Сабақтың мақсаты : Білім алушыларға махаббат,сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері



Дата29.01.2017
өлшемі37,51 Kb.
#8214
түріСабақ



Өзін - өзі тану сабағының жоспары

_Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі. ________________

_ Мерзім ___4.06____№ _7___Тақырып _Махаббат –өмір өзегі__________

Құндылық :_сүйіспеншілік .Қасиет: махаббат сезімін ұялату

Мұғалім _Койлыбаева Ақтиын ҚойлыбаевнаТоп _3_ІІ –курс __ Студенттер саны_25______

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға махаббат ,сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-махаббат ,сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

-тұлғааралық қатынастарда сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту;

-білім алушыларды өз Отанын,туған жерін,ата-анасын,дос-құрбысын сүюге тәрбиелеу.

-махаббат көпжақты сезім екенін түсініп кеңейту;

-махаббат өмірлік мәнді күшіне сенімін дамыту;

-махаббат жолында ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту;



Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)Қанатты сөздер.

Үлестірмелі материалдар.

Суреттер.

Аудио материалдар.

Слайд.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Махаббат тақырыбында өлең оқу .

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарын қалай түсінесіздер?

- Адамға махаббат не үшін керек?

- Адам сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?

- Махаббат сезімі дегенді қалай түсінесіздер?

- Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?



Дәйексөз.

«Махаббатсыз дүние бос».

Абай.

Адамның күллі тіршілігі махаббатпен байланысты.Ол –адамның іші әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі.Барлық әдемі,сүйкімді, шарапатты,ұлы істерге, ерліктерге ,адамды сүйіспеншілік сезімдер жігерлендіріп, дем беріп отырады.Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен,оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады,асқан қажырмен және өнерпаздықпен жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады.Демек,махаббат-өзі үшін ғана емес,екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да,қуанышына да ортақ болу,айналаға соның көзімен қарау,сол арқылы тіршіліктің қадір-қасиетін танып,оны ардақтау деген сөз.Өз ісіне шын ықыласпен,өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады,қалалар салады,бақтар өсіреді,ұрпақ тәрбиелейді.Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер,ғаламат шығармалар дүниеге келеді.



Сабақ барысын талдау.



Мұғалім сыйы :

  • Даналық тағылымы

  • Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан талдарды, бұталарды және гүлдерді байқайды.Сонда емен айтады:мен қарағай секілді ұзын бола алмаймын,сол себепті мен құса болып қурап бара жатырмын.Хан қарағайға қарап еді ол жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағандығынан қурап бара жатыр Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүл сияқты құлпыра алмайтынына өкінді.Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды.Таңданған ханға ырғай гүлінің айтқаны: “Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың.Сен егер менің орныма еменді,қарағайды,раушан гүлін өсіргің келсе,соларды отырғызушы едің.Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені көрген адамдар ләззат алсын деп әдемі болып гүлдеуге тырыстым”-дейді.






  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  • Әрбір адамның жақсы қасиеттері болады,өз бойыныздағы асыл қасиеттерді бағалаңыз және қабылдаңыз,сонымен қатар ол қасиеттер сіздің өз күшіңізге сенімдік береді және қиын сәттерді жеңе білуге көмектеседі.Ешқашан өз қабілеттеріңізді төмендетпеңіз.

  • Ал енді бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді жазайық.Сонымен қатар өзіміздің бойымызда жоқ,бірақ болса екен деген қасиеттерді жазуларыңызға болады.

  • Таблица толтыру сіздерге бес минут беріледі.







Ой бөлісу

1.Махабаббаттың құндылығы неде?

2.Оның ғашықтық,сүйіспеншілік,құштарлық, ұғымдарымен қандай байланысы бар?

3.Махаббат адамға қандай артықшылық береді?

4.Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?

5.Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?






Топпен ән айту. Ана туралы жыр.




  • Үй тапсырмасы. Өзіңе деген махаббат” тақырыбына эссе

жазып келу

.





  • Қорытынды. Сөз соңында айтарым ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый-құрмет пен махаббат болуы керек.

  • Шығыс даналығы.

Сіз басқа адам бола алмайсыз, тек қана өзіңіз ғана бола аласыз. Сол себепті сабыр сақтаңыз. Қоршаған орта сізді дәл осы қалпыңызда қабылдайды.





Соңғы тыныштық сәті




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет