Семинар тақырыбы. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Мазмұны. «Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәнін ашу, анықтамаларына талдау жасай отырып мәнін айқындау.Балалық және жасөспірім шақтарда балалар тәрбиесінің ауытқуларының пайда болып дамуына ықпал ететін ең маңызды тәрбие факторларына талдау жасаңыз. Қиын бала тәрбиесінде мектептегі тәрбие жұмысының кемшіліктеріне тоқталу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәнін ашыңыз.
Балалар тәртібіндегі ауытқу мәселесіне бұрынғы педагогтардың көзқарастарын сипаттаңыз.
Балалардың девиантты, делинквентті тәртібіне және қиын тәрбиеленуге анықтама беріңіз.
Балалардың тәртібіндегі ауытқуға алып келетін мектеп тәрбиесінің негізгі кемшіліктерін атаңыз.
Қиын жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Тәртіптегі ауытқуды топтастыру неге маңызды? Әлеуметтік педагог жұмысына қандай топтастыруды білген маңызды?
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Жеткіншектер «қиыншылықтарының» жіктемесі.
Қиын балалар диагностикасы.
Табысқа жетуді құру әдістемесі.
Девиантты мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету.
Қиын балалардың қалыптасуына отбасы тәрбиесі қалай әсер етеді?
Студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар бойынша эссе, тезис, қысқаша баяндама, реферат жазу
Балалар мен оқушы жастар арасында жағымсыз көріністерді жоюды қамтамасыз ету қабілеті.
Балалардың қараусыздығының алдын алу жүйесін жетілдіру.
Балалар мен оқушы жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу жүйесін жетілдіру.
Мектептен тыс ұйымдармен (милиция, наркологиялық дәрігерлік мекемелер, орталықтар және т.б.) өзара әрекеттестік.
Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда тәртіптегі ауытқудың негізгі себептері.
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі.