ОБр = немесе ОБр = ; (8)
ТЗОРТ ОБДН
Мұндағы:
ОБр – тауар айналымдылығы(айналым саны);
ОБдн – тауар айналымдылығы(айналым/күн);
Т/ОБ - қарастырылып отырған кезеңнің тауар айналымы(тенге); Д – кезеңдегі күндер саны.
Тауар айналымының уақыт пен жылдамдығы арасында тұрақты кері пропорционалды тәуелділік бар. Уақыттың азаюуы мен тауар айналымы жылдамдығының өсуі тауар қорларының аз мөлшерінде тауар айналымының мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, тауар шығындарының төмендеуіне және т.с.с. ықпал етеді.
Тауар қорларының деңгейі, мөлшері және тауар айналымдылығы өзара байланысты көрсеткіштер болып табылады және кәсіпорынның сыртқы жәнне ішкі орта факторлардан тәуелді:
өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндіріс көлемі мен өнім сапасы;
өндірістің маусымдылығы;
импорт көлемі;
ассортименттің жаңаруы;
сұранымның өзгеруі;
көтерме және бөлшек сауда арасындағы қорлардың бөлінуі;
жеткізу жиілігін және сақталу мерзімін анықтайтытын тауардың физико-химиялық қасиеттері;
нақты тауар мен тауар топптарына сұраным мен ұсынымның арақатынасы және баға деңгейі;
нақты кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен құрылымы және т.с.с.
Аталған факторлардың өзгерісі тауар қорлары мен тауар айналымдылығының мөлшеріне әсер ету мүмкін.
3. Тауар қорларын есепке алу және сараптау әдістері
Сауда кәсіпорындарында тауар қорларын есепке алу және тауардың, әдетте, үш әдісі қолданылады:
түгендеу, яғни барлық тауарларды түгел есептеу. Натуралды көріністе алынған мәлііметтер ағымдық бағамен бағаланып, тауар топтары бойынша жалпы сомасы шығарылады. Алайда, бұл әдістің кемшілігі еңбексыйымды және тиімсіз болып келеді, өйткені түгендеу жүргізу кезінде, әдетте, кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатады;
Оперативті есеп, яғни жауапты адамдар тауар есебінің мәліметтері бойынша нақты тауарлардың бар екендігін тексереді. Алайда,мұнда тауарлардың орнына олардың орындары (жәшік, рулон, қапшық және т.б.) есептелінеді. Содан кейін тиісті нормаларға сәйкес қайта есептеу жүргізіледі, тауарлар саны анықталады және ағымдағы баға бойынша бағаланады. Аталмыш әдістің кемішілігі бұл түгендеуге қарағанда нақтылығы шамалы;
Баланстық әдіс баланстық формулаға негізделген:
Достарыңызбен бөлісу: |