ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық
(Ы.Алтынсарин)
Андатпа: Бұл мақалада Ыбырай Алтынсариннің өмір баяны және оның өмірі, атқарған қызметімен ғұмырында жасаған игі істері туралы баяндалған. Қазақ ағартушысының еңбек жолымен жазып мұра етіп қалдырған еңбектері туралы жазылған.
Аннотация: В этой статье рассказывается о жизни Ибрая Алтынсарина, о его жизни, о добрых делах, которые он сделал за всю свою жизнь. О произведениях казахского просветителя, написанных по трудовому пути и завещанных им.
Annotation: This article tells about the life of Ibray Altynsarin, about his life, about the good deeds that he has done throughout his life. About the works of the Kazakh educator, written along the labor path and bequeathed to him.
Кіріспе:
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Бар ғұмырын ағарту ісіне арнап, мектеп ашуға бар үлесін қосып, кітап жазып оны баспа ретінде шығарып, балаларды білім алып, оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толады. Ұлы ақын, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының негізін салушы деп айтуға толық негіз бар.
Әр заман, тарих уақыт өте өзінің дарынды, ұлы өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Елдің мұң – мұқтажын көре біліп, қазақ халқының сол мұң– мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан Ыбырай Алтынсарин бабамыздың алатын орын ерекше болмақ. Ыбырай атамыздың игілікті шығарма, еңбектері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени тұрмыс тіршілігіне, өміріне елеулі ықпал етіп келеді.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді. 1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған. [1]
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» - дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. «Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін» - дейді Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры 1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады.
Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |