ДӘРІС №3 Даосистік мектеп.
ДАОСИЗМ
Даосизм (қытайша "дао цзяо" - "жол ілімі") б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди ("Сары император") ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан жэне ежелгі мафтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын "Жол мен ізгіліктер туралы канонда" (Дао-дэ-цзинде) жэне философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІУ-ІІІ ғғ.) "Чжуан-цзыда" баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм "Лэ-цзы" (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ.) жэне "Хуаинань-цзы" (б.з.б. II ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм — адамга коршаган әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп цоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тэртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар элемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нэрсе даодан жаратылған жэне соңында даоға қайта оралады. Дао - бұл барлъщ нәрсе, сонымен цатар ол еш нәрсе де емес; ол — мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек "дэ" (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ - қоректендіруші. Тақуа мақсаты - даоны тану, ол оны "ғарыш үйлесімділігі" - адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мэні - бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от жэне су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі "киден" (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы "эрекеттенбеу" ("у-вэй") - табиғи элемдік тэртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бүзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын эрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тэртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бэрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
"Чжуан-цзы" бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем - адам да мэңгілік. Оның физикалық тэні өлгенде рухы элемдік "арнаға" сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі даомен бірііу, діни пайымдау, тыныс жэне гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық, алхимия жэне с.с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.
Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, "рухты қоректендіру" қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, кұдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тэндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты "тәнді қоректердіру" - қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.
ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл маггар мен уағыздаушыларға халық арасында жэне император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын "алхимияны" дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.
Көне даосизмнің философиялық үстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VI ғ.), Ван Сюаньлань (VII ғ.), Ли Цюань (VIII ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XI ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты үнады, табиғатпен түтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы қүлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-түжырымдарды қабылдады, буддалық үғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолык терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бүқарасын өзіне тартты, сол себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дӘстүр үшқынын сезді. Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне ("Ұлы теңдік жолы", "Ақ лотос ілімі" және т.б.) және шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы "Сары орамалдылар" көтерілісі).
Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені - Батыс жүмағы туралы ілімді дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік эділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке кең таралды.
Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған қүдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне жэне т.б. айналды.
Құдайлар иерархиясына аңыздық ел билеушілерді, мифтік батырлар мен даналарды, конфуцийшілдіктің көрнекті қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды қабылдаған даолық пантеон синкретизмнің айқын көрінісі болып табылды. Халық арасында әділеттілік пен ізгі істі жақтайтын сегіз мәңгілік данышпан түлғалары кең таралды (оларға адамдық және сиқырлық қасиет тэн деп саналды).
II ғасырда "Аспан ұстаздарының жолы" деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ. негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу күқын иеленеді. Оның "Көктен түскен үстаз" титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. IV ғасырда "Жоғары тазалық" және "Рухан асыл қазына" атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымда тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
IV-VI ғасырлардан бастап даолық ілімінің көптеген қағидалары қай қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп кең ауқымды иерархиялық канон
КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ
Конфуцийшылдықтың пайда болуы мен қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер басының отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге қүштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар үстазының жэне өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен түжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шыгармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген үрпақтары бүл кітапты үлгі түтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш - аспан. Ол жерде эділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, эр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол - эділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», -деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі - адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
«Тең орта» - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-эрекеті. Өмірде мүндай «ортаны» үстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі - «жэнь» - «ата-анасын қүрметтеу жэне үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда,үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке үмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті үғымы. Бүл эдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», - дегенге сайып келеді. Аталған эдептілік қағидаларын «текті адамдар» («цзюнь-цзы») ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» - заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана үсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармеҮн келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын үстайды, ал қарапайым адам жүртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын түрады.
«Текті адам» тек қана этикалық үғым емес, ол саяси үғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі - басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен түрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші - билеуші, шенеунік - шенеунік, әке - әке, ал бала - бала болып, аттарына байланысты емес, шын мэнісінде қалулары керек.
Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші - эке, халқы - оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, «Білу дегеніміз - табигатты емес, адамдарды танып-білу», - деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тэн болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ түрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар түрады. Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз - тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мэселелерді жан-жақты қарастыру тэсілі.
Мэн-цзы (б.д.д. 372-289 жж.) - Кун-фу-цзының ілімін эрі қарай жалғастыра отырып: «Аспан (көк) - объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді», -деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табигаты тек жацсылъщтан жаратылган. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен бетер жақсы көруі керек», - деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) аспан мен жерде барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын үқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тэрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның өзін-өзі жетілдіруге қүлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. I ғ. мемлекеттік ілімге, ал IX ғ. бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, VIII ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі -"кемелденген ақиқат ілімі" осы күнге дейін жетті.
Кейінгі даошылар өз ілімін мемлекеттік дінге айналдыруға талпынды. Олар буддалық үлгідегі өсиеттерді жинақтап, ізгі адамдардың игі істері мен қызметтерінің тізімін жасады. Мемлекетке опасыздық жасау мен көтеріліс жасағаны үшін қатал жазалар қолданылды. Тан әулеті өз тегін ресми қүдайландырылған Лао-цзыдан бастады.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті түрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да кудалауға үшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, эсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді эрекет ететін Қытай күдайлары пантеонында шаман - медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастырлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы "Даосизм ілімін үстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы" жүмысын қайта жандандырған.
Кореяға даосизм Лао-цзы мен Чжун-цзы идеяларымен бірге орта ғасырда үш патшалық кезеңінде Қытай арқылы ене бастап, саясат, мэдениет жэне күнделікті өмір салтына таралды. Даосизм Кореяда басты орындардың бірін алмаса да, қуғынға үшырап отырды, дегенмен, қазіргі замандық корей қоғамында даосизмнің эсерлері байқалады.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккулытік практикасы фэн-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фэн-шуй "жел жэне су" -өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бүл - адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы элеммен гармонияда болуы.
"Фэн-шуй" жүйесі - адамның жанында энергетикалық үйлесімділік қүру эдісі ретінде танылады. Бұл жүйемен шүғылданушылардың пікірінше, заттарды дүрыс орналастыру мен түрлі түстердің гаммасын орынды қолдану арқылы денсаулыққа, энергетика тұрғысынан жетістік пен табысқа қолайлы жағдайларды жасауға болады. Адам бүл жүйеде ғаламның энергетика заңдылықтарына бағынатын кішігірім объектісі ретінде қарастырылады.
Фэн-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері, соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық "Фэн-Шуй" орталығы қүрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. Алматы мен республиканың бірқатар ірі қалаларында фэн-шуй жүйесін практикада қолдану бойынша жүмыстар атқаратын орталықтар бар.
Геомантия немесе фэн-шуй идеялары медицинаның, яғни шөппен емдеудің қытайлық әдістері, акупунктура, инемен емдеу жолдарына бастама берді. Фэн-шуйден басқа даосизм іліміне негізделген бағыттар цигун - тыныс алу гимнастикасымен байланысты психологиялық-физиологиялық практикалар, сондай-ақ дэстүрлі ушу өнерінің кейбір стильдері де танымал.
Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мэдениетіне үлкен эсері болды. Алхимиямен шүғылдану химия, фармакология саласында бай эмпирикалық материалдың жиналуына ықпалын тигізді. Даолық ғалымдардың шығармаларында металдар мен минералдар, қағаз жасау сыры, оқ-дәрі, фарфор, жібек, дәрілер рецептін баяндайтын деректер сақталған.
ЛЕГИСТЕР
Легистердің (заңгерлер) негізгі өкілдері: Шан Ян (б.д.д. IV ғ.), Хань-фэй-цзы (шамамен б.д.д. III ғ.). легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, «мейірімділік пен адамгершілік» - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дэріптейді.
Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1 .мацтаудан жазалау көп болу керек;
2. аямай жазалау арцылы халыц арасында үрей тудыру кажет;
3. үсац цылмыс жасагандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен цылмыс жасамайтын болады;
4. адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру цажет.
Осы қағидаларда бүлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды жэне керек болса, өлімге де барады.
Мемлекеттің негізгі мақсаттары:
1. ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру;
2. осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.
Осы түрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс.
Конфуцийшылдар: «Мемлекет -үлкен отбасы, оның басшысы — халыцтыц әкесі».
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
Легистер: «Мемлекет - өз алдына бір машина сияцты қүбылыс, билеуші -өзін ата-баба аруагынан да, халықтан да, аспаннан да жогары қоятын деспот».
ДӘРІС № 4
Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика.
7.10-17 ғасырдағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру
Жоспар
1.Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика
2. XIV ғасырдың аяғынан бастап Москва княздығы дамуы
Ағарту ісінің дамуының бастау алуы. Ресей крещениесі және мектептердің дамуы. Шіркеулік діни педагогика. Баланың жанұядағы тәрбиесі. Оқытудың типтері. Өсиет (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар). Ағайындылар мектебі, академиялар. Ресей халқының мектебі мен педагогикалық ой-пікірлерінің тарихы.
Шығыс Славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде де және кейінгі дәуірлерде де тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, қолдарына қару ұстай білуге, әскери өнерге үйретті. Балаларды тәрбиелеуде мақал- мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Халықтың жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен роль атқарды. Ауыз әдебиеті жазба әдебиетпен қатар одан кейінгі дәуірлерде де зор роль атқарды.
VIII ғасырда Шығыс Славяндардың ана тілінде жазуы болды. 988 жылы Киев Русінің христиан дінін қабылдауы грек алфавиті негізінде жасалған, Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне тарауына әсер етті. Әліппеде славян тілінің ерекшеліктері ескерілді( ж, ч, ш, щ әріптері енгізілді.) Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде, кейін ескі славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Христиан дінімен бірге Киев Русініңжеріне Византия мәдениеті де тарады. Орысжеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды, кейін шіркеу және монастырь жанынан дін иедерін даярлайтын мектептер ашылды. Орыс жерінде жазу славян тілінде болды, бұл жағдай сауат ашу ісінің тездеуіне әсерін тигізді. Монастырларда дін қызматкерлерін даярлаумен қатар, кітаптар көшірілді, осының нәтижесінде алғашқы кітапханалар пайда болды. 988жылы Киев князы Владимир шіркеу салып, дін иелері мен үстам таптың балаларын оқытады. 1028 жылы Новгородта князь Ярослав староста мен поптардың 300 баласын оқытты.
Галицкий князы Ярослав Осмомысл XIII ғасырда училище ашты. XI ғасырда Киевке Әйелдер монастырында әйелдер училещесі ашылып, 300 қыз бала оқуға, жазуға, ән айтуға, іс тігуге үйренді. XIII ғасырда Суздальда княгина Ефросина әйелдер училищесін ашты.
Киев мемлекеті ХІ-ХІІІ мәдениеті жағынан Европа елдерінің алдыңғы қатарында болды. Киев мемлекетінде қолөнер күшті дамыды, қару-жарақ жасау, оны әшекейлеу, батырлар сауытын жасау, темірден, шыныдан әшекей заттар, ыдыс жасау өнері кең дамыды.
ХІ-ХІІ ғасырда Киев мемлекетінде қолдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар да кездесті.
ХШ-ХҮ ғасырларда орыс жері татар- монғол басқыншыларының қол астында болды. Татар- монғол жаулауы орыс жерін көп күйзеліске ұшыратты. Монастырь шіркеу жанындағы мектептер қирады.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда сауатты адамдар жергілікті жерлерде балаларды жиып оқытты. Олар қолдан жазылған кітаптар арқылы хат танытуға 2-3 жыл уақыт өткізді. Жазу құралдары болмағандақтан, жазуды меңгеру өте қиынға түсті.
Татар- монғол шабуылына ілікпеген немесе аз іліккен орыс жерлерінде орыс мәдениеті дами түсті.
XIV ғасырдың аяғынан бастап Москва княздығы дами бастады. XIV-XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет болды. Қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен ірі сауда жасады. Новгород қаласында кітап көрушілер көп болды. XV ғасырдағы Новгород сөздіктері біздің заманымызға дейін жетті. Новгород жерінде қолдан көшірілген кітаптардан сақталғандардың ішінде астрономия, философия, табиғаттану жөнінде мақалалар кездеседі.
1586 жылы Львовта алғашқы украин туысқандық мектебі ашылды. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті анықталды. Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылды. Мұғалім ақылды, ұстамды адам болу керек, ашушаң, біреуді күндейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауға тиіс. Балаларға қатаң болумен қатар, оларды жақсы көретін болу керек деп көрсетілді. Мектепке барлық сословиенің балалары оқуға алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқандық мектептерде грек, латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астрономия, музыка оқытылды.
ХҮІ-ХҮІІғасырлардағы Украина жэне Белоруссия туысқандық мектептеріндегі оқу жүмысын үйымдастыруда класс-сабақ жүйесінің элементтері болды.
1615 жылы ашылған Киев туысқандық мектебі 1632 жылы жоғары дәрежелі оқу орнына, коллегиумге, кейінірек академияға айналды, академийда 8 класс болды; төменгі бөлімінде төрт класс, орта және жоғары бөлімінде 2 класстан болды. Оқу мерзімі-12 жыл. Төменгі бөлімінде славян, грек, латын, полык тілдері, арифметика, музыка оқытылды. Академияға барлық сословиенің балалары алынды.
Киев академиясы біздің еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны болды және ХҮІІ-ХҮІІІғасырдағы еліміздің оңтүстік батысындағы ірі білім орталығы болып есептелді. Киев академиясының үлгісімен коллегиумдер Харьков және Чернигов қалаларында да ашылды. Киев академиясынан оқу- ағарту саласындағы ірі қайраткерлер шықты. Епифаний Славинецкий, Семеон Полоцкий жэне т.б.
ХІХ-ХХ ғасырларда Ресейде педагогикалық ойлар Ушинский, Добролюбов, Пирогов, Чернышевский, Толстой жэне т.б. ойшылдардың еңбектерінде тереңірек қарастырылған.
ДӘРІС № 4 К.Д, УШИНСКИЙ
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
а) Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
э) К.Д. Ушинскийдің педагогикалық тоериясы, тәрбиенің халықтық идеясы.
б) К.Д.Ушинскийдің педагогикалық еңбектеріндегі дидактика және методика мэселелері.
III. Қорытынды.
Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мэнінде XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыстың оқу - ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы табанда саналады. Ол - Рассиядағы педагогика ғылымының жеке орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның «Балалар элемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбек, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық эдебиеттің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды жэне дүние жүзіне әйгілі де болды.
¥лы педагог өзінің бүкіл өнерің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне жэне балалар ісінежәне балалар тәрбиесіне арнады. «Отанына неғұрлым көбірек пайда' келтіру - менің өмірімнің бірден - бір мақсаты », - деп жазды К.Д. Улинский. Оның өмір жолының бүкіл мэнісі осы зөздерінде еді. (4. 117 6)
Константин Димитриевич Улинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дэрежесінде 1812 жылғы Отан соғысына қатысты. Констанин Димитриевичтың балалық шағы Усрнигов губерниясындағы Новгорд - Северск қаласының маңындағы экесінің шағын имениясында өтті. Семья жағдайы баланың тэрбиесіне қолайлы болды. Орта білімді Новгорд Северск гимназиясында алады.
1840 жылы Масква университетінің заң факултетіне түсіп, оны 1844 "жылы бітіріп шығады. Университетті бітіріп қоғамдық қозғалыстың ықпалында болады. Университетті сәтті аяқтағаннан кейін білімнің әрі қарай тереңдетіп, екі жылдай профессорлық атаққа азірленеді. 1846 жылы Ярославльдегі заң лицеиіне профессордың міндетін атқарушы болып тағайындалады. 1854 жылы Гадчинадағы жетім балалар институтына оқытушы болды орналасуға мүмкіндік алады, 1855 жылдын бастап, осы институттың инспекторы болады. Осы институтта оның есімі тәжірбиелі педагог және оқу процесін талантты ұйымдастырушы ретінде танылады. 1858 жылы ол Смольный институна ауыстырылады. Осы институтта жұмыс істеу кезеңіне ол мынадай еңбектерін жазды: «Еңбектің психикалық жэне тәжірбиелік мәні», «Қоғамдық тәрбиедегі адамгершілік әлементі туралы», «Оқытушы семинариясының жобасы». «Бабалар бүниесі» атты христоматия. ол «халық ағарту министірлігі журналына» педагогикалық бағыт беру .саласына да көп еңбек еткен.
Институт басшылары оның педагогикалық жаңалықтарынан қыңыр қарап қолдамады, оның үстінен жоғары орындарға жалған мазмұны да оны кіналайтын шағым түсірді. Осындай жағдайда Бушинский 1862 жылдың жазында Сымольный институнан ктуге мэжбір болды мұнан кейін ол шетелдерге эйелдер оқитын оқу орындарының жұмысы мен танысу үшін ұзақ мерзімді командировкага кетті. Бұл командировка кезінде ол құнды ғылыми еңбектер жазды: «Швицарияға педагогикалық саяқат», «Адам тәрбиесі», Бастауыш мектепке арналған «Ана тілі». Ол Рассияға 1867 жылы оралды. К.Д. Ушинский 1870 жылы 22желтоқсанда Одесса қаласында қайтыс болды. К.Д. Ушинскийдың педагогикалық пікірін ең негізгі мәнісі - әрбір елде халықтың мақсат - мүддесіне мұқтажына сәйкес өзімдік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеиясында еді. Дүние жүзінің басты елдеріндегі мекткпткрдің білім жүйесін зерсала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кей бір жалпы үқсастықтар болғанымен, эр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихы омірімен түрмысын, талаптарымен мүң - мүқтажына байланысын көрсетті.
Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайына ғана мақсатына жетеді, халықтың өмірін жөндеуге, оның санасын дамытуға комектеседі деп есептеді. Ол «тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтың болуы тиіс» -деді.
Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүжеге асу үшін, ол мынадай негізгі жолдарды белгілейді: 1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тэрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. 2. Халықтық идеяның басты бір сипаты қоғамшылдық, соған байланыста тәрбиемен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.
«Халықтық өзі жэне оның үлы адамдары ғана болшаққа жол сілтейді, тәрбие осы жолмен ғана ілгерлейді », - деді. Ушинский өзінің «Еңбектің психикалық жэне тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесін эдейі қарастырды, ол «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтардың осы тәрбие жонінен балаларға арнап көп материалдар жазды. Ол: Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адам да алға жылжи алмайды, бір жерге түрақтап тұрып қалуға тиісті де , ол адам қайта кері кетеді, - деді. Ол педагогикалық талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге жэне еңбекке ыңғайлы болуға тәрбиелеу. Ол кімде - кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі.
Сонмен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл бөлді. «Ой еңбегіне кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі пайдалы тынығу», - деді. Дидактика жэне методика мэселелері Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінен көрнекті орын алды, бүл мәселелер оның «Адам тәрбиесі», «Н.И. Пироговтың шығармалары», «Ана тілін» оқытуға басшылық, «Швейцарияға педагогикалық саяхат» деген шығармаларда кең түрде баяндалды. Ол оқытудың динамикалық әдістерімен мектепте қүрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мүғалімнің де, оқушының да жүмысын, іс - әрекетін творчествалық процесс деп қарастырды. Ал оның негізгі - ойдың, ақылдың жүмысы. Оқу - еңбек жэне күрделі болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл - ой жүмысына байланысты болатындай толық мәнгегі еңбек болатын болсын деген талап қойды. Ол әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді. «Бірде - бір мүғалім өзінің ең басты міндеті - тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бүл міндет сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін үмытпауы керек», -деді.
Бұл үшін ол оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттыру, білімге қүмарту керектігіне баса көңіл бөліп, мүұғалімдерден де осыны талап етті.
Ушинскийдің оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мэн берді. Оқуды ол «тэрбиенің негізгі қүралы» деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ол сабақта эрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл - ойын да, адамгершілігін де дамытатындай етіп үйымдастыруды талап етті. Оқу ісі тек ақыл - ойды қамтып қоймай, «жүрек», «сезім», «ерік», адамның барлық жағынан, барлық өмірін қамтуы тиіс. Бүл жөнінде ол: «Адам сезімін қамтымайтын... оқу жақсы емес. Тәрбиеші оқу арқылы бала жанынан үрық себу үшін барлық кезеңді де пайдалану қажет. Бүл жағдайда барлық ғылым саласы болуы мүмкін», - деді. Ушинский оқудағы баланың саналығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы қүрылуы оқу процесін белсендіететіндігіне, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін
тудыратындығына ол сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір - бірінен бөлінбейді деп есептеді.
«Баланың белгілі нэрсені, пэнді түсіну дэрежесіне көтере алмаған адам сол пэнді баланың өте төмен түсінігінің дэрежесіне дейін жеңілдеткісі келеді, бүл педагогикалық жол емес» - деді Ушинский.
К.Д. Ушинский оқытудағы көрнекілік принциптерінің көптеген мэселелеріне жаңаша талдау жасаған, бүл принципті жаңа сатыға көтерген. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді. Ол көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген пікірге келеді. « ... егерде педагог баланың есінде бірдемені берік қалдырудық көздейтін болса, ол көз, күлақ, дауыс, бүлшықет сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иіс және дем сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек», - деген Ушинский.
К.Д. Ушинскийдің көрнекілік мэселесіндегі ең қүнды көзқарасы - ол оқытудын, көрнектілігі мен жолдарын түңғыш рет анықтады, бастауыш мектептердегі көрнекіліктің методикасын жазады. Оқытудың көрнекілігінің ол мынадай қүралдарын ұсынды: нақты затттың өзі, заттың, нәрсенің, оқиғаның үлгісі болатын моделі, суреттер т.б. көрнекті күралдар.
Оның шығармаларында жоғарғылардан басқа оқытудың жүйелілігі мен сатылығы, білім мен дағдылардың тиянақтылығы сияқты дидактикалық принциптер қамтылады.
К.Д.Ушинский оқу процесін сапалы үйымдастырудың басты шарты -методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғарғы бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының эңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар ( ауызша, жазбаша, графикалық). «Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мүғалімнің ісінің көрсеткіші», -деді.Ушинскийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне жэне халқына жан тэнімен шыы берілсе қызмет етудің тамаша үлгісі болды.
Ол өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адмды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мүғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірдлі мэселерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін қүрды. Осы үлы педагогтың пікірлері біздің заманымызда да өзінің қүнды мэнін сақтауда.
1824 жылы 18 ақпанда - Тула қаласында ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский
туды.
1840 жылы - Москва университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1844
жылы бітіріп шығады.
1846 жылы - Ярославльдегі заң лицейіне профессордың міндетін атқарушы
болып тағайымдалды.
1854 жылы - Гатчинадағы жетім балалар институтына оқытушы болып орналасуға мүмкіндік алады.
1855 жылы - осы институттың инспекторы болды.
1859 жылы - ол Смольный институтына ауыстырылды. Осы институтта жүмыс істеу кезінде ол мынадай еңбектерін жазды: «Еңбектің психикалық жэне тәжірибелік мәні»,
«Қоғамдық тәрбиедегі адамгершілік әлемі туралы»,
«Оқытушы семинариясының жобасы».
«Балалар дүниесі» атты хрестоматия.
1862 жылы - Смольный институтынан кетуге мәжбүр болды. Мұнан кейін ол шетелдердегі әйелдер оқитын оқу орындарының жұмысымен танысу үшін үзақ мерзімді командировкаға кетеді. Бұл командировка кезінде ол күнды ғылыми еңбектер жазды: «Швейцарияға педагогикалық саяхат», «Адам тэрбиесі», бастауыш мектепке арналған «Ана тілі».
1867 жылы - Рассияға оралды.
1870 жылы 22 желтоқсанда - Одесса қаласында қайтыс болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. К.Д.Ушинский «Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері» Алматы 1951.
2. Қ.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |