Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген


қазақ тілі 3–сыныпта – аптасына 4 сағат



бет4/16
Дата11.01.2017
өлшемі2,81 Mb.
#7356
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


қазақ тілі

3–сыныпта – аптасына 4 сағат

Жылына - 136 сағат

Авторлары: Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова

(Алматыкітап баспасы 2011)



І. Түсінік хат

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:


  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аудартылады:

  • сабақ құрылымының икемділігі;

  • түсіндірілетін жаңа ұғым бойынша проблема қою;

  • оқушылардың жаңа ұғымды меңгерудегі интенсивті өзіндік әрекетін ұйымдастыру;

  • тақырыпқа қатысты пікірталастың болуы;

  • дидактикалық ойындар;

  • тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді ұйымдастыру;

  • білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттар құру.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:

  • мотивациялық-бағдарлау кезең;

  • операционалдық-орындаушылық кезең;

  • рефлексиялық-бағалау кезең.

Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.

Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады.

Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

3-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі



Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

3-сынып «Қызықты грамматика», «Грамматика еліне саяхат».





Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Қазақ тілі

Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,

Ф.С.Лекерова

(Алматыкітап)

36 сағат


28 сағат


40 сағат



32 сағат



136 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет