Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Күнтізбелік – тақырыптық жоспар



бет7/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

10


Күнтізбелік – тақырыптық жоспар





Сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Теория
лық

Практикалық

Апта



1

8 – бөлім. Тақырып 8. 1 Баланың сөйлеу және ақыл –ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер

2







2

Тақырып 8. 2 Мектепке дейінгі баланың сенсорлық дамуы

2







3

Тақырып 8. 3 Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейіні

2







4

Тақырып 8. 4 Мектепке дейінгі шақта естің дамуы

2







5

Тақырып 8. 5 Мектеп жасына дейінгі баланың қиялы

2







6

Тақырып 8.6 Мектепке дейінгі жастағы баланың мінез –құлық мотивтерінің мазмұны

2







7

Тақырып 8.7 Мектепке дейінгі жастағы баланың қабілеті

2







8

Тақырып 8.8. Сезімдердің дамуы

2







9

Тақырып 8.9 Еріктің дамуы

2







10

Тақырып 8.10 Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау

2










5 - семестр бойынша барлығы 20 сағат

20







11

Тақырып 8.11 Баланың мектепке психологиялық
дайындаудың диагностикасы




2




12

9 – бөлім. Арнаулы психология
Тақырып 9.1 Арнаулы психология туралы жалпы түсінік

2









13

Тақырып 9.2 Арнаулы психологияны педагогикада қолданудың ерекшелігі




2




14

Тақырып 9.3 Сурдопсихология

2







15

Тақырып 9.4 Есту қабілеті зақымданған балалардың даму ерекшеліктері

2









16

Тақырып 9.5 Арнайы (түзету) топтарында қолданылатын зерттеу әдістері




2




17

Тақырып 9.6 Тифлопсихология

2







18

Тақырып 9.7 Тифлопсихологияда қолданылатын түзету әдістері




2




19

Тақырып 9.8 Олигофренопсихология

2







20

Тақырып 9.9 Патопсихология




2







6 – семестр бойынша барлығы 20 сағат

10

10







ІІІ – курс бойынша барлығы 40 сағат











ЛЕКЦИЯЛЫҚ КОМПЛЕКС
8 – бөлім.
Тақырып: Мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл –ойының дамуы
Жоспар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл -ой тәрбиесінің дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері

  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің зерттелуі

Тірек сөздер: ақыл –ой тәрбиесі, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, сенсорлық тәрбие, таным процестер
Лекция 1
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.Мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл – ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ақыл-ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы және тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетіндепайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестерді жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді.
Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл –ойды неғұрлым тиімді дамыта оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері –білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.
Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары : бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын , шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі- балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы – айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды.
Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін, дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған: алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды.Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады, -деп қорытқан.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикасы толық жетіліп қалыптаспағаны, қоршаған дүниені әлі толық танып-білмегені, сондықтан оның сөздік қоры да шамалы екенін барлық дерлік психологтар көрсетіп отырған.Т.Тәжібаев ол туралы былай деген: Мектепке дейінгі бала заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын толық аша алмайды.Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды — деген.Бұдан жас бала затты танығанмен, оның қасиетін бірден біле алмайтыны анықталды, олай болса заттың ішкі сырын ашуға тәрбиешінің көмегі керек екені анықталды. Ал психолог Қ.Жарықбаев: Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын, үлкен- кішілігін көреді.Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады -деп көрсеткен. Психолог ғалым М.Мұқанов қоршаған дүниеде заттар көп, олардың ұқсастығы да, айырмашылығы да бар.Мектеп жасына дейінгілердің таным әрекетінде қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі тәртіпсіз көрінеді.Оны қабылдау үшін ойша тәртіпке келтіруді ұсынады. Ойша тәртіпке келтіру деп отырғаны мынау:құбылыстар мен заттар тым шексіз, түрі мен қызмет жағынан ұқсас болып келеді.Заттар мен құбылыстардың осындай ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, топтастырып отыру қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік беретінін айтады.Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білу қажет. Үшіншіден, заттың салмағын, көлемін ұзын не қысқа екенін өлшемей-ақ білмесек, онда ортамызға бейімделу қиынға соғар еді.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі – ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы түние туралы түсінігі кеңейіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, , тілдің дамуына әсер етеді.
Ақыл- ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі – оқыт процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, жауапкершілігін , тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы – еңбек.
Еңбек арқылы бір бала түрлі құбылытармен олардың пішіндері , көлемдері , сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.
Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері : табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйыдастыру , әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелесу ,
көрнекіліктер пайдалану., қызықтыру т.б.
Ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше «Сенсор» латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным -ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері -ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады.
Сенсорлық тәрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрлі –көркем сурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді , өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.
Сенсорлық тәрбие мазмұны – баланың үстерді ажырата алуы, олардың ренктері туралы яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе ренк пайда болатынын үйрету. Сондай-ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады. мектепке дейінгі шақта «алға-артқа» , «жоғары-төмен », «алыс-жақын», «солдан- оңнан» т.б. кеңістік туралы түүсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдары: «кеше», «бүгін», «ертең» т.б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап , ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін дамыту енеді. Сондай-ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы, ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір -бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б.деп дұрыс атай білуге үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет