Коммуникативтік Эрудиция
Қабілеттілік
Либералдық Талап қою
Зиялылық
Демократиялық Жігерлік
Шыдамдылық
Шабыттандырушы Әзілқой Еңбексүйгіштік
Біріккен іс әрекет негізінде Байсалдылық
Шығармашылық
Сөйлеу мәдениеті, сөз қоры.
Шығармашылық, жаңашылдық.
Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.
Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі
Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін, қабілетін үнемі зерттеуге ат салысуда болып табылады.
Балалардың белсенділігі мына формаларда көрініс береді: қарым-қатынас жасағанда, еңбекте, ойын ойнағанда, спорттық іс-әрекетте. Мына бір жағдаятқа тоқталайық. Сайлаудың атасы қайтыс болды. Бала бір апта мектепке келе алмады. Атасын жерлеп Сайлау сыныпқа келген кезде оның жаны қатты жаралы еді: атасы бұдан кейін ешқашан оған ертегі айтпайды, еркелетпейді… Сайлау үн-түнсіз, қалың ойда отырды. Сыныпқа мұғалім кірді, стол үстіне журнал мен кітаптарын қойып, ол үйге берілген тапсырманы тексере бастады. Мұғалім Сайлаудың қасына келген кезде, бала ақырын ғана «Мен бүгін тапсырманы орындағаным жоқ…» деді. Мұғалім баланың басынан қолымен сипады. «Бірақ мен ертең бәрін де жасап келемін… жақсы жасап келерсің» – деді мұғалім ақырын ғана. Осы бір өмірден алынған шағын суретте тәрбиеленушінің эмоциялық жағдайын педагогтық нәзік сезімімен сезе білетіндігі айқын көрінген. Сезімталдық ұжым мен мұғалімнің жүрегінде, көзқарасында, көңіл күйінде орын алуы тиіс. Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық білдіруіне, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді. Мектеп өмірінің алғашқы қадамынан бастап-ақ әрбір баланы тәрбиелегенде, ол өзінің жұмысы мен жолдастарына қарым-қатынасымен, адамдармен араласуы мен өз күш жігері арқылы адамгершілік қасиетін «қолымнан келеді-келмейді», «жарамды және жарамсыз» деген ұғымдарға қатысты барлық нәрсеге сергектік қасиетін орнықтыр атындай етіп тәрбиелеуі қажет. Тағы бір жағдайға көңіл бөлейік ол да өмірден алынған.
7 сыныпта оқитын Серік деген оқушы шетел тілінен үлгере алмай жүрген оқушылардың бірі болатын. Жаңадан келген мұғалім осы пәнге оқушыны қызықтыра алды. Бірақ білмегені көп болғандықтан ол тақтаға шығып жауабын толық айта алмай «үш» деген баға алды. Күнделігіндегі бағаны көріп Серік: «Мен сондай тырыстым»! Ендеше оқымаймын деп айғай салды.
Оқушының дайындығының толық емес екендігін оқуға қойылған талаптар арасында қарама қайшылық пайда болды. Енді не істеу керек? Сонда мұғалім балаларға қарап: мүмкін мен қателескен шығармын, Серіктің білімін сендер сынап көріңдер! Мен тақтаға шығарайын, сұрақты өздерің қоясыңдар. Егерде жауабы дұрыс болса мен сендермен бірге қуанамын» – деп сөзін аяқтады. Осы жағдаяттың шешімі мұғалімнің оқушыларға деген көз-қарасы дұрыс екендігін, оқушының шетел тілін оқуға онан әрі қызығушылығы түскенін және мұғалімге деген сенім арта түскенін көрсетеді.
Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес. Творчестволық өмірсіз жеке адам тәрбиелі адам бола алмайды. Творчество – бұл іс-әрекет жеке адамның рухани дүниесі осында ашылады, бұл адамды адамға тарататын өзіндік ерекше магниті.
Гумандылық – латынның – «гуманус» – адамсүйгіштік адам, мен адамдық қасиеттерге құрметпен қарау – деген сөзін білдіреді (Словарь иностранных языков, М, 1986, 145 б) қысқасы – адамгершілік.
Педагогика әлемінде «баланың кемшілігін өзіне білдірмей жөнге салу керек» - деген пікір кең тараған. Әрине бұл озбырлықты, әдепсіздікті, арсыздықты тек қатаң, кескін жолдар мен ғана тыю мүмкін екендігі педагогика практикасында дәлелденіп келеді. Ал оны дер кезінде кез-келген әдіспен бас тартпай тоқтата алсақ ондай ұстаз өз шәкіртіне үлкен жақсылық, адамгершілік жасаған болар еді. Олай болса шәкіртін кез келген жаман жолдан сақтап қалу ұстазының үлкен адал жүректі екендігінің дәлелі болар еді.
Ал гумандылық деген ұғымның түп негізіне үңілсек кез келген педагогикалық жағдайлармен күрделі педагогикалық мәселелерді баланың бас пайдасына қарата шешіп отыру, және мұнда оның болашағын көздеп ұстау екендігін ұғынамыз.
А.С. Макаренко өзінің «Ұстаздық дастан» атты еңбегінде былай деп жазады: «Бір күні тәңертең мен балаларға келіп асханаға отын керек деп айтқанымда Задоров деген оқушы бар да өзің жарып әкел» деп жауап берді. Шыдай алмай қатты ашу қысып тұрғаннан болу керек, мен оны шапалақпен жағынан тартып жібердім, қатты ұрған болуым керек, ол аяғынан тік тұра алмай пешке қарай құлады. Жағасынан ұстап алып тағы ұрдым. Қатты шошып кеткен болар, ақырын ғана, «Антон Семенович кешіріңіз…» деді. Қалған бесеуі үн-түнсіз қарап тұрды… осы жағдайда А.С.Макаренко педагогикалық әдеп сақтаймын деп Задоровты ұрмаса не болар еді? Тағыда осындай балаларға өзінің адам, педагог, шын жүректен жан ашуы екендігін Антон Семенович осылай ғана түсіндіре алды.
Демек ұстаздың адамгершілігі көпшілік ойлағандай тек баланың көзіне өзінің шынайы сезімін көрсетпей, жасыру немесе оларға «сіз», «біз» – деп не істесе де «мен әдептімін» ден үндемей қою екен деп түсінбеу керек, оның тамыры терең, адамның ішкі шынайы сезімінде жатыр деген сөз.
Ұстаздарға тән адамгершілік қасиетінің тағы бір кепілі, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі дегеніміз – шәкіртінің мүддесі жоғары санау, баланы өзінен жоғары қою, соның қызығушылығын көздеу. Шынайы ұстаздың өмірі балалар арасында өтеді. Демек, сүйіспеншілік дегеніміз – шәкірт туралы бір шешімге келуден барып, оған бір сөз айтудан бұрын, ұстаз өзін сол шәкірттің орнына қойып бір сәт: «егер мен осы бала болсам не дер едім», «мен осы баланың орнында болсам қайтер едім?» одан соң «бұл бала неге бұлай?» – деп ойланады. Педагогиканың тарихында аты қалған ұлы ұстаздарымызға қайырылсақ, олардың тәрбие ісінде игілікке жетуінің сыры да осы шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктерінің шексіздігінде.
Ұстаз шеберлігін маңызды құралы – сөйлеу шеберлігі мен оның техникасы.
Біздің бақылауымызға қарағанда, оқушылар ең алдымен ұстаздың сыртқы көрінісін: киімін, жалпы тұлғасын, одан соң бет әлпеті мен пішінін, одан кейін дауысын – оның тембірі, саздылығы, одан кейін тіл ерекшелігі оның тазалығы, мүкісінің жоқтығын байқап, ең соңында ғана «бұл не айтып тұр?» немесе «мұғалім не деп жатыр» – дейтін көрінеді.
Қысқасы сөздің мазмұны – мағынасына түсіну ақырғы орнында тұрады. Егер кейбір дыбыстар қате айтылса, ұстазының тіл мүкістігі болса не сөзі бір сарынды болса ол оқушыларда мазасыздық туғызады.
Мысалы: А.С. Макаренко «бері кел» деген сөзді бірнеше түрлі саздылықпен айта алғанда ғана өзінің нағыз педагог санаған екен. Мұғалім сөзді мынадай сезім түрлерімен айтуға жаттығады, сүйіспеншілік, сынақ, күлкі, әзіл, қалжың, ашу, ыза, қуаныш, кекесін, өкініш, зілді, мысқыл, салмақты, қорқыту, ілтипатпен, жайдары, қатал өкініш, жалыныш, зеку және басқалар. Сонымен қорытып айтсақ, оқушылар өз ұстаздарын тек жасаған іс-әрекеті мен мінез-құлқы ғана емес, сөйлеген сөзі, оны қалай айтқандығына қарап бағалайды.
Сөйтіп балаң жастағы өзіндік сана ересектердің өнегелі істерімен қосылып адамды өмірден үлгі-өнеге мұрат іздеуге жетелейді.
Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, жылдар бойында қажымай, талмай, ерінбей, жалықпай жұмыс істей білуге машықтану қажет.
«… Сахнада мыңдаған жұрттың алдында қимылдамастан тұру оңай емес», - деп жазды орыс сахнасының майталманы К.С.Станиславский осы жөнінде. – «Мен осы дәрежеге жеттім, өйткені өзіме-өзім бір қалыптан қозғалма деп бұйырдым, осының салдарынан тәнім бұрынғыдан сіресіп қалатын болды. Бірақ жүре келе бір дайындықтан кейін екіншісіне, бір спектакльден екінші спектакльге көшкен сайын бұлшық еттердің сіресуінен арыла бастадым. Бойымдағы жалпылай сіресуді, белгілі бір орталық мүшеге ғана жинайтын болдым; қолымның не аяқтың саусақтарына, не қалың етіне, анығырақ, айтқанда, ең мықты жерім осы деп шамалаған жеріме жинайтын болдым. Бұл менің жер тепсінбей, басы артық қозғалым жасамай еркін тұруына мүмкіндік берді»1.
Сөйтіп К.С. Станиславский адам жаны мен тәнін қосарландырып, бұл екеуінің органикалық бірлігін жасауға шамасы келгендігін іс жүзінде көрсетті. Оның бұл жүйесі сол кездің өзінде-ақ көптеген ғалымдарға, әсіресе академик И.П. Павловқа Жоғарғы нерв қызметінің сан қилы құбылысын осы тұрғыдан әрі қарай зерттей түсуге жол сілтеген еді.
Шындығында адамның осы секілді таңғажайып мүмкіндіктерін зерттеудің болашағы ұлаңғайыр.
Бұл айтылғаннан басты қорытынды: адамның өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз және бұл кез келген адамның қолынан келетін тіршілік.
Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің жастық шағында өзін -өзі тәрбиелеу мақсатында жасаған іс жоспары да көңіл аударарлық. Онда төмендегідей пунктер бар:
Еркше сабырлық ең болмағанда сырттай сабырлы болу.
Сөз бен істе сабырлы болу.
Қимыл қозғалымтың ақылға қонымдылығы.
Тез тоқтамға келу.
Өзінің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау.
Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсеқызарлыққа салынбау.
Әр кез өзің істеген ісіне мұқият есеп беріп отыру.
Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісімен мақтанбау.
Осы қажет журналды ешкімге көрсетпеу1.
Жоғарыда көрсетілген мысалдардың бәрі жас адамның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде оны әр уақытта ісі әрекетке итермелейтін ішкі түрткілер болатындығын аңғартады.
Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі білім алуда жас мұғалім ең алдымен жеке басының қасиетін толық меңгеру керек. Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері оның әр түрлі жағдайларына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді, яғни әрі қоғамдық-әлеуметтік, әрі биологиялық табиғи тұлға.Жеке адам қасиеттеріне, темперамент, мінез, бағыттылық, қабілет жатады.
Темперамент – жеке адамның биологиялық ірге тасы, тікелей жүйке саласынан туындайтын тума қасиеті. Темперамент төртке бөлінеді. Холерик жігерімен, ұшқалақтығымен көзге түседі. Сангвинник – көңіл - күй көтеріңкі әрі құбылмалы, ширақ, қиыншылық пен сәтсіздікті қиналмай жеңетін жылы жүзді, көпшіл адам.
Дәріс 16
III бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
Біртұтас педагогикалық үрдіс.
Қазіргі кезде оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын қазіргі білім беру жүйесі және тәрбие болып табылады. Оның өзіндік әлеуметтік-экономикалық негізі де бар.
Ең алғашқы тәрбие мен оқыту идеясының біртұтастығы Песталоциидің И.Г. педагогикалық тәжірибесінде жарық көрген, кейіннен Гербарттың И.Ф. еңбектерінде оқыту теориясының тәрбиелік мәні көрсетілген. Ол – адамгершілік білім бермей, оқыту мүмкін емес, немесе мақсатсыз құралға айналады, ал керісінше, оқытусыз адамгершілік білім беру, құралсыз мақсатқа тең деп батып атап көрсеткен. Педагогикалық үрдіс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетіістіктерімен тығыз байланысты. Орысша процесс, қазақша үрдіс (латын тілінен аударғанда алға басу) деген ұғым мынаны білдіреді:
Жағдайлардың, даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;
Белгілі бір нәтижелерге жету мақсатындағы іс-әрекеттің жиынтығы.
Педагог Шацкийдің ойынша педагогикалық үрдіс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін объектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті болып есептеледі.
Бұл педагогикалық үрдістің мәнін түсінуде П.Ф.Каптеревтің берген анықтамасымен салыстырғанда, педагогикалық үрдістің әлеуметтілігін қамтамасыз ететіндігі және мұғалім мен оқушының іс әрекеттері оның дамуының шарты болатындығы айқын көрсетілген.
«Педагогикалық энциклопедияның» авторы Гмурман В.Е. «педагогикалық үрдіс» туралы ұғымға мынадай анықтама берді: «Бұл терминнен (педагогикалық талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқу-тәрбие үрдісін, ұстаздар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттері ретінде қарастырылуында. Екіншіден, оның екі жақты сипаттылығы жасалған маңызды қадам бола тұрса да, бұл анықтама мұғалім мен оқуылардың өзара әрекеттерінің ерекшеліктері не деген сұраққа жеткілікті түрде айқын жауап бере алмады.
Біздің бұрын көрсеткеніміздей мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық үрдістің мәнін түсінумен тікелей байланысты. Яғни педагогикалық үрдіс теориясының қалыптасуы мүғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады.
Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық үрдіс педагогикалық теорияның объектісі» деген еңбегінде, ең бастысы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдіруі айқындалады.
Бір топ жеке ғалымдардың зерттеу жұмыстарының арқасында педагогикалық үрдістің бірнеше басқада әртүрлі жақтары, қасиеттері мен заңдылықтары туралы ұғымдар біртіндеп жинақтала берді. Бұл қалыптасқан материалдарды зерттемейінше педагогикалық үрдіс теориясының басты даму бағытын айқындау өте қиынға түсер еді, міне сондықтан да зерттеушілер осыған басты назар аударуы керек.
Педагогикалық үрдістің мәнінің әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты Э.И.Моносзон мен Г.Н.Филоновтың еңбектерінде көрсетілген.
Герман Демократиялық Республикасы мен Кеңестер одағының педагогика ғылымдары академияларының бірігіп шығарған еңбектерінде педагогикалық үрдісті ұғынудың жалпы ғылыми бағыты оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылған. Бұндай көзқарас басқа да социалистік елдердің ғылыми әдебиеттерінде жарық көрген. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде ( АҚШ, Англия, Австралия) «педагогикалық үрдіс» деген ұғым «оқыту » деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
Педагогикалық үрдіс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей тығыз байланысты. Біздің еліміздегі әдебиеттерде «педагогикалық үрдіске»ең алғаш анықтаманы П.Ф.Каптерев берді, ол оны басқа анықтамалармен бірге –«білім беру үрдісі» ретінде қолданды. Қазірдің өзінде П.Ф.Каптеревтың айтқан нағыз, бұрмаланбаған педогогикалық үрдіс бір уақыт кезеңінде еріктіде және керекті, себебі бұл өзін-өзі дамыту үрдісі болады деген ескертуі өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мұнда өзіндік әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Терминнің авторы оны әртүрлі қасиеттері мен қырлардан, құралдардан тұратын біртұтас үлкен бір құбылысты көрсетуге болатындығын және оның оқыту, білім беру , үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау т.б. сияқты кезеңдері болады. Ұсынып отырған ұғымның тартымдылығы сонда, П.Ф. Каптерев бойынша педагогикалық үрдістегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде. Сонымен бірге, мұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастарды туралы ой байқалады, ол арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қатынастарды түсіндіру мүмкін емес, бірақта соның негізінде тәрбие мақсатында жету қамтамасыз етіледі.
Б.Г. Лихачев үшін тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекеттің арқасында ғана әрқашанда нәтижелі. Бірақ, тәрбиеленушілердің бағдарын анықтау барысында, айтып отырған авторымыз, көп жағдайда дәйекті емес екендігін көрсетті. Мысалы, педагогикалық үрдістің бағыттылығын айқындай отырып, ол педагогикалық іс- әрекетпен тұтас тәрбие процесінің объектісін, ең ақырында осы объект үшін жүзеге асатын процес сол, ол, балалрдың өздері болып есептеледі. Мұғалім үшін, бала ықпал ету объектісі ғана болып қоймайды, ол даму үстіндегі, белсенді әрекеттенуші, әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай «өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі болатын» адам. Лихачев педагогикалық үрдістің тағыда бір басқа ерекшелігін- оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді1.
Ю.П. Азаров біртұтас педагогикалық үрдісті рухани-жеке тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық, тәрбие компоненттерінің технологияларының бірлігі ретінде қарастырады. Автор бұл бірлікті жүзеге асыру үшін оқыту - тәрбие үрдісінің дамыған технологиясын жасау керек деп есептейді2.
Көріп отырғанымыздай тәрбиелеушілердің педагогикалық үрдістегі орнын бағалаудағы қарама-қайшылық, тәрбие объектісі (бала, адам) педагогикалық үрдістің объектісі ретінде де қарастырумен тығыз байланысты. Сондықтан да, қоғамның тәрбиені кімге (нақтылы объектіге) бағыттағанын естен шығармай отырып, бай мәдени мұраны меңгеру үшін тәрбиеленушілердің белсенділігі керек. Осылай тәрбиенің субъектісі туралы ұғымды оқу құралдарының авторларының бірі ашып көрсетеді.
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерінше педагогикалық үрдісте екі белсенді әрекет етуші жақтары - мұғалімдер мен оқушылар екендігі байқалады. Ғылыми әдебиеттерде бар нақтылы материалдар негізінде екі жақтың (мұғалім мен оқушылардың) қарым-қатынастарындағы өздеріне тән стилдерінен педагогикалық үрдістің нәтижелерінің тиімділігі, танымдық іс-әрекеттердің деңгейі ғана емес және адамгершілік тәрбиенің жағдайы да тікелей байланысты деуге болады.
Педагогикалық үрдіске байланысты көптеген ғылыми жұмыстарды оқу нәтижесінде келесі бір қортынды жасауға болады, оның мәні әрқилы авторлардың назарларына бір ғана нәрсе ілікпейді деген тұжырым. Бұл не, олардың бағыттарының принципиалды түрде ұқсамайтындығын көрсете ме? Әрине, олай емес. Бұл тек қана, зерттеушілердің назарын біртұтас педагогикалық үрдіс қана емес, тек оның жеке бір жақтары ғана аударатын көрініс.
Жасалынған шолудан туындайтын үшінші бір қорытындының мәні педагогикалық үрдіс даму барысында болатын өте күрделі құбылыс және оны оның құрамына кіретін жеке құбылыстарының еркшеліктерін көрсететін барлық білімдердің механикалық жиынтығына балауға болмайды. Педагогикалық үрдістің мәнін оның барлық жақтарының тығыз бірлігі туралы нақтылы және терең жеткілікті дәрежеде білім алу үшін, объектіні қарастыруда талдаудан синтездік әдіске көшіп, педагогикалық үрдістің теориясын жасау керек.
Дәріс 17
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие ерекше орын алады. Жеке адамды қалыптастыруда осы үрдістің мәнін мына құрылым арқылы анықтауға болады (1 сурет).
1-сурет
Осы сурет бойынша егер де жеке адамды қалыптастыру үнемі бақылауда басқару сипатында болса, адамдар саналы, арнайы жоспармен белгілі міндеттеріне жүгінсе ғана тәрбие көрініс береді.
Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі дегеніміз - мақсатты орындауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ынтымақтастығы.
Тәрбие үрдісінің бірқатар ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мақсатқа бағытталған мақсаты, ынтымақтастығы бірыңғай жағдайда ғана қазіргі тәрбие үрдісі дұрысталады. Тәрбие үрдісі – көп факторлы, онда объективтік және субъективтік факторлар орын алады. Егер де субъективтік фактор адамның ішкі қажеттілігінен көрініс берсе оған сәйкес объективтік жағдайда адам өмір сүреді және қалыптасады, белгіленген тәрбие міндеттері толық орындалады.
Тәрбие үрдісі қозғалмалы, үнемі өзгерісте болады.
Тәрбие үрдісі – узақтылығымен сипатталады. Ол өз мәнінде өмір бойы болуы мүмкін. К. Гельвеций жазған «… Менің барлық өмірім, ұзынан-ұзақ тәрбие». Мектептегі тәрбие адамдның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Тәрбие үрдісі мектепте жақсы ұйымдастырылғанның өзінде тез жетістікке жетуге болмайды, себебі тәрбие үрдісіне тән нақтылы тәрбиенің әсерінен нәтиженің алшақтығы байқалады.
Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі – үздіксіздігі.
Мектептегі тәрбие үрдісі ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің жүйелі, үздіксіз өзара әрекеті оқушының тәртібін бір ғана қызық жұмыс шара өзгертеді деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Белгілі мақсатқа негізделген жүйеге жұмыс қажет. Егерде тәрбие үрдісі кездейсоқ үнемі болмай отырса онда тәрбиешіге тұрақты әдет қалыптастыру үшін оқушының санасына жаңа із салып отыруға тура келеді,
Тәрбие үрдісі кешенді үрдіс кешенділік дегеніміз-мақсаты, міндеті, кешенділік нысанасы және әдістері бірыңғай адамды қалыптастыруға бағытталған біртұтас идея болып табылады.
Тәрбие үрдісінің кешенді сипаттамасы бірталай педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс әрекетінің ұйымдастырылуының ұқыптылығын қажет етеді.
Тәрбие үрдісіне тән ерекшелік бұл мағынасыздық және нәтиженің белгісіздігі. Бір жағдайда олардың бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Ол субъективтік факторға байланысты: тәрбиешілердің жеке басты өзгешеліктеріне, олардың әлеуметтік тәрбиесіне, тәрбиеге қатынасы.
Тәрбиешілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың шеберлігі, үрдісті басқару іскерлігі де үлкен әсер етеді және нәтижелігі жоғары болады.
Тәрбие үрдісі екі жақтылы. Оның ағымы екі бағытта жүреді: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс). Басқару үрдісі кері байланыстан пайда болады немесе тәрбиешіден түсетін хабарламадан туындайды. Тәрбиешінің қарамағында неғұрлым көбірек болса, соғұрлым тәрбиенің әсерлігі жоғары болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін емес.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жас өспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілік-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік творчестволық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, қайта құру идеологиясын сана - сезімдеріне сіңіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен жүріс-тұрыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда кешенді тәрбиені– қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелетін ең басты мақсат - қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам – сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие үрдісінің мәнін ашуда П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б. өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С. Макаренко тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген.
Тәрбие үрдісі арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді.
Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г.Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э.И. Моносзон, Г.И. Филонов, И.С. Марьенко, Ю.П. Сокольников т.б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады.
Сонымен тәрбие үрдісі дегеніміз - жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрек етімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие үрдісінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.
Мектеп жағдайында тәрбие үрдісінің ұстайтын бағыттары мыналар:
тәрбиенің мақсат-міндеттеріне орай жеке адам тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту;
оқыту үрдісі барысында оқушыларды қоғамдық мәдениеттер мен рухани байлықтарды (идеология, мораль, ғылым, еңбек, өнер, мәдениет) игеруге қатыстыру;
жас өспірімдердің еңбексүйгіштік қасиеттерін еңбек үрдісінде қалыптастыруда және адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыру және әлеуметтік мәні бар әр түрлі іс-әрекеттерін, қызметтерін ұйымдастыру;
әр саладағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде ұжымдық қарым-қатынаста болып, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, қол үшін беру сияқты адамгершілікті – эмоциялық жағдай туғызып жеке адамның функциясын дамыту;
оқушылардың танымдық қызметтерін ұтымды ұйымдастырып, олардың қоғамдық сапасын дамыту;
әрбір оқушылардың айналасын қоршаған қоғамдық ортасына, ұжымына, жора - жолдастары мен достарына, өзінің жеке басына деген адамгершілікті – эмоциялық қарым-қатынастарын туғызу, олардың өздерінің болашақ атқаратын істері мен қызметтеріне қойған дәлелді мақсаттары мен бағыт-бағдарына байланысты белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру;
жекелеген балалардың адамгершілікті сипаттарын және қоғамдық маңызды дәлелді мақсаттарын, ақыл-ой парасатын, эмоциялық және ерік күй сфераларын жан-жақты үйлесімді қалыптастыру;
кейбір жекеленген оқушылардың жағымсыз қылықтары мен әрекеттеріне тежеу немесе тиым салу. Егерде құқық нормасын бұзатын балалар болса олардың бағыт-бағдарын қайта құруда арнайы педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру.
Ендігі кезекте тәрбие үрдісінің екі жақтылық функциясының мәні – педагогтің белгілі мақсатпен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет. Былайша айтқанда, педагогикалық ықпал баланың дара табиғи ерекшеліктерімен ұштасса, соғұрлым оның ішкі белсенділігін оятып, дара қасиеттерін өрбітіп, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттінің мұқтаждығын туғызып тәрбиелейді. Оқушы - ол тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі. Сол себептен, мектеп практикасында өзін-өзі тәрбиелеуге оқушыларды дайындап, болашақ жоспарын жасап өзін-өзі ұзақ уақыт бойы басқара білуіне объективтік жағдайлар туғызу керек.
Дәріс 17 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі.
Дүниетаным дегеніміз-адамның санасының арнайы формасы, қоршаған ортаға оның көзқарасы, сенімі, мұраты және іс-әрекеттері.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша дүние танымның төрт түрі бар, олар ғылыми білім жүйесі, дүниетану, сенім, адам мұраты.
Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Сондықтан жеке адамның көзқарасында білім сеніміне айналады.
Сенім-терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең танудың негізі, соны берік ұстау болып табылады.
Мұрат – идеал – гректің – Ideal - түр, бейне, ұғым деген сөзінен келіп шықан. Ол бір нәрсенің жетілген үлгісі, биік мақсат …Көркем, үйлесімді дамыған адам (фил.словарь, М. 1966 – ауд.).
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Ұлттық мұрат, ұлттық мүддемен жеке мүддеге де қызмет етуі керек, басқаша айтсақ, әрбір жеке адамның күнделік өміріне қызмет етуі керек.
Дүние танымның қалыптасуы ұзақ күрделі үрдіс, оның барысында жеке көзғарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі факторлар орта, тәрбие, ақпарат құралдар, оқыту т.б. әсер етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолы - жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.
Бастауыш сынып оқушыларды дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі қоғам өмірінен олардың алатын орны туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Олар Отан, халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
V-IX сынып оқушыларының ғылыми дүние танымы жаратылыстану, математика, физика және гумнитарлық пәндерді оқу үрдісінде дамиды.
Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтәк тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Оқытудың өмірмен байланысы қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.
Оқушылардың дүниеге көзғарасын қалыптастыратын екінші бір жолы -жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын, сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын және дәлелдейтін мүмкіндіктері болып табылады.
Мысалы Ч. Дарвиннің табиғи сұрыптау заңы. Д. Менделеевтің периодтық заңы, Алтынсариннің шығармашылығында дүниені тануда адамның ақыл-ой парасатымен қатар түсініктер де, әсіресе көру түйсігі қатысуы тиіс «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз. Сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп жөнін тауып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз» (Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары авт. С. Қалиев).
Оқушыларды белсенді еңбекке қатыстыру, оқытуды өмірмен байланыстыру. Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді.
Оқушылардың дүниеге көзғарасын қалыптастыруда мұғалімнің жеке тұлға ретінде маңызы өте зор.
Сабақтан және сабақтан тыс уақытта оқушылардың дербес және танымдылық белсенділігін арттыру.
Дәріс 18
Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі.
«Классификациялау» ұғым тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін классификациялау не үшін қажет? Ол тәрбие әдісінің:
жалпы және жеке;
негізгі және кездейсоқ;
теориялық және практикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгсін және оның ерекшелігін, міндетін бір-бірімен байланысын айқындай түседі.
Бұл жағдай мұғалімнің өз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның педагогикалық шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.
Бүгінде тәрбиенің әрбір әдісі қайта құру ісіне қызмет ете ме? Қоғамдық сананы оята ма? Жасампаздық күш-жігерді еселе түсу, еңбек, оқу білім алу және жауапкершілік, қазіргі қоғамды шын мәнінде жаңарту жолдарына көмектесе ме?
Тәрбие әдісінің теориясы осы мәселелерге жауап беруі керек.
Педагогика ғылымын зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше классификацияланады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев, Н.К. Гончаров, Ф.Ф. Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады. Г.И. Щукина өзінің «Мектеп педагогикасы» оқулығында (М., 1977 ж.) тәрбие әдісін классификациялауда қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин «Педагогика» оқулығында (М., 1988 ж.) тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады (1 кестені көріңіз)
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеалы).
Екінші топ - іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ - іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері ек жақты тәрбие,- ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелері саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, педагогика теориясында тәрбие әдістерін классификациялаудың методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс-әрекеттің ролі туралы алынған. Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс-әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс-әрекеттер де ұйымдастыруы қажет. Енді тәрбие әдістерінің әрбір тобын жеке-жеке қарастырамыз.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және сана мен іс-әрекетінің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу үрдісінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру, әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі-өнеге жатады. Көптеген авторлар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
1 кесте
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ
|
Төртінші топ
|
Мінез-құлық пен іс-әрекетте бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді жүзеге асыру әдістері
|
Педагогикалық байқау
|
Тәрбиелікті анықтауға арналған әңгімелер
|
Сауал-сұрақ (анкета) жүргізу (ауызша, жазбаша)
|
Шығармалар жазу, тексеру
|
Өзін-өзі бақылау
|
Өзін-өзі сендіру / аутотренинг
|
Жаттығу
|
Оқушылардың іс-әрекеттерінің, (оқу, еңбек, көркем өнер, ойын т.б.) нәтижесіне талдау жасау
|
Үшінші топ
|
Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері
|
Мадақтау
|
Жазалау
|
Жарыс
|
|
|
|
|
|
Екінші топ
|
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері
|
Педагогикалық талап
|
Үйрету
|
Жаттығу
|
Тапсырма
|
Тәрбиелеушіліік ситуация туғызу
|
|
|
|
Бірінші топ
|
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері
|
Түсіндіру
|
Әңгімелер
|
Үлгі-өнеге
|
Лекциялар
|
Пікірталас
|
|
|
|
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз (К.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986, 32 б.).
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез-құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне, сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.
Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.
Сендіру әдісі жалпыадамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс-әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білуін, өзінің де, жолдастарының да мінез-құлқына, іс-әрекетіне дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс.
Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етеді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарылай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай тұғызады;
нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды.
Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық-психологиялық талаптар ескеріледі:
сөз өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіруге жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын рөлін айқындау;
оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез-құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата-ананың әңгімесіне, пікірлесуіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
сендіру әдісінің барлық салаларын бірлікте, жүйелі түрде. Үздіксіз қолданғанда және балалардың сана сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен сенімі жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;
үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.
Ең көп тараған әдістің бірі – түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту үрдісінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гумманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайрымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта-ықылас, ерік-жігер т.б. туралы түсіндіріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.
Өткізу әдістемесі тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәрбиеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларын әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.
Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық, адамгершілік, этикалық мәселелерге арналады.
Бұл әдістің негізгі мәні – теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы меңгере бастаған мінез-құлық, іс-әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.
Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық-психологиялық талаптар:
таңдалған, іріктелініп алынатын тақырыптың актуалдылығы, оның тәрбие үрдісінің міндетіне, оқушылардың мүддесіне сай болуы; таңдаған тақырыптың нақтылы сыныпта, оқушылар тобына қажеттілігін дәлелдеу;
оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену;
оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру;
әңгіменің мазмұнын өте мұқият іріктеу – оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу;
әңгіме тақырыптары мен мазмұны жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және сынып ұжымының, оқушылар тобының ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жас өспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез-құлықтарына сай көзбен қарап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс;
қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту;
әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу; тәрбиешілердің оқушыларға сеніммен қарай білуі, олардың жауаптарына зейін қоя білу; дұрыс, ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б.
әңгіме және әңгімелесудің тақырыбына байланысты көрнекі құрал және техникалық құралдарды (эпидиаскоп, кинопроектор т.б.) әдеби көркем шығармалармен бейнелеу өнері, музыкалық құралдарды пайдалану;
әңгіменің қандай жерде, қай жағдайда өткізілуінің де мәні бар. Мәселен, жоғары идеялық – адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені жауынгерлердің, қоғам және қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы айтылғанда, ескерткіштер мен тарихи орындарда өткізілгенде ғана оқушылардың сезіміне ықпалы зор болатыны белгілі;
әңгімеге,әсіресе әңгімелесу әдістеріне мұғалім жан-жақты әзірленуі қажет.
Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғанымен өзіндік міндеті бар. Бұл - өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс.
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғары сыныптарда кеңінен қолданылады.
Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік, этикалық, праволық, әлеуметтік, экономикалық экологиялық, әдебиет, көркемөнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.
Пікірталас әдісіне қойылатын педагогикалық-псхологиялық талаптар:
пікірталасқа қойылатын мәселелер проблемалық сипатта болуы керек;
жастардың айнала өмір құбылыстарына өздерінің пікірлерін, ойларын білдіруге, оларды теріс пікірлер мен көзқарастарға баға бере білуге, талқыланып отырған мәселенің дұрыс шешімін дәлелді түрде негіздеуге үйрету.
Пікірталас өткізу қоғамдық пікірді айқындау, принциптік, қоғамдық міндет, парыз, жауапкершілікті сезіну, нақтылы іс-әрекеттерді байқай білуге қолайлы жағдай болып табылады. Жастарды ынтасын, белсенділігін арттырады, олардың өз біліміне, өмір тәжірибесіне, мінез-құлық ерекшелігіне сынмен қарауға тәрбиелейді. Сондықтан пікірталасқа оқушылардың неғұрлым көбірек қатысуын көздеу тәрбиенің пәрменді болуына мүмкіндік береді.
Пікірталас шамамен мынандай тақырыптарда өткізіледі: «Демократия дегеніміз не?», «Қоғамды демократияландыру дегенді қалай түсінесің», «Замандасың туралы не ойлайсың?», «Армандау керек пе?», «Қызықты және қызықсыз еңбек туралы не ойлайсың?», «Адам атану оңай, ал нағыз адам болу қиын», «Өз мінезіңді өзгертуге бола ма?», «Интеллектуалдық дегеніміз не, ол не үшін қажет деп есептейсің?».
Тәрбие үрдісіне үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының көркем әдебиет, өнер, кинофильм, бейнефильм (видеофильм), театр кейіпкерлерінің өнегесі орасан зор әсер етеді.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістерін қолдануға формализм болмауын еске алу – қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларының бірі. Мектеп тәжірибесіне зер салсақ, әдетте тәрбие жұмысының кеңінен жүргізілетін салалары: әңгіме, лекция, жиналыс, пікірталас, еңбек озаттарымен кездесу, саяхат, кино-бейнефильм көру т.б. орын алатыны белгілі. Бұл шараларды өткізудегі бұрыннан келе жатқан басты кемшілік – оқушыларды тек қана тәртіпті отыру және тыңдау талап етілетіндігі? Ал жоғарыда айтып дәлелдегеніміздей, адамның жеке басы тек қана іс-әрекет арқылы қалыптасуы деген педагогиканың аксиомасы сендіру әдістерін пайдаланғанда ескерілмейді. Балалар көбіне тәтті сөздің жетегінде қалып қоятынына мән берілмейді.
Сондықтан этикалық әңгімелер азаматтық парыз, қоғамдық жауапкершілік, интеллигенттілік, парасаттылық т.б. зиялы қасиеттер туралы пікірталастар тек жалаң сөз жүзінде қалмай, балалардың күнделікті өмірлік және еңбек істерімен, өзіне айналасындағы жақын-туыс адамдарға, ұжымына, қоғамға қамқорлық жасаумен қалыптаса, жалғасуы керек.
Бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның өте-мөте көңіл бөлетін міндеті – қоғамның қазіргі талабына жауап беретін, творчестволықпен еңбек ететін, талапкер, ізденімпаз, жауапты іскер адамдарды тәрбиелеу.
ІІ-тәрбие әдісінің екінші тобына қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру қарастырылады.
Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.
Педагогикада жеке адамның қалыптасуы нақтылы іс-әрекет болғап жағдайда ғана жүзеге асырылатыпы дәлелденген. Іс-әрекет – адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатытсуының негізгі формасы.
Бұл топтағы әдістің психологиялық тұрғыдан ерекшелігі – адамның їс-әрекеті жеке басының, ішкі жандүниенің көрсеткіші ғана емес, оның дамуының өздігінен жетілуінїң шешуші белгісі екендігі.
Адампың дамуы мен мінез құлқын қалыптастыруға қарым-қатынастың түрлері елеулі ықпал етеді. Себебі іс-әрекеттен тыс нағыз тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Тәрбие әдісінің бұл тобының мазмұны тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметіне А.С. Макаренконың берген бағасымен сипатталады. Бізге мәлім: тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен қарым-қатынасының өзара байланысты болу сипаты – тәрбиенің ең негізгі заңдылықтарының бірі. Осыған орай тәрбие әдісінің бұл тобы тәрбие үрдісіндегі әр салалы іс-әрекеттерді қамтиды. Мұнда, әсіресе таным әрекетінің, сонымен қатар ойын мен еңбек түрлерінің, көркем-өнердің, спортпен шұғылданудың, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың ықпалы зор.
Балалардың жағымды мінез-құлықтары мен қарым-қатынастары ең алдымен олардың әртүрлі іс-әрекеттері педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана қалыптасады.
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс әрекетті ұйымдастыру әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
әрбір, іс-әрекеттің алдына қойған мақсаты анық, айқын белгіленіп, оның қоғамға, ұжымға пайдалы болуы және сол іске қатысатын жеке адамның өзіне де қажеттілігі, әрбір оқушының ынта-ықыласы, қабілеттілігі мен іскерлігі ескерілуі керек; мұнда оқушылардың ортақ мүдделі істі сезімталдықпен, орындауына қолайлы жағдай орнайды. Себебі, енжарлық, әрекетсіздік - барлық жастағы балалардың табиғатына жат қасиет. Егер олардың бірі салғырттық көрсетсе, оның себебін білу қажет.
Баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру олардың өз еркімен, өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді. Бұл жағдай жастардың біртіндеп белсенді өмірлік позицияға көшуіне ықпал жасайды.
Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру әдетте балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру т.б. міндеттерді балалардың өздері шешіп отыруы керек. Сөйтіп бала өзінің талабы мен қабілетін еңбекте көрсете және дамыта алады.
Тәрбиешінің басшылығы жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыруға бағытталуы керек. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін. әдістерін жандандыратын материалдық және моральдық жағдайларды ұсынып отыру көзделінеді.
Оқушылар коллективінің қатысуымен қоғамдық пікірдің негізінде іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылау.
Сонымен бұл топтағы әдістер арқылы тәрбиеленушілердің еңбекке жауапкершілік, қоғамдық мінез-құлық, тәжірибесі, қарым-қатынас жасау дағдысы мен белсенді өмірлік позициясы қалыптасады.
Дәріс 19
Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі.
Латын сөзі «коллективус» - топ, жиналыс, бірлестік, ұжым, т.б. болып аударылады. Ұжым дегеніміз бір топ адамдар. Бірақ кез келген топ ұжым бола алама? Қазіргі әдебиетте «ұжым» деген сөздің екі мағыналы ұғымы бар. Бірінші ұжым дегеніміз кез келген ұйымдасқан адамдар тобы, екінші: ұжым дегеніміз жоғары деңгейдегі ұйымдасқан топ.
Педагогика теориясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар жалпы ұжым проблемасын жан-жақты қарастырып, ұжым ұғымына бірнеше анықтама береді. Мәселен, Г.И. Щукина: ұжым дегеніміз бірыңғай қоғамдық мақсаты бар, мақсатты орындау барысында барлығының өзара байланысты, жауапты міндеттері, тапсырмалары бар, өздерінің ұжымдық органы бар, басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар балалардың біріккен тобы – деп түсіндіреді.
Ал, Т.А. Ильина: «Ұжым – арнайы мақсатқа бағытталған, іс әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар бірлестігінің формасы екенін көрсетеді. Б.К.Бабанский: «қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі – ұжым деген ұғымды қамтиды дейді.
Ұжымның негізгі белгілері мыналар:
Жалпы әлеуметтік мағыналы мақсат.
Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсатпен бірлесе жүреді, мемлекет конституциясына заңына қайшы келмейді.
Жалпы біріккен іс-әрекет
Әрбір ұжым мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысады.
Жауапкершілікке байланысты қарым-қатынас
Ұжым мүшелері арасында ерекше қарым-қатынас қалыптасады, олардың мақсат мүддесі және іс-әрекеттері көрініс береді.
ҰЖЫМ ДӘСТҮРІН ЖАСАУ
Дәстүр – ұжым өмірінде орныққан, қалыптасқан тартымды тәжірибе, салт-сана. Дәстүрдің құрылуы ұжымның тәрбиелік ықпалын күшейтеді, себебі ұжымның әрбір оқушысы өзінің ұжымдық іс-әрекетіне қатынасуы арқылы тәжірибесін байытуымен бірге, ұжымның дәстүрінде бекітіп отырады, қабылдайды.
А.С. Макаренко өзінің тәжірибесінде ұжымды ұйымдастыру және тәрбиелеуде дәстүрлі қолдануға зор мән берген. Ол: «ұжымдық дәстүрлер сияқты еш нәрсе де бекіте алмайды. Дәстүрді тәрбиелеу, оларды баптау – тәрбие жұмысының аса маңызды міндеті» – деген.
Қазіргі мектептің жұмыс тәжірибесінде дәстүрлердің кем дегенде үш түрі анықталып отыр. Олар:
дәстүрлі көпшілік шаралар (мектеп мекемелері, олимпиадалар, дәстүрлі жиындар; бұлар белгілі перспективаны – «бүкіл ұжымның ертеңгі қуанышын құрайды;
мектеп өмірінің маңызды оқиғаларына байланысты ұйымдастырылған салтанатты өткізу дәстүрлері (мысалы, соңғы қоңырау дәстүрі, «Білім күні – 1 қыркүйек» т.б.) бүларға да бүкіл мектеп қатысады;
оқушылардың іс-әрекетіне қатысты дүстүрлер мысалы, дәлдік дәстүрі (барлық тәрбие жұмыстар дәл уақытында жүргізу), өз білгенімен адал, өзгелердің сыбырынсыз жауап беру дәстүрі, артта қалғандарға көмектесу, ізетті болу дәстүрлері. Бұл дәстүрлер аса бағалы. Мысалы, тазалық сақтау, өзін мәдениетті ұстау дәстүрлері және т.б. Олар мінез-құлықты тәрбиелеуге және жақсартуға көмектеседі.
ҰЖЫМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ
А.С. Макаренко ұжымды қалыптастыруға үлкен мән берген. Ұжымсыз жеке тәрбие ойдағыдай болмайды, тәрбиенің мақсатына ұштаспайды. Балалардың ұжымдары мен талаптары да ұжым арқылы ғана дамып жүзеге шығып отырады. Ұжымдық тәрбие деген балаларды бірлестіріп, ұйымдастырып тәрбиелеу, барлығына бірдей қарап, бірдей әсер ету емес, әрбір баланың жеке өзгешеліктерін біліп соған үйлестіре тәрбиелеу, әрбір баланың бойына біткен мүмкіншіліктерін жарыққа шығаруға әрекет ету, әрбір баланың ұжымдағы орнын тауып беру болады. Ұжымдық тәрбиенің мақсаты – мен-міндікке, жеке даралыққа жол бермеу, баланың қоғамдағы орнын тауып беріп, қоғамның игілігі үшін бірлестік еңбек ете алатын қоғамшыл адамдарды тәрбиелеп шығару. Бұл мақсатты А.С. Макаренко өзінің колониясының тәжірибесінде іс жүзіне асыра алды.
А.С. Макаренконың тәжірибесінде дәлелденген ұжымның даму кезеңдерін педагогикалық талап қою арқылы бөлу теориясына сүйенеді. Осыған байланысты ұжымның дамуы үш кезеңге бөлініп қарастырылады.
Ұжым дамуының бірінші кезеңінде педагогикалық талапты оқушылар алдына тікелей мұғалімнің, тәрбиешінің өзі қояды.
Ұжым дамуының екінші кезеңінде педагог қалалық талапты педагогпен бірге ұйымдасқан ұжым мүддесін түсінген активтер тобы қояды.
Үшінші кезеңде ұжымның ең жоғары дамыған сатысында педагогикалық талапты бүкіл ұжым болып қоятын дәрежеге жетеді.
Бірінші кезең – тәрбиеленушілерге мұғалім осы кезеңде мұғалім ұйымдастырушылық қызмет атқарады, талаптарды өзі қояды.
Екінші кезең – актив (белсенділер) тобының әсері арта түседі. Белсенділер тобы мұғалімнің талабын қолдай отырып тікелей өздері бүкіл ұжымға талап қоя бастайды. Ұжымның қажеттілігін дұрыс түсінген белсенділер тобы, мұғалімнің сенімді көмекшісіне айналады.
Екінші кезеңге ұжымның тұрақты құрылымы өте қажет. Ұжым толық жүйелі бағытқа ықпал жасай отырып, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару механизмі көрініс береді. Ол өзінің мүшелерінен тәртіп нормаларын талап етуге мәжбүр болады, күннен күнге талап шеңбері біртіндеп кеңейеді. Сондықтан, ұжым дамуының екінші кезеңінде жеке адамның белгілі қасиетін мақсатты түрде тәрбиелеуі.
Осы кезеңде мұғалімнің негізгі қасиеті ұжымның міндеттерін мүмкіндігінше толық пайдалану.
Осы кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықты жеңумен байланысты болады, ұжым мен жеке оқушы арасындағы; жалпы және жеке перспективамен; ұжымдағы тәртіп нормамен және кластағы орналасқан тәртіп нормасымен; т.б. Сондықтан ұжымның дамуында өзгерістер болып тұрады.
Үшінші кезеңде ұжымда орныққан шығармашылық қарым-қатынасты, іс әрекетті бүкіл класс қолдап отырады. Ұжым мүшелері бір біріне жоғары талап қояды. Осының өзі тәрбиелік деңгейдің, көзғарастың тұрақталғанын, дағды мен ойлау іс-әрекетінің жоғарлағанын мәлімдейді. Егерде ұжым осы даму кезеңіне жетсе, онда ол адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастырады.
Ұжымның кез келген мүшесінің әрекеті жөнінде кластың дұрыс пікірі болады. Өз дамуында осындай кезеңге жеткен ұжым педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда толық мағынасындағы ұжым болып табылады.
2 сурет
ҰЖЫМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ
І кезең ІІ кезең ІІІ кезең
Макаренко А.С. ерекше маңызды деп мақсат таңдауы есептелген. Тәрбиеленушілерді тартымды біріктіруде практикалық мақсатты жүзеге асыруды перспектива деп атайды. Адам өміріне шын мәнінде қуат беруші күш ол ертеңгі күннің қуанышы екенін А.С. Макаренко тәрбие жұмыстарында бірімен бірі байланысты түрде құрылған үш түрлі перспектива арқылы белгіленген: Жақын, орта, алыс перспективалар. Жақын песпектива – оқушылардың күнделікті өмірдегі орындалатын жұмыстары оқушылардан бірден-ақ еңбек ету перспективасы талап етіледі. Басқаша айтқанда бұл орындалатын еңбектер оқушылардың әрқайсысына толық түсінікті, ертеңгі қуанышты көре алатындай болуы керек. Мысалы, қызықты ойын-жарыстарға, кештерге қатысу, демалыс күні саяхат жасау, театрға мұражайға бару т.б.
Макаренко А.С. адам өмірінің шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш деді.
Орта перспективада А.С. Макаренконың айтуы бойынша уақыттың мерзімін ұзартуға байланысты ұжымдық оқиғалар орта перспективаның мысалы ретінде оқушылардың, спорттық жарысқа, мектеп мейрамына, диспутқа қатысу болып табылады.
Орта перспектива уақыт жағынан әжептәуір дайындықты қажет етеді, оқушыларды қызықтыратын ұжымдық іс-әрекеттер болып табылады.
Алыс перспектива бұл ұжымның немесе жеке бастың бір істі үзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Осындай перспективада жеке және қоғамдық қажеттілік үйлеседі. Алыс перспективаға келешек мамандықты таңдау, мектепті ойдағыдай аяқтау болып табылады.
Егерде ұжымдық іс әрекетте еңбек басты орын алса, онда алыс перспективада тәрбиенің маңызы одан әрі арта түседі.
Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеудің маңызды жолдарының бірі – оқушылар ұжымындағы перспективалы жолдар жүйесі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға ену керек. Оқушылар алдында қиын міндет қою үшін, қоғамдық қажетті және ұжымның даму деңгейін жұмыс тәжірибесін есепке алу керек.
Мұғалімнің жеке оқушыға талап қоюы тікелей өзіне емес, белсенділер арқылы жүргізіледі. Осыны Макаренко есепке алған, ол жеке адамға белсенділер тобы арқылы әсер етіп оны қос ықпал принципі деп атаған. Осы принциптің мәні шартты схемада берілген.
Дәріс 20.
Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
Тәрбиенің міндеттері – балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Бұл арада біз жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге аламыз.
Ең биік құндылықтардың бірі – адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің хұқы жоқ. Келесі құндылық – саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген адамның алдына бас ию. Туған жер, үй, отбасы – бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, адамзаттық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік ерекшелікке, өзіндік пікірге хұқылы екендігін мойындау. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың, қоғамның дамуына мүмкіндік бере алады.
Табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра – осының бәрі жалпы адамзаттық құндылықтар.
Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарды реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы» тұрғысынан алатын жұмыс бағыттары ерекше қырынан көрінеді.
Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана оны қорғауы мүмкін. Керісінше, ол алдын ала «бұл балаға не істесең де – ештеңе шықпайды» деген оймен барса, ондай педагог қорғаушы бола алмайды.
Оқу – ең қиын әрекеттердің бірі. Осы кезеңде сынып жетекшінің қорғау ісі «оқу» бағдарламасы бойынша жүреді, олар: баланың сабақ үстіндегі жұмысын көру (сабаққа кіру арқылы); «кіші кеңеспен» жұмыс істеу, кейбір пәндер бойынша оқушыларға көмек ұйымдастыру, басқа пән мұғалімдерімен бірге балалар көзқарасын, дүниетанымын кеңейтетін қызықты кештер ұйымдастыру; отбасымен келісе отырып ата-аналар жағынан көрсететін көмекті жан-жақты ойластыру, жоспарлау.
Оқушының қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс – оның бос уақыты. Осы бос уақыт өрісінің үш міндеті бар:
организмнің демалу, күш-қуатының жөнге келуі.
қызығушылығымен қабілетін дамыту.
«қызық» адамдармен еркін қатынасу. Бұл өрістің бір ерекшелігі – оқушылар демалыс түрін өздері таңдап алады. Бұл өрістегі әрекеттерді ұйымдастырудағы класс жетекшінің міндеттері мынау: әр баланың құштарлығын анықтау, үйірме таңдауға көмектесу; таным, мәдени көзқарастарын кеңейту мақсатымен, әдеби тарихи, т.б. кештер ұйымдастыру, кино және драма театрларға апару (ата-аналармен бірге), класс ұжымының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру; сабақты нашар оқитын оқушылардың жақсы жақтарын байқап, балаларға көрсете білу.
Ендігі өріс – баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс қалпы. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты «эпидемиялар» болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек) кластарындағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына налып, өзін кемсітіп жатады. Сондықтан, көп жағдайларда, ата-аналармен келіспеушілік туады.
Осы себептен, сынып жетекші отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ол дер кезінде қолайсыз істерге кедергі болар еді.
Мектепте сынып жетекші оқушылар оқитын сыныптыңтың эстетикалық жағынан тартымды, әдемі болуын қамтиды. Модаға, тұрмыс жағдайына байланысты ашық әңгімелер, пікір талас, іскерлік ойындар, т.б. шаралар өткізіп тұрады.
Осымен қорыта келе, айтарымыз: сынып жетекшінің назарында – тұлға. Әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғауы, дамытуы қажет . Ал сынып ұжымы - әр балаға қолайлы ортаға айналуы қажет.
Тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижелі болуы сөзсіз:
Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық-педагогикалық ұғымдарын түсіну, оқу-тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану методикасын меңгеріп алуы.
Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы.
Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиелік мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.
Оқушыларды зерттеу арқылы – тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
Оқушылардың даму деңгейіне байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен оларға сәйкес іс-әрекеттер белгілеу. Таңдап алынған іс-әрекеттердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасамайтынына мұғалімнің толық сенуі.
Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы.
Оқушылардың дамуын болжауы, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге араластырып, өз-ара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөліп, қажет болса, асырыңқырап (аванс ретінде) мақтағанда артық емес (баланың мінез құлқына байланысты).
Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, даму дәрежесіне байланысты тәрбиешінің оларды дамыту мақсатымен, баланың күшті жақтарына сәйкес істер таңдап, тапсырмалар беріп отыруы.
Тәрбиелеу барысында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеру.
Тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға толық мүмкіндігі бар класс жетекші мынадай жұмыстар жүргізеді:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін, әр қайсысының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы біледі;
оқушының дамуы туралы толық хабары бар;
белсенді оқушылар тобын қолдап, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып, ұжымды тәрбиелеу жұмыстарға қатыстырып отырады.
ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады;
оқушыларды өзін-өзі басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, ұжымда тәртіпті оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік қылықтары, қасиеттерін қалыптастырады;
ұжымның даму барысында, мұғалім өзінің педагогикалық поэзиясын пікірін өзгертіп отырады;
оқушыларды ұжымдағы өзара қарым-қатынастарын, қоғамға пайдалы еңбектерін бағалау әдістемесін қамтамасыз етеді.
Тәрбие жоспарына қоятын кейбір талаптар:
Жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан).
Тәрбие жұмысының формалары оқушылардың жасына, ұжымына ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Қазақ мектебінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты ұсынылатын қосымша тақырыптар:
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып бұл тарау бойынша берілетін тәрбиенің толық халықтық педагогикаға негіздеу. Бұл тараудағы ұсынылатын тақырыптарда ұлттық мінезге әдер-ғұрып, салт-дәстүрлер ұлттың этикет нормалары негізінде тәрбие беру қарастырылады).
а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу (қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттері: мейрімділігі, кеңпейілділігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді бойына сіңіру. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әділеттілікті биік ұстау сияқты әдеп-ғұрып қағидаларын үйрету дұрыс).
Дәріс 21
Отбасы тәрбиесінің негіздері
Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасылық тәрбие – күрделі жүйе, ол әртүрлі факторға байланысты (тұқымқуалаушылық, табиғи және материалдық-экономикалық әлеуметтік, ұлттық дәстүрлерге, отбасының мүшелері т.б.).
Отбасының негізгі міндеттері:
баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;
баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндігін жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;
балаларды семья өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;
балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;
талап қоюда жүйелік жасау.
өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.
Одан басқа да жеке принциптерді маңызды деп санауға болады: ұрып соғу, жазалауға тосқауыл жасау т.б.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейрімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,
қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Платон
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан да ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауды, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықыласымен жүзеге асырылғанмен қоғамдық тәрбиемен сабақтасып отырады. Отбасындағы адамдар белгілі бір дәрежедегі дербес, қандас туыстар тобы болғанымен өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, ондағы бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты өмір сүреді. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдіспен сипатталады. Табиғи биологиялық шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасындағы үлкендер қамқорындағы басқалар үшін қоғам алдында жауап беруді. Адамды азаматтық тұғырға көтерер ең маңызды. Ұлағатты, адамгершілікті, мәдениетті қарым-қатынас осы отбасынан басталады. Үйдегі жасы кішілер ата-анаға қарап әдеп және тұрмыстағы мінез-құлық ережелерінен өнеге алады. Бала отбасында алғаш рет еңбек дағдыларына қатысып, үлкендерге көмектеседі, іні-қарындастарына қамқоршы болып, олардың өтініштерімен тілектерін орындауға тырысады, ата-ананың туысқандарының және басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге және бағалай білуге үйренеді, белгілі бір мамандықты игеруге құштарланады. Ата-аналар өз тәжірибелері арқылы баланы жасынан үнемі отбасы қаражатын жоспарлауға қатыстырып, оны тиімді етіп жұмсауға үйретіп отыруының маңызы зор. Мұндай жағдайда балалар материалдық қаржыны ұқыпты және жұмсалатын адам күшін дұрыс пайдалана білуге үйренеді, әрі олардың көзқарасы қалыптасады, ой-өрісі кеңиді, өскенде отбасы алдындағы жауапкершілігі артады, анаға, әкеге басқа да туыстарына көмектесуді негізгі борышым деп есептейді. Әрине, мұның барлығы ата-ананың отбасындағы беделіне, жағымды өнегесіне, еңбектегі нәтижелі іс-әрекетіне, отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігіне, өзара жылы қарым-қатынасына, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен түсінушілігіне де байланысты.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейрімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына қарай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.
Отбасында баланы еңбекке тәрбиелей отырып біздің қоғамымыздың мұратына сай келетін қасиеттерді, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, қол еңбегі), үлкендер еңбегін құрметтеу және өзімен кішілерге көмектесу, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, тапсырмаларды орындауға ынталы болуға баулыған жөн.
Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:
еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;
еңбектің қай түрімен айналысатынын алдын ала жоспарлау;
еңбек етуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;
шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;
еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;
еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру; балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;
еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;
баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;
еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;
күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.
Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шумақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Этностық халықтық тәрбие - әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, дәлірек айтсақ жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту. Этнопедагогика баланы шыдамдылыққа, төзімділікке, қиыншылықты қажымай жеңіп, еңсені түсірмей, жоғары ұстап, адамдықтың белгісін жоғалтпауға тәрбиелейді. Этнопедагогиканың ең биік шыңы – адамгершілік тәрбие тағлымының кең өрісі – халықтың даналығы. Халықтың ескірмес мақал-мәтелдері інжу-маржандай құлаққа кіріп, санадан орын алса, көңіл сандығына сақтайтын асыл қазынаның өзі. Көңілге түйгін әрбір айдың, жақсы пікірдің тиянақты өзегін түсіндіретін халықтық тағлымның келісті көрінісі шешендік сөздерде де түйінделген. Осылардан түйген, адамгершілікпен үндесер әрбір ойдың жағымсыз қағидаларын тәлім-тәрбиеде ата-аналардың кәдеге жарата білуі аса маңызды іс. Ежелден балажан қазақ халқы баланы «жүректің миуасы», болашағым деп қарайды, көңілдің (күйі) гүлі, көздің нұры – деп түсінеді, отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі, адамгершіліктің айғағы деп санайды. Сондықтан да балаға зор игі үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырады.
Дүниеге келген бала – ерлі-зайыптыны өзара татулыққа, сыйластыққа, отбасының әрбір мүшесін өз орнында зор жауапкершілікке үндейтін, көңілдерін жақындастыра түсетін дәнекер. Әділетшіл халық отбасының әрбір мүшесіне артық жауапкершілікті ашып айтқан. Баладан өз ата-анасына жауапкершілікпен қарауды талап етсе, болашақтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңі жөнінде қам жеу деп түсінген жөн. Ендеше халықтық тәрбие келешекке үміт артуды балалықпен ұштастыра білген.
Халық педагогикасын негізгі қасиетті мақсаты «жақсылыққа – жақсылық» дегендей өз ұрпағына ізгі ұлттық тәрбие беру, ел-жұрт алдында сенімді ақтай білетін азаматты тәрбиелеу. «Балаңның өскен бесігі – кең дүниенің есігі», ұяда талап қоюшылықпен өскен бала, бүкіл әлемге жол тартады. Халық педагогикасының тағы бір игілікті өзегі аға ұрпақтың жас ұрпақты баулуда, балаға кешегінің күнімен қарау емес, бүгінгінің биігінен үңілу. Адамға өткен дәуір тарихы – алтын сабақ». Жеті атасын білмеген жетсіздіктің белгісі. Әкесінің көзі тірі кезінде ең кем дегенде жеті буынның өткен-кеткенін, өшпес жолын білу, елдікке қосқан үлесін бағалау. Қазір бабасы емес, атасының кім болғанын, не қызмет атқарғанын, қайда туып-өскенін білмейтін пақырлар аз емес. Бұл, әрине, кешірімсіз күнә, ата-ана тарапынан кеткен салғырттық, енжарлық. Бала өткеннің қадір-қасиетін неғұрлым көп білсе, бүгінге соғұрлым ойлы көзбен қарайды. Өткен күнмен бүгінгі күнді салыстырып, таразылар, ой жүгіртіп үйренеді.
«Ақылың болса ақылға ер,
Ақылың болса, нақылға ер» деп қазақ атам бекер айтпаған болар. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді» – деген. Ендеше ата-бабаның даналық сөзін әбден меңгеріп, киелі түйінін, қасиетті дәстүрді әрі қарай жалғастыру басты мақсаттардың бірі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған «Қазақстан – 2030» стратегиясы осы болашақ ұрпақ тәрбиесі, болшақты жасайтын азаматтарды сол ғасырға лайықты тәрбиелеу. Ата-анадан мұра болып келе жатқан ізгі адамгершілік, имандылық, обал-сауапты ұғындырып, иманды тәрбиенің тұнық таза суымен сусындатуды талап етеді.
Отансүйгіштік әлемдік деңгейдегі білімді игеру, азаматтықтың орасан қасиетті эталондарын яғни болашақ маманды әсерлі тәрбиелеу – Егеменді елдің болашағын тәрбиелеу деп білген жөн. Қазір кейбір рухани әлжуаз, аяңкес, әрі намыссыз ұл-қыздарымыз арақ ішіп, наша мен темекімен уланып, өз намыстарын өздері таптап, некесіз, тастанды бала санын күннен күнге арттыруда. Мұндайлар аталадрдың асыл дәстүр салтынан, бабалар парасатынан аулақ, өткеніміздің өшпес даңқынан, даналық мұраларымыз жайынан бейхабар өскен – тоғышар ұрпақ. Еліміздің білім беру саласында бұрыннан қалыптасқан жөнсіз әдіс-тәсілдер, өзгермей сақталуда. Жоғарғы оқу орындарының қазақ бөлімінде оқу құралдарының (қазақ бөлімінде) көпшілігі аударма, ондағы мысалдар орыс халқының, Еуропа елдерінің өмір тұрғысынан алынған, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеген. Ұлттық сана-сезім, ұғымға тән оқу тәсілдерін ойдан шығаруға болмайды. Оны әрі қарай дамыту үшін ең алдымен ұлттық балабақшалар мен мектеп құрылуы тиіс. Жас ұрпақтың ой-өрісі, ұлттық психологиясы, оның патриоттық, интернационалдық сезімі ана тілі арқылы қалыптасқандықтан мектеп бағдарламасында Әл-Фараби тану, Абай тану, Бес арысты тану, солардың мұраларын тиімді пайдалануды дамыту керек. Ана тілінсіз халық ұлт ретінде жойылады. Керісінше мәдениеті, рухани байлығы, құрметтеліп, шалқыған халықтың ғана үні әлемге естіледі.
«Ақыл тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ай түнде керек, ақыл күнде керек» дегендей болашақтың стратегиялық бағдарламасында анық көрсетілгенмен де оқуда үлкен табыстарға жету үшін дүниежүзілік-экономикалық біліммен техникалық қағидаларды шешуге қабілетті, білікті маманды даярлау қажет. Әлемдік ұстаз атанған Платонның «ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеп отырып, ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөзі біздің жастар тәрбиесі жайлы айтқандай. Адам санасының қалыптасуында оның нақтылы іс-әрекеті мен мамандығы, дәстүрі мен салт-санасы, әдет ғұрпы, әлеуметтік ортасы ықпал етеді. Ұжым өнегесі, қоғамлық пікір – адам психологиясын қалыптастыруда таптырмайтын қуатты фактор. Адам психологиясының қалыптасуында ынтымақтастық пен еңбек әрекетінің орны ерекше.
«Еждаһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы» – деп ұлы ұстаз Абай айтқандай ғылым жолы оңай да, жеңіл де емес. Өз болашағын үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген адам ғана бақытқа жол ашады. Сондақ-ақ,
Құсты самғататын қанат,
Адамды самғататын – талант – дегендей, адамның жеке басының алға өзі ұмтылғаны нағыз жемісті қадам болмақ дегенді айтады халықтың ұлттық педагогикасы.
Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің үлесіне тиеді. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.
Дәріс 22
Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту.Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
Білім беру ұғымы әрі қарапайым, әрі күрделі. Өйткені ол жеке адамға арналып айтылғанымен, бүкіл қоғамды қамтиды. Білім беру жеке мағынада айтылғанмен ол екі жақты үрдіс. Бір жағынан мұғалім бір жағынан оқушы әрекеті. Алайда ол екі жақты әрекет болып көрінгенімен, ол көп жақты әрекет. Ол бүкіл қоғаммен байланысып жатады. Мұғалім, оқушы, сынып, оқулық, жоспар, бағдарлама – оны әзірлейтін, шығаратын т.б. Сондықтан білім беру ісімен бүкіл қоғам, оның индустриясы, білімдік потенциялы, қуаты түгел айналысады.
Білімнің өзі – жалпы, политехникалық, мамандық т.б. болып жіктеліп кете береді. Білім беру деген ұғымның өзі сайып келгенде өмірге әзірлеу. Білім беру ұжымдық және жеке болып келеді. Оқу орындарында ұжымға білім беріледі, бірақ соның өзінде білім жеке даралық негізін жоймайды. Білім берудің сипаты қоғамдық нарықтық қатынасқа, қоғамның нарықтық даму дәрежесіне тікелей байланысты.
Білім беру жалпы оқыту барысында іске асатын заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, творчестволықпен игеруге жетелейді.
Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байлнысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.
Білім мазмұнын анықтау – бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз.
Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны –оқыту үрдісі компонентінің бірі болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Мектеп қоғамының әлеуметтік тапсырмасын орындау барысында халық шаруашлығына қызмет істеу қабілеті бар, саналы, белсенді, білімді адамдарды тәрбиелеп шығару үшін жұмыс істейді. Сондықтан білімнің мазмұны жеке адамдардың дамып, қалыптасуына бағытталады.
Мектепке берілетін білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді:
табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен;
дүние танымын қалыптастыру;
адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешуге бағыттау;
жастарды өмір сүре білуге, еңбекке, білім алуға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіншілігіне дұрыс тәрбиелеу.
Жалпыға білім беру Қазақстанда үш сатыға бөлінеді: негізгі саты
көлемінде білім алу (9 сынып) міндетті болып табылады. Жалпы білім беру концепциясында көзделетін негізгі мақсат жеке адам өз тағдырын өзі шешудегі негізгі ортада өз тағдырын бағдарлай білу, өз бетімен білім алуға негізгі база жасау болып табылады. Мұнда – адам, қоғам, табиғат, ноосфералық ортада адам өзін өзгеден адырата алу, өзіне қажетті жағдайларды жасауға бағдар, бағыты бар мүмкіншілігінің болуы.
Мұндағы негізгі ұғым – Отан, адамзат, интернационализм,
демократия, мемлекет, құқық, заңдылық, қоғам алдындағы жауапкершілік деген секілді құндылықты игеру.
«Адам - табиғат» дегенде адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде өзіне табиғатты қорғауды негізгі борышым деп түсінуі. Экологиялық мәдениетті меңгеруі, келешек ұрпақ алдында жауапкершілігін түсінуі.
Ноосфера (гр. Ноос – ақыл және сфера) – қоршаған ортаның нашарлауына жол бермеу, талан-таржыға, жыртқыштыққа тиым салу. Жеке адамның тұтас бейнелеу критерийі (өлшемі). Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі-құрылым талдау әдістері қолданылады. Осының негізінде теориялар, заңдар, ұғымдар, ғылымның саласынан тұтас жеткілікті түсінік береді; ғылым өндірісте, мәдени өмірде қолданылады, оқушылардың дағдысын ынтасын, танымын, ақыл-ойын дамыту арқылы қоғам өмірін жоғары сатыға көтеру үшін білім материалдық күшке айналуы қажет.
Оқу мүмкіншілігінің мазмұнына сәйкестік критерийә. Ол үшін диагностикалық бақылау жұмыстары, жоғары оқу орындарына түсу сынақтарының нәтижесін талдау т.б.
Пәнді оқуға берілген уақытқа мазмұнының сәйкестік критерийі. Онда қолданылатын әдістер: материалды толық меңгеруге жұмсалатын уақытты лабораториялық эксперимент арқылы зерттеу. Оқушының бақылау жұмысына жіберілетін уақытын дәл жазып алу және нашар үлгіретін оқушыға жәрдем көрсету.
Орта білім мазмұныны анықтауда халықаралық тәжірибені ескерту критерийі. Сол арқылы білім стандартын жасау.
Мектептің оқу әдістемелік және материалдық базасының сапасына білім мазмұнының сәйкестік критерийі. Білім мазмұнына лабораториялық, тәжірибелік жұмыстардың кіруі қажет. Ол үшін мектеп әр кез өмір талабына сай жабдықталуы керек.
Нормативті құжаттар: оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, т.б.
Білім берудің мазмұны деп – оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуаттарын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.І.Сембаевтың «Қазақ мектебінің тарихы» атты кітабында қазақ мектебінің даму жолы, білім беру мазмұны, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер баяндалған. Автор тарихи-архив материалдарының негізінде: қазақ мектептері Россияда қабылданған жүйе бойынша құрылды… өзіндік өзгерістері болды. Қазақстанда мынадай мектептер құрылды:
Бірінші басқыш мектептер, бұлар екі концентрден: бірінші басқыш мектеп дәрежесіндегі бірінші – төр жылдық және екінші – үш жылдық, концентрлерден құрылды.
Екінші басқыш (тоғыз жылдық), мектептер, онда үш концентр болды, оның біріншісі – бірінші басқыш мектепте, ал бірінші мен екіншісі қосылып жеті жылдық мектепке сай келетін. Екінші басқыш мектептердің бір бөлігінде алғашқы төрт группа болмады.
Жұмысшы факультеттері – жалпы білім беретін орта оқу орындары еді; бұлар бұрын толық орта білім алуға мүмкіндігі болмаған жұмысшы, шаруа жастарына орта білім беретін болды. Алғашқы жылдары қазақ кеңес мектептерінде бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтары болмады.
Жаңа ғана құрылған Қазақ КСРО Халық ағарту Комиссариаты Қазақстанның мектептері үшіін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға бірден кірісе алмағандықтан, алғашқы кезде РСФСР Халық ағарту Комиссариатының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын пайдалануға тура келді.
… 1922/23 оқу жылында Қазақстанның Халық ағарту Комиссариатының Білім Орталығы қазақ тілінде 14 оқулық пен оқу құралдарын шығарды: оның ішінде «физика», «грамматика», «педагогика», «мектеп гигиенасы», «Арифметика», «Алгебра», «Әліппе» т.б.1 / деп деректерге талдау жасаған.
Сонымен Қазақстандағы мектеп жүйесі мен білім беру мазмұны саяси және экономикалық міндеттерімен тығыз байланысты болып біртіндеп дами түсті.
Жалпы орта білімнің құрамы мен құрылымын балалардың психологиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне үйлестіру;
Оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану-математика салаларындағы білімнің ара салмағының баланың өрісінің жалпы заңдылықтарына сәйкес болуы;
Білім мазмұнының оқушының ішкі даму заңдылықтарына оның сыртқы дүниемен және де «адам -өндіріс», «адам-табиғат», «адам-символдық жүйе», «адам-қоғам», «адам-көркем образ», «адам-адам» жүйелері арасындағы қарым-қатынастарына сәйкес келуі;
Блоктар мен пәндер деңгейінде білім мазмұнының басты бағдарын белгілеу. Білім мазмұнының: көркемдік-эстетикалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс-математикалық үш ірі блогын айырып көрсету;
Оқыту мен тәрбиені интеллектуальды пайдалы және өнімді еңбекпен ұйымдастыру;
Оқытуды гуманитарландыру принциппін әрі гуманитарлық бағдарды жүзеге асыру;
Компьютерді айрықша оқу құралы ретінде қарастыру; т.б. ереже, қағидалар жаңаша ойлау бағытында педагогика ғылымдарының тәрбие мен білім беру принциптері негізінде қарастырылған.
Дәріс 23
Сынып-сабақ жүйесі бұрынғы мектептерде кеңінен қолданылды, бірақ оның құрылысы өзгеріп, жаңадан оқыту әдістері енді, үйге тапсырма беру, оны тексеру жолы да өзгерді. Бірақ оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын ұйымдастыру тәсілдері шешілмеді. Осыған орай педагогтар оқыту ісін ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздестірді.
Ол кезде Америка Құрама Штаттарында дальтон-жоспары пайдаланылатын. Дальтон-жоспарының авторы Е.Паркхерст еді. Оны қуаттаған Американың көрнекті педагогтары Джон және Э.Дьюи болатын. Дальтон-жоспары деп аталу себебі, оқытудың бұл жүйесі Америкада ХХ ғасырдың бас кезінде Дальтон қаласында алғашқы рет қолданылған еді. Дальтон-жоспары бойынша, оқушылар өздерінің қабілеттілігіне қарай оқу жұмыстарын өздігінен орындайтын. Оқушыларға тапсырмаларын орындау үшін мектепте белгілі дәрежеде қолайлы жағдайлар жасалатын. Сыныптар балалардың өздігінше жұмыс істеуге ыңғайланып, лабораториялық қалыппен жабдықталатын. Мұғалім материалдың мазмұнын түсіндірмейтін. Оқушылардың тапсырманы орындағанын тексеру жолдары да өзгеше болатын.
Дальтон-жоспары бойынша, оқушылар, мұғалім өткен тақырыптарды кімнің қалай орындағанын қорытып және келесі тақырыптардан кіріспе сөз айтатын уақытында ғана жиналды.
Педагогтар Дальтон-жоспарының тәжірибелерін пайдаланумен қатар, оқушылардың оқу міндеттемелерін жеке-жеке орындауы оларды психологиялық жағынан ұйымшылдыққа қарсы тәрбиелеу деп сынады. Балаларды жұмысты бірлесіп істеуге тәрбиелейтін бригадалық-лабораториялық оқыту әдісін ұсынды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадалар белгіленді. Олар оқушылардың жақсыоқитындары және ұйымдастыруға қабілеті барлары болды.
Бригадир өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригададағы оқушылар білімінің бағасы қойылды. Егер бригадирдің жауабы «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланса, барлық оқушылардың бағасы да «өте жақсы» не «жақсы» деп есептелінеді. Сөйтіп, оқушының жеке басы ерекшелігімен санасушылық болмады. «Бригадалық-лабораториялық әдіс» тәжірибеде педагогикалық эксперимент жолымен жақсы тексерілмей, негізгі оқыту әдісі ретінде бірден мектептерге тарап кетті. Осының нәтижесінде мектептердегі мұғалімдердің тәрбиелеушілік ролі төмендеді. Мұғалім сабақта материалдың мазмұнын түсіндірмеді, тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
1798 жылы Англияда Белл-Ланкастер жүйесі пайда болды. А.Белл
священник, Дж.Ланкастер-мұғалім. Олар бұл жүйені Англияда, Индияда жүргізді. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқытуды үлкен залда 600 оқушымен жүргізді. Одан кейін оқушыларды топқа бөлді. Әр топтағы оқуды –мониторлар топ басшылары жүргізді.
ХІХ ғ. Аяғында Батыс Европада оқытудың Маннгейм жүйесі пайда болды. Маннгейм деген қалада ең алғашқы рет осы жүйені қолданған, сынып –сабақ жүйесі сақтала отырып, оқушыларды қабілетіне қарай күшті, орташа, әлсіз дәреже деңгейіне дейін бөлген.
50-60 жылдары американдық профессор Трамп Л. (Трамп жоспарын) енгізді. Оқытуды ұйымдастыру формасы бойынша үлкен аудиторияда (100-150 адам) болумен қатар 10-15 адам оқушылар білім алады. Жалпы дәріс алуға, техникалық құралдар пайдалана отырып 40 пайыз уақыт беріледі, кіші топтарда дәрісті талқылауға 20 пайыз уақыт беріледі, ал жеке жұмысқа – 40 пайыз уақыт бөлінеді.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып педагогика тарихында сынып-сабақ жүйесі ұсынылды.
Сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.
Сабақ дегеніміз – мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегі. Сабақта оқушылардың ойөөрісі кеңиді, қабілеті дамиды, адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХУІІІ ғасырда атақты чех педагогі Ян Амос Коменский туралы біз жоғарыда айтып кеткенбіз. Бірақ бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдег оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі (Жұматаева Ш.Ж., Махметова Б.Т.)
Қортындылай келгенде, сынып-сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақтады деуге болады.
Бір жастағы сынып оқушыларының бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы ол- оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Оқытуды ұйымдастырудың басқа түрлеріне жататындар: саяхат-сабағы, семинар, факультативтік сабақ, КВН, еңбек және өндіріс түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқу жұмысын ұйымдастырудың саяхат түрі.
Оқу жұмысын экскурсиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты –теориялық материалды практикамен ұштастыру. Мұның мектепті өмірмен байланыстыру үшін маңызы өте зор. Сондықтан бұл әдісті барлық пәнге де қолдануға болдаы. Экскурсия әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарынан көбірек өткізіледі. Бұл оқушыларды оқу үрдісін бақылау білуге жаттықтырады, дәне пәндерді өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың экскурсиялық түрі орта ғасырлық өмірге байланссыз схоластикалық оқыту әдісіне қарсы күрес арқылы дамыды. Францияның ХҮІІІ ғ. атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың бақылау сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың экскурсиялық түрі мектепте тек ХІХ ғ. бастап қолданылды. Россияда оқудың бұл түрі Л.Н.Толстой ұйымдастырған Яснополянск мектебінде кеңірек орын алды. Оқуға байланысты өте қызықты экскурсияларды Л.Н.толстойдың өзі жұргізді. Сабақтың бұл түрін россияда алғашқы рет зерттеп, педагогикалық әдебиеттерде пікіор жазған –орыс халқының белгілі педагогы А.Я.Герд.
Сабақ классификациясы және оның құрылысы.
Сабақ классификациясы дегеніміз – сабақтарды құрылысыжөнінен топтастыру, түрге бөлу деген сөз. Оқыту теориясында сабақ классификациясын анықтауға айрықша мән беріледі. Бұл туралы озат мұғалімдер мен белгілі ғалым педагогтардың пікірлері әр түрлі.
Мысалы, педагог ғалым И.Н.Казанцев сабақ классификациясын материалдың мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдістемесіне қарай белгілейді. С.В.Иванов оқыту үрдістерінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрды.
Дәріс 24 Біртұтас педагогикалық үрдісте оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін
бағалау және есепке алу.
Оқу жұмысының нәтижелігін бақылау және есепке алудың
теориялық негізі және функциясы.
Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқыту үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетідігін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшу үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу мен оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалдарды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.
Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуір дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне ықпалын тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады.
Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру емес, бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.
Оқушының оқу үлгеруін есепке алу – көп қырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын бөліп айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.
Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындайды. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге («Қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты).
Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Екінші, оқытушылық функциясы – оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екі жақты сипаты бар. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек адамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б.
Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жатымды қатынасына байланысты. Біліміні есепке алуды оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш-қуаты жеке басының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.
Үшіншіден, дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жатымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл-ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.
Төртіншіден, үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасын жақсартып бірін-бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау сипаты, үй тапсырмасын орындау, кітап оқу, т.б. мәселені дұрыс түсінуі.
Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті.
Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады.
Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшелнуі тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай білімді есепке алуда әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы, географиядан картаны білу, онымен жұмыс істеуді есепке алумен ерекшеленеді. Әрине, бұл жеке пән әдістемелерінің іс-әрекеті.
Екінші шарты – есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жан-жақтығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда-санда емес, үзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде күш беріп оқутәрбие жұмысында, іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді.
Үшінші шарты – есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу, бір-бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыдан есепке алуды түсініп, силап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде төртінші (объективтік талап етеді) - әділеттілікті талап етеді. Ол әділеттен сәл ғана ауытқып, жеке талғамға, антипатия – симпатия, құштарлық немесе өзін-өзі есепке алу сезімге бағындару, нанм сенімге берілу болса онда есепке алу әділдікпен айырылып жеке басты тәрбиелеуден қалады. Тіпті ол залымдылықтың, бақытсыздықтың көзі, моральдық азғындау және дүрдаразтықтың себепшісі болып шыға келеді.
Есепке алудың жариялығы тәрбиелеуге қатынасты болады. Оқушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, дүние танымын пәнді меңгеруін тиянақтап дамытуға жол сілтейді.
Есептің нақтылығы, әрекеттілігі – бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде – белгілі нәтиже беретіндігне, сол үшінде есеп жүйесі жасалады.
Дәріс 25
Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық тенденциялар.
Білім беру саласының қызметкерлері алдына қойылған мақсат — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар сабақ барысында инновациялық және интерактивтік технологияларды пайдаланып, сабақтың сапалы және жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етіп отыр.
Оқытудың бірден-бір тиімді технологияларының бірі – инновациялық технологиялар. Ең алдымен “Инновация” ұғымынна талдау жасап өтейік. Әр кімде, «Инновация» дегеніміз не? Ол қайдан шыққан? Оның негізі неде? Оқытуда қаншалықты маңызды? деген сұрақтар туындауы мүмкін. Ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Э.Раджерс инновацияны өз пікірнше былайша түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс . Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Белгілі мәліметтер бойынша, инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізіліді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Осыған орай, Масырова Р. мен Линчевская Т. “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея»,-дейді, яғни инновациялық технологияның негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асыру.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
– дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
– қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
– оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
– саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады. [2]
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын талдай келе, бұл ұғымның түп-төркіні белгілі бір уақыт аралығында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп бекіттік. Ертеде қолданылып жүрген идеялар мен жаңалықтар жаңа бағытта ұсынылса, соның өзі инновация дегенді түсіндіреді. Инновация білім деңгейінің барынша көтерілуіне септігін тигізеді. Оның өмірге келуі мектептің өздігінен жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырта отырып қана, мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық еңгізу кез-келген мектептің жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге байланысты өт қажет:
Сапа менеджменті жүйесі терең, тиянақы білім беруді талап етуіне орай озық технологияларды пайдалану.
Қазіргі заманғы және сапалы білімді қалыптастыруға ықпал жасайды.
Инновациялық қызмет педагогтің кәсіби өсуін , тұрақты өзін – өзін жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп, зерттеп игеруін қаматамасыз етіп, шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады.
Инновациялық білім педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игереді..
Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптасытырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. [1].
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Кейінгі кезде ғалымдар өз еңібектерінде оқу-тәрбие процесіне жаңалықтар еңгізу мәселесін қарастыруда . Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады. Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту процесіне жаңа технологияларды еңгізуді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі әлі де болса нақтыланып, бір жүйеге келтірілмеген дүние.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру, басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы. Міне, барлық аталған оқыту технологиялар нақ осы инновациялық технологияның өзі. Әр қайсысының білім беру процесінде жеке орны, маңызы, ерекшелі және кемшілктері бар. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектесетіндігі һақ.
Еліміз егемендік алған жылдан бастап, білім беру ісіне аса мән берілуде. Қазіргі ақпараттық ғаламдастыру дәуіріне сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға ерекше назар аударылуда. "Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.
Инновациялық білім беру құралдарына:
- аудио-видео құралдар
- компьютер
- интерактивті тақта
- интернет
- компьютер – мультимедaялық құрал
- электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады, бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.
Модификациялық инновация - бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. [3]
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру;
оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу .
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
Саралап оқыту;
Дамыта оқыту;
Деңгейлеп оқыту;
Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
Модульдік оқыту;
Блок-модульдік оқыту;
IV бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару.
Дәріс 26 Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау. Әдістемелік жұмыс – мұғалімнің кәсіби, ғылыми-теориялық, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған кешенді үрдіс.
Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің құрамдас бөлігі. Әдістемелік жұмыс бұл өзін-өзі жетілдіру үшін ұйымдастырылған топтық, жеке және ұжымдық кешенді үрдіс. Ол оқу-тәрбие үрдісін басқарудың, мұғалімдердің жоғары әдістемелік мәдениетін, еңбек сапасының нәтижесінде тәрбиелеудің маңызды әдіс-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыстың талаптары көптеген ғылыми еңбектерде қаралады.
Ю.К.Бабанскийдің «Методическая работа в школе: организация и управление. Рекомендации для руководителей школ. М., 1988» еңбегінде зерттеліп келтірілген. Олар: әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенділігі, шығармашылығы, теория мен практиканың бірыңғайлығы.
Әдістемелік жұмыс оқу жылына жоспарланып, екі айда бір отырыс жүргізіледі. Онда озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, ашық сабақтар талқыланады, сабақтың түрлері, дөңгелек стол, іс ойындар, сынып аралық сабақтастық т.б. қаралады. Ғылыми конференциялар, педагогикалық оқулар дайындап өткізу, жаңа келген жас мұғалімдермен жұмыс жүргізіледі. Әдістемелік жұмыс педагогикалық үрдістің құралы ретінде қарауымызға байланысты оның ғылыми еңбектерде критерийлері (белгілері) анықталған.
Бірінші критерийі (белгісі)– нәтижелілігі. Бұл арада әрбір оқушының жеке басының ерекшелігі ескеріледі және оқу мүмкіндігіне қарай оқушының «жақын даму зонасын» анықтауға бағытталады.
Екінші критерий (белгісі) – уақытты тиімді пайдалан білуі, экономия жасау, оқу-тәрбие үрдісінде мектепте мұғалімнің шеберлігінің өсуі уақыттың тиімді пайдалануынан шығады.
Үшінші критерий (белгісі) – мұғалімнің өз еңбегіне қанағаттану. Егерде мектепте моральдық –психологиялық жағдай қалыпты болса, жауапкершілік, міндет, қызығушылық мотивтері үнемі мұғалімнің жұмысында қалыптасатын болса, онда мұғалімнің табысты жетістікке жетуге әбден болатыны анық. Мектепте әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестіктері, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
мұғалімнің мәдени дайындығы;
кәсіби-білім деңгейі;
мәдениеттілігі;
диагностикалық қабілеті;
ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстар көптеген факторларға байланысты өзгеріп
отырады. Олар: білім беру саласындағы заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейінің өсуі, диагностикалық жұмыстар, мектептегі моральдық-психологиялық жағдайлар, т.б.
Педагогикалық ұжымға ықпал жасау бұл шығармашылық белсенділік ортаны жасауға, оларда жайлы психологиялық райлы қалыптастыру мақсатында педагогикалық ұжымға ықпал жасау тәсілдері. Осы мақсатта көптеген көңіл мынадай мәселелерге бөленеді, ұжым мүшелерінің арасында қоғамдық және педогогикалық жұмыс көлемін қалай қолайлы дұрыс бөлу, сабақ кестесін жасау, олардың уақытында ұқыпты қарау еңбекті ғылыми ұйымдастыруды Е.Ғ.У. ендіру, қайсылары жоғарыда көрсетілгендей табысты шешуге мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді табысты шешуге бағытталған педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесінде осы қосымша арнайы әдістер анықталған. Оларға жататындар мыналар: келешегі мол саланы ұсыну, мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, бірыңғай талап, дәстүрлер, қайсылары белсенділікті көтеруге, өзара көмекке еңбек ұжымдары мүшелерінің арасындағы жолдастыққа бағытталған.
Болашақ бағытты ұсыну. Бұл ұжым мүшелерінің мектептегі педагогикалық үрдісті жетілдіруде мұғалім шығармашылдығының жөнге келтіру жағдайын жасаудағы іздену қызметіне тарту тәсілдерінің бірден бірі. Бұл жұмыс, еңбектің ұжымдық шығармашылдық жолымен, ұжым жұмысын жалпы мектептік методикалық белгілі тақырып бойынша ұйымдастыру, барлық жұмысты келешегі мол жоспарлау жолымен жүзеге асырылады.
Мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру. Мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, мұғалімдердің өзара бірін – бірі ғылыми теория, әдістемелік жағынан байыту, өзара көмектесу және бірлескен қызметті асыру нәтижелілігі.
Қазіргі мектепте мұғалімдердің ынтымақтастығын мынадай түрлері кеңінен өріс алды: жас мамандардың сынақ ісі, озат тәжірибе мектебі, жетекші, өзара сабаққа қатысу сияқты т.б. оқу-тәрбие оқулары.
Бірыңғай талаптар. Бұл әдіс мұғалімдерге және оқушылрға біріңғай талаптарды жалпы келісу жолымен жүзеге асырылады. Алдыңғы қатардағы мектептерге қойылатын біріңғай талаптардың тізімі жасалуда.
Дәстүрлер. Дәстүрлер ұжымдық құндылықты бекіту тәсіліне жатады. Іс жүзінде кең көлемде осы әдістің мынадай әртүрі қолданылады: мейрамдарды бірге өткізу, салтанатты мәжіліс, көркемөнерпаздар концерті, ардагерлер мерекелері, озат мұғалімдерге құрмет көрсету, жас мамандарға арналған кештер т.б.
Дәстүрлер ұжымның даму дәрежесін көрсетеді, оны бекітеді, оның өмірін көбірек тиянақты, бекім жасайды. Эмоцияға бай, ал адамгершілік мөлшерімен өлшемі тым ұтымды әсерленеді.
Жоғарыда айтылған сияқты, әлеуметтік басқарудың кез-келген үрдісі мақсатқа сәйкес бағытталған сипат алады. Бірақ, мақсат жүйенің болашағын жобалау ретінде, тек бұл жүйенің болып өткен қызметінің қорытындысын талдау, қашан әлі шешімі қабылданғанға дейінгі қалыптасқан келелі мәселелер қисынға келтірілуі мүмкін. Бұл, демек, әртүрлі басқару циклі мәліметтерді қабылдаумен аяқталады, қайсысы жаңа басқару циклі үшін алғашқысы болуында. Мектепті басқаруда педагогикалық талдаудың, оның мәнінің дербес функциясының бар болуын, ролін және орнын Ю.А.Конаржевский сендіре көрсетеді.
Әрине, мектепті басқарудың іскерлік қызметіне бақылау қай жерде аяқталады және қай талдану басталатынын айыру өте қиын. /қайта жоспарлау аяқталады және қайта ұйымдастыру басталады сияқты/. Бірақ бақылау кері байланысты қамтамасыз етеді, кері мәліметтің бірден бір негізгі жолына қызмет етеді, сонымен басқару қызметінің қорытындысын /нәтижесін/ тану үшін белгілі жағдай жасайды, танымның өзін педагогикалық талдауға айналдырады. Егер бақылау «Не болды ?» деген сұраққа жауап берсе, онда педагогикалық талдау – «Бұл неліктен болды ?» деген сұраққа жауап береді. Ал бұған жауап, жат оқиғаның біліну себептерін жою немесе анықталған жағымды оқиғаны дамыту мақсатын көздейді.
Мектептің оқу-тәрбие қызметін маманданған педагогикалық талдау жүйесімен қамтамасыз ету, мектепті басқару органдарының әрқайсысының бірінші дәрежедегі мақсаты болады, себебі, талдаудың қорытындысында оқу-тәрбие процесін жетілдірудің нақты ұсыныстары жасалынады. Осыған орай мектеп жұмысының соңғы нәтижесін талдаудың ғана үлкен маңызы бар емес, сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісінің барысындағы процеске мақсат қою арқылы стильді, әдісті, жеке мұғалімдердің және барлық педагогикалық ұжымның жұмыс тәсілін көруге болады.
Мектепті басқару тәжірибесінде педагогикалық талдаудың нағыз әр алуан түрлері қолданылады. Объект бойынша жүргізілген талдауларда оның келесі түрі танылады: мектеп жұмысын тұтас, басқаларын кіші жүймен /мысалы, бастапқы бөлім т.б./, оқу-тәрбие үрдісін тұтас, оның жеке бағыттарын оқу-тәрбие үрдісінің жеке элементтерін /сабақ, тәрбие шаралары/ т.б. талдау. Субъект бойынша жүргізілген мектеп әкімшілігінің талдауын, жоғарғы органдардың жүргізген талдауын айырып тануға болады.
Мақсат бойынша мүмкін: қызметті бағалау мақсатындағы талдау, нәтижені жинақтау және міндетті анықтау, оқу-тәрбие үрдісіндегі «тар орынды» жою, педагогикалық озат тәжірибені табу, сабақ берудің сапасын, оқушылардың білім сапасын, тәрбиелік дәрежесін анықтау т.б. Көлемі жағынан талдау толық, қорытынды, тақырыптық немесе жергілікті, қосметрлік /параметрический / болуы мүмкін. Педагогикалық талдау өзінің қайталануы бойынша мезгілге, бір жолдыққа, қолма-қолдыққа немесе кезектегіге бөлшектенеді.
Әртүрлі ақиқатты, оқиғаны, дамуды зерттеу, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын табу нәтижесінде маңызды қорытынды қалыптасады және жаңа басқарушылық бөлімінің мақсаты анықталады. Ал, бұл жоспарлау функциясы үшін міндетті шарт болып табылады.
Дәріс 27 Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау Бұл топқа мынадай ұйымдастыру – педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін жатқызуға болады: педагогикалық кеңес, кәсіптік қатынас, нұсқаулар.
Педагогикалық мәжіліс. Қазіргі мектептерде педагогикалық мәжілістің мынадай түрлері бекітілді: педагогикалық кеңес, мектеп кеңесі, әдістік кеңес, өндірістік мәжіліс, директор жанындағы мәжіліс, әдіс бірлестігінің отырысы, педагогикалық мәслихат (консилиум) педагогикалық жылдамдық (оперативті).
Бұл әдіс оқу-тәрбие үрдісінің маңызды мәселелерін шешуде, оның дәрежесін көтеруде, маңызды және күрделі келелі мәселелердің алқа шешімімен қабылдауға мұғалімдердің белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Кәсіптік қатынас. Кәсіптік қатынас, басқару әдісі ретінде жұмыс тәжірибесін алмасу тәсілін ұйымдастырушы, педгогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектепте таратушы болуы. Мұғалімдердің педагогикалық қатынасын ұйымдастыру ең алдымен ұжым мүшелерінің мамандығын көтеруге бағытталған. Кәсіптік қатынастың мынадай түрлері өздерін жоғары нәтижелілігімен көрсете білді: педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференция, педагогикалық көрме, ашық, панорамды сабақ, ашық тәрбиелік жұмыстар.
Әлеуметтік-педагогикалық қатынастар.
Педагогикалық ұжымға ықпал жасау бұл шығармашылық белсенділік ортаны жасауға, оларда жайлы психологиялық райды қалыптастыру мақсатында педагогикалық жұмыс көлемін қалай қолайлы дұрыс бөлу, сабақ кестесін жасау, олардың уақытына ұқыпты қарау, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды ендіру, қайсылары жоғарыда көрсетілгендей табысты шешуге мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді табысты шешуге бағытталған педагогикалық ұжымдардың жұмыс тәжірибесінде осы шараларға қосымша арнайы әдістер анықталған. Оларға жататындар мыналар, келешегі мол саланы ұсыну, мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, бірыңғай талап, дәстүрлер, қайсылары белсенділікті көтеруге, өзара көмекке еңбек ұжымдарының мүшелерінің арасындағы жолдастыққа бағытталған.
Психологиялық-педагогикалық әдістер.
Психологиялық-педагогикалық әдістер ең алдымен ұжым мүшелерінің жеке басының мінез-құлқына, олардың жауапкершілік сезімін бекітуге, мұғалімдердің белсенділігін көтеруге, ықпал жасайды. Олардың ортасына мынадай бекітілген тәсілдердің үлкен мағынасы бар: сенім, жеке үлгі, мадақтау, сын, өзара сын.
Сенім. Сенім үрдісінде ерекше роль дәлелдемеге және дәлелге жатады. Сенімнің ең көп таралған түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, иландыру, үгіттеу, насихаттау, кеңес беру, тәрбиелік шаралар ретінде, мәжбүр ету.
Жеке басының өнегесі. Тәрбие мекемелерінде әрбір қылықтың мәні қоршап тұрған орта үшін жағымды немесе жағымсыз өнегесі болуы мүмкін. Адамның жеке өнеге әдісі, педагогикалық шеберліктің үлгісін, қызметтің дайын түрлерін ұсына отрып, мысалы, мектеп басшыларының жиі ашық сабақ жүргізуі, сын және өзара сын құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Мадақтау. Қазіргі кезде мектепте моральдық және материалдық мадақтау мен сыйлықтардың әр алуан түрлері қолданылады: мақұлдау, көмектесу, алғыс айту, сыйлық беру, өкілетпен жіберу, ерекше белгілер, құрметті атаққа, өкімет сыйлықтарына ұсыну т.б.
Сын және өзара сын. Сын және өзара сын, жолдастық ықпал жасау арқылы ұжым мүшелерінің жұмысындағы жағымсыз жақтарды, әлі де пайдаланылмаған қорды ашу жолы тәсілімен қателіктерді жібермеу мақсатындағы жаңа мүмкіндіктерді түзету, өзара талап қою жағдайын жасау, еңбек жағдайын жақсарту болады. Әдептілікпен әрбір жеке адамға тілектес қатынас, жағдайды жақсарту іскерлігі және қайшылық жағдай кезінде қатынасты жөндеу.
Мектепті басқарудың жергілікті (жеке) әдістері.
Мектепті басқарудың әрбір функциясы өзіне тән әдісі, тәсілі және алдында тұрған міндеттерді шешудегі өзінің құралдары бар. Олар жергілікті әдіс деген ат алып, жеке қарастырылады: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, педагогикалық талдау және басшылық әдістері.
Жоспарлау әдісі. Басым көпшілік авторлар мектеп және аудандық (қалалық) оқу бөлімдерінің әрқилы жоспарлауға қойылатын талаптар санын анықтайды. Дегенмен мектептануда жоспарлаудың жеткіліксіз жасалғандығы байқалады, кезегінде бұл мектепті басқару жұмысының іс тәжірибесіне жағымсыз әсер жасайды.
Мақсатты бағдарлама тәсілдері. Бұл жоспарлаудың кез келген сапасын көтеруде ең нәтижелі әдіс. Мақсаттық-бағдарлама тәсілі бойынша жоспарлау, алынған мәселені кешенді шешу әржақты қарастырылады. Осы тәсіл арқылы мүмкіндік пен жағдайларды ақылмен пайдаланса, ұжымның бағыты соңғы нәтижеге жетеді.
Үлгілеу. Үлгілеу әдісі жолымен жұмысты жоспарлау үшін мәнінде жобалауға айналады және болашақ педагогикалық жағдайларды, белгілі мақсатқа сәйкес еңбек үрдістерінің болашақ үлгісі өзінен-өзі жасалады.
Үлгілеу әдісі жоспарлауда келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: ұжымның болашақ жағдайын оймен көз алдына келтіру(ықылас), жоспарлау кезеңіне қойылған мақсаттан шығады, ұжымда ықпал жасаудың әртүрлілігін құрастыру және қойылған міндеттерге сүйене отырып шаралардың жоспарын жасау, жоспарланған шаралардың күні бұрын ойластырылған нәтижесін жобалау, жақсы варианттарды таңдап алып және шараларды негіздеу. Өздеріңіз көріп отырғандай үлгілеу басқа жоспарлау әдістерімен тығыз байланысты, әсіресе жобалаумен.
Жобалау. Жобалау үрдісі күні бұрын көре білуді көрсетеді, сол немесе басқа объектінің болашағының әрі қарай даму заңдылығын білім негізінде күні бұрын айту. Осы арқылы тек қана келешек жағдай ғана айқындалмайды, сонымен бірге аралық топшылау жүргізіледі, сол арқылы тілеген жағдайына жету жалпы күні бұрын болжанып, жүзеге асырылады (жоба мөлшері).
Күні бұрын жобалау мына кезеңдерден тұрады: мектеп және оны қоршаған ортасының дамуының өткеніне шолу, жоспарлау кезінде ең жатық және ұқсас мүмкіндіктерін және олардың даму бағытын анықтау; жаңа факторге ықпал жасайтын мүмкіндіктерді табу; негізгі өлшемдер бойынша (үлгілеу) варианттар есебі; дәлдігін және дұрыстығын, сондай-ақ жобалаудың негіздігін (верификация) бағалау, аралық есепті анықтау (жету жолын); қолайлы болжауды (шамалауды) таңдап алу және оны жоспарға қосу.
Мектептегі ұйымдастыру әдістері.
Көп жылдық іс-тәжірибені талдау, мектеп және халық ағарту органдарының басшыларының ұйымдастырушылық қызметіндегі озық тәжірибені зерттеуде, мектепті басқару жүйесіндегі ұйымдастырудың мәніне тым тереңірек енгенде бұл қызметтің негізгі әдістері ретінде белгілеуге себепші болды. Осындай үнемі қолданылатын жұмыс тәсілдері: тәртіп белгілеу, мектептерді бөлісу, жетекші нұсқау беру, дәлелдер, басқарушылық және келістіру.
Педагогикалық бақылаудың әдістері.
Мектепті басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде айтарлықтай көңіл мектепшілік және инспекторлық бақылау функциясының әртүрлі көзқарасын қарастыруға бөлінеді. Мектептану саласында жұмыс істеп жүрен зерттеушілер бақылаудың мазмұнын ашу мақсатына арналған көптеен еңбектер жарық көрді. /М.Г.Захаров, Н.А.Шубин, Т.И.Шамова/ олардың әр алуан түлері /Гайдуллин Г.Г. , Штыкало Ф.Е./ тексерушілердің жұмыс әдістері. Іс тәжіибені талдау көрсеткендей педагогикалық бақылаудың негізгі әдістері, есеп беруді тыңдау, байқау, бақылау жұмыстары, әңгіме, мектеп құжаттарын тексеру, сырт пікірлерді зерттеу болады. Негізгі осы әдістерден басқа, ектеп басшылары және инспекторлары мектеп жұмысының жекелеген бағыттарын бақылауды жұмыстың жекелеген ерекше әдістерін қолданады. Бақылау функциясының нәтижелігі соға жетеді, қайда кешенді әдісті қолдану қамтаасыз етілсе, педагогикалық бақылаудың мазмұнын және мақсатын есепке ала отырып, олардың өздерінің әртүрлі үйлесуін, бақылаудағылардың жеке ерекшеліктері және қалыптасқан жағдайлары дер кезінде пайдаланылса.
Педагогикалық талдаудың әдістері.
Педагогикалық талдаудың маңызын зерттеуде, мектеп басқару функциясының өз алдына ерекше түрі ретінде белгілі үлес қосқан профессор. Ю.А.Конажевскиий, педагогикалық талдаудың міндетін, оның құрылымын және негізгі түрлерінің орны мен ролін көрсетті.
Мектеп жұмысында және халық ағарту бөлімдерінің іс-тәжірибесінде мынадай педагогикалық талдаудың негізгі түрлері асырылуда, мысалы, қолма-қол өлшеу /оперативный параметрический/, /ең маңызды өлшеу бойынша бір күнге, жетіге, күнделікті үлгерім, сабаққа қатысу, тәртіп жағдайын/; бір жолдық тақырыптық/оқытудың сапасы, класс жетекшілерінің жұмыс жүйесі, тәрбиешілер, білім сатысы, іскерлік дағды, тәрбиелік дәрежесі/, мерзімділік кешен/тоқсандық, жарты жылдық жұыстардың және емтихан мен оқу жылының қорытындылары/.
Педагогикалық талдаудың осы барлық түрі бойынша жүзеге асыру жүйелі орналасқан келесі сатыларды өтуді қарастырады.
1.Алдын ала хабардар болу /ақпарат жинап оны үстіртін топтастыру, оқылған тақырыпты, процесті/, қабылдау;
2. Тақырыптың мазмұнын талдап ашу/ құрайтын бөліктерді зерттеу, оладың пайда болу себептеін анықтау, оларға ықпал жасайтын шарттарды беліле/.
3. Тақырыптың құрылымын талдап бенелеу / жетекші бөліктерді белгілеу, бөліктер мен шарттардың өзара баланыстыра және олардың пайда болуын, жетекші бөліктердің негізіне жататын негізгі себептерді анықтау/.
4.Тақырыптық талдаудың толық бейнеленуі/бөліктерді жинақтау, құрамды бөліктерді, шарттарды, себептерді біріктіру , ұсыныстар мен қорытындыларды дайындау/.
Педагогикалық талдауда көрсетілген түрлер мен сатылар бойынша жүзеге асырудың барысында ең әр алуан түрлерімен әдістері қолданылады, олардың ішіндегі негізгілері, математикалық есеп-қисап /статистика/, салыстыру жалпы қорытынды жүйелі әдіс.
Дәріс 28 ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері. Мектепті басқаруда екі негізгі жоспарлаудың түрін айырып тану. Бірінші түрі – мектептің дамуын жоспарлау: оқушылардың құрамын, кадрге қажеттлігін, мектептердің оқу-материалдық базасының негізгі қорын анықтау т.б. Бұл жұмысты негізінен мектеп басшыларымен біріге отырып, негізінде жоғары басқару органдары жүргізеді.
Екінші түрі: Бұл түрге мектептің, аудандық, қалалық оқу бөлімдерінің жұмысын жоспарлау жатады, дегенмен, бұл жоспарлар өзара табиғи байланысып жатады.
Басқару принциптерінің жүйесінде жоспарлау жұмысына жетекші орын беріледі.
Бақылаудың негізі-жоспар.
Жалпы білім беретін мектепте жоспарлау бүкіл оқу-тәрбие үрдісіне ықпал жасаудың өте маңызды ұйымдастырушылық күші болып табылады. Жоспар педагогикалық ұжым жұмысының барлық жағын қамтиды. Мектептің де, халыққа білім берудің басқа да мекемелері жұмысының жемісті болуы басшылардың педогогикалық коллектив жұмысын жоспарлауды қаншалықты ғылыми негізде жоспарлай білуіне байланысты.
Жоспарда мектептің бүкіл педогогикалық ұжымы шешпек басты міндеттері белгіленеді, оларды іс жүзіне асырудың негізгі әдіс, амалдары нақтыланып, орындаушы күш, олардың міндеттері анықталады. Терең ойлана жасалған жоспар мектептің басты міндеттерін ойдағыдай шешуге, перспективаларды дәл болжауға мүмкіндік туғызады. Жоспарда жеке шараларды, оларды орындау мерзімін және жауапты адамдарды ғана көрсетіп қоймай, ең алдымен нысаналы нәтижелерге жетудің үнемді және ең қысқа мерзімде жетудің неғұрлым ұтымды амалдары қарастырылады. Мектеп жұмысын жоспарлауға және оны орындауға мектептің бүкіл педагогикалық ұжымы қатысуы тиіс. Жоспарда мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың ой-пікірлері неғұрлым толығырақ көрсетілсе, демократия да соғұрлым кемелді болмақ.
Өз дәрежесінде ұйымдастырылмаған кез-келген жоспар, кез-келген басқарушының шешімі «ауада ілінуі» деген сөз, ал бұл барлық басқарушылық еңбекті жоққа шығару. Сондықтан аса қиын емес, тегі алынғн жоспарларды, бағдарлама мен шешімдерді жүзеге асыру тәжірибе үшін өте маңызды болады. Сондықтан, ұйымдастыру функциясы маңызды мағына алады.
Дәріс 29 Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
қоғам дамуының қарқындылығы;
постидустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі,;
халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
қоғамның демократиялануы;
экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.
Қазақстаның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
ІІ. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Дәріс 30 . 12 жылдық орта білім беру құрылымы
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:
жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен;
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
оқытудың сабақтастығы;
әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты
жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы – 6 жас
Оқыту ұзақтығы – 4 жыл.
1-сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы мектептегі бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3 - саты
Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 2 жыл
Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:
Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;
Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру;
Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді оқыту сыныптары.
Өңірлік ресурстық орталық – материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО, колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.
(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық – айналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.).
Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстық БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-интернат;
интернат типіндегі пансионат – шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына қарай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.
ІV. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:
білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;
танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;
білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: “Тіл және әдебиет”, “Математика”, “Жаратылыстану”, “Қоғамтану”, “Технология”, “Өнер”, “Дене шынықтыру”, “Адамтану”.
Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.
Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент ( оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған “Зерттеу мәдениетінің негіздері” атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12 сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модулдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |