Қойма шаруашылығының тиімділігі бұл қойма орындарын рационалды пайдалану, әртүрлі операцияларды орындауға кететін уақытты азайту, аз шығындалу және максимальды пайда табу.
Қойма жұмысының тиімділігін бағалау үшін келесідей технико – экономикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
Қойманың тауарайналымы;
Қойманың жүкайналымы;
Қоймадағы жұмысшылардың еңбек өнімділігі;
Қоймада 1 тонна жүкті өңдеудің өзіндік құны; Қойма орындарының тиімділік коэффициенті;
Қойманың көлемін пайдаланудың тиімділік коэффициенті; қойма жұмыстарының механизацияланаған деңгейі.
Қойманың тауарайналымы дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында қоймадан сатылған тауар санының құндық көрсеткіші.
Қойманың жүкайналымы дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында қоймадан жөнелтілген тауар санының натуралдық көрсеткіші (кг, тонна).
Қоймадағы жұмысшылардың еңбек өнімділігі бұл белгілі бір уақыттағы бір жұмысшының жүкайналымының көлемі не тауарайналымының сомасы. Ол келесідей есептелінеді:
СТО СГО
Достарыңызбен бөлісу: |