Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет12/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Латин

Латын афоризмдері

  1. Amicus Plato, sed magis amica est Veritas - Платон менің досым, бірақ әділдік жақын

  2. Si vis pacem, para bellum - Бейбітшілікті көксесең, соғысқа дайындал

  3. Vita sine litteris mors est - Ғылымсыз - өмір тұл (Гарвей)

  4. Nature sanat medicus curat morbus - Табиғат сауықтырады, дәрігер ауруды емдейді (Гиппократ)



Бақылау сұрақтары:

  1. C әрпінің Ц және K болып айтылуының ерекшеліктері

  2. Дауыссыздардың айтылуы, мысалдар

  3. S және Qu әріптерінің айтылу ерекшеліктері, мысалдар

  4. Дауыссыз және дауыстылардың тіркестері, мысалдар

  1. Ngu,Ti, Su әріп тіркестерінің ерекшеліктері, мысалдар

  2. Ch, рһ, rh, th, sch әріп тіркестерінің ерекшеліктері, мысалдар

Дәріс сабағы №4
Сабақтың тақырыбы: Екпін ережелері және буынға бөлу.
Жоспары:
1. Буынға бөлу
2. Созылыңқы және қысқа буындар. Екпінді анықтау


Буынға бөлу
Латын тілінде буындар төмендeгі тәртіппен бөлінеді:
1. Буын жеке тұрған дауыссыздың және qu әріптерінің тіркесі алдынан бөлінеді: ro-sa - роза; lu-na - ай; po-pu-lus - халық; au-rum - алтын; a-qui-la - бүркіт, an-ti-quus - бұрынғы заманғы;

  1. Екі не одан да көп дауыссыздардың тіркесінде буын соңғы дауыссыздың алдынан бөлінеді: gut-ta - тамшы; fruc-tus - жеміс; punc-tum - нүкте; sci-en-ti-a - білім; ma-gis-ter - ұстаз

  2. Eгер қатар келген екі дауыссыздың алғашқысы b, р, q, с, t, d, g дыбыстарының бірі болып, екіншісі r немесе l дыбысы болып келген жағдайда, буын сол тіркестің алдынан бөлінеді: ce-re-brum - ми; mons-tro - көрсету; te-ne-brae - қараңғылық; a-cris - өткір; a-ra-trum - соқа; pa-bli-cus — қоғамдық

  1. екі дауыстының ортасынан: du-o - екі;

  2. дифтонг (диграф) ортасынан және жалғыз тұрған дауыссыздың: Gnae-us Гней;

6. j дауыссызы екі дауыстының ортасында екі буынға жататын екі дыбыс береді [йй]: major [maj-jor] - әбден ескірген
7. Сөз құрамындағы приставкалар дербес буын ретінде бөлінеді: de-scen-do - төмен түсемін; ab-es-se - болмау (отсутствовать), in-scri-bo - жазып aлy
8. буын сөздің соңынан, оңнан солға қарай саналады: се - rё - brum
3 2 1
Латын сөздерінде екпін соңғы буынның алдындағы буынға (үш, көп буынды сөздерде) немесе соңынан санағанда үшінші буынға, ал екі буынды сөздерде - соңынан санағанда екінші буынға түседі: La-rus — шағала, mus-cus — қына. Үш немесе көп буыннан тұратын сөздерде екпін соңғы буынның алдындағы буынның созылыңқы (a), немесе қысқалығына (a) байланысты болады: Eгер соңғы буынның алдындағы буыны созылыңқы болса, екпін соған түседі. Ал, eгер қысқа болса, екпін сөздің соңынан санағанда үшінші буынға түседі. Мысалы: digitus — саусақ, Insectivora — жәндікпен қоректенуші, psychrophyton — психрофит, ramicola— бұтақтарда өмір сүруші, canalis — қанал, origo — шығу тeгі, Pteropoda — қанатаяқтылар, sсeleton — қаңқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет