Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЕРЛІКТЕР РУХЫНДА



бет2/17
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
#87
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЕРЛІКТЕР РУХЫНДА
Бұл принципті ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арыстан Ғазалиев мүлтіксіз ұстануда. Қазіргі заманғы жас буынды патриоттық сезімге тәрбиелеу әдістерін іздеу серпінді әрі терең ойлы адамды қазақстандық ғылыми қоғам мен студент-жастар өкілдерінде ұзақ жылдар бойы ұмытылмас әсер қалдыратын әрекеттер жасауға итермелейді. ҚарМТУ ұжымы ұйымдастырған және республикамыздың жетекші ғалым-зерттеушілерінің, қоғамдық-саяси қайраткерлерінің, «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің, әйгілі Қазыбек би ұрпақтарының қатысуымен өткізілген «Қазақстанлық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Қазыбек би ролі» аймақтық ғылыми-практикалық конференция осыған дәлел бола алады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы өмірі заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің негізіне айналған тарихи тұлғалардың мұрасын халыққа қайтарды. Кеңестік доктринершілік пен европоцентризм заманында, Қазақстанның бірқатар қоғамдық-саяси және мәдениет қайраткерлерінің ар-намысы тапталған уақытта ұмыт болған не әділетсіз қараланған Отан ұлдарының есімін қайтарудың өзін әділеттілік салтанаты деуге болады. Олардың қатарында қазақ халқының аса көрнекті ұлы Қазыбек би де бар, ол XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысы аралығында қазақ қоғамының нығаюына зор үлес қосты.

Қазақстанның тарихи өткенін мақсатты түрде иесіздендіру, патриотизм мен ұлтаралық достық сезімін қалыптастырудағы ұлт батырларының маңыздылығын жою замандастарымыздың өткен оқып-үйренуінде еш жеміс бермейді. Көп жылдар бойы тұлға термині сол тұлға өмір сүрген уақыттағы қоғамдық қатынастар жиынтығының бір адам бойында көрінуі деп түсініліп келді.

Алайда тұлға – нақты тарихи шама – константа, онсыз тарихи әрекет жоқ, ол жеке қасиеттерге ие. «Еш кезеңді оның ұлы адамдары туралы білмей түсіну мүмкін емес, – дейді мемлекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, – өйткені біз адам тағдыры арқылы тарихты көріп қана қоймай, сол тарихтың рухына бөленеміз».

Қандай да бір кезеңдегі тұлғалардың маңыздылығын ұғына отырып, біз сол кезеңді ғана емес, өзіміз өмір сүріп отырған әлемді де ұғына алатындығымызды сеніммен айтуға болады. Өйткені даму тізбегі өзінің ішкі мазмұны бойынша үздіксіз, жүйелі және көңілге қонымды.

Бүгін Қазақстан Республикасының әр жас азаматы ата-бабасының батырлық өткенін білу керек. Бізде ерте заманнан бастау алған идеялық-саяси негіз болу керек. Осы ретте Қазыбек бидің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін бағалау өте қиын. Оның қызметі қазақстандық дипломатияның пайда болуына және қазіргі заманғы қазақстандық заңгерлердің құқықтық мектебіне негіз.

Аталған аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары мен қонақтары ғалымдар қоғамына Қазыбек бидің жан-жақты тұлға, шешен болғандығын, қазақ халқының мүддесін қорғауға ұмтылғандығын және көршілермен өзара тиімді шартқа отыруды көздегендігін көрсететін баяндамалар ұсынды.

«Қазақ мемлекетін құрудағы Қазыбек бидің ролі» атты ғылыми білім беретін бейне фильм жасау арқылы Ұлы Қазыбек би бейнесін біздің замандастарымыздың жадында сақтау осы конференцияның жетістігі болып табылады.

Бір тұлғада біріккен дипломат, шешен, сот данышпандығы, – Қазыбек би бойындағы сирек қабілеттер куәсі, бұл заманадастарымыздан асқан дәлдікпен зерттеуді қажет етеді. Ал Қазыбек бидің Әйтеке бимен және Төле бимен бірге атқарған әлеуметтік билер институты қазақ даласының бірегей сот органы болып табылады, және де Орта Азия халықтарының бірінде оған ұқсас ештеңе жоқ.

«Нұр Отан» ХДП партиялық форумының трибунасынан Ұлт Көшбасшысы қазақстандық жас буынға былай деген: «Сендердің көбің тәуелсіздік жылдарында өстіңдер. Тәуелсіздік құрдастары 2020 жылға қарай 30 жаста болады. Сендер басқа өмірді білмейсіңдер, алайда сендер бұл тәуелсіздік пен қазіргі жетістіктерімізге оңайлықпен қол жеткізбегендігімізді білулерің керек! Сендер қазір үлкен өмірге қадам басқалы отырсыңдар. Сендер ата-аналарың мен Отандарыңның алдында міндеттеріңнің бар екендігін ұғынуларың керек. Бұл міндеттер сендердің өмірлік жолдарыңды анықтайды, сонымен бірге нағыз азаматтың парызы мен құқығы болып табылады. Мен сендерді қалыптасқан тұлға, өз ісінің маманы, шынайы патриот ретінде көремін … Патриот болу дегеніміз – өз Отанын шынайы сүю. Өзі мен өз халқына сену, қоғамға қызмет ету. Алайда өз тарихын, ана тілін, ата-тамырын білмей, нағыз париот болу мүмкін емес. Біз сендерді мақтан тұтатын болайық!»

Әрине, біздің жастар өз тарихын, ата тегін, осы тарихты қалыптастырған және қалыптастырып жатқан тұлғалардың өмірі мен қызметін білмесе, жарқын болашақ құра алмаймыз. Сол тұлғалардың өмірлік тәжірибесі, олардың даналығы, қоғам мен Отанға шексіз беріліп қызмет етуі заманауи мемлекеттің қарқынды дамуының негізіне айналу керек. Ата-бабаларымыздың іс-әрекеті, ұлы тұлғаларымыздың өсиеті заманауи жастарда тұлға қалыптастырудың өлшемі болу керек.

Қазыбек бидің қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы роліне арналған ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша іс-шара қатысушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің негізінде ұлы тұлғалардың Қазақстан дамуына қосқан үлесін асқақтататын форумдарды жыл сайын өткізу туралы Білім және ғылым министрлігінің алдында өтініш жасау шешімін қабылдады. Сонымен бірге еліміздің жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігіне Қазыбек би туралы толық метражды көркем фильмдерді қаражаттандыру туралы, үлгерімі жақсы дипломаттарға арналған Қазыбек би атындағы үздіктер белгісін шығару туралы ұсыныс жасау мәселесі көтерілді.



Халық жадында өткен тарих беттерін орнына қайта келтіру жолында бізді әлі көп жұмыс күтіп тұр. Халық ата-бабаларының ұлы жеңістерімен өмір сүреді, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады, заманауи қазақстандық мемлекеттілік нығаяды.
«Казахстанская правда», 2012, 30 наурыз

С.Д. Шаймұханова,

т.ғ.к., Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қазақстан тарихы

кафедрасының профессоры

e-mail: sd_52@mail.ru



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет