Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие жүйесінің диагностикасы



бет123/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

18.1. Тәрбие жүйесінің диагностикасы

Оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және талдау, сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау, келеңсіздіктерді болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыру арқылы әлеуметтік ортаны құра білуде диагностикалық қызмет негізгі орын алады.


М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негізгі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.
Диагностика-объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйеге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау.Педагогикалық диагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұлғаралық қарым-қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасы дегеніміз тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеуметтенуін,
тәжірибесін,зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі-дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары,
еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік–ғылымилық, шеберлік, зиялылық - қабылдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік-жігері,
туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері.


18.2. Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары

Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымына бастапқы зерттеу, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, салыстыру, қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдістемесіне, әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, әңгімелесу, интервью, тест, контекст талдау, т.б. әдістер негізінде эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.


Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдістердің бірі контект талдау әдісі, зерттеуге алынған объекті-ден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс-әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізілген контект-талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сипаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағытталған, жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, критериалдық - бағытталған, т.б.
И.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагностика жүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау (жасы, әлеуметтік жағдайы, мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);
- зертелушінің сапалық және сандық сипаттамасын бағалау критерийлерін құрастыру;
- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жолдарын көрсету;
- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені насихаттаудың қажеттілігін негіздеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет