түсіру тапсырысы(экспедиторға жүктелінетін операциялар тізімі);
экспедиторлық инструкция, экспедиторлық шоты, жүкті қабылдағаны туралы экспедиторлық куәлік, экспедитордың қоймалық қолхаты, қоймалық квитанция, тауарды беру ордері, жүкті өңдеу туралы ордер.
Кедендік құжаттар:
кедендік декларация;
экспорттық және импорттық лицензия;
валюталық бақылау декларациясы;
валюталық лицензияны беруге өтініш;
валюталық лицензия;
салық декларациясы;
жүк декларациясы;
ветеринарлық; санитарлық, фитосанитарлық куәлік.
Тікелей сатып алулар келесідей сатылардан тұрады:
контракт жасауға дайындау; - келісімге отыру; - контрактлерді орындау.
Оферта дегеніміз белгілі бір шарттар негізінде тауарларды сату туралы әлеуетті сатып алушыға жіберілген сатушылардың жазбаша ұсынысы. Келісімнің барлық негізгі шарттарын қамтиды: тауар атауы, саны, сапасы, баға, жеткізу шарты мен мерзімі, төлем шарттары, орамасы, қабылдау – тапсыру тәртібі, орамасы және жеткізудің жалпы шарттары.
3. Тауар қозғалысы
Тауар қозғалысы деп тұтынушыға дейін тауарды жеткізудің нақты процесін айтады. Тауар қозғалысы процесінің негізін мыналар құрайды:
тауарларды тасымалдау;
тиеу – түіру операциялары;
сақтау;
сауда ассортиментін қалыптастыру; - сатуға дайындау.
Тауар қозғалысын рационализациялау принциптері:
тауар қозғалысының оптимальды сатыларын орнату;
көлік құралдарын дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану; - тауармен қамтамасыз етудің прогрессивті жүйесін қолдану; - тауар қозғалысының қысқа жолдарын пайдалану.
Тауарларды жеткізудің әдістері:
орталықтандырылған – бөлшек сауда кәсіпорындарының тапсырысы негізінде жеткізушінің құралдарымен тауарларды жеткізу;
орталықтандырылмаған – бөлшек сауда кәсіпорындары өз не басқалардың көліктерімен тауарларды жеткізу.
Жеткізу маршруттары:
сызықтық – бір рейсжасап бір ғана дүкенге тауарды жеткізетін маршрут;
шеңбер – бір ғана рейс жасап бірнеше сауда кәсіпорындарына тауарды жеткізетін маршрут.
Тауарды жеткізу құны келесілерден тәуелді:
жеткізу формалары мен әдістері;
жеткізу маршруттары;
жеткізу технологиясы;
көлік құралдарының түрлері; - жеткізуді ұйымдатыру.
Жеткізілетін тауарлар мөлшері келесілерден тәуелді:
жеткізу жиілігі;
орташа күндік өткізу көлемі;
жеткізілетін күндегі тауар қорлары мен белгіленген қорлар;
мұздатқыш құралдарының сыйымдылығы.
Жеткізу графигі – дүкендерге тауарларды жеткізу және сұрыптау уақытының кестесі. Онда маршрут номері, жеткізу күндері, сауда кәсіпорындарының атауы, оның мекеені, көлік түрі, жеткізу сағаты.