2. Процестерді ұйымдастыру принциптері
Оперативті процестерді ұйымдастыру принциптеріне мыналар жатқызылады:
тауарларды сатудың оптималды варианттарын жасауда кешенді амалдармен қамтамасыз ету;
тауарларды таңдау жағдайларын жақсарту, сатып алушылардың уақытын үнемдеу, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы ғылыми-техникалық деңгейге сай технологияларды, озық техниканы және прогрессивті еңбек процестерін қолдану;
тауар айналымдылығын жеделдету, еңбекті үнемдеу, айналым шығындарын азайту арқылы технологиялық процестің оптимальды экономикалық тиімділікке қол жеткізу; - тауарлардың физико-химиялық қасиеттерін сақтау.
Дүкендегі сауда және технологиялық процестердің ұйымдастырылуы тауарлардың тұтынушылық қасиеттерінен, олардың сатуға дайындық дәрежесінен, қабылданаған тауар қозғалысының жүйесінен, қолданылатын сату формаларынан тәуелді. (Сурет – 1)
Сурет – 1. Дүкендегі сауда және технологиялық процестердің ұйымдастырылуы
А) – жаңадан келіп түскен тауар;
Б) – сатылуға дайын тауар;
В) – сату орындары арқылы сатылатын тауар.
Достарыңызбен бөлісу: |