Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып 7. Тауармен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру



бет22/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye

Тақырып 7. Тауармен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру

1. Тауармен қамтамасыз етудің формалары мен принциптері


Тауармен қамтамасыз ету дегеніміз тауарды сатып алуды, жеткізуді, қабылдауды, сақтауды, дайындауды және сатуды қамтитын және тауарларды бөлшек сауда кәсіпорындарға дейін жеткізудің коммерциялық және технологиялық операциялардың кешені.

Тауармен қамтамасыз етудің келесідей формалары бар:



  • транзиттік бұл сатып алынған тауарларды дүкендерге тікелей жеткізушілерден келіп түсуі;

  • қоймалық бұл сатып алынған тауарларды көтерме сауда делдардары арқылы жеткізілуі.

Тауармен қамтамасыз етудің принциптері:

  • жоспарлы – жоспары графиктер негізінде тауарлардың келіп түсуі;

  • үзіліссіздік – белгілі бір уақыт аралығында тауарлардың келіп түсуі. Бұл дүкен, қойма, көлік жұмыс жасауына оптимальды жағдайлар жасайды;

  • оперативті – сұранымның өзгеруіне байланысты таумармен қамтамасыз ету процесін жүзеге асыру;

  • үнемдеушілік - тауарлаорды жеткізу үшін жұмыс уақытын, ақша және материалдық құралдарының шығынын минимализациялау. Көлік құралдарын тиімді пайдалану, тиеу – түсіру жұмыстарын механизациялау, рационалды тауар қозғавлысын ұйымдастыру арқылы оған қол жеткізу;

  • орталықтатндыру – жеткізу – кәсіпорынның күшімен және құралдары арқылы көтерме сауда желілерін тауармен қамтамасыз ету;

  • технологиялық – контейнерлерді қолджану арқылы тауармен қамтамасыз етудің индустриалды (техникалық) жүйесін қолдану.

Тауармен қамтамасыз етудің транзиттік формасы өндіруші-жеткізуші және тұтынушы (бөлшек сауда кәсіпорны) үшін келесідей жағдайларда рентабелді болады:

  • сатылатын тауарлардың көлемі тікелей сату шығындарын қайтаруға жеткілікті мөлшерде болуы;

  • тұтынушылар аса көп болмағанымен, олар белгілі бір аумақта тығыз шоғырлануы;

  • жоғары маманданған сервистің болуы;

  • жеткізілетін әрбір партияның мөлшері белгілі бір көлікті (вагон, контейнер) толтыру үшін жеткілікті болуы;

  • сатып алушыда жеткілікті қойма желілері мен қосымша сақтау орындарының болуы; - бағаның өзгеруіне байланысты сатып алушымен тез арада келісе алуы.

Тауармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруына келесідей факторлар әсер етеді:

  • өндірістік(өндірістің орналасуы, өндірістік кәсіпорындарының мамандануы, өндірістің маусымдылығы);

  • көлік(көлік түрлері, көлік жолдарының жағдайы );

  • әлеуметтік(халықтың орналасуы, табыс деңгейі);

  • сауда(көлемі, сауда кәсіпорындарының мамандануы және орналасуы,тауар ассортименті күрделігінің деңгейі, олардың қасиеттері ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет