымдастырушы және шаруақор болғандығынан ғана аман қалды. Ол Үштөбеде темір жол ауруханасын басқарды.

1939 жылы Мағауия Алматының орта мектебін үздік аяқтағаннан кейін, Ростов Ауыл шаруашылық машина жасау институтына түседі. Екі жылдық оқудан кейін ол Кеңес Әскері қатарына шақырылады, онда 6,5 жыл қатардағы солдаттан аға лейтенантқа, жеке батальон штабының бастығы және әскери училище оқытушысына дейін қызмет етті. Ол өзінің батырлығымен тұтқында жүрген әкесінің жағдайын жеңілдетермін деген аңғалдықпен майданға сұранғанымен, жазаланушының баласы ретінде жіберілген жоқ.

Әскери қызметін Қарақұм құмдарында Орта Азия әскери округы бөлімдерінде өткізді. Онда бір жұтым су үшін сол кездері сирек кездесетін зат – қол сағаты берілетін. Тыл ішінде қызмет ету ауыр болатын [1]. Жорықтардан кейін тұз сіңген гимнастеркалары қатты қораптарға айналады. 40 градус ыстықта газ қағармен лақтыру. Аптаның алғашқы төрт күнінде 12 сағаттан және жұма мен сенбіде үзіліссіз 36 сағаттан шұғылданды. Әрбір 2-4 апта сайын майдандағы жағдайға байланысты даярлығы жоқ жауынгерлерден майданға жіберілетін жауынгерлерді даярлады.

1946 жылы әскерден келген соң ол погондары мен ілгектері сөгілген, үйкелген офицер шинелін киіп жүруін жалғастырды (басқа киімі болған жоқ). Канск және Тайшет лагерьлеріне әкесімен кездесуге бірнеше рет барып қайтты. Осындай әрбір баруы үлкен қиындықтармен өтетін. Тас қараңғы түндерде – ауылда электр жарығы болмағандықтан, батпақ арқылы төсемелерден өтуіне тура келетін.

1950 жылы Мағауия Әлімханұлы Алматы Тау-кен институтын «Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» мамандығы бойынша инженер-геолог атағымен бітіріп шықты. Сол жылы ол Қарағандыға жол тартады, онда учаскелік геолог, кейін «Қазақкөміргеология» тресінде аға геолог болып жұмыс істейді. Басында оны стратегиялық шикізат ретінде көмірге жолатпады да, ол жергілікті құрылыс материалдарымен айналысты. КБА 1953 жылы сол тресте Қарағанды көмір бассейнінің көмірлі қабаттарының газдылығын зерттеу бойынша тақырыптамалық отрядтың жетекшісі болып тағайындалады. 1957 жылға дейін олар газдық сынамалардың әдістемелері мен техникалық құралдарын жасайды, бұл Қарағандының осы мәселені жүйелі түрде зерттеуге жол ашқаны болатын [2]. 1957 ж. М.Ә.Ермеков бір жылдық сырттай аспирантурада оқыған соң, кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды.

Ол 1958 жылдан 1970 жылға дейінгі кезеңде ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтында, ҚҒЗКИ, Шығыс ҒЗИ алдымен АҒҚ лауазымында, ал 1963 ж. бастап зертхана бастығы ретінде бассейннің газдылығы мәселесімен еңбектенуін жалғастырады. 1968 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғайды [2].

1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының геология кафедрасының профессоры болып сайланады, ал 1970 жылы оның меңгерушісі болып тағайындалады, геофизика, тау-кен және құрылыс мамандықтарының студенттеріне геологиялық барлау, құрылымдық және инженерлік геология, гидрогеология, мұнай мен газды кен қабаттарынан дәрістік курстар жүргізеді. Бұларға қоса көмір қабаттарының газдылығы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді (Ғылым және техника жөніндегі Мемлекеттік комитет тақырыбы бойынша). Геологиялық факторлардың, қойнаулар термодинамикасының газдылығына сандық бағалаудың бірегей әдістері жасалады.

Олар Қарағанды бассейнінің газдылығының бірінші картасын құрастырады, ол жеткілікті түрде газдың молдылығын дәлелмен болжауға, нормативтік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.



Өндіріске практикалық көмек көрсеткені үшін М.Ә. Ермеков бірнеше рет «Көмір өнеркәсібі Социалистік Жарысының үздігі», «Шахтер даңқы» белгілерімен марапатталды, Құрмет кітабына және облыстың Құрмет тақтасына енгізілді. 1980 ж. шахталарда жарылысқа қауіпті метанмен күресудің физика-химиялық негіздерін жасау жөнінде жұмыс циклі үшін оған академик А.А.Скочинский атындағы диплом мен сыйлық берілді.

1979-80 жылдары оның авторлық бірлестігімен үш томдық «КСРО көмір бассейндері мен кен орындарының газдылығы» монографиясын баспадан шығарады да, М.Ә.Ермеков КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болады. 1983 жылы Қазақ Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады [2].

М.Ә. Ермеков геологиялық және тау-кен мамандығының 13 кандидатын қорғауға даярлайды. Ғылымдағы бес ізденушінің жұмысы оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен есептелген математикалық модельдер негізінде орындалды.

Жоғарыда аталған үш томдық монографиядан басқа оның 160-тан астам баспа жұмысы түрлі одақтық басылымда жарияланды, төрт авторлық куәлік алынды. Көптеген жұмыстарда көмірлі түзілімдердің газдылылығы мәселесі, бірегей аспаптар және газдық сынамалар әдістері, қойнаулар термодинамикасы сипатталды.

Оның көмір кен орындары газ динамикасы бойынша зерттеулері көмір шахталарында метан болуын анықтау жөніндегі жөнелту пункті болып табылады және тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес, сондай-ақ Чехия, Польша, Словакия, АҚШ, Канада, Австралияда кеңінен пайдаланылады.

Мағауия Әлімханұлы Ермековтің тағдырын «жұмыс, табанды, үздіксіз жұмыс» деген бірнеше сөзбен атауға болады. Мағауия Әлімханұлы әкесінен – таң қаларлық өмірбаяны бар адамнан үлгі алды. Математик болды, математика ешқашан құрғақ, қатты болмайтынын дәлелдей алды. Осы өз пәніне сүйіспеншілігін жеткізе білуді Мағауия Әлімханұлы, бәлкім, әкесінен мұра етіп алған болар. Ол геолог, адам үшін асыл затты жер қойнауынан іздеп қана қоймай, адамдардың жақсы қасиеттерін де аша білді.

Дәрістер Мағауия Әлімханұлының студенттермен араласуының жалғыз ғана нүктесі болған жоқ. Сонымен қатар көп күші мен энергиясын студенттік ғылымға берді. Оның «Эксперимент стратегиясы» үйірмесі институтта ең атақтылардың бірі болды.

Мағауия Әлімханұлы геология мен тау-кен ісінің ең күрделі проблемаларын әзірлеуге әрқашанда жас ғалымдарды қатыстыратын. Әрқашан өзінің сүйікті ісіне берілгендігінің көрнекті үлгісін көрсететін. Одан бәрі білім алды. Ең алдымен, мақсатқа қол жеткізуде қайтпастық танытқанда, жан дүниең қатайып кетпей, мейірімді, қайырымды адам болуға, тағы да еңбекке қабілеттілікке үйретті. Мағауия Әлімханұлы оқытушылық қызметпен айналыса жүріп, ешқашан ғылыми зерттеулерін қалдырмады. Ол әрқашан шығармашылық ойлар мен жаңа идеялар билігінде болатын. Ізденумен өмір сүрді. Өз студенттерін де осыған үйретті.

М.Ә. Ермеков аспирантураның бір жылдық сырттай бөлімін аяқтағаннан кейін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады.

М.Ә. Ермеков газ молдылықты дәлелді түрде болжауға, нормативтік құжаттарды жазуға мүмкіндік беретін Қарағанды бассейнінің алғашқы газдылық картасын жасады.

Мағауия Әлімханұлы өте сирек кездесетін тыңдай білу ерекшелігіне ие болған, бұл шеберлікті өз студенттерінің бойында да дамытқанмен, академик А.М. Терпигоревтің мына бір сөзін жиі еске алатын: «Хорошо учатся не те студенты, которым хорошо читают лекции, а те, которых хорошо спрашивают». Оның әр дәрісінің, міндетті түрде, өз ерекшелігі, өзіндігі болатын, ол ең күрделіні ең қарапайым арқылы түсіндіре алатын, ең бастыны көруге көмектесетін.
Әдебиеттер тізімі
1. Кыдыралина Ж., Алимхан Ермеков // Электронный журнал «e-history.kz». 2011.

2. Национальная энциклопедия. 2 том. Казахстан. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.






Н.Б. Давлетбаева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Кәсіпорын менеджменті

кафедрасының меңгерушісі, доцент,э.ғ.к

e-mail: marat3011@mail.ru


Ш.Қ. ҚАШЫҚ – ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, ТӘЛІМГЕР, патриот
Қашық Шағатай Қашықұлы 1925 жылы 22 қазанда Қарағанды қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. 1942 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін әскери комитет бастауыш және толық емес орта мектептің мұғалімдерін даярлау бойынша қысқа мерзімді курстарға іссапарға жіберді, ол Қарағанды облысының Қу ауданына (қазіргі Егіндібұлақ ауданына) ауылдық мектепке жіберілді. Мұғалім ретінде оған 1943 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеуіне тура келді. Мектептерге мұғалім қажет болғанымен, Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жайт сын көтермейтін еді: соғысқа барлық 18 жасқа толғандар және әскери қызметті атқаруға жарамды адамдар шақырылуға тиіс болды. 1943 жылы ақпанда шақырылғандар арасында Ш. Қашық та болды. Оны Ташкент артиллерия училищесіне қысқартылған оқу мерзімімен оқуға жіберді. Оқу бір жылға созылуы керек, бірақ 1943 жылы шілдеде Ш.Қ. Қашық жазылған курсанттық полкты майданға жіберді.

Осы оқиғалар туралы және кейіннен әскери әрекеттер туралы 1943-1945 жж. Ш.Қ.Қашық өз өмірбаянында толық сипаттайды. 1945 ж. ақпанда ол ауыр жараланып, Тбилиси қаласының госпиталінде емделеді де, «әскери қызметке жарамсыз» деген қорытындымен шығарылады.

Жиырма жастағы, соғыстың алапатынан өткен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталған жасөспірім мұғалім болып жұмыс істеуге, балаларды оқыту арманына қайта оралады. 1945 ж. Қарағанды мұғалімдер институтына түседі, сосын Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтына «Тарих» мамандығына ауысады.

Ш.Қ. Қашық жастайынан бәрін тиянақты, үлкен талпыныспен орындауға үйренген. Ол педагогикалық институтты да үздік бітіріп, Семізбұғы орта мектебіне оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберіледі, бір жыл өткен соң осы мектептің директоры болады.

Ш.Қ. Қашық он жыл бойы – 1948 жылдан 1958 жылдың тамызына дейін директор қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде Семізбұғы орта мектебі аудандағы үздік мектептердің бірі болды, нығайды, оның материалдық базасы жақсартылды, жігерлі жас директордың талпынысымен ұйымшыл педагогикалық ұжым қалыптасты. Осы табыстары облыстық халыққа білім беру бөлімінің басшылығымен ескеріліп, Ш.Қ. Қашық аудандық білім беру бөліміне меңгеруші болып тағайындалады. Екі жылдан кейін Алматыда Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезінің делегаты бола жүріп, ол білім саласында сіңірген еңбегі үшін «Еңбектегі ерекшелігі үшін» медалімен марапатталады.

Қазақ КСР Кеңес Одағының сол кездегі ең табысты дамып келе жатқан республикаларының бірі болды: оның әлеуеті нығая бастады, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Қазақстан ғылымы үлкен табыстарға жетті.

Жас әрі менмен басшы – Ш.Қ. Қашықтың жүрегінде ғалым болу, Отанына экономика саласының маманы ретінде қызмет ету арманы ұялады. Балалары өсіп келе жатқан отбасының отағасы бола жүріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саясат экономикасы кафедрасында сырттай аспирантураға түседі де, диссертациялық жұмысына Қазақстанның ұлттық табысын өндіру және тарату тақырыбын таңдап алып, өзі үшін жаңа пәнді зерделеуге үш жыл уақытын жұмсайды.

Ол қазақстандық ғылымның мэтрларынан – академик С.Б. Бәйішев, профессорлар С. Нейштадт, В.Н. Пуриц, А. Әшімбаевтардан білім алады. 1963 ж. желтоқсан айында аспирантурадағы оқуын аяқтап, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертациясын қорғауға ұсынып, сәтті қорғалады [1, 9-б.].

Жас ғалымды жоғары оқу орнында қызмет ету күтіп тұрды – ондай жоғары оқу орны да анықталды. Бұл Қарағанды политехникалық институты болды, ол кезде бұл білім ордасын жас ректор Әбілқас Сағынұлы Сағынов басқарған. Ш.Қ. Қашықов саяси экономия кафедрасына аға оқытушы ретінде алынып, кейін доцент қызметіне ауыстырылды да, КСРО ЖАК диссертациялық жұмысты бекіткеннен кейін кафедра доценті атанды. 1965 жылы оны «Саяси экономия» (кейін «Экономика теориясы») кафедрасының меңгерушісі етіп тағайындайды да, ол сонда көп жылдар бойы жетекшілік етеді.

60-70 жж. ортасы шаруашылық механизм реформаларымен, ырғағынан жаңылған әкімшілік-командалық жүйеге жаңа импульс беру әрекеттері байқалғанына көңіл аударған жөн. Бұл кезең жоғары білімді мамандарды экономикалық даярлауды жетілдіруге және экономикалық пәндер бойынша жаңа оқу бағдарламаларын құрастыруға қызығушылықтың артуымен әйгілі болды. Қоғам жаңа идеяларға, осы идеяларды алға жетелейтін және оларды практика жүзінде енгізетін білімді және бастамашыл мамандарға зәру болды.

Осындай жағдайларда жоғары оқу сапасына (оның ішінде экономикалық) талап күшейді. Кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында Ш.Қ. Қашық бар мүмкіндікті жасады: жас оқытушыларды Киевке, Мәскеуге, Алматыға аспирантураға, біліктілігін арттыру институттарына оқуға жіберді, ғылыми зерттеумен айналысуға қызығушылығын оята отырып, олармен жұмыс істеді. Осындай күш-жігер нәтиже бермей қоймайды. Бірнеше жылдан кейін, 1970 жылға қарай саяси экономика кафедрасы өңірдегі туыстас кафедралардың социалистік жарыстарында үздіктердің бірі болып танылды, халықаралық тасымалдау тиімділігін 100 мың сомға (сол кездерде бұл үлкен сома) анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеу тақырыбын орындау бойынша қол қойылған келісім-шарт және жоғары дәрежеге ие болған ұйымшыл жұмысқа қабілетті ұжым болды [2, 3-б].

Кафедра оқытушылары бүкілодақтық және Республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысты, өз жұмыстарын Алматыда, Мәскеуде, Ленинградта жариялады. Ш.Қ. Қашық ҚПТИ ректоры Ә.С. Сағыновтың қолдауымен оқытушыларға және студенттерге кеңес беруге, әрі дәріс оқуға Алматыдан А. Қошановты, В.Н. Пурицаны; Мәскеуден Н.В. Козодоевты және т.б. шақырды.

1976 ж. жоғары біліктілікті мамандарды даярлау бойынша жемісті ғылыми-зерттеу қызметі үшін Ш.Қ. Қашық «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, ал 1980 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы оның еңбегін ҚазКСР ЖК Құрмет Грамотасымен атап өтті. Жоғары білім саласындағы еңбегінің осындай жоғары бағасы 1985 жылы оның алпыс жасқа толу құрметіне - республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен атап өтілді.

Он жылға жуық (1973-1983 жж.) Ш.Қ. Қашық мемлекет пен кәсіпорын арасында ұлттық табысты тарату жөнінде ең қызықты ғылыми тақырыптың бірін жасады, ол оның докторлық диссертациясының тақырыбы болды.

1984 ж. Ш.Қ. Қашық өзінің докторлық диссертациясын Ташкент мемлекеттік университетінде қорғады. Сол уақытқа қарай олар үш монография, бірнеше ондаған мақалалар жариялады.

Кафедрада ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды, онда 1972 жылдан бастап ҚазКСР Автокөлік министрлігімен, КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігімен, КСРО Мемлекеттік құрылысымен, еңбек БҒЗЖИ және т.б. отырылған келісім-шарттар бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары жасалды.

Кафедра КСРО ҒА УҒО экономика институттарымен, КСРО ҒА Солтүстік Батыс бөлімінің экономика институтымен ғылыми ынтымақтастық жүргізді. Ғылыми есепті тапсырушылар ұйымдарына тапсырылды және РФ орталық кітапханасының қорларында сақталады.

Ш.Қ. Қашық уақытының көп бөлігін студент жастармен және жас оқытушылармен жұмыс істеуге бөлді [3, 11-б.].

Экономикалық теория курсының түбегейлі жаңаруы оны мойытқан жоқ: 1997 жылдан 2004 жылға дейін техникалық және экономикалық мамандық студенттері үшін үш оқулық шығарды (олардың екеуі мемлекеттік тілде). Студенттердің оның жетекшілігімен дайындаған ғылыми баяндамалары облыстық, республикалық және республика аралық конкурстарға ұсынылды.

Ш.Қ. Қашық ауылдан келген жастарға ерекше қызығушылық пен қамқорлық білдірді. Ол ауылдық аудандарда он жылдан астам мұғалім, ал кейін мектеп директоры және Аудандық ХББ меңгеруші болып жұмыс істегенде, кейде жас адамдар қалаға, ЖОО әсіресе, техникалық оқу орнында, қандай қиыншылықпен бейімделетінін, олардың тәлімгерге, кейде өздерінің мүддесін қорғаушыларға қалай зәру екендігін бәрінен жақсы білетін. Шағатай Қашықұлы өзінің ғылым докторы және профессор дәрежесіне қарамастан, жатақханалардағы кезекшілікке, қайта құрудың, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін насихаттау мен талқылауға қатысатын.

Қателерін ұқыпты және тәсілмен нұсқай білуі, анағұрлым әлсізді төмендетпей, моральдық жағынан төмендетпей тәлім беру Ш.Қ.Қашықтың мінезінің басым сипаты болды. Ол жалқа, жұмыстан қашқақтайтын, адал емес адамдарға қатал, аяусыз болды, бірақ өзінен ақыл-кеңес сұрағандарға көмектесуден бас тартқан емес. Оның экономикалық пәндерді оқыту мәселелері, оқыту әдістемесі, мемлекеттік тілде оқитын топтардағы оқу барысының ерекшеліктері жөнінде сөйлеген сөздерінің бәрі осы күнге дейін экономика теориясы кафедрасының оқытушыларының жадында.

Осы кезеңде Ш.Қ Қашық кандидаттық диссертацияларды қорғау жөнінде мамандандырылған Кеңестің мүшесі болып сайланады да, (1998 ж.) Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі болады, мемлекеттік тілде гуманитарлық пәндер бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау жөніндегі әдістемелік кеңесті басқарады, аспиранттар мен ізденушілерге кеңес береді.

Ш.Қ. Қашықов – кафедраның оқу-әдістемелік семинар жұмысына шақырылу орталығы және қала мен облыс ЖОО барлық ғылыми форумдарында қалаулы қонақ; ол өз білімі мен тәжірибесін жастарға жомарттықпен бөліседі және қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласады. Оны Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының мүшесі етіп сайлайды, 2004 жылы Қарағанды қаласының Құрметті азаматы атағы – бұл сексен жасқа толуына бір жыл қалғанда беріледі.

Қашық Ш.Қ. өз Отаны – Қазақстанның патриоты болды, қазақ халқының тарихын өте жақсы білді және өз тыңдаушыларының шынайы қызығушылығын тудыра отырып, өз білімімен шын жүрегімен бөлісті. Ол Президент Н.Ә.Назарбаевты қайта сайлау бойынша сайлау компаниясына қатысты [4, 5-б.].

Оның еңбектегі және ғылымдағы өмірбаяны, өмір салты – еңбек, мақсатқа жетудегі табандылық, барлық өмір жолында ризашылық сезімі мен қоршаған ортаға төзімділік, оның барлық істерінен байқалатын патриотизм – өзінің өмірлік таңдауын анықтайтын жасөспірімдер үшін тамаша үлгі.

Ш.Қ. Қашық 2006 жылы 12 ақпанда мәңгілік сапарға аттанды. Қырық жылдан астам еңбек еткен кафедрасы – экономикалық теория кафедрасына ғалымның есімі берілді. Қарағанды қалалық мәслихатының ономастика жөніндегі Комиссиясы Қарағандының Құрметті азаматының, Ұлы Отан соғысының ардагерін, экономика ғылымдарының докторын, профессорды, МЕАЕ академигі Ш.Қ. Қашықтың тұрған мекен-жайы – Ермеков көшесі, 73-ші үйде мемориалдық тақта орнатып, мәңгілік естелік қалдыруға шешім қабылдады. Бұл мемориалдық тақта 2007 жылы қарашада ашылды, кейін 2008 жылы желтоқсанда ҚарМТУ Кеңесінің шешімімен қазақ халқының осы қасиетті ұлы, патриоты, ғалымы және педагогына естелік ретінде Ш.Қ.Қашықтың мемориалдық тақтасы IV оқу ғимаратында Экономика теориясы (бүгінгі күні – Кәсіпорын менеджменті) кафедрасының жанынан ашылды.


Әдебиеттер тізімі
1. Шагатай Кашыкович Кашыков – профессор, доктор экономических наук, Академик МЭА «Евразия», известный ученый экономист, почетный гражданин г. Караганды, участник Великой Отечественной войны. Серия «Жизнь замечательных педагогов». - Караганда: Изд-во КарГТУ, 2010.

2. Зинчук Д. В честь Шагатая Кашыкова: общественно-политическая литература / Д. Зинчук // Индустриальная Караганда, 2006, 30 ноября.

3. Кашыков Ш. К. Подготовка нового поколения управленческих кадров - ключевой элемент обеспечения экономической безопасности Казахстана / Ш. К. Кашыков, Л. И. Колесникова; Карагандинский государственный технический университет Кафедра МП. - (РМЭБ 7) // Труды университета. - Караганда: КарГТУ, 2002. - № 4.

4. Кашыков Ш. К. Основные теоретические проблемы книги Н.Назарбаева "В потоке истории" / Ш.К. Кашыков; Карагандинский государственный технический университет. - (РМЭБ 7) // Труды университета. - Караганда: КарГТУ, 2001. - № 2







Л.С. Кипнис,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің металлургия, материалтану және нанотехнологиялар кафедрасының доценті, т.ғ.к.

e-mail: levkipnis@mail.ru




А.т. оралова
А.е. даниярова,
И.а. янцен –

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> БАҒдарламасы алматы, 2012 Құрметті !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу