4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру:
үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы;
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалар үйі, баспана үйі, психологиялық-медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психоневрологиялық диспансер, т.б.;
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары, т.б.
5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұ-мыс: ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайын және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың құқын қорғау; құқықтарымен таныстыру;
Көп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру;
Толық емес отбасылар: қосымша көмек алу жағдайын қарастыру, психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заңмен қаруландыру.
Күрделі отбасылармен жұмыс: отбасы мәселелерінің дамуын зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, құқықтық заңдармен таныстыру.
Семинар тақырыбы. Отбасы - оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім пен оқушы ата-аналарының ынтымақтастығы.
Мазмұны.Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралы, формасы. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы, ата-аналар мен әлеуметтік–педагогикалық ағарту жұмысын жүргізу. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы, ата-аналармен әлеуметтік– педагогикалық ағарту жұмысын жүргізуге талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |