Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен



бет8/17
Дата13.11.2016
өлшемі2,79 Mb.
#1636
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

4 сынып

Адам (6 сағат)

Адамның тірек-қимыл жүйесі. Адам ағзасының мүшелер жүйесі: жүйке жүйесі; тыныс алу және қан айналым жүйесі; ас қорыту жүйесі; зәр шығару жүйесі және олардың рөлі. Адамның тері, ішек ауруларының алдын алу. Алғашқы медициналық көмек.



Практикалық жұмыстар: Тыныс алу мен жүйке жүйесін нығайтуға арналған жаттығулар кешенін орындау. Қалыпты күйдегі және әртүрлі дене жаттығуларынан кейінгі адам пульсінің соғуын өлшеу және салыстыру. Алғашқы медициналық көмек көрсету тренингісі (кесілген немесе жырылған, күйген, үсіген терінің жарақаттанған бөлігіне).

Табиғат (38 сағат)

Жергілікті жерде бағдарлану әдістері (3 сағат)

Глобус – Жердің моделі. Ғарыш және ғарыштық денелер туралы түсінік. Күн – аспан денесі, оның жарық пен жылу көзі ретінде тіршілікке әсері туралы жалпы түсінік. Ай – Жер серігі. Күн мен түннің ауысуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.



Көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы. Глобус.

Практикалық жұмыстар. Қазақстанның физикалық картасын пайдалануды үйрету.

Туған жер табиғаты. Рельеф (8 сағат)

Жер бедерінің формалары (жазықтық, тау, қырат, ойпат, сай, карьер, тоған, су қоймалары). Қазақстанның жер бедері. Қазақстанның пайдалы қазбалары (мұнай, көмір, газ). Қазақстанның ірі өзендері мен көлдері. Экология туралы түсінік.



Практикалық жұмыстар:Карта және глобуста берілген шартты белгілермен танысу. Қазақстанның физикалық картасынан жер бедерінің түрлерін анықтау. Қазақстанның физикалық картасынан мұнай, газ, көмірдің 1-2 кен орындарын анықтап, кескін картаға түсіру. Глобус пен теллурий арқылы күн мен түннің, жылдың ауысуын көрсету.

Пайдалы қазбалар (6 сағат)

Тау жыныстарының түрлері, қасиеті. Қатты тау жыныстары: гранит, мрамор. Пайдалы қазбалар. Мұнай. Табиғи газ. Қазақстанның ірі кен орындары.



Көрнекі құралдар: Пайдалы қазбалар коллециясы. «Көмір өндіру», «Мұнай өндіру» - кестелер мен суреттер.

Көрсетілімдер. Пайдалы қазбалар, оларды өндіру туралы диафильмдер.

Су (4 сағат)

Табиғаттағы су айналым. Жер асты сулары. Құдықтар. Бұлақтар. Қазақстанның өзен, көлдері. Минералды сулар. Су қоймаларын қорғау



Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы.

Практикалық жұмыстар. Қазақстанның физикалық картасыннан ірі өзендер мен көлдерді тауып, белгілеу.

Ауа және ауа райы (4 сағат)

Ауа – жердің қалқаны. Ауа райы. Ауа райының өзгеріп тұруы және оның маңызы. Климат туралы алғашқы түсініктер. Қазақстанның климатына жалпы сипаттама. Адамның іс-әрекетінің ауаға әсері. Ауаның тазалығын сақтау.



Көрнекі құралдар. «Ауаның құрамы» кесте.

Практикалық жұмыстар. Флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтауды үйрету.

Жергілікті жердің жануарлар мен өсімдіктері (7 сағат)

Жануарлардың көптүрлілігі: құрттар, жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Өсімдіктердің алуан түрлілігі: балдырлар, мүктер, қыналар, қылқан жапырақтылар, гүлді өсімдіктер. Жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделуі. Қорықтар, қорықшалар және ұлттық парктер. Қазақстанның Қызыл Кітабы.



Практикалық жұмыстар: Берілген өсімдіктер кеппешөбінің жинағынан (мүктер, қыналар, қылқан жапырақты, гүлді) әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу. Жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделу белгілерін айқындау. Жануралар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі туралы қосымша ақпарат іздестіру.

Жер – аспан денесі (6 сағат)

Ғарыш туралы ұғым. Адамның ғарышты игеруі. Ғарыштық ұшақтар. Алғашқы ғарышкерлер: Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев ғарыштан Жердің бейнесі. Жер - шар тәрізді дене. Глобус – жердің моделі. Күн – жылу мен жарық көзі. Жердің айналуы. Жарты шарлар.



Көрнекі құралдар: Глобус. Физикалық карта. Теллурий. Ғарыш тақырыбына арналған әртүрлі суреттер.

Көрсетілімдер. Теллурий құралы арқылы Жердің өз осінен айналатындығын көрсету.

Қоғам (24 сағат)

Отбасы (4 сағат)

Отбасы - қоғамның бір бөлшегі. Адамдардың өзара қарым-қатынастары. Туыстық байланыстар. Баланың ата-ана алдындағы борышы.



Мектеп (4 сағат)

Мектеп ұжымы. Мектептегі мінез-құлық ережесі. Мектеп және оның айналасы. Табиғат нысандары және адам қолымен жасалған заттар.



Туған қала облыс (облыс/аудан) (6 сағат)

Қазақстан қалалары және туған өлкенің тарихи жерлері. Туған қала/облыс орталығының таңбасы.



Біздің Отан (10 сағат)

Қазақстанның тарихы. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалалар. Қазақстан тарихындағы ірі тұлғалар (қазақтың хандары, билері, батырлары).

Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысының қаһармандарының ерліктері (Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова).

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі. Алтын адам – Қазақстанның бетке ұстар таңбасы. Қазақстан Республикасының Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Әлемдік қауымдастық және Қазақстан. Қазақстанның мәдени және қоғам қайраткерлері.



Көрнекі құралдар: Астананың суреттері. Мемелекеттік тудың, ел таңбаның макеттері. Қоғам қайраткерлерінің суреттері.

Көрсетілім. «Тәуелсіз Қазақстан» туралы диафильм.

Практикалық жұмыстар. «Мәдениет және қоғам қайраткерлері» танымдық ойын ұйымдастыру.



Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Дүниетану

Қ.А.Айтмағамбетова,

Т.С.Идилова,Б.Л.

Хаджиева

(Алматыкітап)



18 сағат


14 сағат


20 сағат

16 сағат

68 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет