Курстың мақсаты: Білім алушыларға психология ғылымының теориялық негіздері мен мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму заңдылықтарын меңгерту.
Пәнді оқытудың міндетіне:
мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл –ойының дамуының ерекшеліктерін меңгеру;
негізгі ұғымдары мен категориялары туралы білім қалыптастыру;
мектеп жасына дейінгі балалардың мінез –құлық мотивтерінің жас ерекшелігіне сай өзгеруін ескеруді үйрету;
баланың сезімдерінің, еріктің даму заңдылықтарын игеру;
мектептегі оқытуға баланы психологиялық дайындауға байланысты кезеңдерін игерту;
арнаулы психология ғылымының ерекшеліктерімен танысу;
Күтілетін нәтиже: пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар мектеп жасына дейінгі баланың ақыл- ойының дамуын, баланың сөйлеу және сенсорлық дамуын, мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні, естің, қиялының дауының ерекшеліктерін, баланың қабілеті, сезімдері, еріктің даму заңдылықтарын, мектептегі оқытуға баланы психологиялық дайындауды, арнаулы психология салалары мен ерекшеліктерін біледі, игереді.
Құзыреті: баланың психикалық дамуын қалыптастыратын іс – әрекеттерді орындауға; жеке тұлға дамуының психологиялық ерекшеліктерін және тұлғааралық қарым – қатынас жағдайларын адекватты қабылдап, жағымды психологиялық климат туғызуға; ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерінің даму резервін ашуға, баланың психологиялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға; психолоогиялық тестілер мен әдістемелер, сауалнамаларды жүргізуге, олардың нәтижелерін өңдеуге құзыретті.
Пәннің постреквизиттері: пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: мектепке дейінгі педагогика, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, логопедия негіздері, баланың мектептегі алғашқы күні тәжірибесі, анатомия, физиология және балалар гигиенасы.
Пәннің пререквизиттері: Жалпы және салыстырмалы психология пәндерімен пән аралық байланысты орната отырып меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |