Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс –әрекет



бет106/140
Дата08.11.2023
өлшемі1,15 Mb.
#190205
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

14.3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс –әрекет
Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кіріктіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды да ескеру қажет.
Ғылыми-педагогикалық, психологиялық және медициналық әдебиеттерді талдау нәтижесі денсаулықты бірнеше аспектіде қарастыруға болатындығын көрсетеді: физикалық денсаулық, психикалық денсаулық, адамгершілік денсаулық, әлеуметтік денсаулық және т.б.
Адамның физикалық денсаулығы оның ағзасындағы барлық мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруымен, тұрақты қорғаныс жүйесінің жұмысымен, дене және ақыл еңбегімен айналысуға қажетті күш-қуаттың жеткіліктілігімен сипатталатын организмнің табиғи жағдайы ретінде қарастырылады.
Адамның психикалық денсаулығы ойлау сапасы мен деңгейін, зейін, есте сақтау және ерік-жігердің дамығандығымен, кез-келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдап және оларды талдап бағалай алуын сипаттайтын адам миының дұрыс қызмет атқара алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Адамның адамгершілік денсаулығы оның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын, ақиқат шындықты іздегенде басымдықтарын дұрыс қоюға көмектесетін, еңбекке, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетке, рухани байлыққа саналы және құнды қатынасын айқындайтын, қалыпты өмір сүруге қарама-қайшы келетін әдет-ғұрып пен дағдыларды белсенді түрде қабылдамайтын адамгершілік қағидаларымен анықталады.
Эмоционалды денсаулық адам азғасының ішкі күйімен, эмоционалды тұрақтылық дәрежесімен, оның жеке күйзелісі мен айналадағыларға деген сезімталдығымен, басқа адамға қолдау көрсетуге талпынуымен сипатталады. Адамның эмоционалды денсаулығы – бұл өзінің эмоциясын дұрыс түсінуді және моторлы, биохимиялық, вегето-тамырлы, мимика, жест және т.б. сырттан байқалатын эмоцияны басқаруды, өзін қабылдауды қамтамасыз ететін күй.
Адамның әлеуметтік денсаулығы тұлғаның адамзат қауымымен жағымды қарым-қатынас орната білуі, қоғамның басқа мүшелерімен өзара әрекеттесу қабілетін анықтайтын күйі. Тұлғаның түрлі әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісі, сонымен бірге, әлеуметтену үрдісінің сан алуан аспектілері әсер етеді. Отбасындағы тәрбие, ата-анамен, достарымен, құрдастарымен, көршілерімен, таныс емес адамдармен қарым-қатынасы және т.б. маңызды рөл атқарады.
Салауатты өмір салты үкіметтің негізгі құжаттарында, Қазақстан Республикасы Тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. 1995 жылы қабылданған тәрбие тұжырымдамасы негізінен салауатты өмір салты ұлттық тәрбиенің құндылықтары және бүгінгі дәстүрлерді негізге ала отырып қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2009 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы» тәрбиенің он екі бағытының негізгісі «Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру» деп атап көрсетеді. Салауатты өмір салты «жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады».
«Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру» адамның өмір сүру салтын мәдени құндылықтары тұрғысынан қамтиды. Адам, адамның денсаулығы негізгі құндылық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған «Тәрбие негіздері» тұжырымдамада да көрсетілген негізгі бағыт «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты». Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруадамға салауатты өмір салтын, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастыра бастауда психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызметте қажеттерді қамтамасыз ететін мақсат қояды. Оның құрамдас бөлігіне профилактикалық білім беру кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктері, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл бағыттың мақсаты:салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез- құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылығы; қауіпсіздік пен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға; жаңа ортаға бейімделуге ықыласын және даярлығын көрсетуі.
Іске асыру механизмдеріне сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; дене тәрбиесі және салауатты өмір салты сабақтары, спорттық секциялар мен үйірмелер, ақпараттық-ағарту курстары, экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, репродуктивті денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу жөніндегі семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлары; ақпараттық-диагностикалық материалдарды дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру; мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.арқылы жүзеге асырылады.

Еліміздегі халқымыздың денсаулығы мен салауатты өмір салты мәдени - руханиатты қалыптастыруға бағытталған тәрбие, білім кеңістігін құруда басты құндылық болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет