Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


II бөлім. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ



бет10/140
Дата08.11.2023
өлшемі1,15 Mb.
#190205
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

II бөлім. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ
Жоспар:

2.1. Тәрбие - педагогикалықғылымдардың категориясы.

2.2.Тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары.

2.3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы.
Негізгі түсініктер: тәрбие, тұтас педагогикалық үдеріс,тәрбие үдерісі,тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы.
2.1. Тәрбие - педагогикалық ғылымдардың категориясы
Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.
Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы.
Қоғамның мәдени деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап, қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.


Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі біртұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде қарастырылады (Н.Д.Хмель).

Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.
Осыған байланысты тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар мынадай:
- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;
- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
Тәрбие-педагогикалық үдерістің жетекші компоненті ретінде тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.


Мұғалімнің іс-әрекет нысаны – педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерістің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық үдерістің элементарлық бірлігі-бастапқы абстракция болып қалыптасудың қасқағым сәті “педагогикалық жағдаят” болады.
Педагогикалық жағдаят педагогикалық шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілі айқындалып, қасқағым сәттегі педагогикалық үдеріс ішіндегі тұлға қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады.
Педагогикалық үдерісте “ұстаз – оқушылар”, “оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық үдерісі – “мектеп – оқушылар” жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.
Мектеп педагогикалық үдерісі көп деңгейлі және көп құрылымдық құбылыс, себебі олар өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді қамтиды. Жүйе тек іс-әрекетпен алмасу арқылы өмір сүреді. Мәселен, ұстаздар оқушыларды әртүрлі тәсілдер мен іс-әрекеттерге тәрбиелесе, онда оқушылар оны меңгере отырып, педагогикалық үдерістің белсенді қатысушылары болып, тек репродуктивті деңгейде ғана емес, шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Педагогикалық үдерісте мұғалімнің басқару обьектісі - оқушылардың іс-әрекеті болады. Іс-әрекеттің барлық бөлшектері (мақсат, міндеттер, мазмұн және т. б.) жүйелі қызмет ету үшін, оқушы оны меңгеруі тиіс. Ол үшін ұстаздар, ата-аналардың іс-әрекеттері оларға көмек көрсетуге бағытталуы керек. Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің басқаруы - субьектілер арасындағы қарым-қатынастар болады. Олар арқылы субьектілердің іс-әрекетімен бірге олардың дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап етіледі.

Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын-ала ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде, жеке басына тән сапалық қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі қоғамның дамуына тәуелді.
Педагогикалық үдеріс оқушылардың ұстаздармен бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара байланысы тәрбие үдерісінің мақсаттылығы нақты өмір талабына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін береді. Оны тәрбиешілер өз қалауымен анықтай алмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның саяси-экономикалық, мәдени даму деңгейімен тығыз байланысты.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тәрбие дегеніміз тұлғаның алдыңа мақсат қою арқылы іске асатын іс-әрекеті. Тұлғаның тәрбиелігінің іс-әрекет, қарым қатынасы, мінез-құлқы және тұлғаның өзіне деген қатынасы, яғни өзін-өзі бағалауы арқылы айқындауға болады. Іс-әрекет – тұлғаның қызығушылығы, сезім-санасына, жауапкершілігі негізінде сыртқы ортамен әсерлесу арқылы даму үрдісі.
Қазіргі таңда тәрбиені мәдениет, қарым-қатынас, құндылық тұрғысынан қарастырады. Қазақ педагогикасының негізін қалаушы М.Жұмабаев тәрбиені екі тұрғыдан қарастырады – дене тәрбиесі және жан тәрбиесі.
В.С.Безрукова “Тәрбие дегеніміз- адамзат қоғамының өмір сүруіне сай ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан, дәйекті түрде үздіксіз берілетін мәдениет»,- деп тұжырым жасайды.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра келе, адамгершілік мәдениет, ақыл-ой мәдениеті, эстетикалық мәдениет, дене мәдениеті тұрғысынан жіктейді.
С.Әбенбаев “Тәрбие - халықтық ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы”,- деп түсіндіреді.


Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық процестің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет