Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз



бет4/9
Дата05.11.2016
өлшемі0,81 Mb.
#640
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.


ТҮЙІНДЕМЕ

Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Бұнда өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі. Қазіргі уақытта резюме коммерциялық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда талап етілетін кеңінен тараған құжат болып табылады. Резюменің ерекшелігі білімі және еңбек жолы туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жазу болып табылады. «Қосымша мәліметтер» бағанында кез келген ақпаратты беруге болады: шет тілдерін білуі, жарық көрген еңбектерінің болуы, басқа мамандық бойынша кәсіби дағдысының болуы және т.б.


Түйіндемеде үміткердің:

  • Аты-жөні;

  • Туған жылы, күні, айы, туған жері;

  • Ұлты;

  • Жынысы;

  • Мекенжайы, телефоны;

  • Отбасы жағдайы;

  • Азаматтығы;

  • Білімі;

  • Бітірген оқу орындары;

  • Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

  • Тілдік дағдылары;

  • Компьютерлік сауаттылығы;

  • Жеке қасиеттері;

  • Қызығушылығы;

  • Мақсаты.



Негізгі сөздік

жеке қасиеттері – личные качества

қызығушылығы – интересы (хобби)

тілдік дағдылары – владение языками

жауапкершілік-ответственность

мақсаттылық– целеустремленность

ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері – организаторские и лидерские способности

ұжыммен жұмыс істей білуі – умение работать в коллективе

адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділігі – коммуникабельность

алға қойған міндеттерге шығармашылық қөзқарас – творческий подход к выполнению поставленных задач

состав – құрам

входят – кіреді

следующие реквизиты – келесі деректемелер

название документа – құжат атауы

семейное положение – отбасылық жағдайы

домашний адрес – үйінің мекен-жайы

образование – білімі

специальность – мамандық

место работы – жұмыс орны

специализация – мамандану

предыдущий опыт работы – бұрынғы жұмыс тәжірибесі

владение иностранными языками – шет тілдерін білу дәрежесі

личные качества – жеке басының қасиеттері

увлечения - әуестігі (құштарлығы, қызығушылығы)

предпологаемая должность – қабылдануы мүмкін лауазым

начиная от нулевого положения – нөлдік деңгейден басталып

начинается с новой строкой – жаңа жолдан басталады
1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қандай құжат түйіндеме деп аталады?

2.Түйіндеменің ерекшелігі неде?

3.«Қосымша мәліметтер» бағанында қандай ақпаратты беруге болады?



2- тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

В состав резюме входят следующие реквизиты: название документа (резюме); дата рождения; семейное положение; домашний адрес; домашний телефон; рабочий телефон; образование (что и когда окончил, специальность); место работы и специализация; предыдущий опыт работы; владение иностранными языками; владение оргтехникой; личные качества; увлечения; предпологаемая должность. Все реквизиты пишутся без абзацев, начиная от нулевого положения табулятора, но каждый реквизит начинается с новой строкой.


3- тапсырма. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз.


Отбасы

Туған


Ана

Жұмыс


Жеке

Қосымша


Мекен

Жұмысқа


Жоғары

Еңбек


Шет

Кәсіби


Үйінің

Сапалық


Негізгі

білімді

жолы


тілдері

қасиеттері

дағды

телефоны


мамандығы

жылы


қасиеттері

қабылдау


ақпараттар

тілі


жайы

жағдайы


тәжірибесі

4- тапсырма.Түйіндеме үлгісімен танысыңыз. Осы үлгі бойынша өзіңіздің түйіндемеңізді жазыңыз.

ТҮЙІНДЕМЕ



Аты-жөні Аманова Аружан Аманқызы

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,

Қостанай қаласы, Абай

даңғылы, 1-үй, 1- пәтер

Телефон: 502030

Жалпы ақпарат

*Туған жылы 1980 жылғы 6 тамыз

*Ұлты қазақ

*Жынысы әйел

*Отбасы жағдайы тұрмысқа шықпаған

(үйленбеген)

*Азаматтығы Қазақстан

Республикасы



Білімі: 2001 жылы Қостанай мемлекеттік

университеті, Құқық институты



Кәсіби тәжірибесі: 2001-2005 жж. «Әділет»

нотариалдық кеңсесі,

кеңесші-заңгер

(Қостанай қаласы)



Тілдік дағдылары: қазақ тілі – ана тілі,

орыс тілінде еркін

сөйлейді, ағылшынша

түсінеді, сөздік арқылы

сөйлеседі

Компьютерлік Windows 98,

сауаттылығы: Excel, Іnternet

Жеке қасиеттері: жауапкершілік, ұстамды-

лық, ұйымдастырушылық

және басқарушылық

қабілеттер т.б.



Қосымша ақпараттар: 2007 ж. - Қостанай мемлекеттік университеті, Құқық Магистрі бөлімі

Қызығушылығы: кітап оқу, саяхатқа

шығу, спортпен

айналысу, ән айту, музы-

ка аспаптарында ойнау


5- тапсырма.Түйіндемеңізді толтырыңыз!
Тегі, аты-жөні...

Мекен-жайы ...

Телефоны...

Туған жылы, айы, күні.

Ұлты ...

Отбасы жағдайы... Білімі...

Кәсіби біліктілігі... Қызмет жолдары:

*

*



*

*

Қосымша мәліметтер



*

*

*



Отбасы жағдайы ...

Әскери міндеті...



8- жаттығу.Тақырыптық түйіндеме түрлерін құрастырыңыз.

  1. Салық полициясы комитетіне программист ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.

  2. №2 қалалық орта мектепке жұмысқа орналасу үшін түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

  3. Халық банкінен несие алу үшін түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

  4. Ақмола облыстық «Арқа ажары» атты газетінің редакциясына тілшілік қызметке үміткер ретінде түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Түйіндеме жазу барысында қолданылатын сөздерді жаттатып, меңгерту

  2. Түйіндеме үлгілерімен танысып, аударма жұмысын жасау.


4-тақырып. Мінездеме.

Сабақтың мақсаты: Мінездеме туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, студенттердің ой-өрісін, білімдерін арттыру. Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтерге тоқталу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет