Зн + П = Т/ОБ + Др + Зк; (9)
Зн - сарапталынатын аралықтың бастапқы кезеңдегі тауар қорлары (теңге);
П – қарастырып отырған кезеңде кәсіпорынның тауар айналымы (теңге);
Т/ОБ – қарастырылып отырған кезең аралығында сатудан тыс құжат түріндегі шығындар (теңге);
Зк - сарапталынатын аралықтың соңғы кезеңдегі тауар қорлары (теңге).
Баланстық әдіс жоғарыда қарастырылған әдістермен салыстырғанда біршама еңбек сыйымды. Аталмыш әдістің кемшілігі - әртүрлі сипаттағы белгісіз шығындарды есепке алу кезінде орын алмаушылық қа жол бермеу мүмкіндігі жоқ. Бұл өз кезегінде, қорлардың сомаларды бұрмалайды. Кемшілікті жою үшін баланстық есепті түгендеу мен оперативті есептің мәліметтерімен жүйелі салыстырылып отырылуы тиіс.
Баланстық әдісті қолдану арқылы тауар қозғалысына оперативті бақылау жүзеге асыру жеңіл болады. Әсіресе, әдіс компьютерлік жүйесінің базасы аясында автоматты есепке алу түрінде тиімді. Бағдарламаларда тауардың нақты саны мен қозғалысын есепке алу (кіріс, шығыс, қойма ішілік орын ауыстыру, қайтару) жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |