Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Жарияланды 29-01-2014, 18:22 Категориясы: Бастауыш сынып
4 - сынып Математика
Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір - біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал - мәтелдер айту, ойын ойнату)
Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану, ана тілі
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Пәнге бағыттау
2. Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері»
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн дүйсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
3. Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу «Достық», «Бірлік»
Ұрандарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
№9 тапсырма
ІІІ. Оқушыларды жан - жақты тексеру:
1. «Қызықты төрттік» ойыны
10 40
30 20
20 10
40 30
ІҮ. Жаңа сабақ:
- Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?
- Жапырақтар неге сарғаяды?
Ендеше жапырақтарды жинау арқылы
№1 тапсырманы орындайық.
Кестені толтыру.
а 200 15 6 120
в 30 30 40 5
с 5 9 100 15
d 4 2 4 3
(а+в+с)*d
- Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?
- Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік. Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.
1. Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
(а+в)*с=а*с+в*с
с*(а+в)=с*а+с*в
22341*2
123200*3
111202*4
2. Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
(а+в): с=а: с+в: с
44682: 2
369600: 3
444804: 4
Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
- Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық.
Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.
Есепті шығар.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.
309*2+516: 4
295: 5*3+4 093
9 800 - 408: 2
7 809 - 29*4+7 700
10 000 - 623+420: 2
45*(145 - 136)- 219
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
ІХ. Бағалау
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Жарияланды 23-02-2013, 14:25 Категориясы: Ұстаздарға
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар.
«Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағала” Вольтер.
“Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз ”. Н.Н.Прогов.
“Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы” орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұгалімнің педагогикалық шеберлігімен білімділігін, әдіскер шығармашылығын талап етеді.
“Білім Заңында” мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу, олардың ақыл - ой, танымдық шығармашылық қабілеттерін айқындау міндеттері айтылған.
Мектептегі жеке тұлғаны дамыту үшін ұстаз тұлғасына қойылатын негізгі талаптар:
1. Шәкірт жанын түсініп, оны зерттей білу шеберлігі,
2. Шәкірттің жеке тұлға екенін мойындауы.
3. Өзіне сын көзбен қарай алуы. және өзіне айтылған сынды қабылдай алуы.
4. Шәкіртке ықпал ете білуі
5. Шәкірттен шындық айта білуді талап ете алуы.
6. Шәкірт бағалай алатындай білімдарлық, адамгершілік қабілеті
7. Ойлау, сөйлеу шеберлігі
8. Шығармашылық ізденгіштік қабілеті болуы шарт.
Ұлы Орыс педагогі К. Д. Ушинский педагог мамандығын жоғары бағалай келіп:
“Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істердің бірі” деген.
Мұғалім халқымыздың болашағы болып саналатын өскелең ұрпақтың интеллектуалды негізін салушы, рухани дүниесін қалыптастырушы, және ол ұрпақтар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізі факторы - өздігінен білім алу болып табылады,
Бұл бағытта әрбір мұғалім озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі кітапханалардан әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істеуі міндетті.
Өздігінен білім алуда атқаратын қызметтері ретінде: М. Князеваның мынадай топтамасын келтіруге болады:
1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.
2. Компенсаторлық - мектептік білімнің олқылықтарын толтырып, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
3. Бағдарлық - мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.
5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орнату.
7. Шығармашылық - шығармашылыққа үйрену.
8. Жаңашылдық - қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою және жаттандылықтан арылу.
9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де - оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.
Шығармашыл адам - ол жасампаз тұлға. Ол өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға әсер ететін факторлар:
- жүйелі жұмыстар
- сабақ оқыту тәсілдері
- үйірме жұмыстары
- ғылыми жұмыс
- оқу құралдары
- оқулық
- электрондық оқулықтар
- желілік байланыстар.
Шығармашылық іс - әрекет шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс - әрекеті.
Шығармашылық дегеніміз - алынған ақпаратты түрлендіріп, тапқырлық танытып бірыңғай ойларды қорыта білуі, оралымды ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Оқушының шығармашылық іс әрекеті қалыптасуының негізгі кезеңдері:
1. Айқын дұрыс қойылған мақсат
2. Қосымша мәліметтер іздеу
3. Нәтижені жан жақты тексеру.
Шығармашылықтың пайда болуының негізгі шарттары:
1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
2. Білім кеңістігінің әр бағытты болуы.
3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
Шығармашылықты дамытудың алғы шарттары:
1. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау.
2. Оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Мұғалімнің өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізуі.
Оқушы шығармашылығын дамыту мынадай үш кезеңмен анықталады:
1. Анықтау кезеңі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау.
2. Қалыптастыру кезеңі: Шығармашылық тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу үрдісінде тексеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз ету керек.
3. Бағалау, қорыту кезеңі: Алдыңғы жасалған жұмыстар нәтижесінде оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығуы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі тиіс.
Шығармашылық тұлғадағы ең басты фактор: білуге құмарлық, терең түрлі сипатта қабылдағыштық, меңгеруге икемділік, ақыл - ой белсенділігі, зейін, ой ұшқырлығы.
Оқушының шығармашылық қызығушылығына әсер ететін факторлар:
1. Оқу мазмұны.
2. Оқушының бағыты мен жоспарына меңгерілетін білімнің сәйкестігі.
3. Оқу материалының мазмұны, қызықты болуы.
4. Мұғалімнің шеберлігі.
5. Жеке тұлғаның ерекшелігі.
6. Оқу үрдісіндегі жағымды қарым - қатынас.
Оқушының шығармашылық қызығуының дамуы, жеке
тұлғаның қалыптасуы барысында дамитындықтан оқушының жас ерекшелігіне аса мән берілуі керек.
ҚР “Білім туралы” заңының 41 бабында “Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағдыны қамтамасыз етуге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы міндетті”- делінген. Сондықтан оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін сыныптан тыс жұмыстардың рөлі зор.
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру.
Жарияланды 20-08-2013, 18:02 Категориясы: Математика
Білім берудің басты шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға талаптандыру болып табылады.
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытуды математикалық сөзжұмбақ шешудің маңызы зор.
Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда топқа бөліп оқытудың маңызы зор. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәнін оқуыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көз қарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін жетелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйлеседі.
Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу қажет. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып, оқушыларға анкета сұрағын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек.
Оқу процесінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Оқушының қандай тапсырма алуына шек келтірілмейді. Оқушылар өзінің тапсырманы алу позициясын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Сұрақ: Не себептен бұл тапсырманы таңдап алдың?
Өзімді сынағым келді.
Пән бойынша мүмкіншілігімді білгім келді.
Пәнге деген қызығушылық.
Осы ғылым саласында көп білгім келді.
Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.
Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін.
Оқу жеңіл.
Қиыншылықты жеңгім келеді.
Мұғалімге ұнау.
Көп білетін білім адам болу.
Өз бетімен өмір сүруге дайын болу.
Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу.
Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет:
Оқулықтағы материалды оқу.
Тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру.
Бір тақырып бойынша баяндама жасау.
Бақылау жұмысына, сынаққа, емтиханға жақсы дайындалу.
Таңдап алынған тақырыпқа өз бетімен зерттеу жүргізу.
Тақырыптағы құбылыстарды түсіну.
Тақырып бойынша есептерді немесе проблемаларды шешу.
Сынақтан жақсы баға алу.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар деңгейлеп оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және тағыда басқалар.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - мұғалім оқушының қарапайым таным әрекетімен танысады. Ұлы адамдардың есептерін, тарихи есептерден, ертегі есептерді шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап рефераттар дайындауға үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есепті жеңілдерінен бастап тақырыпқа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әрбір басқан қадамына көңіл бөліп бақылап отырған жөн. Сонда оқушы өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады. Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге, шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығара білуге көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.
Екінші кезең - бұл кезеңде мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап етеді. Кейбір жаңа материалды оқушының өз бетімен оқып, әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайдаланып, шығару керек. Есептерді шығарудың қалыптан тыс әдістерін қолдана білуге үйретеді.
Үшінші кезең - бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек. Оқушылар өз жұмысна анализ жасап, қателерді болдырмау үшін нені әлі жетік білмеймін деген мақсатта өз жұмысын қорытындылап, алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйрену керек.
Достарыңызбен бөлісу: |