Байланысты: Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м
Ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбиелеу жүйесінде қолдану.Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мәселесі негізгі орын алады. Сондықтанда, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХІ ғасырағы мына лайықты тұлға – өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам.
Бүгінгі ХХІ ғасыр жастарына тәрбие беруде халықтық тәлімдік мұраларға тоқталмай кетуіміз мүмкін емес. Ұлттық тәрбие көне түркі тектес халықтар дәуірінен бастау алады дейтін болсақ, тәрбиенің негізгі көзіне – көне тастағы жазбалар, халық ауыз әдебиеті мұралары, этнографиялық материалдар, халықтық салт-дәстүрлер, отбасы тәрбиесі жатады.
Ұлттық тәрбиенің мақсатына тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адаммен қоғам үшін, қоғамдық өмірмен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады.
Мәдени-тарихи тәжірибе дәлелдегендей жалпы әлемдік құндылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды.
Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.
«Құндылық» философия, психология, педагогика ғылымдарындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мысалы, философияда құндылық дүниедегі объектілердің ерекшеліктерін адам мен қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсетету (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады.
Сондай-ақ, құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік немесе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты ғасырлар бойы жинақталып, жаңа үлгінің негізінде адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат баласының қол жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесімен қатар, қоғамдық-этикалық қалыптар мен ізгілікті-адамгершілікті игеруге болатынын тәжірибеден көруге болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.
Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кіріктіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды да ескеру қажет.
Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы1”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасы аталған құжаттардың басты идеяларын білім саласында негізге алды. Мектептегі тәрбие жұмысын жалпы әлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар жасауға талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, жалпыадамзаттық дамуға үлес қосуға, халықтардың күш-жігерімен жасалған құндылықтарды құрметтеуге және қорғай білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық үдерісте оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістігімен бірге алуан түрлі мәдениетін пайдалану да қарастырылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудегі - маңызды құрал ана тілі. Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз-әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз халқынан, өскен ортасынан, ұлттық менталитетінен жұрдай болып, қол үзу болып табылады. Өз халқымен рухани байланысы жоқ адам, тамырсыз өскен өсімдік, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп атайды. Өз халқының тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете алмайды. Тіл – ол тек ұлттардың қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, мәні, дүниетанымының шегі. Адамның сөйлеу мәнерінде ұлттық ерекшелік көрініп тұрады. Әр жеке тұлға өз ұлтының рухымен сомдалуы тиіс.