Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері



бет124/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

18.3. Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері

Педагогикалық –психологиялық диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, синтез, жобалау, индукция, дедукция, идеалдық, ойша эксперимент, салыстыру, жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.


Нақты жүргізілген педагогикалық-диагностикалық эксперимент педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мектептегі педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерекшелікке, анатомиялық - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагностика жүргізгенде мектепке дейінгі, кіші мектеп жастағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы аралықтарды нақты белгілеп жас ерекшелігін негізге ала отырып жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.
Тәрбие жүйесінде сапа критерийлеріне жүйенің қойылған мақсатқа жақындау дәрежесі, мектептің жалпы психологиялық климаты, оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыстарының нақты іске асуы, оны тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейлерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлғаның дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік диагностикалық зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары үш деңгейлерге бөліп қарастырылады.


18.4.Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны

Оқушылардың құндылықтарын қалыптастыруда сынып жетекшісінің міндеті – психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі – ең алдымен ересектермен балалардың сүйіспеншілігімен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек. Сынып жетекшісінің қызметіне мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес сыныптағы оқу - тәрбие жоспарын құру, әр бағытта сыныптағы оқушының әрекетін ұйымдастыру, әрбір тұлағаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешудегі қамқорлық, мектептегі және сыныптағы өзін - өзі басқару жұмысына еркін араласуға бағыттау болса, сынып жетекшісінің құқықтарына баланың психикалық және жалпы денсаулығы туралы ақпарат алу, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, балалардың сабаққа қатысуын бақылау, т.б. кіреді.


Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрлым мектеп оқушыларыныңда өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде. Мұның өзі бір кездерде “адам тұлғасын және ұжымды қалыптастырудың бағдарламасы” немесе “ертеңгі күннің перспективалары” деген ұлы педагог А.С.Макаренконың көтерген идеясы мектеп өміріне кешеде, бүгінде, ертеңде пайдалану қажеттігін көрестеді.
Сол себепті әрбір мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек:
1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.
2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.
3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет.
4. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметінің нәтижесін жобалау үшін қажет. Сонымен қатар, жоспар жалпы адамдық және педагогикалық тұрғыдан өзіңді-өзің жетілдіруінің деңгейін біліп отыру үшін қажет.
Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында адами құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі мақсат, міндеттері, мазмұн, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске асуы көзделеді. Диагностика жүргізу барысында тәрбие үдерісін жандандыру барысында, әр оқушының алдына қойылатын мақсат, міндеттермен бірге АР кодексі де тұлғаны дамытуға үлкен ықпал етеді.
Жоғары сынып оқушыларының АР кодексі:

  1. Ар, ұят, намыс – бұл адамның адамгершілік сапалары, оның игі істері, адалдығы мен ақниеттілігі, ар тазалығы.

  2. Ар мен ұят, намыс – ұлы құндылықтар. Жеке тұлғаның күш қуатымен өзіндік ерекшеліктері, даму сатысы мен деңгейі- солармен өлшенеді.

  3. Ар мен ұят бізге туа берілмейді, ол ұзақ мерзімдік көзін – өзі тәрбиелеумен өзін-өзі қалыптастырудың жемісі. Арлы адам болу өз қолыңда.

  4. Арлы адам жоғары сеніммен қатаң принциптерді ұстайды. Ол асқақ мұраттарға жетуге талпынады. Ол көпшілікке еліктемейді, көптің ішінде өзінің ерекшелігін сақтайды.

  5. Адам бір өзі өмір сүре алмайды бірақ біреулердің үстінен күн көру адалдық емес, адамгершілікке жат қылық. Біреуді бақытсыздыққа ұшыратып одан өз бақытыңды таба алмайсың.

  6. Мектеп – әртүрлі жастағы, әртүрлі тағдырлармен мінез-құлықты адамдардың басын біріктіретін біздің ортақ үйіміз.

  7. Біздің адамдар отанды қасиет тұтады, өз ата-бабаларының тарихы мен дәстүрін құрметтейді, өз мектебінің ұжымының құндылықтарын қорғай біледі, оның дәстүрлерін дамытып, гүлдендіре түседі.

  8. Арлы адамдар ақылдылық, білімділік, зиялылықты жоғары бағалайды. Адам үнемі білім алуға ұмтылады, өйткені ол адам. Оған ақыл мен сезімнің, сөзбен істің үйлесімділігі қажет.

  9. Жеке тұлғаның даму деңгейі ер балалар мен қыз балалардың қарым-қатынасында айқын байқалады. Біздің мектебіміздің жігіттері мен қыздарының қарым-қатынас өлшемдері олардың шынайы және моральдық тазалығымен, ар-ұят қасиеттерімен реттеледі.

  10. Қиындықтар мен ауыр жағдайлар жағымсыз мінез-құлықтар мен әрекеттерді ақтамайды. Тәртіпті адам кез-келген жағдайда арын сақтай біледі.

  11. Әлеуметтік белсенді тұлға өз айналасындағы өмірді қызықты ете алады. Егер де күш-жігеріңмен табандылығың болса, өмірді жақсарт, жоқ болса –қала бер, ең болмаса тәртіпті бол.

  12. Ардан басқа ешнәрсе де соншалықты қиындықпен келмейді және ешнәрсе де ар сияқты жоғалмайды. Арыңды жастан сақта.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет