Сабақ № Судың кермектігі және оны жұмсарту тәсілдері Күні: Сілтеме



Дата13.08.2017
өлшемі54,05 Kb.
#23664
түріСабақ
С.М.Унгалиева

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

М.Әуезов жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Унгалиева С.М.


Химия


10 сынып

Сабақ №

Судың кермектігі және оны жұмсарту тәсілдері

Күні:

Сілтеме

10 сынып оқулығы (Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная, Г.Абрамова), Нұсқаулық, Дадли оқыту әдістері, Интербелсенді оқыту

Мақсаты

Оқушыларға кермектілік ұғымы, олардың жіктелуі, оны жұмсарту әдістері туралы түсінік қалыптастыру

Негізгі идеялар

-жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау

-топпен жұмыс арқылы бірлесе оқуға,сұраққа жауап алып,салыстырып,ойын еркін жеткізуге бағыт беру



Табыс критерийі

Кермектілік ұғымын түсінуі

Түрлерін ажыратуы

Жол жолдарының реакциясын жаза алуы


Күтілетін нәтиже

-Кермектілік ұғымын түсінеді

-Түрлерін ажыратады

-Жою жолдарына реакция теңдеуін жаза алады


Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс –әрекеті

Оқушының іс –әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, топқа бөлу



3 мин



- Сәлемдесу

- Психологиялық ахуал орнату

- Оқушыларды топқа бөлу


Мұғаліммен сәлемдеседі

Бейне ролик көреді

Топқа бөлу 1.Натрий қосылыстары

2.Кальций қосылыстары



Өткен тапсырманы еске түсіру

5 мин

Аяқталмаған тезис

1топ Натрий қосылыстары

2топ Кальций қосылыстары


Оқушылар берілген сөздер арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді. Қандай ұғым екенін табады. Сол арқылы топқа бөліне қояды. (жеке жұмыс)

Жаңа сабақты ашу

3 мин

Мәтінмен жұмыс

Кермектілік, оны жою жолдары



Оқушылар оқулықтан жаңа тақырыпты ізденіп, оқиды, түсінеді, бір-біріне түсіндіреді. (жұптық жұмыс)

Жаңа сабақ бойынша


8 мин

«Жылжымалы бекет» әдісі

Екі топқа да кермектілік, оны жою жолдары



Оқушылар топ ішінде берілген тақырыпты талдап, талқылап, бірлесіп топ болып ілінген постерге жазады. Екінші топ басқа топта жазбаған түсінікті толықтырады. Қорғайды.Бағалайды.(топтық жұмыс)

Тапсырмалар

1-тапсырма



8 мин

«Паравоз» әдісі


Оқушылар берілген тізбек бойынша реакция теңдеулерін жазады. Тақтаға шығады.Дәптерге жазады.

2-тапсырма

8 мин

«Тез қимылда» әдісі


Оқушылар массасын табуда есептер шығарады.

Дәптерге және тақтаға жазады.



Бекіту.

6 мин

«Графикалық диктант» әдісі

Иә немесе жоқ



Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша қорытындылауға берілген тапсырмаға иә немесе жоқ деп жауап береді.

Бағалау.

1.Формативтік бағалау

2.Жиынтық бағалау


2 мин

1.Мадақтау, смайлик арқылы, қошеметтеу

2.Бірін-бірі бағалау, топ басшысы бағалау



Өз - өздерін және бірін бірі бағалайды.


Үйге тапсырма

1 мин

§22

Кері байланыс

1 мин

Бағдаршам

Жасыл түс- сабақ ұнады,түсіндім

Сары түс-әлі де толықтыру қажет

Қызыл түс - түсініксіз болды



Стикерге өз пікірлерін жазады

Құрал-жабдықтыр

Мульт.проектор, слайдтар, презентация, құралдар, үлестірме материалдар, қағаздар, бояулар


Берілетін тапсырмалар

Аяқталмаған тезис

1.Натрий 5.Ас тұзы 9.ІІ валентті

2.Кальций 6. Ас содасы 10.Жерқыртысында 3,6%

3. Ауада өте тез тотығады 7. І валентті 11.Ізбестас, бор, әктас

4. Жалынды сары түске бояйды. 8. Жалынды қоңыр қызыл түс 12.1818ж ашылды
Ой тастау. Кальцийдің қосылыстарын еске түсіру

«Жылжымалы бекет» әдісі

1 топ Кермектілік, оны жою жолдары

2 топ Кермектілік, оны жою жолдары


«Паравоз» әдісі
Са → СаО →Са(ОН)2→СаСО3→Са(НСО3)2→СаСО3
Ғе→ҒеО→ Ғе(ОН)2→ҒеО→Н2О→Са(ОН)2→СаSО4
«Тез қимылда» әдісі
1топ 72г m-?

Са(НСО3)2+Са(ОН)22СаСО3 ↓+2Н2О
2топ 142г m-?

СаSО4+Nа2СО32СаСО3+Nа24
«Графикалық диктант» әдісі (иә/жоқ)

1.Кермектілік кальций, магний тұздары -иә

2.Су тұрмыста, техникада, өнеркәсіпте қолданылады – иә

3.Керметілік 3-ке жіктеледі – жоқ 2-ге

4.Кермек суда сабын көпірмейді-иә

5.Кермек суда тамақ нашар піседі –иә

6.Уақытша кермектік кальций, магний карбонаттарының әсерінен болады –жоқ, гидрокарбонат

7.Тұрақты кермектік кальций, магний сульфаттарынан пайда болады.-иә



8.Қайнату және сода арқылы жоюға болады.-иә



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет