Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген



бет1/16
Дата11.01.2017
өлшемі2,81 Mb.
#7356
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген

Оқулық авторлары: Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева,В.В.Буровова

(Алматыкітап)



Пән бойынша оқу жүктемесі

3 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат.



Барлығы

170 сағат


Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту. Қайталау


4 сағат-


Мың көлеміндегі сандарды көбейту және бөлу

  1. сағат




Кестелік көбейту және бөлу

  1. сағат




Ауызша көбейту және бөлу

50 сағат



Жазбаша көбейту және бөлу


29 сағат


Қайталау

10 сағат

I. ТҮСІНІК ХАТ

Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.

Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::


  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді

3- сынып оқушысы:

- көбейтудің қасиеттерін (ауыстырымдылық , терімділік, үйлестірімділік);

- көбейту мен бөлуге байланысты белгілер мен терминдерді;

- бір таңбалы сандарды көбейту кестесін;

- шамалардың атауларын (аудан және көлем) және олардың өлшем

бірліктерін (квадрат сантиметр, куб сантиметр);



  • жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуының реттеуін;

  • қарапайым теңдеулерді «сынап көру» әдісімен шешу тәсілін;

  • қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің, өзара кері амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу тәсілін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттерін;

  • геометриялық шамалардың (периметр, аудан және көлем) атаулары мен өлшем бірліктерін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданын табудың ережелерін білуі тиіс;

  • сандарды және шамаларды салыстыра алуы;

  • көбейту кестесін пайдаланып бөлуді ауызша орындай алуы;

  • бірдің және нөлдің қасиеттерін пайдаланып, ауызша есептеулер жүргізе алуы;

  • бір таңбалы сандардың және 10 санының квадраттары мен кубтарын ауызша есептей алуы;

  • екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөле алуы;

  • кестелік жағдайларда келтіретін сандарды ауызша көбейту және бөле алуы;

  • екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға «сынап көру» тәсілімен ауызша бөле алуы;

  • екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді;

  • үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді;

  • 2-3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектердің мәндерін табуды;

  • Санның және шаманың үлесін есептеп табуды; әр алуан, яғни көбейту және бөлу амалдарының мән мағынасын ашатын; белгісіз көбейткіштерді, бөлінгішті, бөлгішті табуды талап ететін жай есептердің «.. есе артық», «.... есе кем» қатынастарымен, еселік салыстыруымен, маңызды шамалар арасындағы ( заттың бағасы, мөлшері және құнының; тік төртбұрыштың ені, ұзындығы және ауданының, бір заттың массасы, заттардың мөлшері және жалпы массасының) тәелділіктерімен, үлес ұғымымен байланысты есептерді шығаруды;

  • құрамында бір ғана әріп болатын, жақшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді алдан тұратын (1-3 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;

  • қарапайым теңдеулерді және амал компоненті немесе нәтижесі . санды өрнек болып келетін құрылысы күрделі теңдеулерді шеше алуы;

  • нүктені, кесіндіні, бұрышты, (соның ішінде тік төртбұрышты (шаршыны), бесбұрышты, алтыбұрышты, дөңгелекті, шеңберді, сәулені, түзуді, қисықты) ажырата алуы;

  • тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;

  • геометриялық фигураларды латын алфавитімен белгілей алуы және сол белгілеулер бойынша оқи алуы;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын есептей алуы тиіс.

Бақылау және өздік жұмысы

тоқсан

Бақылау жұмысы

Өздік жұмысы

I

2

2

2

2

3

3

2

3

4

2

3



  1. сынып

(аптасына 5 сағаттан, барлығы 170 сағат )

Мың көлеміндегі сандар. Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту (қайталау) (4 сағат)

Мың көлеміндегі сандарды көбейту және бөлу (22 сағат)

Амалдардың мән-мағынасы және атаулары (көбейту мен бөлу) және олардың белгшенуі ("х және :" таңбалары). Көбейту мен бөлу, өзара кepi амалдар.

Бip амалдан (көбейту немесе бөлу) тұратын санды өрнек құру, оқу, жазу және мәнін табу.

Көбейткіштер. Бөлінгіш. Бөлгіш. Көбейтінді және бөлінді. Көбейтіндінің және бөліндінің мәні. Көбейтудің (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) қасиеттері. Көбейтуді және бөлуді тексеру. Қосындыны санға көбейту және бөлу. Қалдықпен бөлу және оны тексеру.



Есептеу тәсілдері: еселеп қосу арқылы көбейту; көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне негізделген көбейту; көбейтудің сәйкес жағдайы туралы білімге негізделген бөлу; 0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген көбейту және бөлу; амалдардың қасиеттеріне, яғни қосындыны санға көбейту мен бөлуге негізделген көбейту және бөлу; бөліндінің мәнін "сынап керу" тәсілімен табу.

Кестелік көбейту және бөлу (55 сағат)

Ауызша көбейту және бөлу (50 сағат)

Жазбаша көбейту және бөлу (29 сағат)

Бір таңбалы сандарды көбейту кестесі және бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту мен бөлудегі 0 мен 1 қасиеттері. Нөлге бөлудің мүмкін еместігі.

Ондықтарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Ондықты ондыққа ауызша бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға "сынап керу" тәсілімен бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға калдықпен бөлу Көбейтуге және бөлуге берілген жай есептерді құру және шығару: бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, тиісінше және теңдей бөлу, саннан бірнеше есе артық немесе кем санды табу, бip санның екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табу, белгісіз көбейткішті, бөлгішті және бөлінгішті табу, санның үлесін табу және үлесінің мөлшері бойынша санды табу, негізгі топтағы шамалар арасындағы тәуелділік; өзара кepi жай есептер құру және шығару. Жай есептерді салыстыру және түрлендіру.

Қосу, азайту, көбейту және бөлуге берілген 2-3 амалмен шығарылатын есептерді шешу. 2-3 амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру.

Yш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға көбейту және бөлу.

Есептеудің

  • 100 көлемінде орындалатын амалдарға келтірілетін;

  • кестелік жағдайларға келтірілетін;

  • сандардың разряд бірліктерін бip таңбалы санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • қолайлы қосылғыштардың қосындысын санға көбейтуге және бөлуге келтірілетін;

  • жүздіктерді бip таңбалы санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • жүздіктерді ондықтарға келгіру аркылы көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • сандарды жазбаша көбейту (баған түрінде) және бөлу (бұрыштап) тәсілдері.

Санның квадраты және кубы жөнінде тусшік. Осындай санды өрнектер құру, оқу, жазу және олардың мәндерін табу.

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері. Геометриялық фигураларды әріптермен бөлгілеу.

Аудан жөнінде түсінік. Фигураның ауданын табу. Ауданның бірлігі -сантиметр квадрат (см2). Палетканың кемегімен ауданды табу. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы және оны квадрат сантиметрмен өлшеу.

Бір әріп, бөлу және көбейту амалдарымен байланысты қарапайым өрнек құру, оқу, жазу. Құрылымы күрделірек санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу.

23 амалдан тұратын (жақшалы және жақшасыз) өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібі.



Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу. Қарапайым теңдеулерді жай есептердің мазмұны бой­ынша құру.

Шамалар. Оларды өлшеу және салыстыру. Шамалар арасындағы тәуелділік жөнінде түсінік (бағасы, саны және кұны, бip заттың массасы, заттың саны және жалпы массасы).

Кубтың көлемі жөнінде түсінік. Көлемнің өлшем бірлігі - куб сантиметр (см3).

Қайталау (10 сағат)

Сандарды және шамаларды оқу, жазу және салыстыру; кестелік қосумен азайтуды және көбейту мен бөлу; есептер шығарту; алгебра мен геометрия элементтері.



Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Математика

Ә.Б.Ақпаева,

Л.А.Лебедева,

В.В.Буровова

(Алматыкітап)



45 сағат

35 сағат

50 сағат

40сағат

170 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет