Нурлигенова
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының
оқытушысы, педагогика
ғылымдарының магистрі
е-mail: sauresch_nur@mail.ru
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ АЙНАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. ЖӘНІБЕК ЖӘНЕ КЕРЕЙ СҰЛТАНДАР – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ БАСТАМАШЫЛАРЫ
2015 жыл Қазақстанның тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойын атап өтуі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың қазан айындағы Астана қаласының белсенділерімен кездесуде: «1465 жылы Керей мен Жәнібек бірінші хандықты құрды және де қазақтардың мемлекеттілігінің құрылу тарихы сол уақыттардан бастау алады. Мүмкін, ол қазіргі термин түсінігі тұрғысынан алсақ ол мемлекет болмағанда шығар. Алайда, бұл туралы сол дәуірдегі барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Сол уақытта мемлекетіміздің негізі қаланған, ал біз ата-бабаларымыздың ұлы ісін жалғастырушымыз. Бүгінде біздің мемлекетіміз барлық таяу мемлекеттермен сан ғасырлық достық пен тату көршілестік дәстүрін сақтап келеді. Біз бұл қарым-қатынасты әрдайым сақтауымыз қажет» - деп атап өтті [1].
1465 жылы Керей және Жәнібек сұлтандар Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, бірінші қазақ мемлекетін – Қазақ хандығын құрды. Қазақ хандығын құрған уақыттан бастап, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму кезеңіне дейінгі тарихи оқиға аса зор әлеуметтік және мәдени құндылықты көрсетеді. Біздің мемлекетіміздің тарихы қазақ даласының атақты тұлғаларының өмірі мен қызметіне арналған көптеген бөлімдерден тұрады. Керей, Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов. Олардың барлығы әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі Қазақстанның қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты.
Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігінің құндылығын саралап және оны құрметтеу үшін оның тарихының әрбір парағын зерделеу қажет. Сонда ғана біздің жас ұрпақ, біздің еліміз – ол біздің ата-бабаларымыздың жеріміз үшін басқыншылармен күресіп, халқының жарқын болашағы үшін өзінің дінін сақтап қалғанының нәтижесі екендігін түсінеді [2]. Осыған орай 2014 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов қол қойған «2015 жылғы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы» қаулысы қабылданды.
Қазақ хандығының құрылуы XIV–XV ғ.ғ. Қазақстан аумағында болып жатқан ішкі әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Көшпелі және отырықшы халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ руы мен ұлыстарының этникалық бірігуіне, халықтың басының қосылуына себеп болды. Бұндай жағдайлар қазақ мемлекетінің қалыптасуына септігін тигізген.
Мұхамед Хайдар Дулатидің пайымдауынша «... қазақ сұлтандарының басқаруы Хижраның 870 жылынан бастау алады» » [3, 108 б], ол 1465/1466 ж.ж. сәйкес келеді. Керей мен Жәнібек Шу-Іле алақаптары мен іргелес аудандарында Қазақ хандығының негізін құрды. Көшіп қону XV ғасырдың 50-шы ж.ж. ортасынан 60-шы ж.ж. соңына дейін жалғасты. Қоныс аудару процесі 1468 ж. Әбілхайыр ханның қазасынан кейін және оның мемлекетінің құлағанынан соң күшейді. Жәнібек пен Керей Монғолстан аймағының шекарасында өздерінің мемлекеттерін құра отырып, көптеген әскери күші бар және де Жетісуға орныққан олар Дешті Қыпшақ билігі үшін Әбілхайыр хан ұрпақтарымен күреске шығады. Жаңа қазақ хандығының қалыптасуы әдеттегі формула бойынша жүзеге асты [4, с. 35].
XV ғ. кейінгі онжылдығында Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып, аумағы жағынан кеңейді. Тарих сахнансынан Шығыс Дешті-Қыпшағындағы Әбілхайыр ханның хандығы түсті.
XV ғасыр аяғы және XVI басында көшпенді өзбек қолбасщысы ӘбілхайырМұхаммед Шайбанимен шайқаста Мәуераннахардағы билігін толық жоғалтқан Тимуридтер мемлекетінің саяси және әскери қуаты әлсіреді. Моғолстан бірнеше феодал иеленулерге шын мәнінде бөлінді. Ататекке сәйкес Жәнібек пен Керей жақын туысқандар болды. Екеуі де Ұрыс ханның тікелей ұрпақтары болды және билеу құқығына ие болды, біреуі Барақ ханның тікелей ұрпағы ретінде (Жәнібек – Барақ хан – Құйыршық оғлан – Ұрыс хан), екіншісі – жас бойынша үлкені ретінде (Керей – Болат сұлтан – Тоқтақия сұлтан – Ұрыс хан).
Қазақ хандары Әбілхайырөлімінен кейін бір сәтте елдегі билік үшін күреске таласты. Олардың негізгі жаулары Әбілхайырханның мұрагері – ұлы Шайх-Қайдар және немересі Мұхаммед Шайбани және Махмұд-сұлтан. Шайх-Қайдар өлімінен кейін Әбілхайырнемерелері Түркістанға қашты, онда тимурид билеушісінің өкілі Мазид-тарханнан көмек алды. Дәл осы аймақта XV ғасырдың соңғы үштігінде Қазақ хандығында оның алдағы тағдырын шешкен маңызды оқиғалар орын алды. Сырдария маңы және Қаратау аймақтары Батыс Жетісуда қазақ хандығы иеліктеріне жақын орналасқан. Жәнібек хан мен Керей хан алдымен бұл жерлерге құқығын бекітуге талпынды, оның ішінде Созақ, Сығанақ және т.б. қалалары. Жошы-хандардың күресі тек Шығыс және Дешті-Қыпшақ жерлері үшін ғана емес, дала жерлерінде, Түркістанда өрістенуінің негізгі себебі – осы аймақтың экономикалық және стратегиялық мағынасы. 70-жылдары Сауран, Созақ және Соғынлық асуы түбінде Қаратау тауларында және басқа да жерлерде бірнеше шайқастар өтті. Йасы (Түркістан), Сығанақты не қазақ хандары, не Мұхаммед Шайбани жаулап алған болатын. XV ғасыр аяғында шайқастар нәтижесінде Қазақ хандығына Созақ, Сығанақ, Сауран жерлері қосылды. Мұхаммед Шайбани өз қолында Отырар, Йасы, Үскент, Арқұқ қалаларын алып қалды. Сырдария маңы алқаптарының Қазақ хандығына қосылуы елдің тұтастай бірігуінің түп-негізіне айналды. XV ғасыр аяғында мемлекеттің бастапқы шекаралары кеңейді. Оған Батыс Жетісумен қоса, аталып кеткен Оңтүстік Қазақстанның қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария асты және Солтүстік Арал маңы, Орталық Қазақстанның біршама бөлігі кірді.
Өзара тартыстар бұл мемлекетте Қазақстан тайпаларының бытыраңқылығына алып келді, бір халыққа бірігу үрдісін қиындатып, өндіріс күшінің және адам қорының төмендеуі мен экономикалық құлдырауға алып келді. Қазақ халқының бытыраңқылығын жою өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл мәселе бірен-сарандап Ақ Орда мен Моғолстанның құрылуы кезінде шешілді, ол кезде жергілікті феодал ақсүйектері билікті өз қолына алып, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірігуіне, қазақ халқының қалыптасуының жаңаруына алып келді. Қарастырылған жағдайда қазақ тайпалары бөлігінің Жәнібек пен Керей басшылығымен Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшуі Ұлы жүз тайпаларымен саяси бірігуіне және Қазақ хандығының қалыптасуына, ең соңында – қазақ халқының бірігуіне және қазақ этносының қалыптасуына алып келді.
Шаруашылықтың, әлеуметтік қарым-қатынастың одан әрі дамуы және бекітілуі, олардың негізінде қазақ халқының және Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) тайпаларының одан әрі этникалық және саяси бірігуі, қазақ халқының қалыптасуының ұзақ күрделі үрдісінің және үш жүздің сол кезекте қалыптасуы үрдісінің аяқталуы қазақ елінің Қазақ хандығы ретінде пайда болуына объективті себеп болды.
Жаңа мемлекетте саяси қондырма ретінде авторитарлы-аристократтық далалық демократияның қосындысы болып келетін өзіндік билік жүйесі қалыптасты. Жоғарғы мемлекеттік атқарушы билік хандар мен төре-сұлтандарға тиесілі болды, қазақ тарихында мемлекеттің пайда болуынан бастап жалған атақты хандар мен төре еместер болған жоқ. Қазақ хандары көпшілік алдында халық жиналысында кей кезде бірнеше кандидатуралар ішінде сайланатын, бұл мемлекетті билеу және биліктің құрылымында демократия салтының болуын көрсетеді [5].
Осылайша, Жәнібек сұлтан мен Керей сұлтан қазақ этносының және қазақ мемлекетінің идеясының қалыптасуы үрдісінің білдірушілері болды. Қазақ хандығының пайда болуы – саяси және этникалық үрдістердің өзара бірігуі. Оның негізгі кезеңдері болып Жәнібек пен Керейдің бір бөлік тайпалармен Әбілхайырхандығынан бөлініп, Моғолстанның батыс жағына көшуі саналады. Жаңа мемлекеттік құрылым Қазақ хандығы деп атала басталды.
Өзінің пайда болуынан бастап мемлекет әлеуметтік құрылым болып келетіні және жалпы әлеуметтік қызметті атқаратыны жалпыға мәлім. Бұл саясаттың соңғы мақсаты болып тепе-теңдікке, тұрақтылық және халық қауіпсіздігіне, оның дамуының біртұтастығына және динамизміне жету, жеткілікті материалды ұйымшылдықпен және даму мен жаңаруға қажетті қорлармен қамтамасыз ету, соңғы ретте тұрғындардың сабырлы өмір сүруіне, ашық болашаққа сенімі үшін жағдай жасауы саналады.
Мұндай позиция біздің республикаға да тән. Осылай, Қазақстан халқының жалпы саяси өмірінде ғаламдық оқиға болып еліміздің Бірінші Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы табылады. Мұнда мемлекет Басшысы еліміздің дамуының басым бағыттарын белгілеп, «Қазақстан -2050» атты мерзімнен бұрынғы Стратегияны орындау бағдарламасын анықтады [6].
Кезекті Жолдаудың ерекшелігі, онда еліміздің Президентімен Қазақстанның мемлекеттік бірегейлігін және оның халқының бірлігін нығайтуға үндейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қалыптасып, негізделді.
Келесі қадам мемлекеттігімізді нығайту үшін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы бес институционалдық реформаларды қабылдады: «Біздің мемлекеттігімізді нығайту үшін мен бес институционалдық реформаларды алға тартамын. Маңызды міндет – мемлекеттік қызметкерлердің корпусын кәсіби және автономиялы ету», - деп айтты Н. Назарбаев [7].
Сонымен, қазақстандық мемлекеттілікті нығайту үшін мыналар қажет:
1. Экономикалық бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.
2. Ең соңында экономикалық өсуге негіз болатын кәсіпкерлік қызметке, шартты міндеттерді қорғауға жағдай жасайтын меншік құқығына кепілдеме беретін заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету.
3. Әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім.
4. Болашағы бір ұлт.
5. Транспарентті және есеп беретін мемлекет.
Осы бес реформаның жиынтығы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға және әлемнің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуге жағдай жасайды. Бұл «2050 – Стратегиясын» орындайтын жол. Бес институционалдық реформаның әрқайсысы – ол мемлекетіміз үшін үлкен сынақ және жұмыс. Мұндай реформалардың жетістігі тек үкімет пен халықтың тұрақты еркіне байланысты. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей қуатты мемлекеттің, дамыған және либералдық қоғамның қалыптасуы үшін еліміздің 40-50 жылға алдыға жылжуы қажет.
Ұсынылған шаралар қоғамдық қатынастардың жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды өткізу үшін мен Президент жанындағы жетілдіру жөніндегі ұлттық комиссияны құруды ұсынамын. Ол реформалардың барлық кешенін жүзеге асыруды үйлестіреді. Сөйтіп, біздің алдағы жылдардағы ортақ мақсатымыз – осы бес институционалдық реформаларды іске қосып, олады кезең-кезеңімен жүзеге асыру [7].
Бес институционалдық реформа – бұл Қазақстанның одан арғы жасапмаздығы мен гүлденуінің негізі, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену бойынша тарихи миссия төңірегіне барлық қоғамдық күштерді біріктіру. Осы реформаларды жүзеге асыру үшін оларды кезең-кезеңмен орындаудың моделі әзірленді. «100 қадам» бағдарламасы – ол «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының басты құндылықтарын ашатын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясының орындалуына бағыттайтын жол.
Демек, егемен тәуелсіз Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі жаңа мемлекеттің құрылысы барысында қоғамның, оның өкілдерінің отандық тарихқа деген қызығушылықтары артады. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму саласындағы жаңа қоғамның қалыптасу процесіндегі көрнекті жетістіктер еліміздің өткен тарихына негізделген. Қазақстан мемлекеттігінің тарихын зерделеу отандық тарихи ғылымның келелі мәселелерінің бірі болып табылады. Мұның барлығы тарихи мұрагерлікке куәлік етеді және де жаңа тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекетіне жақсы тірек бола алады. Және де бұл өзіміздің Мәңгілік Еліміз бар екендігінің көрсеткіші. Қазақ хандығы тарихын жаңадан оқу өсіп келе жатқан ұрпақтың тарихты терең түсінуіне, қазақстандық мемлекеттіктің және патриотизмнің нығайуына септігін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Нурсултан Назарбаев: «Всем нам следует ценить нашу независимость. http://www.oksh.kz
2. Тропа государственности. http://550kazakhan.kz
3. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы: Санат, 1999.
4. Даниярова А.Е. Роль и место ханов Касыма, Хакк-Назара, Есима и Тауке в укреплении Казахского ханства // Великие личности в потоке национальной истории. В помощь кураторам студенческих групп. Сборник 2 / Под ред. акад. НАН РК А.М. Газалиева. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2014.
5. Сулейменова М.Ж. Султаны Жанибек и Керей – инициаторы создания нового государственного образования – Казахского ханства // Великие личности в потоке национальной истории. В помощь кураторам студенческих групп. Сборник 2 / Под ред. акад. НАН РК А.М. Газалиева. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2014.
6. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
7. Современное государство для всех: Пять институциональных реформ // Казахстанская правда, 2015, 12 марта.
Достарыңызбен бөлісу: |