КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада өндірістің пайдалылығы және рентабельділігі көбінесе шығарылған тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне және дайын өнімнің өткізілуіне, бөлемдер мен қызметкерлердің, жұмысшыларының біліктілігіне байланысты. Сондықтан Маркетинг кафедрасының студенттері нарықтық экономиканың теориясы мен тәжірибесін, маркетингті ұйымдастырудың әдістерін, қаждыларын терең оқи отырып, тауартанудың теориялық негіздерін міндетті түрде оқу керек. «Тауартанудың теориялық негіздері» курсы тауарлардың өндірісін, жіктелуін, қасиеттері мен сапасын, маркілеуін, сақтау және тасымалдау шарттарын қарастырады. Бұл білімдер маркетологтарға тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз ету және осындай қажет тауарларды шығару үрдістерімен байланысты білікті түрде қарастыруға көмектеседі.
Тауартану – технико-экономикалық пән тұтыну тауарларының түрлерін, өндіру технологиясын, конструктивті элементтердің іс - әрекеттері қаждасы, құрылымы, құрамы, тауардың сапасы мен қасиеттеріне байланысты экономикалық мәселелер, өндіру мен тұтыну құрылымын, тұтыну тауарларының өзара ауыстырылуы және қолдану тиімділігн талдау.
Зерттеу объектілері – тұтыну тауарлары, азық – түлік және өнеркәсіптік маңыздағы тауарлар, ол өнеркәсіптік шикізат және материалдар, өнімдер т.б. Олар тауар бола тұрып, оның қасиеттері мен экономикалық категориясын иемденеді – айырбас және тұтыну құны. Тауарлардың тұтыну құны – осы курстың пәні.
Нарықтық экономикаға жағдайында, тұтынушылық тауарларының көтерме саудасының дамуында, бұл тауарлардың сипаттамасын білу маркетологқа міндетті түрде қажет.
Тауардың тұтыну құны және сапасы оны өндіру үрдісінде қалыптасады.Сондықтан да осы пәнді оқу барысында тауарларды дайындаудың негізгі технологиялық үрдісі жайында мәліметтерді пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |