1. Сенімхат үлгілерімен таныстыру.
Анықтама – қандай да бір белгілі бір мәселелер бойынша, істің жағдайы туралы, өзіне тән көрсеткіштер, өзге де фактілер мен оқиғаларды сипаттау мен растау туралы мәтіні бар және/немесе кесте түріндегі жалпы ақпараты бар құжат. Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді салыстыру және талдауды талап етеді.
Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі адамдар мен мекемелерге беріледі. Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.
. Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
Қандай құжат анықтама деп аталады?
Анықтама істің жайын қалай көрсетуі тиіс?
Анықтаманы жасау нені талап етеді?
Анықтаманы неше топқа бөледі?
Бірінші топқа қандай анықтамалар жатады және олар кімдерге беріледі?
Анықтамалардың екінші тобы нені растайды?
Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша не беруге міндетті?
Анықтаманың мәтіні әдетте нені көрсетуден басталады?
Анықтама берілетін мекеменің атауы қайда жазылады?
Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп қалай жүргізіледі?
Мұндай анықтамалар неше дана болады?
Анықтамаға кімдер қол қояды?
Анықтаманың мәтіні немен расталады?
Бухгалтерия салық инспекциясына не туралы анықтама береді?
3-тапсырма. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз.
растайтын
баяндау
кәсіпорын
стратегиялық
біліктілік
жеке
көрсетуі
тұратын
беруге
анықтаманың
анықтама
екінші
мекеменің
мөрмен
қосымша
фактіні
мәселелер
салық
іске
кесте
бөлімдерге
|
деректер
атауы
міндетті
расталады
растау
инспекциясы
тігіледі
беру
басшысы
бойынша
бөлінеді
түрінде
хат
мақсат
адам
топ
тиіс
құжат
мәтіні
талаптары
жері
|
4-тапсырма. Анықтама үлгілерімен танысыңыз.
№ 1 Анықтама
10 қыркүйек 2010 жыл
Осы анықтама азамат Аманов Болат Аманұлына берілді.
Аманов Болат Аманұлы шын мәнінде Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің 2 курсында оқиды.
Анықтама кітапханаға тапсыру үшін берілді.
Анықтама 1 жыл өз күшінде.
№ 2 Анықтама
20 мамыр 2010 жыл
Осы анықтама Қостанай қаласы Абай даңғылындағы 10 – үй, 10 – пәтердің тұрғыны Болатов Мақсат Аманұлына берілді.
Оның отбасында өзінен басқа 2 адам бар:
Жұбайы – Болатова Айдана, 1980 жылы туылған.
Ұлы – Болатов Дәулет, 2006 жылы туылған.
Анықтама әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.
Анықтама 1 ай өз күшінде.
№ 3 Анықтама
15 наурыз 2010 жыл
Осы анықтама азаматша Асанова Аружан Мақсатқызына берілді.
Асанова Аружан Мақсатқызы шын мәнінде Қостанай мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Анықтама Қостанай қаласының әкімшілігіне тапсыру үшін берілді.
Анықтама 3 ай өз күшінде.
5-тапсырма. Таырыптық анықтама үлгісін құрастырыңыз.
Әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Ұлттық кітапханаға тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Педагогикалық тәжірибе өту үшін анықтама беріңіз.
Ғылым академиясына тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Жұмыс орныңызға тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Банкке тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Әскери комиссариатқа тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Салық полициясына тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Оқу бөліміне тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Диссертациялық кеңеске тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Аудандық әкімшілікке тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Тұрғын үй алуға байланысты тапсыру үшін анықтама беріңіз.
Дәрігердің қабылдауында болғандығыңыз туралы анықтама беріңіз.
Емханада ем алғандығыңыз туралы анықтама беріңіз.
Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.
1. Сөз тіркестерді аудару.
2. Анықтама үлгілерімен жұмыс жасау.
3. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.
12 тақырып. Бұрыштама.
Сабақтың мақсаты: Бұрыштама жазу үшін қолданылатын сөздерді меңгерту.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері.
Комисссия құрылсын – создать комиссию
Ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения
Қатаң бақылауға алынсын – взять под строгий контроль
|
Бақылауға алыңыз – возьмите под контроль
Жұмыс жоспарына қосыңыз – включите в план работы
Тиісті өзгерістер енгізіңіз – внести соответствующие изменения
|
1-тапсырма.Мәтіннің құрылымымен танысыңыз.
Бұрыштама
Бұрыштама – келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек.Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе тегі жазылады.
Бұрыштаманың түрлері
қаралсын – рассмотреть
талқылансын – обсудить
бекітілсін – утвердить
тапсырылсын – поручить
баяндалсын –доложить
комисссия құрылсын – создать комиссию
ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения
қатаң бақылауға алынсын – взять под жесткий контроль
бақылауға алыңыз – возьмите под контроль
жұмыс жоспарына қосыңыз – включите в план работы
тиісті өзгерістер енгізіңіз – внести соответствующие изменения
бұйрыққа қосыңыз – в приказ
рұқсат беріңіз – дайте разрешение
зерделеу үшін (оқып-үйрену үшін) – для изучения
орындау үшін – для исполнения
танысу үшін – для ознакомления
мәлімет үшін – для сведения
басшылыққа алу және орындау үшін – к руководству и исполнению
сұрау салуға – к запросу
қарауға – на рассмотрение
қарсы емеспін – не возражаю
мүдделі қызметтерге хабарлансын – обьявить заинтересованным службам
жұмыс ұйымдастырылсын – организовать работу
іссапарға жіберілсін – откомандировать (прикомандировать)
ақпарат дайындалсын – подготовить информацию
өтініш иесіне жауап әзірлеңіз – подготовьте ответ заявителю
бұйрықтың жобасын әзірлеңіз – подготовьте проект приказа
тексеру нәтижелері бойынша жауап әзірлеңіз – по результатам проверки подготовьте ответ
барлық құжаттар бұйрыққа сәйкестендірілсін – приведите в соответствие с приказом все документы
жедел кеңеске материалдар әзірленсін – подготовить материалы к оперативному совещанию
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бұрыштама қандай құжат?
2. Бұрыштама іс қағазының қай жеріне жазылуы тиіс?
3-тапсырма. Жақшадағы сөздерді қазақшаға аударыңыз.
1. (опытный) бағдарламашы
2. (квалифицированный) заңгер
3. (социальные) мәселелер
4. (с высшим образованием) маман
5. (ответственный) жас қызметкер
6. (секретный) қүжат
7. (высококвалифицированный) кызметкер
8. (политическая) түрақтылык
10. (государственные) ұйымдар
3-жаттығу. Аударыныз.
Бұйрық -
Жеке құрам бойынша бұйрық –
Бұйрық беру –
Бүйрық шығару –
Бұйрықпен танысу –
Бұйрыққа бағыну –
Тағайындалсын –
Қабылдансын –
Босатылсын –
Ауыстырылсын –
Уақытша атқару –
Жүктелсін –
Бұрыштама -
Штаттағы кесте бойынша -
Белгіленген тәртіппен -
Еңбек тәртібін бұзуына байланысты -
Бекітілсін -
Жеке құрам бойынша –
4-тапсырма.Бұрыштама үлгісімен танысыңыз.
ҚАРСЫ ЕМЕСПІН Ш.Құдайбердиев атындағы
18.01.10. Семей мемлекеттік
университетінің ректоры,
проф.А.С.Садықовқа
қазақ тілі кафедрасының
оқытушысы А.Шығарбаевадан
Өтініш
Мені отбасылық жағдайыма байланысты 20 қаңтардан 27 қаңтарға дейін ақысыз демалысқа жіберуіңізді сұраймын.
18.01.10.ж. қолы А.Шығарбаева
Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Жаңа сөздермен жұмыс жасау.
Аударма жұмысын өткізу. Жаңа сөздерді жаттау.
13-тақырып. Құттықтау хат
Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылу құрылымын түсіндіру. Құжат
туралы мағлұмат бере отырып, студенттердің
сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері.
- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз
- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде көрсете білдіңіз
- Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз
|
- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары
- Сіздің экономика (филология, ветеринария т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор .
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып , құжаттың құрылымымен танысыңыз.
ҚҰТТЫҚТАУХАТ
Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.
Құттықтаухат құрметі, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін құттықтау себебі жазылады және құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Мысалы:
- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз
- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде көрсете білдіңіз
- Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз
- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары
- Сіздің экономика (филология, ветеринария т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.б.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жазылады?
2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?
3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай?
3-тапсырма. Құттықтаухат үлгісімен танысыңыз
Құрметті Абай Дәулетұлы!
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ұжымы атынан Сізді 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Біз Сізді әділ басшы, білікті маман ретінде жоғары бағалаймыз. Сіз осы уақыт аралығында биік жетістіктерге жеттіңіз.
Біздің ұжым атынан сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілейміз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын.
Ізгі ниетпен,
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымы
5-тапсырма.Төмендегі тапсырмалар бойынша құттықтаухат үлгілерін құрастырыңыз.
1.Жеке тұлғаның атынан белглі бір мекеменің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаңыз.
2.Мектеп әкімшілігі атынан «Жыл ұстазы» байқауының жеңімпазын құттықтаңыз.
3. «Салтанат» құрылыс фирмасының атынан «Қазақстан темір жолы» Ақ мерейтойымен құттықтаңыз.
4.Досыңызды мүшелтойымен құттықтаңыз.
5.Ағаңызды тойымен құттықтаңыз.
6.Наурыз мерекесімен Қазақстан халқын құттықтаңыз.
7.халықаралық әйелдер күнімен анаңызды құттықтаңыз.
8.Әріптесіңізді мерейтойымен құттықтаңыз.
9.Оқытушыңызды ұстаздар күнімен құттықтаңыз.
10. «Көкшетау минсулары» АҚ «Сапа белгісі» иегері атануымен құттықтаңыз.
11.Танысыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаңыз.
12.Соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтаңыз.
13.Балабақшаның тәрбиеленушілерін балалар күнімен құттықтаңыз.
14.Түлектерді мектеп бітіруімен құттықтаңыз
6-тапсырма.Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.
Құрметті Баймұрат Кәрімұлы!
Сізді ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Наурыз - қайрымдылық пен имандылық , бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен құт-береке ала келсін.
Шынайы тілекпен - әріптестеріңіз
|
Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері
1. Құттықтау хат үлгілерімен таныстыру.
2. Жағдаяттар бойынша құттықтау хат жазу.
13-тақырып. Қызметтік хаттар
Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылу құрылымын түсіндіру. Құжат
туралы мағлұмат бере отырып, студенттердің
сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
Қызметтік хаттардың түрлерімен танысу.Түсініктеме. Баяндау хатЖағдаяттар бойынша түсініктеме, баяндау хат жазыңыз
1-тапсырма. Құжаттың құрылымымен танысыңыз.
Қызметтік хаттар
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.
Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, хабарлама хаттар, бастама хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.
Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.
Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады.
Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Хатта сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс. Көпсөзділік хаттың мәнін түсінуге қиындық тудырады.
Хаттарда «Адресат» (хатты алушының) деректемесінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі керек: фирма; құрылымдық бөлімшелер; лауазымы; аты-жөні; алушының почталық мекен-жайы.
Мекемеден жіберілетін барлық хаттар бастама және жауап хаттар болып екі топқа бөлінеді. Жауап хатты жіберуші өзі алған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.
Мәтінге арналған сөздік
ақпараттық-анықтамалық құжаттар – информационно-справочные документы
хат – письмо
жеделхат – телеграмма
анықтама – справка
мағлұмат хаттар – докладная записка
ішкі – внутренний
пайыз – процент
басқару қызметі – управленческая деятельность
туындайтын – возникающих
көптеген – многочисленных
жедел мәселелер – оперативные вопросы
шешу үшін – для решения
қолданылады – применяется
мазмұн – содержание
ілеспе хат – сопроводительное письмо
кепілдік беру хаттары – гарантийные письма
ақпараттық хаттар – информационные письма
жарнамалық хаттар – рекламационные письма
коммерциялық хаттар – коммерческие письма
сұрату хаттары – письма-запросы
шақыру хаттары – письма-приглашения
жауап хаттар – письма-ответы
өтініш хаттар – письма-просьбы
хабарлама хаттар – письма-уведомления
бастама хаттар – инициативные письма
еске салу хаттары – письма-напоминания
мәтін – текст
қарапайым – простой
жүйелі – последовательный
арнайы бланк – специальный бланк
құрастырушы - составитель
мақсат – цель
көпсөзділік – многословие
деректеме – реквизит
құрамдас бөліктері – составные части
дұрыс көрсетілуі керек – должны быть правильно указаны
лауазым - должность
түпкілікті – окончательный
ресімдеу – оформлять
№ 550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттің тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған.
Бұл міндет әрбір мекемеде, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті-жарлықшы құжат түрлерін, азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге үйрету сабақтарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.
«Қазақ тілінде іс құжатын жүргізу» пәнінің мақсаты студенттердің еркін оқып, еркін сөйлеу, толық түсіну, мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізу, екі тілде дұрыс аударма жасау, сауатты жаза білу, іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгілерін қатесіз, сапалы толтыра білу дағдыларын дамытуды көздейді.
Іс қағаздар - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін қағаз үлгісі болып табылады. Қоғам өмірінде атқаратын қызметі зор, әлеуметтік мәні жоғары, кез келген салада ақпарат жеткізуші құрал – іс қағаз болып табылады.
Іс қағаздарын жүргізетін және ресми құжаттарды әзірлейтін қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуіне қазіргі таңда ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік тілде іс жүргізуде әрбір құжат түрлерінің тұрақты тәртібі, орамдары, терминдері, реквизиттері болуға тиіс. Бұрыннан белгілі бірыңгай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Оларды жазып үйрену – жазу, жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Іс қағаздар үлгісін жалаң түрде көрсете салу көздеген мақсатқа жеткізе қоймасы анық. Сол үшін іс қағаздар стилінің негізгі ерекшеліктерімен таныстыра отырып, сөйлеудің тілдік формасы мен мазмұны, грамматикалық көрсеткіштері сәйкестендірілуі керек. Мысалы, іс қағазының қай түрін өткенде де сол үлгіге тікелей қатысты, онда кездесетін терминдер мен сөздерге, сөздердің тіркесу тәсілдері мен қолданылуына тоқтап, талдау жасау немесе берілген стильдің мәтінін жасау тиімді. Іс қағаздарының көптеген түрлерінің әр түрлі нұсқалары іс жүргізуде жиі кездеседі. Мәтін құрылымын жетік меңгерген адам құжаттың қай түрін болса да сауатты жаза алады.
Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.
Лауазымы аға оқытушы Көлбаева М.М.
12.06.2013ж.