ТОМ = ; (10)
Мұндағы:
V – бір тауар айналымының жылдық көлемі;
P – бір тапсырыстың құны;
S – бір өнімнің құны;
C – бір өнімді қоймада сақтау шығыны.
Сатып алулардың тәсілдері:
тікелей – бөлшек сауда кәсіпорындарымен тікелей байланыстарды орнатуын білдіреді;
жанама – сауда делдардармен арнайы келісімдер негізінде сауда-делдардық операциялар арқылы тауарларды сатып алу және сатуды білдіреді.
Сауда – делдалдық операциялар(сатып алулардың жанама тәсілдері) деп тауарларды сату-сатып алумен байланысты және келісім-шарт не жекелеген тапсырыстар негізінде өндірушінің тапсырысы бойынша тәуелсіз сауда делдалмен орындалатын операцияларды айтады.
Делдал қызметтері дегеніміз сатып алушыны (контрагентті) іздеу, келісім жасауға дайындау, несиелеу, кепіл беру, көлік-экспедиторлық операцияларды ұйымдастыру, тауарларды сақтандыру, кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру, жарнамалық шараларды өткізу, сауда операцияларын қаржыландыру, нарық туралы ақпарттарды жинау және ұсыну.
Агент – тапсырыс берушінің атынан қызмет етуге өкілеттілігі бар тұлға. Басты агент белгілі бір қызмет сферасына қатысты өз патронның істерін жүргізуге өкілеттілік алған тұлға. Арнайы агент – күнделікті кәсіби міндеттеріне жтпатйын, патронның тапсырысы бойынша қызмет атқаратын тұлға.
Брокер – қатысушы жақтарды, яғни сатушымен сатып алушыны кездестіретін және контрактке отыруға мүмкіндік жасайтын тұлға. Оның сыйақысы куртаж деп аталады. Куртаж контрактіде көретілген сомасына пайыз түрінде есептелінеді.
Дилер – қор биржаларында принципал ретінде өзінің атынан келісімге отыратын тұлға.
Джоббер - өз атынан тауарларды сатып алатын және қайтып сататын дилер.
Дистрибьтер - өндіруші ұсынатын қызметтер мен тауарларды тұтынушыға дейін жеткізугге маманданған тәуелсіз делдал.
Маклер – биржада сауда – саттықты жүргізетін биржаның қызметкері.
Типтік контракт - сауда тәжірибесі есепке алынған аллдын – ала жазбаша формада жазылған бірқатар қабылданған шарттар немесе үлгі түріндегі келісім. Стандартты құрал – жабдқтар, машиналар, тұтыну тауарлары, өнеркәсіптік шикізаттарға қатысты немесе азық – түлік тауарларына және шикізаттарға қатысты биржаларда келісімге отыру кезінде қолданылады.
Коммерциялық келісімдерді жүзеге асыру кезінде толтырылатын келесідей топтарға бөлінеді:
тауарды жөнелтуге дайындау бойынша;
коммерциялық құжаттар;
банктік – төлем операцияларын бойынша құжаттар;
сақтандыру құжаттары;
көлік құжаттары;
көліктік – экспедиторлық құжаттар; - кедендік құжаттар.
Тауарды жөнелту үшін дайындау бойынша құжаттар:
фрахтке өтініш (жеткізуші тауар үшін орынға тапсырыс береді, көлік түрін және жөнелту ауқытын белгілейді);
жөнелту бойынша инструкция – жүк туралы мәліметтер және жеткізушінің талабы;
түсіру туралы тапсырыс - әуемен тасымалдау кезінде, тауар партиясы туралы толық мәліметттер көрсетіледі;
тасымалдау ордері – жергілікті жерде тасымалдау кезінде тасымалдауға қатысты инструкциялар;
жөнелтуге дайын екені туралы хабарлама – тапсырыс берген тауарлар жөнелтуге дайын тұрғандығы туралы сатып алушыны хабардар етуші құжаттар;
жөнелткені туралы хабарлама - сатушы тауар жөнелткені туралы жүк алушыны хабардар етеді.
Коммерциялық құжаттар тауардың құндық, сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді:
«коммерциялық шот» – жеткізілген тауар үшін соманы өтеу туралы сатушының сатып алушыға талабы. Бірлік тауардың бағасы, шоттың жалпы сомасы, жеткізудің базистік шарттары, төлем тәсілі мен есеп айырысудың формасы, банктің атауы, тасымалдау құнын төлеу туралы мәліметтер, сақтандыру туралы мәліметтер туралы көрсетіледі;
«шот – фактура» – сатып алушы тауарды толық қаблдағаннан кейін беріледі;
«спецификалық – шот» – түрлері мен сорттары бойынша тауар бірлігінің құны, сондай – ақ барлық тауар партиясының жалпы құны көрсетіледі. Бұл құжат тауар партиясы әртүрлі тауар ассортиментін қамтыған кезде беріледі;
«проформалық – шот» - тауар партиясының құны мен бағасы туралы мәліметтерді қамтиды, бірақ төлем жүргізу туралы талаптар көрсетілмейді. Тауарларды жәрменкелерге, көрмелерге және аукционға жеткізген кезде беріледі;
«спецификация» - аталмыш тауар партиясына жататын барлық тауар түрлері мен сорттардың тізімін қамтиды;
«техникалық құжаттар» - ұзақ мерзімді пайдалынатын техникалық тұрғыдан күрделі тауарларды жеткізген кезде қолданылады. Монтаждау және пайдалану жөнінде инструкцияны қамтиды;
«орама парағы» - әрбір тауардың орнында орналасықан барлық тауар түрлері мен сорттардың тізімін қамтиды;
«сапа туралы сертификат» - нақты жеткізілген тауардың сапасы мен контракт шарттарына сай келетінін растайтын куәлік.
Достарыңызбен бөлісу: |