Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер
Арғынбаев Х. Қазақтағы семья және неке. – Алматы: 1978.
Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата ана. – Алматы: 2006. – 200 б.
Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мектеп, отбасы және қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерін кіріктіру. /Жалпы білім берудегі мектептің ұлттық моделінің қалыптасу жағдайндағы моделі. – Алматы. “МерСал” баспа үйі, 2003.
Шнейдер Л.Б. Семейная психология. –М.: 2005. – 786 с.
5. Үлгілі үйдің ұл-қызы. – Алматы. “Санат”. 2000. – 208 б.
XVII бөлім. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЫНТАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Жоспар:
17.1. Балалар бірлестігі - тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты.
17.2.«Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары.
17.3.Баланың субмәдениеті және баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік әлемі.
Негізгі ұғымдар: балалар бірлестігі, қоғамдық ұйым, оқушылар қозғалысы, оқушылар бірлестігі, оқушылар клубтары, балалар-жастар ынтасы, әлеуметтену, субмәдениет, балалар субмәдениеті, шығармашылық бірлестіктер, формалды емес бірлестіктер, педагогикалық қолдау, даму, бос уақыттағы іс-әрекет, клубтық бірлестік.
17.1. Балалар бірлестігі - тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты
Сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке басының қасиетін, саяси көзқарастарын қалыптастыруда қоғамдық ұйымдар негізгі орын алады. Әрбір жас қоғамдық қатынастарға түсу барысында аға ұрпақ салған ізгі мұраларды бойына сіңіреді.
Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі Қазақстан халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздері салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің құрылып, дамуына мүмкіндік ашып отыр.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» атты мемлекеттік бағдарлама жасалып, іске асырылды. Аталған бағдарлама төмендегі жеті мақсатты бағдарламаны қамтиды:
Бала мен ананы қорғау.
Мемлекеттік тұрғыда әлеуметтік қорғауды қажет ететін балалар.
Мектепке дейінгі тәрбие.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылық және қараусыздықтарын болдырмауға алдын-ала шаралар жүргізу.
Дарынды балалар мен жастарға тәрбие мен білім беруге байланысты ²Дарын² бағдарламасы.
Орта білім беру жүйесін информатизациялау.
Экология саласы бойынша ғылым және білім Халықаралық ²ГЛОУБ² бағдарламасы.
Қоғамдық ұйымдар қосымша білім беру жүйесінің негізін құрайды. Қосымша білім беру – оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, оқушының жекелей қызығушылығын қанағаттандыру үшін және тұлғалық қасиетін дамыту үшін ұйымдастырылатын жүйе. Жалпы, қосымша білім беру жүйесіне сыныптан тыс, мектеп ішіндегі (үйірмелер, мектеб музейі, қоғамдық ұйымдар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, музыка, компьютерге байланысты қосымша білім беру, т.б.), мектептен тыс оқушылар сарайы, балалар шығармашылығына байланысты орталықтар мен үйлер, туристік базалар, балалардың музыкалық, көркемдік, эстетикалық секциялар, музейлер, кітапханалар, театрлар т.б.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі ұсынып отырған оқушылар ұйымының үлгі Ережесі және оқушы-жастардың белсене өз көзқарастары негізінде құрылып жатқан ерікті қоғамдық ұйымдар оқушының тұлғалық қасиетін айқындауға ықпал етеді.
Жастарды бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінде ТМД елдерінде, Америка, Англия, Франция, Прибалтика сияқты өркениетті елдерде өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.
Қазіргі таңда мектептерде оқушылардың қоғамдық ұйымы, оқушылар қозғалысы, оқушылар бірлестігі, оқушылар клубтары құрылып, жұмыс істеуде.
Балалар ұйымының мектеп пен ынтымақтаса отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіне тән қызметтеріне балаларды бүгінгі өмірдің қиыншылығы және романтикасы мол өмірге қатыстыру, әрбір баланың жеке және қоғамдық тілегін үйлестіру, балалардың адамгершілік рухын қолдау, жетілдіру, табысқа жетуге бағыттау т.б.
Қазақстанда қоғамдық ұйымдар мәселесі Қазақстан Республикасы «Білім» заңында және Қазақстан Республикасы білім жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасында жан-жақты қамтылады. Қоғамдық ұйымдардың құрылымы және ондағы тәрбие мәселесі С.Калиев, С.Иманбаева, С.М.Төрениязова, М.Қурсабаев, Б.Каиров, Б.Нуртелеуов, С.Хасенов т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Оқушы-жастарды әлеуметтендіру мәселесі қазіргі таңда өзекті, екі жақты мәселе болып отыр. Себебі, оқушы әлеуметтік ортаға еркін араласу оның осы уақытқа дейін қабылдаған әлеуметтік іс-тәжірибесінің негізінде іске асады және әлеуметтік байланыс жүйесі арқылы ортаға белсене араласу мүмкіндігі туады. Әлеуметтендіру жүйесінде оқушы тек өзін-өзі жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар, тұлға ретінде қалыптасуына да ықпал етеді.
Қазақстанда «Болашақ», «Жұлдызша», «Атамекен», «Скаутинг», «Пионер», «Жас ұлан», Алматы облыстық «Мың бала», Алматы қалалық «Кәусар бұлақ» және көптеген облыстарда қоғамдық ұйымдар мен балалар қозғалыстары, бағдарламалар бар. Аталған бағдарламалардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар және бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне қандай ықпалы бар дегенге келетін болсақ, олардың кез-келгені болашақ ұрпақтың мәдени құндылықтарын қалыптастыруға игі ықпал ететініне сенім мол.
Мәселен, Зейнеп Ахметованың «Кәусәр бұлақ» бағдарламасына келетін болсақ, мектеп оқушыларына ұлттық салт-дәстүрлерден жалпылама мағлұмат береді. Бағдарламада оқушының жас ерекшелігі ескерілмейді.
«Мың бала» балалар қозғалысы кезіндегі ХҮІІІ ғасырдағы Сартай батырдың мың сарбазына негіздей құрылған. «Мың бала» қозғалысы Англияда негізі құрылған «Скаутинг» қозғалысымен мазмұндас. Жас ұрпақтың шымырлылығына, өз бетінше шешім шығаруға бейімділігіне, дербестігіне негізделеді.
Қазақстанда «Скаутинг» қозғалысына 11 жастан бастап балалар қабылданады. Соңғы есеп бойынша жер шарындағы 150 мемлекетте 16 миллион скаут бар. Скауттардың өздерінің анттары, заңдары, бағдарламалары бар. «Скаутинг» қозғалысының негізін салушы ағылшын Лорд Баден Пауэл 1907 жыл Броунси аралында 20 ер баладан тұратын «Скаутинг» қозғалысын құрды. Осы қозғалыс қазіргі таңда жер әлемге тарап отыр. «Скаутинг» қозғалысының негізгі мақсаты әр түрлі іс – әрекеттерді барлау, іздену және зерттеу арқылы тани білу, өмірде қолдана білуге үйрету, баланың ұқыптылығы, қырағылығы, шыдамдылығы, бір-біріне деген жолдастық көмегі барысында айқындалады. Жоғарыда көрсетілген қасиеттер бала бойынан табылғанда ғана «Скаутинг» қозғалысына тән көк галстук құрметті түрде баланың мойнына тағылады.
Қазақстан Республикасы білім қайраткерлер одағы қоғамдық бірлестігі алғаш рет жетім балалар мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, онда балалар үйіндегі тәрбие жұмысымен балаларды өмірге бейімдеу мәселесі жан-жақты талқыланады. Әсіресе, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің өз көзқарастарын біріктіретін ұйымдардың іс-тәжірибелері насихатталды. Әсіресе, Тараз қаласындағы балалар үйін бітірушілердің құрған ұйымдарының негізгі мақсаты-балалар үйінен кейінгі оларды жұмыспен қамтамасыз ету, бүгінгі қоғамдық өмірге бейімдеу болып табылады.
«Жас парламенттер» клубтарынды балаларды тауып, олармен ғылыми байланыс орнату арқылы ақыл-ой мәдениетін дамыту, шығармашылықта жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. «Жас парламенттер» клубының мүшелері «Хабар» арнасы арқылы халыққа танымал.
Аталмыш бағдарламаларды ішінде үлкен сұранысқа ие, халық жүрегінен шыққан «Болашақ» және «Атамекен» оқушылар және жастар ұйымының бағдарламасы. «Атамекен» – ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлерімізді қамтитын мазмұны 41 бағыттан тұратын бағдарлама. Бағдарлама білім беру мекемелерінде үлкен сұранысқа ие болды.
Басқа мемлекеттердің іс-тәжірибесінен аңғарғанымыз, әртүрлі бағыттағы ұйымдар мен қозғалыстар бір орталыққа біріктірілуі, олардың жұмыстарының жандануына үлкен ықпал еткенін байқаймыз. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Білім және ҒылымМинистрлігі тарапынан да үлкен жұмыстар атқарылып жатқаны көпке аян. Министрліктің жанынан республикадағы қоғамдық ұйымдардың іс-тәжірибесін жинақтап, оны бүгінгі жас ұрпақтың мәдени құндылықтарын қалыптастыруға байланысты іс-шаралар жүргізетін «Балалар палатасының» құрылуы дәлел бола алады. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары – балалар және жастар ұйымдарымен қозғалыстары қоғамдық бірлестіктерін ұйымдастырудың ғылыми-практикалық негізін айқындау болып табылады. Академия ғалымдары ұсынған «Болашақ» атты оқушылар ұйымы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі тәрбие департаментінің шешімімен република мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды. Ұйым үш бағыттан тұрады: «Балдырған», «Ұлан», «Мұрагер».
Аталған ұйым - мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін жан-жақты жетілген, іскер, саналы азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым. Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлылық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді.
Ұйымның басты міндеті — оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адалда әділетті, іскерде белсенді тұлға етіп шығару. Оқушы-жастарды шығармашылық іс-әрекетке, жеке қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге, саяси көзқарастарын қалыптастырып өмірге белсенді түрде араласуға, Отанының қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған салауатты азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді.Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп, демократиялық негізде белсенділік пен қоғамдық істерді атқаратын болады. Сөйтіп, бүгінгі оқушы жастардан келешек бизнесмендердің, өндіріс басшыларының, халық депутаттарының, әскери және саяси, қоғам қайраткерлерінің, шығармашылық қабілетті маман кадрлардың шығуына мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға тәрбие беруде ТМД кеңістігіндегі елдердегі патриоттық тәрбие беру мәселелерімен қатар, Америка Құрама Штатындағы патриотизм мәселелеріне тоқталдық. Әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда, Америкада патриоттық мәселелерге байланысты іс-шаралар көбіне мемлекеттік тұрғыда емес, азаматтардың өз инициативасы арқылы іске асады. Американдық патриотизм азаматтардың этникалық және географиялық шығу тегіне байланысты қарастырылмайды.
АҚШ-та патриотизм мәселесіне байланысты жүргізілген қоғамдық пікір олардың үштен бір бөлігінің өз Отанына деген мақтаныш сезімі жоғары екенін көрсетіп отыр. Американдықтар өз үйлерін ұлттық жалау мен безендіру мен қатар, 15-20 пайызы машиналарына америка жалауын ілуді мақтан тұтады.
АҚШ-та ұлттардың көптеп қоныстануына байланысты американдық патриотизмге күрделі эволюциялық өзгерістер болғаны белгілі. Майкл Линдтың «Новая Американская нация:Новый национализм и четвертая Американская революция» атты еңбегінде американдық патриотизмнің қалыптасуына талдаулар жүргізеді. 1789-1860 жылдар аралығына ағылшын тілі эмигранттардың көптеп келуіне және солардың мәдени-этникалық, діни құндылықтарына байланысты «Ағылшын-американ патриотизмі» дамыды. Ал, 1876-1954 жылдар аралығында патриотизм идеологиясыныңе вропалық идеялармен толықтандыруға байланысты «Евро-Америка» ұғымы пайда болды.
1970 жылдардан баста АҚШ-та ұлттар мен ұлыстардың дискриминациядан құтылуына байланысты жаңа феномен «мульти мәдени Америка» ұғымы кеңінен пайдалана басталды.
Атақты философ Самуэль Хантингтон американдық патриотизмге балама «Американдық кредо» ұғымын бере отырып, «Американдық кредо –универсалдық, идеологиялық және мәдени принцип (еркіндік, ашықтық, дін, үкіметтің заңдары, прогресс, т.б.), америка конституциясына құрмет, ұлттар мен ұлыстардың теңдігі» ,-деп тұжырымдайды.
«Pew Research Centerforthe Peopleandthe Peopleandthe Press» жүргізген қоғамдық пікірдің нәтижесінде американдықтарды өз Отанына деген мақтанышы өте жоғары екенін және осы идея басқа елдерге де үлгі болуға лайықты деп түсіндіреді.
«HarrіsІnteractіve» компаниясының жүргізген сауалнамасы бойынша он американдықтың тоғызы елінің әнұраны орындалғанда мақтаныш сезімге бөленетінін айтады. Сонымен қатар, АҚШ-тың негізігі құрметті символдары деп. төмендегілерді: америка туы, Еркіндік статуясы, мемлекеттік әнұран, герб, бүркіт, Ақ үй және «Боже благослави Америку» әні негізгі орыналатынын атайды.
Алыс және жақын шетелдердегі қоғамдық ұйымдардың мазмұнына талдау жасау барысында нақтылағанымыз, кез-келген жоғарыда аты аталған қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар-бүгінгі ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтардың негізін қалай отырып, қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |