Дәріс 7 Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ –ФИЛОСОФ-МАТЕРИАЛИСТ
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Н.Г. Чернышевский - философ - материалист.
2.1. Тәрбиенің ролі мен мәні.
2.2. Тәрбиенің мақсаттары
2.3. Оқудың мазмұны мен әдістері.
2.4. Адамгершілік тәрбиесі.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Н.Г. Чернышевскийдің революцияшыл қызметі мен көзқарасы В.И. Ленин жоғары бағалады . «Чернышевский 50 - жылдардан бастап 88 - жылға дейін тұтас философиялық материализімнің дәрежесінде бола білген, некантшылардың, позитивистердің, махистердің жэне басқа сондай шатастырушылардың өрескел сорақылықтарын лақтырып тастай білген -арыстың бірден-бір шын үлы жазушы,» - деп жазады В.И. Ленин.
Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Н.Г. Чернышивский заманының материалисі болды, ол дүние материалдық жэне объектвті деп таныды. Нақты мтериалдық жэне объективті дүние адам білімдерінің негізі, сондықтан ол - бірінші, ол біздің ойлауымыз материалдық дүниенің желісі, сондықтан ол екінші деп есептеген.
Қоғам өмірінің оқиғаларының түсіндіруде Чернышевский тарихын материализімге қарай өрлеп отырды, бірақ ол идеализмнен де түпкілікті арыла алмады. Сатциализмге ескі шаруалар қауымдары арқылы өтуді арман етті, өйткені ол социализім орнататын күш пролетариат екенін білмеді жэне ол кезже білуі де мүмкін емес еді. Бірақ Чернышевский өзінің теориясымен ғылыми социализімге барлық утопистерден әлдеқайда жақын келді, өйткені ол өзінің үмітін революциялық утопиялық социализм оның революциялық демократизіммен тығыз байланысты болды.
Орыстың үлы сыншысы, философ - материалист, жалынды революция-тныл - демократ, жазушы және публицист Никалай Гаврилович Чернышевский 1828 жылы 24 шілдеде Саратов қаласында священниктің семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, одан кейін жергілікті семинарияда оқып, кейін Петербург университетінде оқыды. Университетте оқыған кезінің өзінде крепостнойлық бүғаудың езгісінде жүрген қарапайым халақтың өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге көзқарасы крепостнойлық қүрлысқа қарсы шаруалар қозғалысының баған сайын қүлаш жайған жылдарында қалыптасты.
Н.Г.Чернышевский 1851 - 1853 жылдың аралығында Саратов гимназиясында оқытушылық қызмет атқарады. Чернышевскийдің үстаздық қызметі оның педагогикалық еңбекті сүйетіндігін көрсетті.
Оның сабақтарынан жастар алгаш рет Белинскийдің, Гогльдің және басқа алдыңғы жазушылардың тамаша шығармалар жэнінен мәліметтер .естиді.
1853 жылы Н.Г.Чернышевский магистрлік ғылыми атақ алу үшіі Петербургке барады, онда ол «Онердің шындыққа эстетикалық қатынасы) деген тақырыпта диссертация қорғайды.
Чернышевский Петербургте негізінен жазушылық және әдеби сын жұмысына ауысады, бастапқы «Отечественные записки» және
«Современник» журналында, ал 1885 жылдан қызмет істейді.
Үдеп келе жатқан шаруалар толқыны кезіндегі ревалюцияшы қызметіне байланысты, 1862 жылы 7 шілдеде Н.Г.Чернышевский тұтқыш алынып, Петропавловск қаласына отырғызылды, кейін Сибирьге мәңгі жер аударылды. Тек 1883 жылы алдымен Астраханьда, кейіннен Саратовта тұруға рұқсат алған еді.
Чернышевский айдауда 20 жылдан астам жүрді. Бірақ осынша азып жылдарынан басынан кешірсе де, бұл тамаша ревалюционер өзінің ревалюцияшыл жолынан қайтпады. Ол Петраповловск қаласында «Не істеу керек?» романын жазды, айдауда 20 жылдан жүріп «Пролог» романын жазды. Өзінің түрған қаласына келгеннен кейін Н.Г.Чернышевский зор творчествалық жүмыспен айналысып, халқы жэне жас ұрпақ үшін жаңа еңбектер беруді арман етті, бірақ бүл арманы орындалмады. Жолында патриот, еңбекші халықтың бостандығы мен бақыты жолында күрескер, үлы ойшыл, ревалюционер Н.Г.Чернышевский 1889 жылы 17 октябрьде қайтыс болды.
Чернышевский өз заманында кең талқыланып жатқан қоғамдық -педагогикалық мәселелерге араласты, соның бірі - адамның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жөнінен айтқан ойлары. Бүл мәселеге ол саяси мэн берді, себебі үстем тап ойшылдары адамның қалыптасуын алдын ала туғаннан белгілеп, адамның кім болары баланың нәсіліне байланысты деген теріс сол кездегі орыс крепостный шаруаларының ауыр халінің, сауатсыздығының, мэдениетсіздігінің шын себептерін жасырып
бүркемелеуге бағытталған еді.
Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез - қүлқының, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның түқымынан емес, адамның еңбегі мен өнер жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады. Оның «Гылыми үғымдар очерктері» еңбегіңде әр мамандықтағы адамдардың мысалы: жер өңдеушілердің, ақсүйектердің, қолөнершілердің түсінігіндегі, мінез - қүлқындағы жэне эдетіндегі өзгешеліктер емес, олардың қоғамда алатын орнына, еңбегі мен түрмыс жағдайларына жэне тәрбиесіне байланысты деп есептеген.
Батыс Европаның социалист - утопистері көрсеткен дей,
Чернышевский адамды өз айналасын қоршаған дүние мен тэрбиенің дэрменсіз нэтижесі демеген, ревалюционер болғандықтан, ол адам өзі өмір сүріп отарған ортасына, жағдайына белсенді араласуы тиіс, ұнамсыз ортамен күресуі керек деген. Міне, осылайша Н.Г.Чернышевский тәрбиені адамның қалыптасуындағы негізгі факторлардың бірі деп дәлелдеп, оның ролі мен маңызын анықтауда көп ілгері түрды. Бірақ Чернышевский де кейде тәрбиенің ролі мен мүмкіншілігін асыра бағалады.
Тәрбиенің маңызы жөніндегі мәселемен тығыз байланысты түрде "Чернышевский самодержавиялық крепостнойлық құрлыс жағдайындағы Рассиядағы тәрбиені, үкіметтің «ағарту» саясатын негізінен сынап өтті. Озінің «Ырымшылдық және логика ережелері» деген мақаласында елдің қараңғылығы мен сауатсыздығын сипаииайды: «Рассия империясында түрушы 65 немесе 70 миллион түрғыннан 5 миллиондай оқи білетін адамдар бар деп есептеледі, бұл цифрдің озі де артығымен алынған болар», - деп қайғыра жазды. Коп мақалаларда ол мектептердің мүшкіл халін суреттейді: «Мектеп тәрбиесінде Рассияда да, Батыста да тоқыраушылық орын алған Мүнан 300 жыл бұрындай мектепте оқыту әдістері де төмен, баланың өз бетінше ойлауы түбірінен жойылған».
XIX ғасырдың 60 жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың ықпалымен Н.Г.Чернышевский орыстың ұлы педагогі К.Н.Ушинский бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлердің жалпыға бірдей білім беру талаптарын қолдады. Бірақ ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар екендігін көрсетті. Чернышевскийдің дәлелдеуінше, халықтың материалдық хал - жағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай прова болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады.
Өзінің «Земледельческая газета» және «Июль» Монархиясы мақалаларында бостандық пен ағарту ісінің бір бірінен бөлінбестей байланыстылығын көрсетті, халық саяси өкімет билігін өз қолына алмай, ағарту жүйесі нағыз халықтық болмайтынын жете көре білді. «Саяси билік, материялдық әл - ауқат және білімділік - осы үш нэрсе бір - бірімен тығыз байланысты, - деп жазды ол, - кімде - кім қайыршылықта күнелтсе, ол өзінің ой - өрісін дамыта алмайды, ал ой - өрісі тар адам билік өз өмірінің пайдасына жұмсай алмайды. Саяси билікті пайдалана алмайтын адам езгіден, демек, қайыршылықтан, надандықтан арыла алмайды».
Н.Г.Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін де ревалюцияшыл - демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тэрбиенің мақсаты - қоғамдық идея жағынан үстамды күрес адымын, ревалюцияшылда тэрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, «азаматтық іскерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу. Тэрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың асамаңызды қасиеттердің бірі - отанға жэне өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді. «Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның отанға еткен еңбегінде, оның адамгершілік азаматтығы -оның патриоттық күшімен өлшенеді», - деп жазды. Ол бүл образды өзінің атақты «Не істеу керек?» романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді. Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу, жаңа қоғам күресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды.
Н.Г.Чернышевский жан -жақты жетілген жас өспірімдер тэрбиесін жүргізудегі шешуші жол - жалпы білім беру, ал оны оқытып, үйрететін, онымен қаруландыратын орын мектеп деп есептеді. Ол халық мектептерін дамыту ісіне аса зор маңыз берді.
Чернышевскийдің зер сала көңіл бөлген мэселесі - осы мектепте берілетін білімнің көлемі мен бағыты жөніндегі мэселе еді. Ол осы кезде орыстың белгілі педагогы Н.И.Пироговтың «Өмір мәселесі» деген мақаласында негізделген мектепте алдымен жалпы білім беру жөніндегі ойларын қолдайды.
Жаңадан құрылатын мектеп, Чернышевскийдің көрсетуінше, жаңа дидактикалық негізде, ескі мектептің әдістерімен басқа, жаңа оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой - өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп "берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да, анықтамаларда да қортындылар мен тұжырымдардың анық та дэл айтылуын талап етті. Сондай - ақ шәкірттердің ойлай білуін дамытудың және де өздігінше білім алатын дағдылар етудің маңызды кұралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.
Чернышевский әсіресе мұғалімнің сабақтағы баяндауы мен әдістемесіне басаназар аударды, сабақтың тартымды формада, қарапайым да ұғымды, көп сөзді болмай, орынды дәлелдер, айқын мысалдар, анық деректер келтіріп жүргізілуін талап етті.
Н.Г.Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патротизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік, әдептілік т.б.
Патриотизм, Чернышевскийдің көрсетуінше, адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отырып, Чернышевский гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және қүрмет сезімімен қарауы, қайырымды болуы, зиянды әрекеттер мен істерге қарсы шығуы адам баласының мүң -мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бэріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізе білуі тиіс. Ол жастарға М.В.Ломоносов пен Н.В.Гоголь патриотизмін үлгі етті.
Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзітэрбиеге күшті әсер ететіпдігін ескертті.
Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзі тэрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.
Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мүғалімге жүктеледі деп есептеді, сондықтан мүғалімнің педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән берді. «Саяси эканомияның очерктері» деген еңбегінде мұғалімді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп бағалады.
Ғылыми және идеялық мазмүны жағынан Н.Г. Чернышевскийдің педагогикалық көзқарасы педагогика туралы Маркске дейінгі ойшылдар айтқан пікірлердің ең құндысы болып табылады. Педагогика мен ағарту ісіндегі реакцияшыл көзқарастарға қарсы күресте онын, көзқарасы Рассияның прогрессившіл күштерінің тамаша құралы болып табылады.
Пайдаланғань әдебиеттер:
1. Қ.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы 1984.
2. Н.Г. Чернышевский. Шығармаларының толық жинағы. ІҮ том, 695 бет
ХҮ том, 89 бет
ҮІІ том, 97 - 98 беттер
II том, 311 - 312 беттер.
Дәріс -8 Қазіргі мектеп және Ресей педагогикасы
Ғылым мен гуманизм үшінші мың жылдықтың әлем аралық құндылығы. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Ынтымақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвлидің гумандық- тұлғалық педагогикасы. В.Ф. Шаталовтың, жаңашыл педагог С.Н. Лысенкованың теориялары.
ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Жоспар
1. Жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі.
2. Жаңашыл педагогтардың оқу процесін белсендету туралы идеялары.
3. Ш.А.Амонашвилидің алты жасар балалрға арналған зерттеу жұмыстары.
4. Жаңашыл педагог С.Н.Лысенкованың әдісі.
Білім берудің қазіргі заманға сай әдістерін талдайтын болсақ, олардың бэрін қазіргі заманның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін өсіп келе жатқан тұлғаның дамуы мен тәжірибесі, идеясын біріктіріп, тұлғаны анықтау қиын емес. Баланы өз заманына сай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек. Ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, ирудиция, қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп отыру керек.
Баланың жас кезінен бастап, ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, ақиқатқа жету тәсілдерімен қаруландыру, өзінің іс- әрекеті мен көзқарасы арқылы дүние мен адамдарға деген өнегелік қатынасын білдіре алуы қажет. Ол үшін оқушыларға білім беру, дамыту, тэрбиелеуді бір арияға бағыттау қажет.
Өнегелік, қоғамдық бағыт жеке тұлғаның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілейді. Оқытудың элеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық жэне тәрбие іс- әрекеті арқылы жүзеге асады.
Осы мәселелер жаңашыл педагогтардың, шебер мұғалімдердің іс-тэжірибесінен көрініс табады. Мысалы: Шальева, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенко, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, Қ.Биттібаева, Қ.Нұрғалиев, Р.Нұртазина, А.Исқақов.
Жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибелерінде ортақ идеялары бар:
1 .Балаларға деген адамгершілік қарым- қатынас. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау.
2. Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат- мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін тани білу.
3. Оқушылармен қарым- қатынасты дұрыс құра білу. Олардың ынта-ықыласын еске алу және танымдық белсенділігін арттыру.
4. Оқушыларға күрделі мақсаттар қоя білу жэне сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту.
5. Оқушыларға мүмкін болған кезде тапсырмаларды еркін таңдау құқығын беру.
6. Оқушыларға ұжымдық және даралық жұмыстар арқылы өзін- өзі тани білуге үйрету.
7. Мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі шығармашылық идеясының сақталуы.
Осы бағыттарды ұстана отырып көптеген жаңашыл педагогтар зертеу жұмыстарын жүргізген. Солардың бірі Ш.А.Амонашвили.
Шалва Александрович Амонашвили көрнекті ғалым, психология ғылымының докторы. Оның «Сәлеметсіздер ме, балалар?» (1983 жыл), «Хал-жағдайларың қалай, балалар?» (1986 жыл), «Мақсат бірлігі» (1987 жыл) деген кітаптары бар. Ш.А.Амонашвили бұл кітаптарда бір сыныпты мысалға ала отырып, баланың қалай есейіп, олармен бірге мұғалімдер өмірінің қалай жаңарып отырғанын суреттейді. Бұл еңбектер бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған методикалық құралдар. Гогебашвили атындағы педагогика ғылымы ғылыми-зерттеу институтының экспериментальдық дидактика лабораториясында Ш.А.Амонашвили басшылығымен
дайындалған бастауыш мектептегі оқыту- тәрбие жүмысының жүйесі республикалық №1 экспериментальдық мектеп мүғалімдерінің шығармашылық тәжірибесімен байытылды. Экспериментке 600-ден астам мүғалімдер өз үлесін қосқан. 20 жыл бойы жүргізілген эксперименттік жүмыстың нәтижелері жоғарыда аталған үш кітап жинақталған.
Академик А.Петровскийдің сөзімен айтқанда: «Шалва Александрович Амонашвили шығармалары педагогикалық поэма ғана емес, педагогикалық симфония да».
Ш.А.Амонашвилидің «Алты жастан - мектепке» (1986 жыл) деген төртінші кітабы да алты жасар балалармен жүргізілетін оқу-тэрбие жұмысының мазмұнымен, ерекшеліктерімен жэне қойылатын талаптарымен таныстырады. Бұл еңбек жоғарыда аталған үш еңбектің жалғасы жэне теориялық негіздеу қорытындысы сияқты.
Амонашвили еңбектерінде балаларды үстаз бар жүрегімен сүю керек, осы сүйіспеншілікті көрсете білу керек. Мектептегі эрбір күн, эрбір сабақ балаларға сыйлық ретінде тартымды өтуге тиіс. Ұстазбен жақсы қарым-қатынас баланың бойында шаттық пен сенімді күшейтеді. Балаларға мұғалімсіз білім жоқ. Егер кішкентай балдырған өз ұстазын үнатса, онда ол білімге қүмарта түседі. Егер ол ұстазын ұнатпайтықтан қорқатын болса, өзіне ұстазын дос санамаса, онда бала үшін білім құнын жояды.
Біздер балаларды түсінуіміз керек. Ал балаларды түсіну дегеніміз-олардың сезімін бағалап, әрбір ісін елеп, мән беру, олармен санасу. Балаларды түсіну кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру.
Амонашвилидің алты жасар балаларға арналған зерттеу жүмыстары. Алты жасар бала- өте ерекше халық. Алты жасар балаға жыл ғана емес, сонымен қатар ай, апта да әсер етеді.
Амонашвили алты жасар баланы екі жақты қарастырған:
Бірінші жағынан, алты жасар баланы адамдарға таныстыру және де олардың мектеп өміріндегі өзгерісін қарастыру, мектеп жағдайында қандай қиындықтарға үшырасатынын көрсету.
Екінші жағынан, олармен үнемі жүмыс істеп отыру қажет. Олар жеті жасар балаға үқсамайды, олармен жеке жүмыс жасау қажет.
Үшінші жағынан, Амонашвили алты жасар баламен қалай жұмыс жасау керек әдіс- тәсілдерін қарастырып өткен.
Амонашвилидің көрсетуінше алты жасар баланың мұғалімі мынадай қасиеттерге ие болу қажет:
І.Бала қандай болса да, оны жақсы көре білу қажет. Яғни ұстаз балаларды алаламау қажет.
2. Баланы түсіне білу қажет.
3. Оптимист болу керек. Олар тәрбиенің күшіне, педагогикалық әдіс-тәсілдерге сене білу қажет.
4. Жаңа адам жасауға дайын болу қажет.
Ұстаздың осындай ерекшеліктерін көрсете отырып, Амонашвили алты жасар бала мен жеті жасар баланың айырмашылықтарын да айрықша атап көрсетеді:
1. Қоғамдық және өзін- өзі тану қасиеттерінің төмен болуы.
2. Импульсиялық белсенділік пен қажеттілікті өтеуі.
3. Ойын іс- әрекетіне бейім болуы.
Жаңашыл педагог С.Н. Лысенкованың тәжірибесі де көңіл аударарлық. Бастауыш мектептердегі сабақтарда ол түрлі- түсті ойыншықтардан сүйеніш сигналдарына көшсе, жай көрнекіліктен ішкі мазмүнды ашып көрсететін күрделі көрнекілікке ауысады. Тапсырманың элементтерін (шарты, сүрағы, шешімі, жауабын) түсіндіре отырып, алғашқы сабақтан бастап-ақ тақтаға сүйеніш сигналдары ілініп қойылады.
Кестенің мақсаты- тапсырманың барлық элементтері алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушының жадында сақталатындай етіп із қалдыру. Сызбадан шығатын нәтижеге оқушыларды оқытушының сұрағы жетелеп отыру қажет. Оқытушы « есептің әр кезеңін атап беріңіз», - дегенде сыныпта көтерілген Фқолдарды көреміз. Ешбір оқушы өзін шарасыз сезінбейді. Олардың бэрі тапсырмагың шешімін іздестіріп, шартын шығарып, сүрағы мен жауабын ойластырып сабаққабелсене араласады.
Бүл жүйе де оқушылардың таным- белсенділігінің деңгейінің көтерілуіне негіз болады. Оқыту әдісінің өзі оқушылардың белсенділігін көтеріп, сабақты көркемділік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зеттеу әдісі кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.
ДӘРІС № 9
В.Ф.ШАТАЛОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Шаталов В.Ф.
Белгілі педагог - ғалым, жазушы.Шаталов педагогикалық процесс мақсаты - барлығын оқып , танып , барлығына берік білім беру.Оның үраны - бәлэм барлығына. Педагогикалық процесстің басты принципі - ашық болашақ. Мінез орындалмаған жүмыс үшін, оған ешөандай көмек болмаса, оған «бестік» бага қойылатыны даусыз. Басқа принциптері материалды бірнеше рет қайталау, аса биік теориялық дайындық оқудың жоғары типі жэне уақыт үнемдэлігін сақтау.мүның барлығын сақтау - өмір , мектеп үраны.Сапалы білім саналы тэртіп.
В.Ф. Шаталов педагогикасы - оқушыларды ойлау іс эрекетіне , психологиялық тірек жасайды. Ол оқу процесіндегі үлгерім сапалы еңбек, түрақты білім беруге негізделген.Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады.Ол одан ірі блок жасады . Оқу материалын схемаға түсірді, конспект жасады.
Шаталов қолданған эр түрлі эдістер: түсіндіру, тірек конспектілер, символдар, дыбыстандыру, оқулықпен жүмыс істеу, тірек сигналды жазбаша қайта жаңғырту жэне т.б жатады.
Оқытудың мазмүнын байланыстыру жэне бүл эдісі біртүтас педагогикалық процеске пайдалану. Жаңашылдардың оқушылардың танымдық іс - қимылын сатылы түрде қамтамасыз етеді.Бүл түралы Шаталов өзі былай деді: «Бірінші саты көп сатылы, білімдарлықпен -жүелі ,эмоционалды түрде таңдаған параграфты мүғалімнің сабақты түсіндірудауыстап оқыту, негізгі үғымдарды эр - түрлі символдардың көмегімен,кодты шешу арқылы түсіндіру және оларды өзара логикалық байланысын анықтау.Үшінші саты - тірек сигналын үйрену , сол арқылы әр бір оқушы үйренеді жэне өз альбомына жапсырады.Төртінші саты -оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдарының беттерімен жүмыс істеу.Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру.Алтыншы саты - бүрын өткен материалдарды тереңдету жэне жай қайтару.Шаталов - математик, жаңашыл үстаз педагог.
Ерекше эсер қалдыратын нэрсе ,бүл совет мүғалімінің жекелеген методикалық әдіс – тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде , сындарлы бірізділікпен, белгілі бір методикалық жүемен қүрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген үмтылысы мен мүмкіндігі.Мүны іс тәжірибеде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және олардың бүгінгі көрінісін талқылауға келтіріп отыр.Бұл тұрғыдан алғанда Шаталов тәжірибесі - советтік психологиялық педагогикалық ғылымға тыл озат практикалық тәжірибе мен теориялық ой ықпалының үнемі өзара бірін бірі толықтырп, байқатып отыруының жарқын көрінісі.Оқырманға үсынып отырған Шаталовтың шағын кітапшасының ең маңызды деген теориялық түстарына талдау жасайық.
Біздіңше Шаталовтың басты еңбегі - оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Шаталов оқушылардың танымдық іс әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген.Бұл тұрғыдан алғанда автор оқушылардың іс әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды шынайы түрде жүзеге асырып жэне оларды методикалық жағынан нақыштай білді.
Шаталовтың оқушыларының оқу іс әрекетінде қандай нақты формалар бар? Жаңа материалды игеру алдымен мүғалімнің көрнекі қүралдырының - тірек сигналды парқтардың көмегімен түсіндіруін тыңдау түрінде өтіледі.Автордың атап көтсеткеніндей , мұнда ерекше түрғыда үймдастырылған материалды «Блокты қабылдау» жүреді. Сонан соң мүғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп жэне жазып жаттығады.
Психологиялық жағынан алғанда бүл мұғалімнің тексті мағыналық тұрғыдан өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы қүралы ретінде тірек сигналдарын пайдануын, мнемотехникалық тәсілдерді, оқушыларда ой еңбегі мэдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді.
Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын - оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жэймен магнитофонға ауша айту; бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау жэне бағалау - міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек парақтарын пайдалану бүл дайындық уақытын қысқартады.
Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальды, іріленген бірліктерін орындауы жэне олардың жүелері мен байланыстарын бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаща және ауша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген белсенді іс әрекеті қолма қол көрініп отырады.Сондай ақ, мұғалімнің күнделікті сабақ сүрау жүесімен тағы басқа үнемі ұйымдастырылып жүзеге асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айцқын көрінеді. Жаңа материалмен жұмыс біздің методика бойынша міне былай жүргізіледі. Бірінші кезең – сабақ өтуге қажетті іріктеліп алынған параграфтарды мұғалімнің жан-жақты әрі бейнелі эмоциональдық тұрғыда түсіндіруі. Екінші кезең – тірек плакаттары (тірек сигналдары бейнеленген парақтың ұлғайтылған көшірмесі) бойынша оқу материалдарың қысқаша түсіндіру; әр қилы негізгі ұғымдар символының көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру, құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау. Үшінші кезең – тірек сигналдарын оқып-үйрену; олар әр оқушыға үлестіріліп беріледі, шәкірттер сигналдары өздерінің альбомына желімдейді. Төртінші кезең – үй жағдайында оқулықпен және тірек сигналдары парағымен жұмыс істеу. Бесінші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарын жазба түрінде көрсету. Алтыншы кезең – тірек сигналдары бойынша жауап беру (бәсең дауыспен, магнитофон арқылы, өзара бақылау параға бойынша жазюаша және ауызша жауап беру). Жетінші кезең – бұрын өтілген материалды ұдайы қайталау және терендете оқыту (тек кластар арасында ғана емес, ересек және жас балалардың арасында да өзара көмек тобын – «педагогикалық десант» ұйымдастыру). Сонымен теориялық материалдарды игеру жеті кезендерде жүргізіледі. Теориялық мәселелерді терең түсіну балалардың өз күшін істе байқап көруге деген ынтасын арттырады, теорияны жинақтап оқып-үйренудің нәтижесінде үнемдеген уақыт шығарылуға тиісті есептер санын көбейтіп, олардың типтерін, есеп шығарудың ықтимал жолдарын (жан-жақты, кеңінен) талдауға мүмкіндік береді.
Біз де мұғалім оқушыларға оқтың-оқтың бұрын өтілген тараулардан тапсырмалар беріп отырады. әрине, олар шәкірттерге белсенді қиындық келтіре қоймайды, дегенмен кім білсін, баяғыда өтіліп, сан рет қайталанғанмен кенет бұрын жете мән бермеген жәйттер, ньюанстар кезігіп қалар. Ал тіпті кей мәселелер түсініксіз болса ше? Мұндай жағдайда өткенге қайтып оралу тіпті пайдалы. Сөйтіп, бір кезде өте-мөте күрделі болып келген мәселелердің сыры кенеттен ашылып сала береді. Демек, мұндай қозғалысты, дамуды, өсуді сезіну алда кездесетін жаңа қиындықтарды женудің психологиялық стимулы болмақ.
Әрбір сабақта, әрбір қызықты әңгімелесу кезінде балалар белгілі бір жәйтке байланысты жарқын ойларын, батыл пайымдауларын, күдіктерін білдіріп жатады... Ал осындай әрбір шабыт нұрына бөлену, мейлі ол бір сәттік қана болсын, ерте ме, кеш пе, әйтеуір творчестволық ізденістің маздаған жалынына айналар алғашқы ұшқын болуы да мүмкін, мүмкін емес-ау, тиіс те. Міне нақ осы тұста біз оқушылардың творчестволық әлемін сақтауды әрі оның аясын кеңейте түсуді қамтамасыз ететін көптеген методикалық-тәсілдердің негізіне келіп ат басын тірейміз. Бұл жерде мына бір шартты бұлжытпай орындауға тиістіміз: біз жаңа туған нәресте бесігінің жанында сезімтал әрі ілтипатты болсақ, ой-сана бесігінде алғаш тәрбиеленушілерге де сондай сезімталдықпен, ілтипатпен қарауымыз керек.
Адамға образдармен ойлау тән. Ғылымда бұл тұжырым айтарлықтай берік қалыптасқан, жалпы айтқанда, ол жанадан дәлелдеп жатуды қажет етпейді. Бірақ оқушыларды оқытудағы, олардың дамуы процесіндегі адам психикасының осы бір қасиетін тиімді пайдалану мәселесіне ғалым-дидактиктер әлі де қайта-қайта оралатын болар сірә. Я. И. Перельманның баяулата бір оқып шыққаннан кейін еркін алынған 100сөзді басынан аяғына дейін есінде сақтй біледі. Кейінірек анықталғанындай, шын мәнінде, оның бәлендей ерекшілігі жоқ екен. Бар брлғаны тек образды ассоциацияға негізделген эстрадалық айлакерлік қана болып шықты, бала әрбір сөзді алдына дайындалған, жаттап алған сөздермен байланыстырып отырған. Қалғанының бәрін ассоциативті байланыстар шешкен. Мәселен, негізгі сөз тізбегінде «мұрт» сөзі 39-шы нөмірмен тұр, ал ұсынылғаң жаңа тізім бойынша осы нөмірмен тұрған сөз «машиеа». Қиялға сәл ерік берсек, «мұрты машинаға қыстырылып «қалыпты» деген тіркес шығаруға болады. Сенімсіз бе? Күлкілі ме? Мейлі! Енді №39 саны ауыздан шықса болды, жадында жатталған «мұрт» бірден ассоциация байланысы бойынша «машинаны» еске түсіреді. Мұндай ассоциациалардың сенімділігі соншалық, баяғы бала кезінде Я. И. Перельманның әңгімесін оқығандар бүгінге дейін осы байланыстарды ғана емес, кітап көркемдеушісі салған суретті, яғни мұратының бір жағы әлдеқандай жабайы машинаның тетіктерінің арасына қыстырылып, ауыз-басы қисайып кеткен байғұстың суретін де де көз алдына елестеді.
Тірек сигналдарының икемділігі. VII класстағы тарих сабағының бірінде «Царизімнің Посполит Речін бөліске қатысы» деген бөлім оқытылып жатқан күндері газетке әйгілі «Отанмен қоштасу» поленезінің авторы, поляк композиторы М. К. Огиньскийдің Тадеуш Костюшко басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандағы туралы шағын хабар шықты. Бір топ бала жазбаша жауапқа дайындық кезінде міндетті тірек сигналдары парағына «Огиньский» деген тағы бір сөз қосты. Тақта алдына шыққанда ешкім күтпеген хабарлама жасамақ ниетпен балалардың әрқайсысы мұны бір-біріне жасырын істеген еді. Ауызша жауап берер алдында айқара ашылған плакаттағы жаңа «Огиньский» деген жазуды көргенде барша баланың таң қалғаны-ай десеңізші! Балалар мұғалімін таң қалдырмақ болып еді, ал ұстазы болса шәкірттерінің алдын орап кетті.
Кішкентай Мұғалімдер. Магнитофон біреу-ақ болған жағдайда жоспардағы жазуды сабақтан тыс мезгілде тындау паралель класс оқушыларына тапсырылады. әрине, бұл құрметті міндет ең тандаулы шәкіртке тоқсанына бір-ақ рет жүктеледі. Уақыт шығыны – 15 – 20 минут. Ал екі магнитофон болған жағдайда паралель кластын балалары таспаны тікелей жазу жұмыстарын атқара отырып тандайды. Бұл күні балаларға білім сапасын ашық есепке алу ведомосына бұрынғы алған бағаларына сияның түсімен ғана ерекшеленетін «автомат - бестер» қойылады. Кей-кейде жазбаны мұғалімнің өзі де тындайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, балалар – аса қатал қазылар, қанша жыл ұстаз болып жүріп, олардың жолдастарының қателігіне кешірімпаздық жасаған сәтін көрген емеспіз.
Сенімділіктің қалыптасуы. Егер әрбір тірек сигналы мұғалім бала ұғымына сәйкес түсіндірсе, әрі өз әңгімесін көрнекі суреттермен, түрлі-түсті кестелермен, жекелеген тірек сигналдары парағымен ұштастырып отырса, оны қайталап шығу қиын дейсіз бе? Сызбалар мен жазбалардың алғашқы нобайын жасауға талпынған кезде-ақ оқушы мұның сөзсіз қолдан келетінін аңғарады. Оны ең әлсіз оқушы да жасай алады. Бұл – жеңіске жетудің алғашқы қадамы. 2 – 3 күн өткен соң бұл жұмысты ықыласпен атқара бастайды: бүкіл класс күн сайын оның көз алдында жоғары тиімділікпен еңбек етіп жатыр ғой және сол жазбаша жұмыстары үшін ең жоғары баға алуға болатындығын көріп те отыр. Оны «дыбыстандыру» әлі қиындық тудыра берсін, практикалық жұмыстарда бәрі де ойдағыдай болмай-ақ қойсын – мейлі! Бір сүйсінерлігі сол, білім жинақтау процессі жүріп жатыр, жүйелі еңбекке белсене қатысу поцессі жүріп жатыр. Ауызша беріліп жатқан жауаптар қаншама! Және мұның өзі оқушы бір нәрсені дұрыс айтпаудан секем алатындай бүкіл класс алдындағы дәстүрлі жауап та емес. Кім өзінің байқұстығын баршаға жария еткісі келеді дейсіз? Ал мұнда – мұғаліммен бетпе-бет отырып, бәсең әңгімелесу, магнитофон арқылы жауап қайыру одан да оңай. Нашар оқушы өзінің таспаға жазған жауабын мұғалімнің ешкімге тындатпайтынын және мұның қанша қате жібергенін басқа ешкімнің де сезбейтінін біледі. Оның есесіне жақсы жауап қайтарса ертеңіне бүкіл класс болып тындайды. Осы бір тіпті қарапайым методикалық тәсіл өзіне деген сенімін арттырмақ болған балалардың көңіл күйін қаншама шырқау биікке көтереді десеңізші! Бірнеше бісең және магнитофон арқылы жауап қайтарғаннан кейін балалар тақта алдына сеніммен шығып, тарих, географиы, математика мен физика пәндерінің тірек сигналдарын асықпай-саспай «дыбыстандыра» бастайды.
Үрейлендірмей һәм жазғырмай. Соңғы жылдары дефектолоктар мен гигиенашылар жас өспірімдерің белгілі бір категориясының интелектуалдық қызыметіне кері әсер ететін әр түрлі ауруларының себептерін зерттеуге жиі-жиі назар аудара бастайды.
«Олардың мінез-құлықтарының, - деп атап көрсетеді Т. А. Власова мен М. С. Певзнер өз еңбектерінде, - кейбір ерекшеліктер байқалады: олардың кейбіреуі әрдайым абыржулы, тиышсыз, шектен тыс ширақ ашуланшақ, дұрыс жауап бере алмаспын деп жүрексінетіндіктен олар жауап беруден мүлде қашқақтайды»
Творчестволық конспект. Тірек сигналдарын жасаған кезде оқушылардың творчестволық жұмысының үлес салмағы қандай болуы керек? 1971 жылы СССР Педагогикалық ғылымдар академиясы комиссиясының мүшесі Л. М. Фридман эксперементтік кластардың бірінде өте қызықты тәжірибе жүргізілді. Тоғызыншы класс оқушылары арасынан еркін тандалып алынған 12 оқушының әрқайсысына мектеп кітапханасынан бір-бір кітап беріп, одан көлемі 1,5 – 2 беттік үзінді мазмұнын символдармен көрсетуді ұсынды. Бұл жұмысты орындауға академиялық бір сағат уақыт бөлінді. Оның нитижесі әрі қызық, әрі занды да еді: балалар өздеріне жүктелген міндетті толық ақтады. Олар тандап алған символиканың бояуының ашықтығына, нақтылығына әрі дәлелдеуге қолайлылығына ешқандай кінә тағуға болмайтын еді. Демек, осының өзі-ақ жаңа методика жағдайында не бары 11 ай ғана жұмыс істеген тоғызыншы класстардың өз білімі мен біліктерін кенінең әрі белсенді пайдалану кезеңі туғанын көрсетеді. Бұдан кейінгі бақылаулар, сондай-ақ осы оқушылардың жоғары оқу орындарындағы 5 жылғы үлгерімін талдау біз жасаған қорытындының дұрыстығын аңғартады.
Ашық перспективалр принціпі. Бүгінде мектепте, семьяда, газет-журнал беттерінен, теледидир экранынан балаға «жақсы болу керек?» десеміз. Айналамызда талай нәрсе мен мұндалап тұрса жақсы болу оңай ма екен? Айналамызда ешкімнен қысылып-қымтырылмай өз қамын ғана күйттеуші жаман адамдар өріп жүрсе, жақсы болу ма екен?
«Ертең ержеткенде...» - деп біз ең соңғы қорқыныщты оргументке жүгінеміз. Бірақ бар сөзіміз зая. «Біріншіден, оған дейін әлі алыс, екіншіден, бәріне де үлгеремін. Жаңа оқу жылынан бастап қолғаалсам бар ғой...»
Он екі жасар мұндай зиялымыз келесі оқу жылының да достары елеусіз жерде асыр сала доп қуып жүрген нақ осындай қоңыр күзлен басталарын, кинотеатр жарнамаларынан неше түрлі фильмдердің мен мұндалайтынын, Орталық теледидардың «Көктемнің 17 сәтін» немесе «Жоғары мәртебелінің адьютантын» қайталап көрсететінін қайдан ескерсін...
«Сабағыңды оқы!» - дейміз күн сайын дауысымызды көтере.
«Оқуын оқу керек, - дейді біздің тәрбиеленушіміз өзінше бір ойға қалып, - бірақ оның қажеті қанша, кеше қаншама оқыдым, бірақ бірде-бір пәннен сұрамады. Және бәрін оқып шығу мүмкін бе? Кеше теледидардан айтқандай, қысқаша анықтамалылықты пайдалану керек.
Осының бәріне қазіргі бағалау жүйесінің ең бір құйтырқы жағын – алдын-ала бағалаушылықты қоссақ онда ғажайып шарықтауға мұғалімдердіңөздерінің де әлдеқашан сенімін жоғалтқаны өзінен-өзі түсінікті. Мұндағы логикалық қисын күрделі емес. Бұрын тек «үш» пен «екіге» ғана оқыған бала кеше сабақты өте жақсы оқып келді делік. Бар болғаны бір рет қана. Одан ары солай оқуға оның күші де жетпейді, мүмкіндігі де жетпейді, мүмкіндігі де жоқ. Мұғалім оған «бесікті» қоя ма? Осы тұста ұстаз психологиясына талдау жасап көрелік. Нашар оқитын баланың класс журналындағы үздік бағасы - әкімшілікпен класс жетекшісі тарапынан бүкіл оқу жыл бойы мұғалімді жазғырудың бірден-бір негізі. Оқушының бұдан кейін де сабаққа тыңғылықты дайындалып келетіндігіне мұғалімнің көзі жете ме? Жоқ, мұғалімде ондай сенімділік жоқ. Дамак, бұл оқушы әрбір сүрінген сайын басқа ұстаздар оны кінәлай жөнеледі. «Бесікті қойған өзіңіз едіңіз ғой! Демек, ол жақсы оқи алады!» осының бәрі –амал қанша – мұғалімнің өзін-өзі жоққа шығарады деп ойлай көрмеңіз. Ешқашанда өтпейді. Бар болғаны әлгі оқушыға бұрынырақ өтілген материалдардан бірнеше қосымша сұрақ қояды да, нұсқау талаптарына нұқсан келтірместен, оған не төрт, немсе үш қоясалады.
Педагогика ғылым ретінде өте-мөте күрделі. Жалпы алғанда, табиғатта педагогикадан күрделірек ғылымның болмауы, сірә да ғажап емес. Оның күрделілігі ең алдымен оның жүзмыңдаған компоненттерінің бас қатырарлықтай шиеленсе байланысып жатуында. Ал оның жауапкершілік өлшемі – адам! Мұны біз ұстаздық өмірімізде күнсайын, әрбір минут сайын ұмытпайтын болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |