Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Пәнге бағыттау Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»



бет4/6
Дата17.02.2018
өлшемі1 Mb.
#37751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

ҮЙІРМЕ ОТЫРЫСТАРЫ

I сынып

(II жарты жылдық)

1 — о т ы р ы с.


  1. Өлең есеп «Қосу».

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі,

Қанша болды,

Қолда бары?

(Жауабы: Алты)

(Б. Тәжіметов)

 


  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

Егіз қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен.

(Қос қол)


  1. Математикалық тақпак «Екеу дегенше, бекем де».

Бірді бірге қосқанда,

Екеу болады.

Жалғызсырап, жасқанбай,

Бекем болады.

Екі қолды қосқанда,

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспандап,

Ұшады емес пе?

Тіркелсе екі дөңгелек,

Өзің тебетін,

Зырылдайтын дөңгелеп,

Велосипедің…

(М. Әлімбаев)

 


  1. Ойын «Көңілді санау».

 

Әдістемелік нұсқау. Бұл математикалық жарысқа жатады. Сондықтан екі немесе бірнеше команда звено бойынша қырағылығын сынасады. Қай команда тапсырманы тез орындаса, сол команда жеңімпаз атанады. Жеңімпаз командаға үлкен жалауша, ал жеңілгендерге кіші жалауша беріледі. Тақтада төмендегі 1,а-суреттегідей толтырылған және бір-бірден бос таблицалар күні бұрын сызылып даярланады. Таблица тор көздерінде бірден он алтыға дейінгі сандар жазылған. Ойынды екі команда басшылары бастап, толтырылған таблицадағы сандарды сызып ретімен бос таблицаға қайта толтыруы керек. Командадағы оқушы екі-екі саннан жазуы тиіс. «Кірісіңдер!» сөзі жарыстың басталғанын білдіреді. Қай команда шатаспай, бос таблицаны тез толтырса, сол жеңеді.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Отырыс материалдары оқушыны тыңдай білуге, аңғарымпаздыққа, ұжымдыққа, ортақ заңдылықты байқауға тәрбиелейді. Мәселен, «Көңілді санауда» сандар тор көзде белгілі тәртіппен орналасқан. Оны байқау — таблицаны тез толтырудың кілті. Егер мұндай заңдылықты оқушылар аша алмаса, отырыс қорытындысында мұғалім айтып, оқушылардың көңілін аударады. Келешекте ескерулері керектігін нұсқайды.

1 – сурет




 

 

2 — о т ы р ы с.



  1. Математикалық тақпақ «Кім қаншада?».

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.

(С. Әлімқұлов)

 


  1. Математикалық жұмбақ.

 

Үш шырпыдан бір есік,

Құрастырып көр шешіп.

(П әрпі)


 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш.

(С. Көшекбаев)

 


  1. Математикалық өлең есеп «Санамақ».

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



(Ж а у а б ы: 55 ойыншық)

(Е. Өтетілеуов)

 

Әдістемелік нұсқау. Өлең алдын ала плакатқа көрнекі етіліп жазылады. Мұндағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарын қызыл түспен жазса, негізгі ой қосымшадан ажыратылып есепті тез шешуге көмектеседі. Есептеудіқ тез әдісі топтау көрсетіледі және артықшылығы айтылады. Әрі бұл оқу бағдарламасына сай. Ш е шу і. Барлығы:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9+10



(1 + 10) + (2+9) + (3+8) + (4 + 7) + (5 + 6)

11 + 11 + 11 + 11 + 11

Бұл бес ондық және бес бірлік, яғни 55.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Тақпақ материалы еңбек зейнеті рахатқа бөлейтіндігін байқатса, жұмбақ салыстыру арқылы қорытынды жасауга баулиды. «Санамақ» қызығушылыққа, ұстамдылыққа, аңғарымпаздыққа, негізгіні қосымшадан ажыратуға үйретеді. Оны мәнерлеп оқу дұрыс сөйлеуге, есепті талдау математикалық заңдылықты байқауға тәрбиелейді.

 

3 — о т ы р ы с.



 

  1. Математикалық санамақ «Бәрі қанша құс болды?»

 

Мынау да бір санамақ,

Өздерің кер саралап:

Төбеден төрт бектергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды?

(Ж а у а б ы: 31 құс)

 


  1. Математикалық тақпақ «Есеп».

 

– Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

– Сол досым сол алманың

Бәрін алсын!— дей салдым.

 

(Қ.  Мырзалиев)



 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

а) Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да.



Ұзындығы жазулы түр бойында.

(Сызғыш)


б) Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар:

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді ойлар намысын.

(Шахмат)

(Қ. Мырзалиев)



  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

(Қ. Мырзалиев)

 

II сынып

1 – о т ы р ы с.

 


  1. Математикалық өлең — есеп «Бәрін бірге ойлап қой».

 

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

 

(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)



 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

а) Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр.

(Дойбы)

(Қ. Мырзалиев)



 

б) Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.

(Велосипед)

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Сүт сату».

8, 5 және 3 литрлік бидон бар, 8 литрлік бидоннан 6 л сүтті қалай құйып алуға болады?

 

(Ж а у а б ы: 2-суретте берілген.)



 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

Ұшы үшкір ұшқыр үш

жебе алдым,

Үшеуі де үшкір, үшқыр

деп алдым.

(М. Әлімбаев)

 

2 — о т ы р ы с.



 

  1. Әзіл есеп «Топ үйрек».

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

(Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)

 


  1. Математикалық фокус. «Сан ойла».

 

Әркім өзінше бір сан ойлап, оған менен бес қоссын. Одан ойлаған санын алып тастасын. Сонда нәтижеде бес қалады. Мен қалай таптым, кім айтады?

Фокустың сырын тапқан оқушы ойынды жүргізеді. Егер ондай оқушы табылмаса, мұғалімнің өзі жүргізіп, соңынан фокус сырын түсіндіреді.

Фокус сыры. Нәтижені табу қосындыдан санды азайту қасиетіне негізделген:

 

(х + а) — х = а,



мұндағы а – ойын жетекшісінің қосуға ұсынатын саны.

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».

Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.

 

(Ж а у а б ы: 3-суретте берілген.)



 

  1. Математикалық жұмбақ.

а) Тышқаннан басқа батпаған,

Бір шланг, төрт баған.

(Піл)

 

б) Мың найзалы жалғыз батыр



Жауларына алғызбай тұр.

(Кірпі)


(Қ. Мырзалиев)

 

3 — о т ы р ы с.



 

  1. Математикалық викториналар.

 

Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.

(Жауабы: 2-2 = 2+2, 1*2*3 = 1+2+3)

 


  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Жүз төрт түйме,

Он бір ине.

(Есеп шот)

(М. Әлімбаев)

 


  1. Математикалық ойын «Қызықты квадрат»

 

Методикалық нұсқау. Екі командаға бірдей тапсырма беріліп, әр командадан бір-бір оқушы шақырылып, 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып тақтадағы квадратты толтырту керек. Берілген квадраттың жолдары мен бағандарындағы сан-дардың қосындысы, сол сияқты суретте көрсетілген үзік сызықтар бойынша орналастырылған сандардың да қосындысы 6 болсын. Квадратты қай команда бұрын толтырса, сол ұтады. Әр командаға а – суреттегідей жеке квадрат сызылады.

 

(Ж а у а б ы: 4,б-суретте берілген.)



 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Үш қоян».

Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?

(Ж а у а б ы:  бір оқушы қоянды торымен алған.)

 

 

 



 

 

4 — о т ы р ы с.



 

  1. Әзіл есеп. «Кітап саудасы».

Рауан мен Ержан кітап дүкеніне кіріп, кітап қарады. «Әзіл» есеп кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Ержан бұл кітапты сатып алуға оның 19 тиыны жетпей тұрғанын айтты. Олар екеуіндегі ақшаларын қосса да бұл кітапты сатып ала алмайтынын білді. Сонда кітап неше тиын тұрады? Олардың қанша ақшасы болды?

(Ж а у а б ы:     19 тиын; Рауанның 18 тиыны, Ержанның


0 тиыны болған.)

 


  1. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»

 

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер?

 

(Ж а у а б ы:  Бес торғай, 5-суретте берілген.)



 

  1. Математикалық викториналар.

 

13 шырпыдан метр деген сөзді құрастыр.

 

 

 



 

 

6-сурет



 

(Ж а у а б ы:  6-суретте берілген.)

 

 


  1. Көңілді санау «Бес тоғыз».

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан бес тоғыз шығатындай етіп топтап, олардың қосындысын ықшам әдіспен табыңдар.

 

Шешуі. Қосындысын табу.



 

1+8,  2+7, З + б, 4+5 және 9,9 x 5 = 45.

 

(Жауабы: 9×5=45.)



 

 

5 — о т ы р ы с.



 

  1. 1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Есет ағам ет асатар

Ет асатса, бес асатар.

(Қазақ ауыз эдебиетінен.)

 


  1. Жүздің жартысы екіге бөлгенде неше болады?

 

(Жауабы: 25.)



  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Алма ал». 7-суретте 16 алма көрсетілген. Алтауын алғанда баған мен жатық жолда екі немесе төрт алма қалатындай болсын.

 

(Ж а у а б ы:   7-суретте сызылатын алмалар боялып берілген.)

 

Әдістемелік нұсқау. Алдын-ала плакатқа тор көз көрнекі етіліп сызылады. Алма суреті жеке карточкаларға салынады да, олар кнопкамен бекітіледі. Бұл алманы қозғауға мүмкіндік береді. Әрі нәтиженін дұрыс немесе қате екендігін бірден байқатады.

 


  1. Математикалық тақпақ «Бес»

 

Қарсы алғанда мамасы,

Мектебінен Қошайды,

«Бес» алған-ау шамасы,

Бес саусағы шошайды.

 

(Т. Бердияров)



 

III сынып

 

1 — о т ы р ы с.

 


  1. Математикалық ребус шешу (8-сурет)

  2. Математикалық жұмбақ.

 

8 – сурет




а) Қатар жазып саусақты,

ТТ                 Түйістір екі бармақты.

Екі қолдың арасы,

Қандай әріп қарашы?

(М)

 

 



ә) Төрт әріптен тұрамын,

Түрлі сөзді құрамын.

Т-ны кесіп тастасаң,

Биігірек жер болам.

Қайта ойланып қарасаң,

Сый-құрметі — төр болам.

Жарты Т-дан бастасаң

Лаулап жанған от болам.

Бұл қай сөз?

(Төрт)


 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

 

(О. Әубәкіров)



 

  1. Математикалық фокус. «Ойлаған санды табу».

 

Сан ойла. Оны екі еселеп, 5-ті қос. 5-ке көбейт. 10-ды қосып, 10-ға көбейт, Нәтижең қанша? Ойлаған саныңды табамын.

 

Мысалы. 9*2=18.   18+5-23.    23*5=115.



 

115+10 = 125.   125*10 = 1250.

 

Фокус сыры. Нәтижеден 350-ді азайту керек. Айырманың жүздігі ойлаған сан болады:



1250—350 = 900. 9 — ойлаған сан.

 

2 — о т ы р ы с.



 

  1. Математикалық ойын «Қызықты квадрат» (9-су-рет).

 

Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі. Олар 2, 3, 6, 8, 9 цифрларын пайдаланып, квадраттық бос көздерін жатық жол, тік жол және үзік сызықтар бойынша есептегенде, цифрлар қосындысы 15 болатындай етіп толтыруы керек. Қай команда бұрын толтырса, сол команда ұтады. Команда өкілдері класқа карап тұрып, бастаушының «Кірісіңдер!» деген белгісі бойынша бастайды.

 

(Ж а у а б ы: 9, б-суретте берілген.)



 

  1. Математикалық викторина.

 

Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?

* * * * – * * * = 1.

 

(Жауабы: 1000—999 = 1.)



 

  1. Геометриялық басқатырғы.

Қарындаштың ұшын көтермей, үш кесінді жүргізу арқылы үш квадратты алты үшбұрышқа бөлу керек.

(Жауабы: 10-суретте берілген.)

 


  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Айқасқан екі таяк,

Тұрады жоқты сұрап.

(Икс)


 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?

 

(Жауабы:  екеуі, өйткені  сөндірмеген біреуі жанып кетеді)



 

б) 11-суретте неше үшбұрыш сызылып көрсетілген?

 

(Жауабы: 8.)



 

 

 









11 – сурет




 

 

 



3-отырыс

  1. Математикалық викториналар.

а) Сегіздікпен 1000. Тек қосу таңбасын пайдаланып сегіз сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.

(Жауабы: 888+88 + 8+8+8 = 1000.)

 

б) Неше   беттік дәптерлер    болады?



(Ж а у а б ы: 12, 18, 24, 32, 36, 48, 96.)

 


  1. Кім қырағы? Цифрларының қосындысы 18 болатындай етіп, карточкаларды үш топқа жікте:

 

2637 1638 1368 2376 1395 2367 2673 1863

 

Жауабы:  1, 2 және 3 цифрларының орны бойынша топтаймыз:



1638   2637   1368

1368   2376   2376

1395  2367  1395

1863  2673  2367

 


  1. 3. Геометриялық басқатырғы «Тоғыз нүкте» (12-сурет).

12, а — суреттегі 9 нүктені қарындаштың ұшын көтермей, төрт кесіндімен қосу керек.

(Жауабы: 12, б-суретте берілген.)

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Мысықтар».

Үйдің әрбір бұрышында бір-

бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр?

 

(Ж а у а б ы: төрт, сурет арқылы түсіндіріледі.)



 

  1. Математикалық ойын «Таңқаларлық цифрлар» (13-сурет) .

Мұнда келтірілген жазбалардың тамаша сыры бар. Бұған кітаптық сол жақтағы төменгі бұрышынан қараңдар. Қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Енді оң жақ төменгі бұрыштан қараңдар. Мұнда да қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Оның үстіне барлық бірден тоғызға дейінгі цифрлар пайдаланылған. Осындай тағы бір жазбаны келтіріңдер.

 

(Ж а у а б ы: 13-суретте берілген.)



 

4 — о т ы р ы с.

 


  1. Ойын. Шығыршықты үшбұрыш. Дөңгелек бойында қосындысы 39 болатындай етіп 1, 2, 3, … 9 сандарын үшбұрыш бойына орналастыру керек (14-сурет). Ш е шу і. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын табайық:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 = 45.

 

Мұнан   дөңгелек   бойындағы сандар қосындысын азайтсақ, үшбұрыштар төбесінде тұратын сандар қосындысы табылады. 45 –  39 = 6. Әр төбедегі санды табу үшін 6-ны үш қосылғышқа жіктеуіміз керек. Жіктеп 6=1+2+3 екенін табамыз. Қалған 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларды дөңгелек бойына еркін түрде орналастырамыз. Е с к е р т у. Есепті ойын түрінде ұйымдастыруға да болады. Ол үшін плакат даярланады. 1, 2, …, 9 цифры жазылған дөңгелекшелер картоннан ойылып алынады. 4—5 минут оқушылар кезекпе-кезек ойнап көргеннен кейін, есепті шешу мәселесі қойылады. Есеп шешіледі.



 

 


  1. Математикалық ребус шешу (15-сурет).

 

(Ж а у а б ы: Азайту.)

 


  1. Математикалық викториналар. «Табиғат әлемінен».

а) Неше туыс? 7 туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар   барлығы   нешеу?
(Жауабы: 7 ағасы, бір қарындасы бар. Барлығы 8 туыс).

б) Неше машина керек? Әр машина 5 тонна жүк көтерсе, 20 тонна 200 кг жүкті тасу үшін неше машина керек? (Ж а у а б ы: 5 машина, себебі  4 машинаға жук сыймайды.)

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а)  Қандай сан барлық   санға қалдықсыз бөлінеді?

 

(Ж а у а б ы: Нөл.)



 

б) Көшедегі   өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар   саны қанша болғаны?

(Ж а у а б ы:   Отыз бір.)

 


  1. Таяқшамен жаттығу.

 

16, а — суретте таяқшадан фигура құрастырылған. 5 таяқшаны алып тастап, уш квадрат құрастыру керек, (Ж а у а б ы: 16, б-суретте берілген.)

 

 

 



5 — о т ы р ы с.

 


  1. Математикалық викториналар.

а)  12-беттік   оқушы   дәптерінің   салмағы  қанша?

 

(Жауабы: 35 г.)



 

б)  Құны әр түрлі 10 монета бар. Олардың арасында бірдейі   бар ма?

 

(Жауабы: — Иә, себебі монеталар 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20, 50 және 1 сомдық болады. Бұлардың барлығы 9. Демек, монеталардың біреуі құны жағынан қайталанады.)



 

  1. Таяқшамен жаттығулар.

а) Алты квадрат. 12 таяқшадан бірдей 6 квадрат құрастыру керек.

(Ж а у а б ы: Таяқшаларды куб түрінде орналастырамыз.}

 

б) Бокал және шие (17-сурет).



5 таяқшадан «бокал» құрастырылған. Ішінде шие бар. Екі таяқшаны қозғалту арқылы шиені бокал сыртында қалдыру керек. (Жауаб ы: 17,б-суретте берілген.)

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а) 18-суретте неше бұрыш көрсетілген?


(Ж а у а б ы: Сегіз.)

 

б) Цифрларды қозғап дұрыс теңдік шығар:



 

а) 83 – 17 = 21   б) 31+2=33

б) 13 + 2 = 33,
Жауабы:       а) 83 – 71 = 12,

 

 



  1. Фокус деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

 

Ж а у а б ы: Фокус деген сөзді бірінің астына бірін бес рет жазып, қиғаштап оқысақ тағы екі рет фокус деп оқитын боламыз. Сонда небары ол сөз жетеу болады  (19-сурет).

 

6 — о т ы р ы с.



  1. Математикалық викториналар.

а)Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км
шабады?
б) 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.

Е с к е р т у. 66 саны   карточкаға алдын ала жазылады.

 

(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)



 

в) Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?

г) Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңілісі   қанша болса, сонша ағасы бар. Осы семьяда неше ер бала, неше қыз бала бар?

(Ж а у а б ы: 1 ұл, 2 қыз бар.)

 


  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Екі әкесі мен екі баласы үш  алманы  бір-бірден  бөліп қалай бөліскені?

 

(Ж а у а б ы: Әкенің   баласы және оның баласы   болғаны. Сонда небары үш адам. Олардың үш алманы бір-бірден бөлісуіне болады.)



 

б) Квадрат тәрізді алаңның төрт бұрышының әрқайсысында бір-бір ағаш өсіп тұр. Ағашты кеспей, алаңды қалайша кеңейтуге болады?

 

(Ж а у а б ы: 20-суретте берілген.)



 

  1. Геометриялық басқатырғы «Бірден сызып шық».

 

Қарындаштың ұшын қағаздан алмай бірден сызып шық (21-сурет.)

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Е с к е р т у. Сурет стрелкасыз беріледі.



 

  1. Таяқшымен жаттығу.

а) Екі шырпыны ауыстырып, сиырды артына қарату керек.

(Ж а у а б ы: 22 – суретте берілген)

 

 








22 – сурет




 

 

 



 

 

 



 

б) Үш шырпыны қозғап, өрмекшіге ұқсас фигураны қарама-қарсы бағытқа қаратыңдар (23, а-сурет).

(Ж а у а б ы: 23, б-суретте берілген.)







             23 – сурет




 

 

Ескерту. Шешудің мүмкін бір жағдайы келтірілген.



 

 


  1. Математикалық ойындар.

 

а) Үш пешка ойыны. Әдістемелік нұсқау. Тақтадағы (24-сурет) көрсетілген ақ және қара пешкалардың орнын өзара ауыстыру керек. Олар бірінен бірі аттап кете алмағанымен, жолда не қуыста кідіре алады. Пешкалар орнын бұрын ауыстырған жеңімпаз атанады. Ойын звенолар арасында ұйымдастырылады. Ол үшін әр звеноның өз алдына ойын жабдығы болуы тиіс. Оны картоннан алдын ала даярлап алу қажет.



Оқу-тәрбиелік сипаты. Ойын оқушының ой-өрісін кеңейтіп, көз алдына елестету қабілетін дамытады. Ұстамдылыққа, коллектившілдікке үйретеді.

б) 9-ға көбейту. Бір таңбалы санды 9-ға көбейту үшін пайдаланылады. Алақанды жайып, солдан оңға қарай саусақты санаймыз да қажет көбейткішті бүгеміз. Берілген саусақтың сол жағы ондықтарды, ал оң жағы бірліктерді білдіреді.

 

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

 

(IIIсынып)

 

Кеш программасы:


  1. Бастаушы сөзі.

  2. Монтаж «Математика өмірде».

  3. Есептер шешу.

  4. Тақпақ «Математика».

  5. Фокус. «Лезде қосу», «Белгісіз сандардың қосындысын табу».

I  б а с т а у ш ы: — Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік (басын иеді).

II бастаушы – Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! «Қызықты  математика» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

I бастаушы: — Мұнда Сіздер математикалық монтаж, қызықты есептердің, фокустардың куәсі боласыздар.

II бастаушы: – Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес, кешке белсене қатысушылар болсаңыздар, біздер оған еселеп қуанамыз.

I  бастаушы:

Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып, көңілді көтеріп.

Бір есеп жүрсе егер басыңда,

Оны да шешіп бір кетелік.

 

II б а ст а у ш ы:



Бұл жерден естірміз талайды,

Есеппен сап басып не шуды,

Сол есеп әрқашан қалайды,

Өз мәнін дұрыстап шешуді.

 

I б а с т а у ш ы:



Есептің қызығын көретін,

Боламыз десеңдер білімгер.

(Екеуі қосылып:)

Ең дұрыс шешімді беретін,

Жауапты дәл таба біліңдер.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке тәжім етеді. I бастаушы кетеді).



 

II бастаушы: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты математикалық монтаж тыңдайсыздар. Монтажға қатысушылар I—II класс оқушылары (II бастаушы ке-теді, монтажды орындаушылар көпшілік алдына шығады).

1- оқушы (1 сынып):

Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

 

2-оқушы (Псынып):



Болмаша ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам,

Сенің бар айналаң, емірің,

Есептік заңына бағынған.

 

3-оқушы (1сынып):



Заводтар салынып нуларда,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз.

 

4-оқушы (II класс);



Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Космостық сапарды мықтасақ.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке құрмет көрсетеді. Оқушылар сахнадан кетеді.)



 

II бастаушы көтеріңкі дауыспен: —Енді есептер шешелік (сәл кідіріп):

— Бір килограмм түбіт ауыр ма, әлде бір килограмм қорғасын ауыр ма?

 

(Ж а у а б ы: Салмағы бойынша екеуі де бірдей, ал алып тұрған көлемдері әр түрлі.)



 

I  бастаушы: 26-ны 6 екі арқылы жазу керек.

 

(Ж а у а б ы: 26 = 2 • 22 : 2 + 2 • 2.)



 

II бастаушы тақтадағы жазылған төрт нүктені көрсетіп: Қаламның ұшын дәптерден көтермей төрт нүктені үш кесіндімен қос.

 

(Жауабы: нуктелердің арасын екі бағытта қосуға болады.)



 

Есептер сұрағы оқушылар түсінгенше қайталанып, түрлі жауаптар алынады. Жұмыстардың дұрыстығын, құндылығын, оқушылар тапқырлығын мұғалім баға-лайды.

I бастаушы: — Енді математикалық тақпақ тыңдаңыздар. Орындаушылар III класс оқушылары.

 

 



І-оқушы:

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

 

2-оқушы:



Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Математика —

Ең манызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

3-оқушы:



Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл.

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

 

II бастаушы: Қазір сіздер «сиқыршыны» көресіздер (фокусшы тақта алдына шығады).



 

Фокусшы: 1 — фокус. Лезде қосу. Тақтаға сендермен кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз. Мен жауабын бірден айтамын. Сенбесеңдер, көріңдер. Тақтаға бірнеше оқушы шығып, төмендегі сандар қосындысын табу керек болсын.

156 — тақтаға шыққан оқушы

843 — фокусшы



372 = 1+371 — тақтаға шыққан оқушы

 

(Ж а у а б ы: 1 371 — фокусшы.)

 

Тағы да көрсетейін.



645 — тақтаға шыққан оқушы

354 — фокусшы

187=1 + 186 — тақтаға шыққан оқушы.

 

Ж а у а б ы: 1 186 — фокусшы.



 

Т а б у   ә д і с і. Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір цифрын (1, 5, 6) тоғызға дейін (8, 4, 3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы санды (372) жаздырып, өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны (1 371) табу ушін соңғы саннан 372 бірді шегеріп, (.372—1) пайда болған сан (371) алдына бір жаз-сақ (1 371) болады.

2-фокус. Белгісіз сандардың қосындысын табу. Тақтаға сіздермен кезектесіп, әрқайсысы мыңнан аспайтын бірнеше сандар жазамыз. Қосындысы неше болатындығы конверт ішіндегі қаразда жазулы. Оны фокусшы жазып, есіне сақтайды. Тексеріп көріңіздер. Тақтаға төмендегі сандар жазылсын. Әрине, ол екі, үш, төрт, т. т. парлар болуы мүмкін. Қалай болғанда да жазылған сандар жолы тақ болып шығып отырады.

 

345 — тақтаға шыққан оқушы



2 пар сан,

барлығы 5 жол






654 — фокусшы

127 — тақтаға шыққан оқушы

872 — фокусшы

 

349 = 2 + 347 — фокусшының қосымша жолы



 

(Ж а у а б ы:  2 347 — конверттегі сан.)

 

Тағы көрсетейін, қараңыздар!



 

456 — тақтаға шыққан оқушы

543 — фокусшы

567 — тақтаға шыққан оқушы



3 пар сан,

барлығы 7 жол






432 — фокусшы

671 — тақтаға шыққан оқушы

328 — фокусшы

 

701 = 3 + 698 — фокусшының қосымша жолы



 

(Ж а у а б ы:  3 698 — конверттегі сан.)

 

Табу әдісі. Конверт ішіндегіалдын ала жазылған сан шығу үшін фокусшы тақтаға шыққан оқушы жазған санды 999-ға дейін толықтыратын сан жазып отырады. Әуелі оқушы жазып, фокусшы оны толықтырады. Бұған қосымша соңғы жолды тағы да фокусшы жазады. Фокусшының ақырғы жазатын саны қалай болса солай таңдалмай, конверт-ішіндегі санның (мысалы, 3 698) мыңдық разрядын көрсететін цифрмен (3) бұл цифрсыз (3) жазылатын санның қосындысына (698 + 3 = 701) теқ болады. Кезектесіп жазылатын парлар саны қанша болса, конверт ішіндегі фокусшының жазып қойған санының мыңдар саны да сонша болады. Біздің мысалымызда 2 пар болса, жауапта екі мың, 3 пар болса, жауапта 3 мың т. т. Фокусшы нәтижесін тақтаға шыққан окушыға немесе кешке қатысушылардың біреуіне тексертіп көру фокустың әсерлілігін күшейтеді. Көрсетілген фокус бірнеше рет қайталанып, окушылардың өз бетінше фокустың сырын ашуына жағдай жасау керек. Мұндай мақсатты оқушылар алдына қойып, оқушылар шеше алмаған күнде мұғалім түсіндіріп беруі тиіс.

I бастаушы: — Сонымен, кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Кешті аяқтау. Оны мұғалім жабады. Кеште белсенділік көрсеткендер атап өтіледі де, кешті даярлаушыларға алғыс айтылады.

 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР САНМЕН ОЙЫНДАР



 

  1. Жүз ойыны. Ойын ережесі.   Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды. Біріншісі 1-ден 10-ға дейінгі бір санды   атайды. Екіншісі оған 10-нан аспайтын бір санды қосады да, қосындыны айтады. Біріншісі оған 1-ден 10-ға дейінгі бір санды қосып, қосындысын атайды. Осылай кезекпе-кезек ойнау арқылы, кім 100-ді бұрын атаса, сол ойында ұтып шығады.

Әдістемелік нұсқау. Әуелі ойынды кезектесіп 2—3 пар оқушы ойнайды. Одан әрі мұғалім бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін алғашқыда қандай санды атауы керек еді? — деген сұраққа тірейді. Оқушыларды ойландырады. Жауапты мұғалім төмендегіше түсіндіру арқылы өзі береді.

Ұтыс сыры. Оны ойынның соңғы кезеңін талдау ашады. Бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін соңғы жүрісінін, алдында 89 = 100—(10+1) жүрісін жасауы тиіс, өйткені екінші ойыншы енді 100-ді бір жүріс арқылы шығара алмайды. Бірінші ойыншы бұрын 89—(10 + + 1)=78 санын атайды. Осылай талдау барысында бірінші ойыншы үшін ұтудын, тиімді сандары табылады. Олар: 100, 89, 78, 67, 56, 45, 34, 23, 12 және 1. Бұл сандарға зер салып қарасақ, олар бірінен-бірі 11-ге артық. Бұдан бірінші ойыншы 1-ді атайтындығы көрінеді. Ол екінші ойыншыны 12, 23, 34, … сандарына дейін толықтырып отырады. Мысалы, екінші ойыншы нәтижесі 7 болса, бірінші ойыншы оны 12-ге дейін толтыруы үшін 5-ті қосуы тиіс. Бірінші ойыншы бұдан басқа сандарды атаса, екінші ойыншы жүрісті ұтуына болады. Ол үшін екінші ойыншы жоғарыда аталған сандарға толтыруы тиіс. Ұтыс әдісін үйренгеннен кейін де жаттықтырулар жүргізіледі.

Оқу-тәрбиелік сипаты. Талдау мен салыстыру арқылы оқушыларды қорытынды шығаруға, есін дамытуға тәрбиелейді.

  1. 18 таяқша ойыны. 0 й ы н е р е ж е с і.   Ойынды екі оқушы ойнайды. 18 таяқша үймесінен кезекпе-кезек 1, 2, 3 және 4 таяқша алуға болады. Әркім қанша таяқша алатынын өзі біледі. Соңғы таяқшаны кім алса, сол ұтады. Қалай жеңімпаз атануға болады. Ойлан.

Н ұ с қ а у. Алдыңғы ойындағыдай талдау арқылы қарсыласыңда 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек. Сонда соңғы таяқшаны өзің аласың.

О қ у – т ә р б и е л і к   сипаты.   Талдау, салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға үйренеді.



  1. Ойша өшірілген цифр ойыны (25-сурет).

Ойын ережесі. Алдымен 1 – ден 9-ға дейін цифр жазылған таблица жасап алу керек. Ойынға бірнеше бала қатыса алады. Ойынды бірінші бастаушы дауыстап таблицадағы  әрбір цифрды ретімен көрсетіп, 11-ге дейін санауы тиіс. Санақ басталатын цифрды басқарушы айтады. Таблицада барлығы 9 цифр болғандықтан, ал санау 11-ге дейін жүргізілетіндіктен, ойнаушы таблицаның соңғы 9 деген цифрына жеткеннен соң, таблицадағы бірінші тұрған цифрдан бастап санауды жалғастырады. Айталық, басқарушы 4 цифрын көрсетсе, онда ойнаушы 11-ге дейін санап 5 цифрына келеді. Бұл 5 цифры таблицадан ойша өшірілді деген сөз. Оны әркім ұмытпауы тиіс. Енді 11-ге дейін санау қатардағы келесі цифрдан (6-дан) басталады, бірақ өшірілген цифр санаққа қосылмай, одан аттап өтіледі. Санауда мұны ескермегендер ойыннан шығарылады.

Екінші айналымда екі цифр өшірілетін болады. Ойын өшірілмеген бір цифр қалғанша жалғастырылады. Ойыншыға таблицада ешбір белгі қоюға болмайды, ондай белгіні тек басқарушы жасайды. Басқарушыда әрбір ойыншыға арналған бақылау таблицасы болады. Кім өшірілген цифрды көп аттаса, сол жеңімпаз атана-ды. Оны басқарушы айтады.

О қ у – т ә р б и  е л і к с и п а т ы. Ойын зейін мен есті тәрбиелеуге көмектеседі.


  1. Екі санды өзара көбейту. Әдісті бір орынды екі санды өзара көбейту үшін қолдануға болады. Бірақ санды өз-өзіне көбейтуге болмайды. 7-8-ді түсіндірейік. Көбейткіштерден әрқашанда 5-ті азайтамыз. Сонда қалдық 2 және 3 болады. Солдан оңға қарай бірінші қолдан 2-саусақты, ал екінші қолдан 3 саусақты бүгеміз. Бүгілген саусақты қоса есептегенде сол жағы ондықты, ал оң жағы бірлікті көрсетеді. Бірліктерді өзара көбейтіп, ондықтарға қосамыз. Сонда:

 

20 + 30 = 50,                                    3*2 = 6,

50 + 6 = 56,                                      7*8 = 56

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ!

 


  1. Дека грек сөзі. Мағынасы 10.

  2. Санти латын сөзі. Ол 100 дегенді білдіреді.

  3. Нашар жабылған краннан минутына 110 тамшы, 1 сағатта 600 грамм, ал күніне 14,4 л су ағады. Мектепте 30 кран осылай дұрыс жабылмаса, онда күніне 432 л су босқа төгіледі.

  4. Инелік сағатына 100—150 км ұша алады.

  5. Ара салмағы 0,2 грамнан кішкене көбірек.

  6. Ең ұшқыш құстардың бірі – шымшық. Ол жайшылықта сағатына 70—80 км алады. Самғап кетсе, сағатына 320 км алады.

  7. Тез көбейту.

 

37*3 = 111

37*6 = 222

37*9 = 333

37*12 = 444

 

Мысалды жалғастыр да, неліктен осылай екеніне жауап бер.



 

(Жауабы:  37*3 = 111, 37*6 = 37. (3 + 3) = 111 + 111 = 222. Әрбір келесі сан алдыңғы санды 111-ге арттырғанға тең.)

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Мазмұны

 


  1. Алғы сөз.……………………………………………………………………3

  2. Сыныптан тыс жұмыс түрлері. ……………………………………………4

  3. Үйірме отырыстары. ………………………………………………………8

  4. І сынып …………………………………………………………………….-

  5. ІІсынып…………………………………………………………………….11

  6. ІІІ сынып…………………………………………………………………..15

  7. Кеш. «Қызықты математика» ……………………………………………21

  8. Қосымша материалдар санмен ойындар…………………………………25

  9. Сен білесің бе? ……………………………………………………………26

 


Каталог: uploads -> doc -> 1128
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1128 -> Аяласаң табиғатты аяла Адамның табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. «Тіршілік атаулының бар арманы-ауа»
1128 -> Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс Сабақтың мақсаты
1128 -> Сабақтың тақырыбы: «Ас адамның арқауы»
1128 -> Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов «Құлақ пен тымақ»
1128 -> Мазмұндама мен шығарма негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуда ойын мәтінге сүйеніп,өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады
1128 -> Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет