Музыка
4-сыныпта аптасына - 1 сағат
Жылына барлығы - 34 сағат
Авторлары: М.А.Оразалиева
(Алматыкітап 2011)
І. ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының жаңашыл даму кезеңінде, жалпы білім беретін мектептердің алдында, ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерін білетін, ой-өрісі дамыған, қоршаған ортамен өзара жағымды, белсенді әрекетке дайын шығармашылық тұлғаны тәрбиелеудің жауапты ісі тұр.
Қазақ халқының музыкалық өнері, классикалық музыка, музыка сауаты, шығармашылық өнер музыка оқу пәнінің негізі ретінде қарастырылады. Оқушылар музыка тілі, жанрлар, аспаптар, музыка өнеріне байланысты мамандықтар жайлы біліп үйренеді. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен, республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндер жүйесінде «Музыка» оқу пәнінің маңызы төмендегідей анықталады:
оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін музыканың тәрбиелік, білімділік және дамытушылық мүмкіншіліктерімен;
балалардың санасына әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруда музыканың бірден-бір ерекше құралы екендігі;
оқушылардың денсаулығына ықпал ететін негізгі фактор ретінде вокалды-хор орындаушылық және музыкалық аспаптарда ойнау әрекеттерімен (дұрыс тыныс алуын жолға қою, жас ерекшелігіне сай кездесетін, сөйлеу кемістігін түзеу, қозғалыс координациясы және саусақтар жүрдектігін дамыту, жүйке және дене қызметіне түскен күшті сергіту).
Оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері: білім алушыларға музыка туралы алғашқы мәліметтерді меңгерту, халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүріміз және әдет-ғұрпымызды қастерлеуге, туысқан халықтар музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсендігін (әртүрлі музыкалық әрекеттерде: музыканы тыңдау, айту, ритмикалық қимылдар, музыкалық аспаптарда ойнау, импровизация) арттыру, музыкаға деген қызығушылығын және сүйіспешілігін тәрбиелеу.
Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
Қолайлылық және бірізділік ұстанымдары жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отыра, олардың музыкалық дамуына ықпал ететін, бастауыш сынып оқушыларына орындауға және тыңдауға қолайлы музыкалық материалды іріктеуге көмектеседі.
Эстетикалық және этикалық ұстанымдар бағыты негізінде іріктелген оқу материалы, балаларға бір жағынан музыканың көркемдігін танып білуге, ал екінші жағынан оның мазмұны арқылы біреуге жақсылық жасау, сүйіспеншілік және сыйластық сияқты ұғымдарды сезінуге мүмкіншілік береді.
Азаматтық және патриоттық бағыттар, балаларды өз Отанына және халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін музыкалық материалды іріктеуді реттеді.
Көркемдік және техникалық ұстанымдар, көркемдік және қызықтырғыш ұстанымдар бірлігі іріктелген музыкалық материалдың балаларға қызықты болуына, тәрбиелік, білімділік және дамытушылық сипатқа ие болуына бағытталған.
Оқу пәні мазмұнының жалпы құрылымы, іс-әрекеттің төмендегідей негізгі түрлерінде берілген.
Ән орындау – балаларды музыкаға баулудың ең белсенді түрі болып, оларды музыкалық дамуына ықпал етеді. Әнді жеке, ансамбль, хормен орындауы, әр түрлі деңгейде жалпы және музыкалық дамыған оқушыларды ықыластылыққа, байқағыштыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді, бірыңғай шығармашылық ұжымға топтасуға ықпал етеді. Ән орындау процесінде, мұғалім балаларды хормен дұрыс бағытта айтқызып жүргізетін болса, олардың дауыс диапазоны кеңейе түседі.
Музыка тыңдау бастауыш деңгейдегі білім алушылардың музыканы сезіммен және саналы түрде қабылдауға үйрету міндетін іске асырады. Олар аспаптық, вокалды-хор, халықтық және кәсіптік-композиторлық музыканы тыңдауда, жас ерекшеліктеріне сай берілген әр түрлі деңгейдегі күрделі әндерді орындау барысында, музыкалық бейнелерді өзінше түсіндіріп беруді үйренеді.
Музыкалық сауаттылық оқушыларда музыка, музыкалық құбылыстар, олардың ерекшеліктері, заңдылықтары, мәнерлеу тәсілдері, композиторлар туралы мәліметтер, нота сауатының негізі туралы алғашқы жүйеленген ұғымды және білімді қалыптастыруды жобалайды. Оқушыларда музыкалық тәжірибенің аздығын ескере отыра, білім алу жүйесі біртіндеп, музыкалық есту әсерлерінің жинақталу реттілігімен, оларды музыка тыңдау, ән орындау және шығармашылық тапсырманы орындау әрекетінде қолдану барысында өтеді.
Шығармашылық әрекет музыкалық әрекеттердің барлық түрлерінде жүзеге асады және музыка тыңдау, ән орындау, би қимылдармен таныс әндерді сүйемелдеу, аңыз-күйлермен әндер сахналау, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау барысында баланың музыкаға деген сезімі мен қызығушылығы арқылы байқалады. Шығармашылық тамсырмалар арқылы оқушы музыкалық білімін пысықтайды.
Мазмұнды іріктеудегі ұстанымның негізгі бағыты, музыканың халық өмірімен байланысы туралы идея болып табылады. Сабақ тақырыптары тәрбиелік-білімділік сипатқа сай және музыканың мазмұнына сәйкес жазылған.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
4 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Пән
|
Оқулықтың
авторы
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Жылдық
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Жоспар бойынша
|
Музыка
|
Ш.Құлманова,
Б.Сүлейменова (Атамұра)
|
9 сағат
|
7 сағат
|
11 сағат
|
7 сағат
|
34 сағат
|
4-сынып
1 тоқсан: Опера, Балет, Симфония әлеміне саяхат – 9 сағат
Симфониялық оркестр аспаптары. Балет және Опера әлемі. Қазақтың халық музыкасы операда: Қыз Жібек, Төлеген, Біржан, Сара. Қазақтың халық әні мен аспаптық музыка. Операдағы айтыс.
2 тоқсан: Ертегілер мен аңыздар әлемінде - 7 сағат
Аңыз күйлер.
3 тоқсан- 4 тоқсан Әуендер әлемі – 18 сағат
Музыка - әуендер елі. Табиғи және механикалық дыбыстар. Музыкалық дыбыстар. Музыка тілі-достық тілі. Қазақстан халықтардың музыкасы: орыс халықтың музыкасы, славян халықтардың музыкасы, кавказ халықтардың музыкасы, өзбек, ұйғыр, қырғыз, татар халықтардың музыкасы.
Ән орындау. Дағдыларды бекіту. Алдағы сыныптарда алынған дағдыларды бекіту. Әннің табиғи қалпын сақтай отырып жай, бір қалыпты әдемі айту. Марш екпінінде орындалатын әндерді, айту кезінде берілген нақты пунктирлі ырғақты және саздылықты сақтау. Канонмен айту және әндерді, қысқа қайырымдарды екі дауысты элементтермен орындау. Тыңдауға арналған музыкаға шағын интонацияларды нота бойынша айту. Сыныптасының және өзінің айтқан әнін бағалау. Әнді екі дауыспен орындау.
Орындауға ұсынылатын репертуар
Ш.Қалдаяков – Ж.Нажимеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемелекеттік ән ұраны», Е.Брусиловский «Қыз-Жібек (операдан үзінділер)», Н.Римский-Корсаков «Третья песня Лелья («Снегурочка»операсынан)», Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ»
Г.Тамендаров – М.Әлімбаев «Көкпар», Ә.Молдағайынов – А.Байғожаев «Ойлан тап», А.Жұбанов- Н.Баймұхамедов «Ақ көгершін», Қазақтың халық әндері: «Сәулем-ай», «Елім-ай», «Ақ дариға», «Гүлдер-ай», «Жаңа жылда».
Орыс халқының халық әні «Не летай,соловей», Өзбек халқының халық әні «Пахта ой», Грузин халқының халық әні «Светлячок». Татар халқының халық әні «Жауын». Беларус халқының халық әні «Бульба». Қырғыз халқының әні «Өзен жанында», Корей халқының халық әні «Көктем», Итальяндық халық ән «Санта Лючия», К.Дүйсекеев – Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең». И.Нүсіпбаев – Е.Елубаев «Достық».
Г.Гусейнли - Т.Муталибов «Шөжелерім», И.Нүсіпбаев - Х.Талғаров «Дос болайық бәріміз», Б.Дәлденбаев - Н.Жанаев «Балдырғандар әні», А.Қоразбаев - Т.Қажыбаев «Әгугай, домбыра», Ыбырай «Гәкку», Е.Брусиловский - Ә. Тәжібаев «Қос қарлығаш», Біржан сал «Біржан», А.Жұбанов - Н.Баймұхамедов «Қарлығаш азат құспын».
Музыка тыңдау. Қазақтың халық әндері, күйлері. Абай, Мұхит, Ыбырай, Біржан әндері. Тоқсандық тақырыптарға сай басқа халықтардың әндері. Халық музыкасының композитор шығармаларында алатын орны жөнінде мағлұмат. Симфония, симфониялық шығармалар: опера, балет, хор музыкасы. Аспаптық шығармалар туралы мағлұмат. А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, М.Төлебаева, К.Мусин, К.Құжамьяров, Л.Бетхов, П.Чайковский, С. Рахманинов, А.Хачатурян және т.б. шығармаларымен танысу. Симфониялық оркестрлердің әуені. Хордың құрамы: сопрано, альт, тенор, бас, олардың темблері. Біртекті және аралас хор, олардың ерекшелігі.
Тыңдауға ұсынылатын репертуар
Аңыз күй «Жетім бала». Жетім бала мен Қошан сері. Жетім баланың қызбен кездесуі. Отанына оралуы, «Аңдар айтысы». (музыкалық ертегі). Үй жануарларының айтысы. Достыққа шақыру. Тауықтың, иттің, доңыздың және қоянның айтысы. Тапқыр тышқан. Наурыз құтты болсын!, С. Мұхамеджанов «Ғасырлар үні ораториясы.- жыраудың балладасы, шабуыл, ақтабан шұбырынды, октябрь әні», Қыз Жібек операсынан үзінділер: Жібектің әні мен ариясы, Төлеген, Бекежанның партиялары, Шегеннің термесі, Біран Сара операсынан: Біржан, Сара партиялары, Естайдың термесі, хор мен би.Н. Меңдіғалиев «Елім-ай» тақырыбына арналған фортепианолық вариациялар, Күй аңыз «Ақсақ құлан», «Нар идірген», Е.Брусиловский «Сарыарқа» симфониясынан үзінділер, Ғ.Жұбанова «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасы, М.Маңғытаев «Ақсақ құлан» Хор-поэма, Б.Байқадамов Құрманғазының күйі «Ақбай» тақырыбына хор, Абай «Қараңғы түнде тау қалғып», Ғ.Жұбанова «.Хиросима» балетінен үзінділер, Грузин халқының биі «Лезгинка», Өзбек халқының биі «Мавриги», Орыс халқының халық әні «Камаринская», Эстон хылқының халық әні «Взял волынку наш сосед», Украин халқының халық әні «Щедрик, щедрик». П.Чайковский «Подснежник».
Музыкалық сауаттылық. Оқылған аспаптық және вокалдық шығармалардың құрылымын ажыраты білу. Дыбыс күшін белгілеу үшін қолданатын: форте, пиано, меццо - форте, олардың нотадағы белгіленулері. Тон және жарты тон. Мажорды гаммадағы дыбыстарды ырғағына елтіріп таза айту. Дыбыстың жоғарлығн өзгерту белгілері (диез, бемоль), олардың, ән айту барысында қолдану, жазу. Әндегі тұрақты дыбыстар. Сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз до- мажор гаммадағы ән айту. Жеңіл және шағын әндерді нотамен айту. Симфония, симфониялық поэма, хор поэмасы, опера, балет, оратория, вариациялардың негіздерін білу. Халық әндері мен күйлерінің күрделі музыкалық шығармалардағы жаңа өмірі. Симфониялық оркестр, оның аспаптары, дирижер туралы түсінік алу.
Шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың тақырыбы бойынша сурет салу. Өзінің түсінігі бойынша музыкалық шығармалардағы бейнелерді өз бетінше қағазға түсіру. Шағын фразаларға музыкалық қысқа қайырымдар ойлап табу. Тыңдаған музыкаға ертегі, әңгіме құрау. Берілген тақырыпқа сай суырып салып айту. Кроссвордтар, ребустар шешу.
Музыка 34 сағат – 25,5 блок
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
Опера, Балет, Симфония әлеміне саяхат – 9 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-симфониялық оркестр аспаптары.
|
-балет және Опера әлемі.
-қазақтың халық музыкасы операда: Қыз Жібек, Төлеген, Біржан, Сара.
-қазақтың халық әні мен аспаптық музыка. -операдағы айтыс.
|
1
|
1 -тақырып «Сәлем,мектебім»
|
1
|
|
2
|
2- тақырып «Опера.Операдағы Абай бейнесі»
|
1
|
|
3
|
3-тақырып «Оратория»
|
1
|
|
4
|
4-тақырып «Аспаптық музыка»
|
1
|
|
5
|
5-тақырып «Оркестр»
|
1
|
|
6
|
6 – тақырып «Вокальдық музыка»
|
1
|
|
7
|
7-тақырып «Хор»
|
1
|
|
8
|
8- тақырып «Сал-серілік дәстүр және кәсіби музыка»
|
1
|
|
9
|
9-тақырып «Күй –шежіре»
|
1
|
|
|
Екінші тоқсан Ертегілер мен аңыздар әлемінде - 7 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-аңыз күйлер.
|
-дыбыс күшін белгілеу үшін қолданатын: форте, пиано, меццо - форте, олардың нотадағы белгіленулері;
-тон және жарты тон;
-мажорды гаммадағы дыбыстарды ырғағына елтіріп таза айту;
-дыбыстың жоғарлығын өзгерту белгілері (диез, бемоль), олардың, ән айту барысында қолдану, жазу.
|
1
|
10-тақырып «Музыкалық екпін»
|
1
|
|
2
|
11- тақырып «Музыканың қозғаушы белгілері.Альтерация»
|
1
|
|
3
|
12- тақырып «Егемен ел-еркіндік жыры» «
|
1
|
|
4
|
13-тақырып Музыка тамыры мен тармақтары»
|
1
|
|
5
|
14-тақырып «Өлшемдер»
|
1
|
|
6
|
15-тақырып «Нүктелі нота»
|
1
|
|
7
|
16-тақырып «Жаңа жыл,жарқыра»
|
1
|
|
|
Үшінші тоқсан «Әуендер әлемі» 11 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-өзінің түсінігі бойынша музыкалық шығармалардағы бейнелерді өз бетінше қағазға түсіру;
-шағын фразаларға музыкалық қысқа қайырымдар ойлап табу
|
-тыңдаған музыкаға ертегі, әңгіме құрау;
-берілген тақырыпқа сай суырып салып айту;
-кроссвордтар, ребустар шешу.
|
1
|
17- тақырып «Динамикалық белгілер»
|
1
|
|
2
|
18-тақырып. «Қырғыз музыкасы»
|
1
|
|
3
|
19-тақырып. «Өзбек музыкасы»
|
1
|
|
4
|
20-тақырып «Орыс музыкасы»
|
1
|
|
5
|
21- тақырып «Украин музыкасы»
|
1
|
|
6
|
22-тақырып. «Татар музыкасы.Ұйғыр музыкасы»
|
1
|
|
7
|
23-тақырып «Корей музыкасы.Неміс музыкасы»
|
1
|
|
8
|
24- тақырып «Қытай музыкасы»
|
1
|
|
9
|
25-тақырып «Иоганн Себастьян Бах»
|
1
|
|
10
|
26-тақырып «Вольфганг Амадей Моцарт»
|
1
|
|
11
|
27- тақырып «Армысың, әз Наурыз»
|
1
|
|
|
Төртінші тоқсан «Әуендер әлемі»
7 сағат
|
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Оқушылар қолдана алуы тиіс
|
|
-жеңіл және шағын әндерді нотамен айту;
-симфония, симфониялық поэма, хор поэмасы, опера, балет, оратория, вариациялардың негіздерін білу
|
-халық әндері мен күйлерінің күрделі музыкалық шығармалар қолдану;
-симфониялық оркестр, оның аспаптары, дирижер туралы түсінік алу.
|
1
|
28-тақырып «Людвиг Ван Бетховен»
|
1
|
|
2
|
29- тақырып «Петр Ильия Чайковский»
|
1
|
|
3
|
30- тақырып«Сергей Васильевич Рахманинов»
|
1
|
|
4
|
31-тақырып «Қазақстандық кәсіби композиторлары. Ахмет Қуанұлы Жұбанов»
|
1
|
|
5
|
32-тақырып «Мұқан Төлебаев»
|
1
|
|
6
|
33-тақырып «Нұрғиса Тілендиев»
|
1
|
|
7
|
34-тақырып «Евгений Григорьевич Брусиловский»
|
1
|
|
Бейнелеу өнері
Авторлары: Қ.О.Жеделов,С.К.Шапкина,Н.А.Королькова
(Алматыкітап 2011)
І ТҮСІНІК ХАТ
Бұл бағдарлама мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі «Өнер» білім саласына енетін «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.
Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі беріліп, «Өнер» білімдік аймағына кіреді.
Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылықтәжірибелерін терендетіп, байыту болып табылады. Негізгі оқу – тәрбие міндеттері:
– оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермеңік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;
– композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап,еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;
– салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;
– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;
– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу.
Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымына пәндік интеграциялау ұстанымы, тәрбиелей отырып үйрету ұстанымы, оқытып, үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері және шығармашылық-әрекеттік ұстанымдар жатады.
Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.
Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.
Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бастауыш білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Қоршаған орта болмысын зерделеу және бақылаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы және бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.
«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.
Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу жүктемесінен, бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде (4 сынып) қойылатын талаптардан тұрады.
Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу төмендегідей қарастырылады және мұғалімнің қойылған міндеттерді шешудегі шығармашылық шешімін шектемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |